Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет17/69
Дата21.12.2017
өлшемі2,8 Kb.
#5274
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69

53
«Жетістік тарихы» кітабы
бізде екі психолог пен логопед жұмыс істейді. Орталықтың құрылға-
нына  бір  жыл  болған  жоқ,  бірақ  қазірдің  өзінде  менің  ұлымда  да, 
басқа  балақайлар  мен  олардың  ата-аналарында  көзге  көрінетіндей 
нәтижелер бар. Психомоторика сабақтарында қимылдардың ептілігі, 
координация жақсарады, логоритмика және музыкалық терапия эсте-
тикалық дамуға жәрдемдеседі, психолог ұсақ моториканы дамытуға 
арналған түрлі әдістемелерді пайдаланады.
Новосибирскдегі эпилептолог сөйлеу қабілеті ең соңғы болып қал-
пына келеді деді. Әрине, сырттан көмек болмаса, ол орындалмайды. 
Біздің  орталықтың  психологы  ұлымызда  санасыз  деңгейде  сөз  енді 
қалыптасты, ол сананың деңгейіне шығуы үшін, онымен үнемі шұғыл-
дану  керек дейді. Иппотерапияны, бассейнді байқап көрдік. Леша-
да шыдамдылық, ойынға әуестік пайда болды, ол түстер мен пішінді 
ажырата бастады.
Жобаның басында 30 шақты бала болған еді, бірақ кейбір ата-ана-
лар  «жарты  жолда  қалып  қойды».  Өйткені  олардан  тек  балаларды 
сабақтарға  әкелу  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  олармен  айналы-
су үшін қосымша күш салу талап етіледі ғой. Ата-аналар сабақтарға 
қатысады, мамандар оларға нені және қалай істеу керектігі жөнінде 
кеңестер  береді.  Олардың  ол  кеңестерді  қаншалықты  ұстанатында-
ры өздеріне байланысты,  Балаларға олардың кішкентай кезінде дер 
кезінде көмек көрсету керек екенін, одан кейін уақыт оздырып  алған-
ның орнын толтырудың орайы келмейтінін бәрі бірдей ұға бермейді.
Жобаға  қазір  25  бала  мен  олардың  ата-аналары  белсенді  қаты-
суда. Ата-аналар араласу үшін сабақтардан кейін жиі қалады. Ондай 
араласу  оларға  өздерінің  күмәндарымен,  қуаныштарымен  бөлісу, 
өздерін түсінетін және демеуге дайын адамдардың бар екенін сезіну 
үшін қажет. Қостанайдан арнайы психологты шақырдық, ол ата-ана-
ларға арналған тренинг өткізді.
Мен  жобаға  тек  мүгедектігі  бар  балаларды  ғана  емес,  сонымен 
қатар дамуында анық ауытқу бар балаларды да қабылдадым. Көбі-
несе  ата-аналар  «бастарын  құмға  тығады»,  олардың  проблеманы 
көргісі келмейді, ал егер көрсе, онда балаға мүгедекті рәсімдемейді, 
ондай статустан әлдебір таңба секілді қорқады. Мен жобаның уақы-
тында біраз ата-ананың ұстанымдары өзгергеніне, 4 адам өздерінің 
сәбилеріне мүгедектік ресімдегеніне қуаныштымын. Бұл проблеманы 
еңсеруге қарай жасалған қадам, оның деңгейін ұғу және онымен жұ-
мыс істеуге әзірліктің көрсеткіші. Өйткені табыстың 70-90% көңіл-күй-
ге байланысты.


