Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет25/69
Дата21.12.2017
өлшемі2,8 Kb.
#5274
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69

79
«Жетістік тарихы» кітабы
анықтағандай. Бірнеше мәрте клондық тырысқақтар болды, өліп бара 
жатқан секілді көрінетін, терісі сұр тартады, сонда сенің алдыңда мүл-
дем  басқа  мақұлық.  Алғаш  рет  мен  дәрігерлер  келіп  жеткенше  ай-
қайлаумен болдым, бірақ олардың келу сәтіне қарай ұстама басыл-
ды,  тек  аузының  бұрышында  көбік  қалып  қойды,  тек  көбікке  қарап 
олар маған сенді. Кіндік жарығын алғанымен омыртқаның  барлық 
бөлімдерінде жарақаттар болды. Біз мамандарды іздедік. Олар қол-
дарынан келгенін жасады, бірақ жағдайды біржолата түзетуге олар-
дың күші жетпеді. 
Мұның бәрі түбегейлі әлеуметтік өзгерістердің аясында жүріп жат-
ты: КСРО ыдырады, экономикалық жағдаят күрделі болды. Талондар 
бойынша берілетін өнімдерге ұзынға созылған кезектер. Сүтке кезекті 
күйеуім түнгі сағат 3-тен бастап алатын … 
Бірінші жылда біз көптеген әйгілі және әйгілі емес невропатологтар-
мен  таныстық,  жалпы  балалар  ауруханаларында  жаттық,  Уақыт  өткен 
сайын бала аурудың  жаңа түрлерін «жинай» берді, тіпті нағыз көкжө-
телмен де ауырды, ал мен ұйқының қанбауынан, үзіліссіз іштей қорқу-
дан, ұсақ және қажетті істердің бітпейтін тізбегінен (қатаң тамақтандыру, 
дәрі-дәрмек беру, инъекциялар жасау және т.б. режимі) мәңгірген ро-
ботқа айналып бара жатқан едім . Күйеуімнің негізгі рөлі «ақша табушы, 
әкелуші және қоректендіруші» болды, бірақ ол да мен әбден титықтаға-
нымды көрген уақытта күтім жасауға көмектесті. Балақайдың бас сүйек 
ішіндегі қысымының күшті болғаны сондай, оның көзінің ағы көгеретін 
және көзі шарасынан шығып бара жатқан секілді көрінетін. Кезекті тек-
серген кезде невропатолог менен: «Сіз балаңыз есірткіқұмарға айналады 
деп қорықпайсыз ба: ол бір жылдан астам қабылдап жүрген «тыныштан-
дырғыштың» дозасы онда сондай үлкен?», - деп сұрады.
Мен  мүгедектіктен  құтылуға  болатын  шығар  деп  өте  үміттендім 
және жәрдемақыға тіркелмедім, бірақ болмады … 
Үйде біз ауруханалардың арасындағы аралықтарда көрінетін бол-
дық. Әбден шаршағаннан мен бір жолы баламды тіземде ұстап оты-
рып ұйықтап қалдым, оның қалай құлап қалмағанын білмеймін. Мен 
бұдан әрі көмексіз қалуға болмайтынын, оның қауіпті екенін түсіндім. 
Күйеуім  ауыра  бастады,  оның  да  ұйқысы  қанбайтын.  Мен  Антонды 
Молдавияға күйеуімнің әке-шешесіне апардым. Атам мен енем – ша-
руалар, қатал адамдар, олар үшін ешқандай бас сүйек ішіндегі қысым 
жоқ еді,  олар мені ерігіп жүр деп ойлап, кінәлады. Қалыпты, дені сау, 
мықты сәби. Олардың 36 жүздік бақшасы болды, мен ұлымды аула-
да арбашада қалдырып, өзім бақшамен айналыстым. Бір рет қызанақ 


