44
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
МеН өз БАЛАЛАРЫМНЫҢ әДеТТеГІДей
БАЛАЛЫҚ ШАғЫ БОЛғАНЫН ҚАЛАйМЫН
Александр Пархоменко түсірген фотосурет
Евгения Валерьевна Краснощёкова Павлодарда тұрады. Оның
екі баласы бар – Настя 17 жаста, ал Данил – 11 жаста. Екеуінің
де диагнозы – құлақтың 4-ші дәрежелі нейросенсорлық мүкістігі.
Өзінің балаларына көмектесу үшін, Евгения Валерьевна жоғарғы
оқу орнын бітіріп, дефектолог мамандығын алды. 2013 жылы
олар «Әртүрлі, бірақ бірдей» республикалық байқауда «Ең та-
ту-тәтті отбасы» номинациясында I орын алды.
Настя туған уақытта, менің анам (оның кәсібі – балалар медбикесі)
бірінші болып дабыл қақты. Ол қызымның дыбысқа әрдайым елең-
дей бермейтінін байқады. Ал мен – тәжірибесі жоқ ана – оған ашула-
нып, оның қауіпсінуін бос сөз деп санадым.
Бізде көрші подъезде сурдопедагог Ольга Владимировна Озно-
бихина тұратын. Ол әдеттегі балабақшада есту қабілеті нашар бала-
ларға арналған арнаулы топта жұмыс істейтін. Менің қызыма бәйек
болып жүгіргенімді байқап жүрген ол бір күні мені аулада кезіктірді
45
«Жетістік тарихы» кітабы
де, «Женя, сен оны біздің балабақшаға алып келсейші», - деді. Сол
сәтте оның айтқаны менде реніштен басқа ештеңе туғызбады.
1,5 жаста мен көндім де, қызымды ЛОР дәрігерге апардым. Дәрі-
гер «Сен не ойлап таптың, бала әлі кішкентай, 2 жасқа толғанда алып
кел», - деді. Ал енді жарты жылдан соң келгенімізде «Мен долбарлы
құлақ мүкістігін қоямын, байқаймыз», - деді. Таныстарым логопедтің
кеңесіне жүгін деп ақыл айтты. Логопед әдеттегі балабақшаға жолда-
ма берді, арнаулы балабақшаның бізге керегі жоқ деп тапты. Біз бір
жылдай әдеттегі балабақшаға барып жүрдік, ал содан кейін балабақ-
шаның директоры маған «Сендер біздің балабақшаға әлі 10 жыл бол-
са да келе берулеріңе болады. Бірақ қыз естімейді. Оған арнаулы топ
керек», - деді.
Біз мүгедектікті рәсімдеп, қалалық ПМПК тарапынан 51-ші бала-
бақшаның есту қабілеті бұзылған балаларға арналған тобына жол-
дама алдық. Онда Құдайдың құты қонған тәрбиешілер – Кучук Вера
Николаевна, Прокопьева Наталья Ивановна және, әрине, Ознобихина
Ольга Владимировна жұмыс істеді. Алғашқы күннен-ақ Настя онда
өзін үйреншікті ортасындағыдай сезінді, оны тәрбиешілер де, бала-
лар да ұғады, ол да бәрін ұғады, тек балаларды ата-аналары алып
кетіп, енді өзі ойнайтын ешкім қалмағаннан кейін ғана үйге баратын.
Содан кейін балабақшаны есту қабілеті нашар балаларға арналған
интернатпен біріктірді (оның ресми атауы – есту қабілеті бұзылған ба-
лаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернат),
сонда Настя дайындық сыныбына барды.
Настямен бастан өткен тәжірибе Данилдың да есту қабілетінің про-
блемалары бар екенін ертерек байқауға көмектесті. Екеуінің де диа-
гнозы – туа біткен құлақтың 4-ші дәрежелі нейросенсорлық мүкістігі
(тұқым қуалаудан ауырламаған және протез салуға жатпайды). Бірақ
мен, кез келген ана секілді, жақсылыққа сенгім келді. Мен тап сол қа-
темді қайталадым – ұлымды әдеттегі балабақшаға бердім, бірақ бір
айдан соң қызым оқып жүрген интернатқа ауыстырдым. Мен өзім де
интернатқа жұмысқа орналасуға талпынып көрдім – кім болып орна-
лассам да бәрібір еді, тек балаларға жақын болсам болды, бірақ мені
алмады, бос орындар жоқ еді.
Мен өз балаларыммен сөйлесе алмаймын деген ойдың өзінен жа-
ным түршігетін. Біз анам екеуміз құрбылар секілдіміз, мен оған бәрін
айтып беруіме болатынына, оның тыңдап, түсінетініне және ақылын
айтатынына үйренгенмін. Ал менің балаларымның мен үшін жабық
өз әлемі бар. Мен сабама түстім де, балалар өздерін баршасы секілді,
46
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
тіпті одан да жақсы сезінуі үшін, олардың БАҚЫТТЫ болуы үшін қо-
лымнан келгеннің бәрін жасауға бел будым.
Менің өмірімдегі маңызды сәт керең әйелдер Еленамен және
Гульбаршынмен таныстық болды. Бұл былай болды. Менің Настям
аулада қыдырып жүрген кезде мен оны терезеден бағатынмын, Да-
нечка әлі кішкентай болатын. Бір күні мен оның қасынан екі керең
әйелді көрдім (олар көрші үйде тұратын), олар мені көріп, маған қол
бұлғап, аулаға шық деп шақырды. Маған сұрақтарын жаудырды: мен
кіммін, қайданмын, неліктен менің қызым естімейді? Әңгіме әрине,
қолапайсыз болды, оларды әрең дегенде ұқтым. Бірақ осы жас әй-
елдер менің күйінішімді, Настямен проблемаларымды өте жақын
қабылдады, олар маған менің олардан тәжірибем әлі аз ымдармен
түсінісуге көмектесті. Гульбаршын мені өзінің сурдоаудармашысы Ай-
нұр Исинамен таныстырды, кейіннен Айнұр менің ең жақын құрбыма
және көмекшіме айналды.
Мен ымдар тілін жаттауды ұйғарудан бастадым. Айнұр жұмыс
істейтін кереңдер қоғамында маған сурдоаудармашылардың курсы-
на жазылуға кеңес берді. 2007 жылдың басында курстарды бітірдім,
содан кейін кереңдер қоғамында практикада болдым. Сол жылы тағы
республикалық курстарды бітірдім. Содан бері мен аяғыма нық тұрға-
нымды сездім.
Ата-аналары керең болғанда керең балалардың интеллекті құлағы
еститін ата-аналар бар отбасыларға қарағанда жоғары екені бай-
қалған. Өйткені құлағы еститін ата-аналар өздерінің балаларымен
олардың тілінде сөйлесе алмайды. Нәтижесінде балалар толыққанды
жетілмейді, олар ата-анасынан алыстайды. Біздің интернатта сөйлеу
режимі, біз балаларды сөйлеуге, ерінді оқуға үйретеміз. Ымдардың
тілі онша қошталмайды. Бірақ ымдардың тілі кереңдер үшін ана тілі,
мен керең баланы өзінің ана тілінде араласу мүмкіндігінен айыруға
болмайды деп санаймын. Керең бала өзімен көрші тұратын құлағы
еститін досына бармайды, ол одан да қаланың екінші шетіндегі ке-
реңмен араласу үшін көлікпен барады, өйткені оларға бірге қызығы-
рақ, сөйлесу оңай, олар бірін бірі еш қиындықсыз ұғады.
Ымдардың тілін үйренген соң, мен өз балаларыммен тек тұрмы-
стық тақырыптарға ғана сөйлесумен тынбаймын, біз фильмдерді,
жаңалықтарды талқылаймыз, сырласа да аламыз. Бір жаманы, біздің
жағдайымызда балаларда сөйлеу машығын дамытуға стимул жоқ.
2008 жылы күйеуім отбасын тастап кетті. Оған дейін біз екеуміз
балалардың болашағы жайында сөйлесіп, жоспарлар құратынбыз,
Достарыңызбен бөлісу: |