54
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Мен жаратылысым жағынан «жауынгер» емеспін,  тек менің балам-
ның  және  басқа  балалардың  жетілуге  мүмкіндігі  болғанын  қалаймын. 
Егер біз бұл жобаны қолға алмасақ, аптасына 2 рет 2 сағатқа келіп тұра-
тын әлеуметтік жұмыскердің көмегінен басқа, оларда ешқандай мүмкін-
діктер болмас еді. 
Қазір біз мамандарды оқып-үйретуге бағытталған ұзақ уақыттық жо-
баның керек екенін түсіндік. Өйткені даму мүмкіндіктері шектеулі бала-
лар барған сайын көбейіп келеді, ал ондай шектеулермен жұмыс істей 
білетін мамандар жетіспейді.
Кейінге оралып, бүгінгі тәжірибемнің биігінен өткен жолға талдау жа-
сағанда, проблеманың шешіміне ата-аналардың ішкі дүниесінің жағдайы 
болысатынын көремін. Табысқа жету үшін баланы оның сол қалпында 
ҚАБЫЛДАУ және СҮЮ деген екі шарт керек, сонда балада бәрі де өзге-
реді.
Жақында Лешаға МРТ жасады, қорытындысы – миға зиян келмеген, 
жас шамасының нормасына сәйкес келеді, мидың функцияларына зиян 
келген. Яғни, орган зақымдалмаған, ол тек жұмыс істеуін доғарған. Құдай 
әлдененің (немесе әлдекімнің) өзгеруіне мүмкіндік берген уақытта со-
лай болады. Мен ұлымның «ерекше» емес, кәдімгідей балалық шағы 
болуына, коррекциялық мектептен әдеттегі мектепке ауысуға мүмкіндігі 
бар екеніне сенімдімін.
Әрине, негізгі жүк менің иығыма түсті. Бірақ күйеуімнің көмегінсіз 
мен, бәлкім, ештеңе бітіре алмас едім. Ол байсалды, жауапты, сенімді 
адам. Балалармен байланысы жақсы, олармен ойнай да алады, та-
мақтандырады да, және сабаққа немесе басқа бір жерге апара ала-
ды. Оны күні бойына балалармен қалдырып кете аламын, себебі қо-
лынан келетініне сенемін.  Кейбір әкелер үшін мұндай жүк шамадан 
тыс болып шығады. Ол «ерекше» балаларды тәрбиелеудің және жай 
ғана  олармен  бірге  өмір  сүрудің  негізгі  принциптерін  түсінеді  және 
тіпті басқа ата-аналарға жиі моральдық көмек көрсетеді. Ұлымызды 
қалпына келтіруге қатысты мәселелердің шешімін біз бірге қабылдай-
мыз және барлық қасірет пен ауыртпалықтарды да бірге өткереміз.
Балалардың азабы, ауруы көп нәрсеге үйретеді. Мен бұрын дүниеге 
және адамдарға сын көзбен, тәкаппар қарайтынмын, енді менің көзқара-
сым 180 градусқа өзгерді. Мен кезекте, автобуста «ерекше» бала оларға 
бөгет болған кезде бізге, балаларымызға кінәлап қарайтын адамдарды 
аяймын. Біздің ондай адамдарды мейірімді, қайырымды болуға, ал күн 
сайын  өздерінің  «ерекше»  балалары  үшін  ерлік  жасайтын  «ерекше» 
ата-аналарды, – басын биік ұстап өмір сүруге үйретуіміз қажет!


55
«Жетістік тарихы» кітабы
УАйЫМДАУғА УАҚЫТ БОЛМАДЫ
Борис Наенко түсірген фотосурет
Болат Қошпайұлы және Рауан Мұхтарқызы Зейнуллиндер 
Көкшетау маңындағы Қызылжар ауылында тұрады. 2004 жылы 
олардың қызы Карина дүниеге келді. Балаға кохлеарлық 
имплантация жасалды, ол биыл Көкшетау қаласындағы есту 
қабілеті бұзылған балаларға арналған № 4 мектеп-интернат-
тың 4-ші сыныбын бітірді. Өз отбасының тарихы жайында 
Рауан Мұхтарқызы әңгімелейді.
Карина    –  біздің  екінші  баламыз,  оның  апасы  бар.  Карина  басқа 
балалардан  бөлек  екенін  біз  бір  жастан  кейін  түсіндік:  ол  атын  атап 
шақырғанда қарамайтын болды. Мен алдымен оның себебі, аты өзі-
не  ұнамайтыны  шығар  деп  ойладым.  Дабыл  соққан  менің  ата-анам 
болды. Алдымен  өзіміздің аймақтық дәрігерімізге қаралдық, ол бізді 
логопедке жіберді. Логопедте қызымыз карталарды жайды, пирамида-
ларды жинады, соның негізінде маман: проблемаларды байқамадым, 
мүмкін сөйлеуі кешіккен шығар, жарты жылдан кейін келіңіздер- деп 
көңілімізді тыныштандырды. Жарты жылдан соң қайтадан қабылдауға 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау