Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет15/69
Дата21.12.2017
өлшемі2,8 Kb.
#5274
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69

47
«Жетістік тарихы» кітабы
қызымыз тігінші, ал ұлымыз – балташы болады, сонда біз біраз жиһаз 
жасай алатын боламыз деп жорамалдайтынбыз. Ал енді мен екі ба-
ламен,  олардың  проблемаларымен  жалғыз  қалдым.  Мүмкін,  мен 
болған жағдайға әлі ұзақ қайғыратын ба едім, бірақ сол сәтте құрбым 
Айнұр Педагогикалық институтқа дефектология мамандығы бойынша 
оқуға түсуді ұсынды. Менің оқуымды күйеуімнің тәтесі төледі, ол үшін 
оған  көп  рақмет.  Ол  балаларда  оларды  қамтамасыз  ете  алатындай 
білімді анасы болуға тиіс деді. Менің алғашқы білімім – мектепке дей-
інгі педагог. Тәтем балабақшада әдістемеші болып жұмыс істеді, және 
мен әрқашан тәрбиеші болуды армандайтынмын. Мектепті бітірген-
нен   кейін 93-ші балабақшаға күтуші болып жұмыс істеуге келдім, бір 
жылдан соң педагогикалық колледждің сырттан оқитын бөлімшесіне 
түстім, ал декретке кеткен уақытта, балабақша жабылып қалды. Со-
дан кейін мамандығымнан бөлек радиосервисте жұмыс істеуге тура 
келді.
Күйеуімнің кетіп қалғанын еңсеруге маған тағы бір адам көмекте-
сті. Ол – оның әжесі. Ол маған Жаңа өсиетті әкеліп берді. Содан бері 
мен оны ылғи да кешке оқимын, ал таңертең жаңа күшпен тұрамын. 
Жұмысқа баратын жолда бір жерде қырқылған қарағаш бар, оның қа-
сынан өткенде мен әрдайым оны қолыммен сипаймын, бұл орайда 
«Отче  Наш»  дұғасын  оқимын  және  жапырақтардың  кедір-бұдырын 
сипалап,  өзімнің  өмір  сүретінімді,  тірі  екенімді  сезінемін.  Мен  күн 
сайын  Құдайға  менде  бәрінің  бары  үшін  рақметімді  айтамын.  Мен 
енді басқаша ойлаймын және өмір сүремін. Құдай бірдеңені алса, ор-
нына міндетті түрде басқа бір нәрсе береді. Енді менің сүйікті жұмы-
сым және өзіме деген сенімділігім бар.
Жоғарғы оқу орнын бітіретін сәтке қарай интернаттың басшылығы 
ауысып,  жаңа  жұмыс  орындары  пайда  болды  да,  мені  тәрбиешінің 
қызметіне  қабылдады.  Одан  бері  бес  жыл  өтіп  кетті.  Бұл  уақыттың 
ішінде менің мүгедек балаларға деген көзқарасым өзгерді. Олар кіш-
кентай кезінде ата-аналарының қорғанында, ал ата-анасы жоқ болған 
уақытта,  қорғайтын  ешкім  болмайды.  Қоғам  бұл  проблеманы  түбе-
гейлі шешпейді. Олар өмір бойы бала болып қалады. Демек, ата-ана-
лардың міндеті – өздерінің балаларын ересек өмірге ата-аналарының 
көмегінсіз  жүруге  үйрету!  Ал  ол  үшін  оларда  балалық  шақтарынан 
бастап ең жақын  туған жандармен тығыз байланысы болуға тиіс. 
Ата-аналардың бәрі бірдей мұны түсіне бермейді. Көбісі балала-
рын интернаттан тек демалыс күндері алып кетеді, бірақ балалармен 
мүлдем шаруасы жоқтары да бар. Өздері үйлеріне барғысы келмейтін 


48
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
біраз бала бар, оларға интернатта болған жақсы. Сонда мен ата-ана-
ларына былай деп сұрақ қоямын: «Сіздер ұлыңыз немесе қызыңыз 
үйге неліктен барғысы келмейді деп ойландыңыздар ма? Сіздер өз 
балаларыңызбен  байланысты  жоғалтасыз  ғой,  жіп  үзілсе  не  істей-
сіздер? Егер бала сіздерге керек болмаса, онда ол кімге керек? Кез 
келген  балаға,  оның  үстіне  денсаулығы  нашар  балаға  көңіл  бөлу, 
қамқорлық жасау, аялау қажет». Кейбір ата-аналар басқаша шектен 
шығады – шамадан тыс қамқорлыққа беріледі. Ондайларға мен бала-
ның онсыз да мүгедек екенін, одан екі есе мүгедек, мүлдем дәрменсіз 
адамды жасаудың керегі жоғын түсіндіремін. Ол тек естімейді, сіздер 
оның құлағы болуға тиіссіздер. Оның мүмкіндіктерін дамыту керек».
Мүгедек  балалар  дербестік,  жауапкершілік,  тәртіп  дегеннің  не 
екенін білуге және түсінуге тиіс. Отбасы да, мектеп те осы бағытта жұ-
мыс істеуге тиіс. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, пси-
хологиялық көмек – жұмыстың бөлек әрі өте маңызды бағыты. Өкініш-
ке қарай, ол барша жерде жүргізіле бермейді. Бір жыл бұрын тәрбиеші 
Балқыз  Назымбекқызы  Дандыбаевамен  бірлесіп,  ата-аналарға  ар-
налған  «Отбасы  құндылықтары»  атты  клубтың  бағдарламасын  әзір-
ледік. Жылдың барысында ата-аналарға, ата-аналар мен балаларға қа-
тар арналған іс-шаралар өткізді. Бұл кездесулерде ата-аналар өздерінің 
балалары жайында, олардың мүмкіндіктері, әуестіктері, дарындары 
туралы көп нәрсені естіп біледі. Балалар өз ата-аналарынан өз отба-
сыларының дәстүрлері, отбасы мерекелері жайында естіп біледі. Бір-
лескен  сынып  сағаттары  ата-аналарға  өмірдің  түрлі  салаларындағы 
өздерінің тәжірибесін балалармен ортаға салуға көмектеседі. Ондай 
іс-шаралар ата-аналар мен балаларды жұмылдырады. Ата-аналар ба-
лаларды түсінуге және оларды қаз қалпында қабылдауға және оларға 
жетілуге көмектесуге үйренеді. Біз жаңа оқу жылында Клубтың жұмы-
сын міндетті түрде жалғастырамыз. 
Ал, өз балаларыма келетін болсақ, Настя – есту қабілеті бұзылған бала-
лардың арасындағы халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық 
балалар шығармашылығы байқауының қатысушысы және дипломанты, 
тек кереңдердің ғана емес, құлағы еститіндердің де арасында достары 
бар. Былтыр ол мектепті бітірді. Бүкіл сыныппен бірге  Бизнес колледжі-
не «Ақпараттық жүйелер» мамандығына оқуға түсті. Топта балалармен 
сурдоаудармашы жұмыс істейді. Бір ғана «бірақ» - біздің балаларымыз 
білімді толық көлемде алуы үшін ондай маманға тәжірибе қажет.
Мен  ШДМ  бар  балаларға  кәсіптік  білім  беру  бойынша  жаңа 
тәсілдемелер  мен  бағдарламаларды  әзірлеу  керек  деп  ойлаймын. 


49
«Жетістік тарихы» кітабы
Қашықтан оқыту проблеманың шешімі болуы мүмкін. 
Данечка мектеп-интернатта 5-ші сыныпта оқиды, қалалық № 2 Ба-
лалардың көркемдік мектебінде 4-ші сыныпқа барып жүр,  Ол да сон-
дай-ақ ШДМ бар балалардың арасындағы халықаралық, республика-
лық,  облыстық,  қалалық  балалар  шығармашылығы  байқауларының 
қатысушысы  және  дипломанты.  Оның  педагогы  Владимир    Ивано-
вич Ефремов 2013 жылы ұлымның және басқа оқушылардың сурет-
терін Астанаға жіберді, ал қазір олар Мәскеу маңындағы «Дыбыстар 
кемпірқосағы» көрмесінде. Әрине, оның велосипед тебудің орнына 
шығармашылықпен  айналысуы үшін оны «желкелеп отыру» керек. 
Бала шағымда мен де көркемдік мектебінде оқығанмын және қазір, 
оған үлгі көрсету үшін, ЕШКО сурет салу бойынша қашықтан курсты 
зерделеудемін.
Данил  –  кішкентай  еркек.  Күйеуім  кетіп  қалған  уақытта  ол  бес 
жаста болатын, бірақ ұлым атасымен, менің әкеммен жақсы араласты. 
Онымен  бірге  ылғи  да  гаражда  жүретін,  атасы  оны  құрал-сайман-
ды пайдалануға үйретті. 8 жасынан бастап ұлым дербестігін таныта 
бастады. Оның  жақсы көретін сөзі – «мен өзім». Атасы енді жоқ, бірақ 
Даня оны жиі еске алады және бәрін де ол сияқты істеуге тырысады: 
«Немене отырсыңдар, атам баяғыда бақшаны қазып тастар еді …»
Оның хоббиі бар – Legо конструкторын құрастыру. Әрі ол көптен 
бері сұлбаларды пайдаланбайды, өзінің қиялын басшылыққа алады, 
төл жоспарламасы мен дизайны бар үйлерді тұрғызады.
Бірнеше  жыл  бұрын  мен  екінші  рет  күйеуге  шықтым.  Балалар 
Славаны жақсы қабылдады. Настя кейде онымен ақылдасады, оның 
пікірін сұрайды, олар әлдебір оқиғаларды жиі талқылайды (сөйлесу 
сәл қиындау, бірақ Слава тырысуда, дактильді және бірақ тұрмыстық 
ымдарды біледі), ал Данил Славамен бірге гаражда және үйде еркек-
тердің шаруасымен айналысады. 2013 жылы біз «Әртүрлі, бірақ бір-
дей» республикалық байқауға қатысып, «Ең тату-тәтті отбасы» номи-
нациясында I- орын алдық.
Өмір жалғасуда…  Енді өз тәжірибеме қарап, басқа ата-аналарға 
айта  аламын:  ешқашанда  түңілмеңіздер!  Сіздер  баланы  қаз  қал-
пында  неғұрлым  тезірек  қабылдасаңыздар,  эмоциялардан  нақты 
қадамдарға  соғұрлым  жылдам  көшесіздер,  демек,  оған  әлдеқайда 
жылдам әрі сапалы көмек көрсете аласыздар. 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау