Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет18/69
Дата21.12.2017
өлшемі2,8 Kb.
#5274
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69

56
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
келгенімізде, бізді ЛОР-дәрігерге жіберді, ол облыстық балалар ауру-
ханасына жолдама жазып берді. Дәрігер бірден – «Сіздерді босқа үміт-
тендірмей-ақ қояйын, қыздарыңыздың құлағы мүкіс», - деді. 
Бір таныс әйел Омбыдағы сурдологиялық орталыққа баруға кеңес 
берді. Онда Каринаны тексерді: сынамалар, аудиограмма, самайлық 
томография  жасады.  3-4  дәрежелі  екіжақты  нейросенсорлық  құлақ 
мүкістігі деген диагноз қойып, даниялық цифрлық есту аппаратын са-
тып алуға кеңес берді. Аппарат арқылы қызымыз барлық дыбыстарды 
еститін болады деді.
Мен қамығып, туыстарыма қоңырау шалдым. Әрине, алғашқы ой: 
«Неліктен бұған менің балам тап болды?». Жүктілік жақсы өтті, токси-
коз болған жоқ. Бірақ, уайымдауға уақыт болмады, қызыма көмектесу 
үшін қол қусырып отыру мүмкін емес еді. Мен өзіме: болған жайт бол-
ды, демек осылай болуы тиіс болған екен – деп өзіме демеу бердім. 
Бір аппарат 150000 теңге тұрды, ал ол екі құлаққа да керек. Күйеуім 
ақша тапты да, біз Омбыға аппарат алу үшін қайта бардық. Сурдолог 
ұзаққа созбай бұл проблеманы жылдам шешкендеріңіз дұрыс болды 
деді. Аппараттарды кигізіп, қалай пайдалану керек екенін түсіндірді, 
батареялардың бір жылдық жиынтықталымын берді. Оларды үш күн-
де бір ауыстырып отыру керек. «Ата-аналарға арналған университет» 
деген  кітапты  сатып  алуға  және  тұратын  жеріміз  бойынша  есепке 
тұруға кеңес берді.  
Кітапты ол жолы таппадық, бірақ есепке тұрдық. Бір аптадан соң 
бізге № 4 мектеп-интернаттан қоңырау шалып, аудиограмма жасауға, 
облыстық балалар ауруханасында тексерілуге және осы мектепке түсу 
үшін құжаттар жинауға кеңес берді. Қыркүйектің бірінші жұлдызын-
да Карина 4 жасында Көкшетау қаласындағы арнаулы коррекциялық 
мектеп-интернаттың мектепке дейінгі бөлімшесіне барды.
Бізде Қызылжарда есту қабілетімен проблемалары бар бір ұл бала 
тұрады. Баланың анасы бізге Омбыға баруға кеңес берді.  Алматыда 
Ақсай балалар ауруханасында кохлеарлық имплантация бойынша ота 
жасатуға кезекке тұруға да ақыл айтқан сол кісі еді. Кезекті 2 жыл күт-
тік. Бұл уақыттың ішінде Омбыға бардық, есту аппараттарының бап-
тамасын жасаттық, Алматыда САТР орталығында болдық, осы жерде 
бізді осындай балалармен қалай жұмыс істеп, сөйлетуге тырысу ке-
рек  екеніне  үйретті.  Біз  үйдегі  барлық  заттарға  олардың  атауларын 
жабыстырып қойдық. Достарымыз – «Немене, аттарын ұмытып қала-
мыз деп қорқасыңдар ма?», - деп қалжыңдайтын. Логопедпен айна-
лыстық. Карина дыбыстарды айта бастады.