80
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
жүйектерінен қайтып келсем, арбашаның ішінде ұлым жоқ. Осы сәтке 
дейін  ол  еңбектемейтін,  тек  аунайтын.  Антон  осы  сәттен  жерде  ең-
бектей бастады. Онда бір ай тұрамыз деп ойлағанбыз, бірақ Днестр 
маңындағы соғыстың салдарынан көпке бөгеліп қалдық, содан кейін 
біздің артымыздан күйеуім келді.
Ең жағымсыз сезім – дәрігерлер ортасының қастығы. Невропато-
логтар менің ұлымды есептен шығарып тастады, олар өздерінің дұры-
стығына сенімді болды және мені тіпті тыңдағылары келмеді. Дәрі-
герлер есіме түскен уақытта жүрегім қысылып, қысымым көтеріледі. 
Мен оларға баламның қалай жетіліп келе жатқаны туралы әңгімеле-
ген кезде мені көңіл аудара тыңдаған және естіген тек екі маманды 
ғана  атай  аламын.  Мен  олардың  айтқанына  сүйендім,  дегенмен  өз 
пікірімді  ұстандым,  дәлірек  айтқанда,  өзімнің  емдеу  тәсілдерімді 
олардың пікірімен салыстырып отырдым.
«Балбұлақта»  профессор  Чемерис  ұлыма  диспорт  екті.  Бұл  өте 
күшті токсин, оны еккен бұлшық етті сал тартқызады. Ол 1-2 ай әрекет 
етеді, және осы уақыттың ішінде орасан зор жұмысты тындыру қажет. 
Бұлшық ет сал күйінде қалғанша, оны созғылау, оның конфигурация-
сын өзгерту керек. Ол үшін маманды жалдадық, ол массажды күнара 
жасап тұрды, бұлшық етке өз денесінің бүкіл салмағымен күш салып, 
оны жазды. Антон бәріне шыдады.
Үйде шөптер мен Павлов микстурасы, цетраль, бор таусылмайтын. 
Ол препараттардың болғаны жақсы еді. Мамандар дәрі үйлесімділігін 
сәбидің жас шамасына және салмағына орай мөлшерлеп дайында-
ды. Бұл айран немесе сүт секілді, біздің күнделікті ішетініміз болды.
Мен қолыма түскеннің бәрін парақтап,ерекше көңіл қоя оқыдым. 
Күйеуімді  тауға  шөптерді  жинауға  жұмсадым.  Невропатологтардан 
олардың  бере  алғанының  бәрін  суыртпақтадым.  Олардың  ұсыныста-
маларын, жаңа таблеткаларын  балама берерден бұрын, оларды өзім 
қабылдадым.
Алғашқы  жылдары  маған  ұлымның  күлкісі  демеу  болды.  Ойлап 
көріңізші,  үнемі  бірдеңе  істейміз,  ал  нәтиже  болса,  жоқ,  ашынуға 
жақын  қаласың,  бірақ  кенеттен  басқаша  қарады,  басын  көтерді, 
бұрын жасамаған бір нәрсе жасады. 
Антон 8 жасқа толғанда ит асырадық. Ол ұлымды ұйықтауға үйрет-
ті, өзінің жұмсақтығымен, жылуымен еркінсіді, бұл оның жүйке жүй-
есі үшін өте қажет болатын.
Мен  моториканы  дамытуға  тырыстым.  Дәрігерлер  мидың 
зақымдалған учаскесінің қасында ұсақ моторика үшін жауап беретін 


81
«Жетістік тарихы» кітабы
орталық болады, егер оны дамытса, онда бұл зақымдалған аймаққа 
ықпал етеді дегенді айтты. Мен оны қайда апармадым десеңші. ИЗО-
студияға біз сонау обсерваторияға баратынбыз, өйткені онда Антонды 
жақсы білетін маған таныс әйел сабақ беретін. Ол қарындашты дұрыс 
ұстай алмайтын, бояумен сурет сала алмайтын – еркін қимылдау ке-
рек болатын, ал оның спазм құрсаған бұлшық еттері оған мүмкіндік 
бермейтін. Бірақ ол А12 форматының қағаз парақтарын түрлі-түсті қа-
рындаштармен қоймай бояйтын. Балалар оған қағазды түрлі бояулар-
мен бояп беретін, ол оны жыртып, түрлі-түсті бөліктерінен коллаждар 
жасайтын.  9  жасында  ол  акварель  бояулармен  біздің  иттің  суретін 
салды. Табандылығы мен еңбекқорлығы барлық оқытушыларды қай-
ран қалдыратын. 
Алдымен  Антошканы  БЦА  бар  балаларға  арналған  балабақшаға 
жіберді, одан кейін ПМПК 2-ші интернатты тағайындады («О не де-
геніңіз, ешқандай мектеп болуы мүмкін емес!»). ал ол 4 жасында оқы-
ды, ал 5 жасында жаза бастады. Әрине, ол беттің бұлшық еттерінің 
спастикасынан анық оқи алмады, бірақ өзі бәрін түсінетін. Біздің ло-
гопедпен жолымыз болды, ол бір ғажап нәрсе жасады – оған спасти-
калық  кекештенуден  100%  құтылуға  көмектесті  және  дизартриядан 
арылтты.
Интернаттағы үш жыл (1-ші сыныптан 3-ші сыныпқа дейін) ұлым-
ның жетілуіндегі кемшілік болды. Ол интернатта оқытқаннан әлдеқай-
да көп білетін және жасай алатын. Ол өзін түсінетін адамдардың орта-
сында өсті, өзінде әлдебір нәрсенің дұрыс еместігі оның ойына кіріп 
шықпайтын,  көңілді  бала  болатын.  Бірақ,  екінші  жағынан,  интернат 
маған қимылдауға біраз еркіндік берді. Бұрын ешқандай мансап ту-
ралы тіпті ой да болмаған еді. Мен ұлымды ешкімге сеніп тапсыра ал-
мадым, жақындарымыз, тіпті менің анам да, оны ұқпайтын. Ал ақша 
әрине  жетіспеді,  қарызданып  өмір  сүрдік.  Күйеуіме  отбасымызды 
жалғыз қамтамасыз ету  қиын болды. Сондықтан, мен сол уақытта Че-
хияға ауысуға талпыныс жасадым. Мен отбасымыз үшін база құруға 
тырысып, сонда тұрып жаттым. Чехияда ашық қоғам, бұл көп нәрсені 
айқындады.  Онда  мүгедектерді  норма  ретінде  қабылдайды,  ондай 
адамдарды жасырудың керегі жоқ. Мен Антон үшін абыройлы өмірді 
қаладым, бірақ күйеуім қатты ауырып қалды да, бұл істі тастауға тура 
келді.
Интернаттан мен оны өз шешіміммен алып кеттім, бәрі үшін өзім 
жауап бермін деп қолхат жазып бердім. 4-ші сыныпқа Антон № 117 
мектепке барды, бұл мектеп директоры Зура Жунусовна Магзумова-


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау