Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
11
7) тексеру жүргізілген күн, орын және кезең;
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы
мәліметтер;
9) қадағалау субъектісінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың
тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы
мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
10) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі.
13. Қадағалау субъектісі тексеру нәтижелеріне жоғары тұрған лауазымды адамға немесе
сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасауға
құқылы.
14. Тексеру нәтижелері туралы актіге жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың),
сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да
құжаттар немесе олардың көшірмелері (олар болған кезде) қоса беріледі.
15. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған
жағдайда, қадағалау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркелуі
мүмкін, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
Қадағалау субъектісінде түпнұсқа түрінде болатын құжаттардың көшірмелерін
қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір
данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және
басқа да әрекеттер үшін қадағалау субъектісіне не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.
16. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен
кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы акт қадағалау субъектісіне табыс етілген күн
тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
17. Тексеру нәтижелері туралы акт мынадай тәсілдермен:
1) қолма-қол - алғаны туралы белгі қойылғаннан бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хат жіберу арқылы табыс етіледі.
18. Тексеру жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану
саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру
нәтижелері туралы актіге тиісті жазба жасалады.
19. Тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының атом энергиясын
пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда,
лауазымды адамдар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді, сондай-ақ
қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу
түрінде жедел ден қою шараларын қабылдайды.
20. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
1) нөмірі мен күні;
2) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;
3) қадағалау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның орналасқан жері, сәйкестендіру
нөмірі және қадағалау объектісі;
4) тексеру нәтижелері туралы актінің нөмірі мен күні;
5) анықталған бұзушылықтар және оларды жою туралы талап;
6) нұсқаманы орындау мерзімдері;
7) шағым жасау тәртібі.
21. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін айрықша жағдайларда
лауазымды адамның қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін соттың шешімінсіз
үш тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға немесе оларға тыйым салуға құқығы бар.
Көрсетілген мерзімде уәкілетті орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық
туралы материалдарды сотқа жіберуге міндетті.
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2016.12.01 № 442-V ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий Дата: 10.09.2019 11:52:28
12
Қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым
салу туралы нұсқама сот қаулысы шығарылғанға дейін қолданылады.
22. Қадағалау субъектісінің жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға
тыйым салу туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
1) нөмірі, жасалу күні мен орны;
2) осы нұсқаманы берген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;
3) қадағалау субъектісінің атауы, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке
басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның орналасқан жері, сәйкестендіру
нөмірі және қадағалау объектісі;
4) тексеру нәтижелері туралы актінің нөмірі мен күні;
5) осы шараны қолдану негізі;
6) қызметті жүзеге асыруы уақытша тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға жататын
объект;
7) қызметтің іс жүзінде тоқтатыла тұру уақыты;
8) тұлғаның түсініктемелері;
9) істі дұрыс шешу үшін қажет өзге де деректер.
23. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама және қадағалау субъектісінің
жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы нұсқама
қадағалау субъектісіне немесе оның өкіліне осы баптың 17-тармағында көрсетілген
тәсілдердің бірімен табыс етіледі.
24. Нұсқамалар қадағалау субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
25. Лауазымды адамдар беретін нұсқамаларға жоғары тұрған лауазымды адамға немесе
сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы
мүмкін.
3-тарау. АТОМ ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асырудың
жалпы шарттары
1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалар:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензиясы болуға;
2) атом энергиясы пайдаланылатын объектілермен нысаналы жұмыс істеуді қамтамасыз
етуге;
3) атом энергиясы пайдаланылатын объектінің жобалау және пайдалану сипаттамалары
мен өлшемдерінің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік экспорттық
бақылау талаптарына және (немесе) ядролық қаруды таратпау режимінің талаптарына
сәйкестігін қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында
белгіленген ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарының
орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымы және ішкі құжаттарының
жүйесі болуға;
5) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына
сәйкес ядролық материалдарды есепке алу жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз
ететін ұйымдастырушылық құрылымы және ішкі құжаттарының жүйесі болуға;
6) Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына
сәйкес иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу жөніндегі талаптардың орындалуын
қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымы және ішкі құжаттарының жүйесі
болуға;