57
«Жетістік тарихы» кітабы
Бізге  әуелде  ота  жасағылары  келмеді,  өйткені  Каринаның  құлақ 
иірімінің пішіні дұрыс болмады, бірақ ондай проблема жалғыз бізде 
ғана емес екен, бүкіл Қазақстаннан 35 бала жиналды. Біздің балала-
рымызға  ота  жасау  үшін  Санкт-Петербургтан  дәрігерлер  келді.  2010 
жылы қарашада бізге Алматыдан қоңырау шалып, ота 4-ші желтоқ-
санға тағайындалғанын айтты. Біз үш күннің ішінде барлық құжаттар-
ды жинап, 1-ші желтоқсанда ауруханада болдық. 
Питерлік  дәрігерлер  отадан  кейін  бізге  кеңес  берді.  Ота–  тек 
алғашқы қадам, қалғаны ата-ананың қолында, сендер қалай тәрби-
елейсіңдер,  баладан  үнемі  жұмыс  істеуді  қандай  дәрежеде  талап 
етесіңдер,  қандай  мамандар  табасыңдар,  соған  байланысты  деді. 
Өкінішке  орай,  көп  ата-аналар  отадан  кейін  ешнәрсе  істемейді  де, 
дәрігерлердің барлық еңбегі зая кетеді.
Ауруханадан  шыққан  кезімізде,  бізге  кохлеарлық  импланта-
ция жасалған балалармен жұмыс жөніндегі ата-аналарға арналған 
әдебиеттің  үлкен  жинағын  (авторы  -  И.В.  Королева)  тапсырды,  біз 
«Ата-аналарға арналған университет», «Кохлеарлық имплантациядан 
кейін оңалту» деген кітаптарды да, дискілерді, жетілдіретін ойынның 
жиынтығын алдық. Мұның бәрі екі жүз, немесе одан да көп доллар 
тұрған болар, бірақ біз үшін мұның бәрі тегін болды.
Ақсай  ауруханасында  тамаша  дәрігерлер  мен  педагогтар  жұмыс 
істейтінін айтқым келеді, олар балаларға өте жақсы қарайды, ата-ана-
ларға түсіністікпен қарайды. 
Қызымыз отадан кейін ұзақ оңалды, жиі ауырды, оның иммуни-
теті әлсіреді. Бірақ кейіннен біртіндеп қалпына келді де, қайтадан 
мектепке барды. Енді Карина басқа бағдарлама бойынша оқи баста-
ды, қызымызда ымдар азырақ, ал сөздер көбірек. Мен сабақтарға 
қатысып, мұғалімнің қалай жұмыс істейтінін көрдім, ал содан үйде 
соны  қайталадым.  Жемісін  жарты  жылдан  кейін  көрдік:  Карина 
дыбыстарды  айыра  бастады,  кез  келген  шуға  (целлофан  пакеттің 
сыбдырына, түсіріп алған кілттің дыбысына) қарайтын болды, атын 
атағанда жауап беріп, барлық буындарды (тіпті ызыңды буындарды 
да) және әрбір әріпті анық қайталауға тырысты, «р» мен «к» әріп-
терін  анық  айтып  үйренді  (бұл  осындай  балалар  үшін  ең  қиыны), 
онымен айналысу оңай бола бастады, бір нәрсені қайта-қайта айту-
дың қажеті болмады, ол дауыстың қаттылығын еститін және қайта-
лайтын болды. Егер оған дауыстап сөйлесе – ол да дауыстап жауап 
беретін,  сыбырлап  сөйлесе  –  сыбырлап  жауап  қайтаратын  болды. 
Отаның пайдасы тиді.


58
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
Карина  бәрін  бірден  қағып  алады,  мінезі  жағынан  ол  -  көшбас-
шы. Кезекші болып, мұғалімге көмектескісі келеді. Балалармен скайп 
арқылы араласады, бір жерлерде ымдап, бір жерлерде бірдеңе ай-
туға талпынады. Үйде оны толық сөйлемдер айтуға үйретуге тырыса-
мын. Ол қысқа сөйлемдерге үйреніп қалған: «Карина тамақ», «Нан, 
май», «Карина көше». Мен, әрине, бәрін де түсінемін, бірақ мен оған 
сөздерді толық айтуға мәжбүрлеймін. Кейде жылауға дейін барады. 
Күйеуім – «Немене балаға тиісе бересің...», - деп ашуланады. Бірақ 
мен егер қазірден бастап осындай тәсілдер қолданбасам, бәрі де сол 
қалпында қалатынын түсінемін. Үлкен қызым мен ауламыздағы бала-
лардың Каринамен ыммен емес,  сөйлесіп араласуын өтінемін.  бар-
лық балалармен жақсы араласады. Олар оны сөйлеуге, ал ол оларды 
ымдардың тіліне үйретеді. Қазір енді өздерін естігендерін қаламаған 
кезде, олар мұны пайдаланды. 
 Дүкенге өзі барады, тамақ сатып алады, әрі мен оған тізім жазып 
бермеймін, ол есіне сақтайды да қайталап айтады. Дүкен иесі әйелдің 
де ұлы даму мүмкіндіктері шектеулі бала, және ол балаларымызды 
салыстырып, Каринаның жақсы сөйлейтінін байқайды.
Өзіне қызмет көрсетуге Карина мектеп қабырғасында үйренді. Бұл 
жағынан бізде проблема жоқ, ол өзінің бөлмесін жинайды, заттарын 
ұқыпты жайғастырады.
Біз  сабақтарымызды  жалғастырамыз,  қыста  да,  жазда  да  Алма-
тыға  кохлеарлық  аппаратты  күйге  келтіруге  барып  тұрамыз.  Карина 
логопедпен  қосымша  оқыса  деймін,  бірақ  ол  ұзаққа  шыдамайды. 
Қазір біздегі проблема – көбейту кестесін жаттау керек, мұғалім маған 
Каринаға  бөлу  және  көбейту  дегенді  қалай  үйрету  керектігі  туралы 
кеңестер береді де, мен онымен үйде жұмыс істеймін.
Әрине,  біз  күйеуіміз  екеуміз  Каринаның  келешегі  жайында  көп 
ойлаймыз. Мен оның басқа балалардан өзгеше болмағанын (әзірге 
автобуста оған ешкім назар аудармайды), ал ең бастысы – өмірден 
өзінің орнын тапқанын қалаймын. Қызым екі жыл қатарынан «Жұл-
дызай»  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  арналған  Республикалық 
балалар  шығармашылығы  фестиваліне  қатысып  жүр.  Биыл  ол  ым-
мен ән айтушылардың кіші тобында үшінші орын алды.  Өте өнерпаз, 
сезімдерін  көрсете  біледі.  Күйеуімнің  қарындасы  –  кәсібі  бойынша 
балетмейстер, Каринаны сахнада көріп «Ол өзін өз үйінде жүргендей 
сезінеді» - дейді.
Карина билегенді, фотоға түсіргенді өте жақсы көреді. Оған бет ора-
мал берсең,  түйіндеп байлап, одан бірегей киім жасап шығара алады. 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау