Әдістемелік нұсқаулық Ұлыбританияда, Хокли Интернэшнл Лимитедте әзірленген.
Әдістемелік нұсқаулық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттеріне (басқармаларға), санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарына, дезинфекциялау станцияларына және дезинфекциялау қызметін жүзеге асыруға құқығы бар өзге мекемелерге арналған
1. ЖАЛПЫ МәЛІМЕТ
1. «Мостин СРТ12 ULV/EC» заттегі құрамында әрекеттегі заттек (ӘЗ) хлорпирифос 10,8%, тетраметин (техникалық) 2,16%, сонымен бірге хош иісті ерігіш гидрокарбон мен изобутанолдағы алкилбенцин кольций сульфанаты бар, эмульсия түріндегі концентрат.
Ыдысы - 100 мл, 1, 5, 10 және 25 л шишалар
2. «Мостин СРТ12 ULV/EC» заттегі шыбын, маса, құмырсқа, тарақан, қоңыз, қандала, шегіртке, есекқұрт, қабыршақтылар және өзге қылшықтылар, қырқаяқ, бүргілерді кеңінен жояды. Қалдық жойғы әрекетінің ұзақтылығы 14 тәулікті құрайды.
3. «Мостин СРТ12 ULV/EC» организмге әрекет ету дәрежесі бойынша ӘЗ-ның 2 класты жоғары қауіпті заттегіне, ауыз арқылы организмге түскен кезде – қалыпты-қауіптіге (3 класс) жатады.
2. ҚОЛДАНУ АЯСЫ
4. «Мостин СРТ12 ULV/EC» заттегі мемлекеттік, коммерциялық, әскери және өндірістік жайлар, асхана, азық түлік сақтайтын қоймалар сияқты әртүрлі мақсаттағы объектілерде шыбын, маса, құмырсқа, тарақан, қоңыз, қандала, шегіртке, есекқұрт, қабыршақтылар және өзге қылшықтылар, қырқаяқ, бүргілерді жоюға, құрылыстардың сыртқы қабырғаларын өңдеуге арналған.
3. ЖҰМЫС ЖАСАУҒА СУ ЭМУЛЬСИЯСЫН ДАЙЫНДАУ
5. «Мостин СРТ12 ULV/EC» заттегі ілмесінің эмульсиясын дайындау үшін бөлме температурасындағы судың тиісті мөлшерімен араластырады: тарақандарға - 20 мл-ді 1 литр суға, көп болған жағдайда 40 мл-ді 1 литр суға, 50 мл-ді 1 литр суға және масаларға - 100 мл-ді 1 литр суға. Өңделетін жердің түріне байланысты 50-100 мл дайын су ерітіндісін шығындау нормасы м2-ға арналған.
Термогенератормен жұмыс жасау үшін 100 мл-ді 1 литр дизель немесе керосинмен араластырады. Мұндай дайын ерітіндіні шығындау нормасы 1 гектарға 15 литр.
6. Мостин СРТ12 – ні барлық түрлі бұрқақтармен, термогенераторлармен және аз қуатты бұрқақтармен пайдалануға болады.
4. ҚОЛДАНУ ТӘСІЛІ.
7. Тарақандарды жою. Тарақандар сияқты, кишащими жәндіктерді қадағалау үшін 50 мл Мостин СРТ12 1 литр суға араластырылады және 0,4 литр 100 м2 нормасымен қолданылады. Жергілікті учаскелерде саңылаулар мен жарықтарға бүркі қажет (7 күндік үзіліспен пайдаланған жөн). Дәріні қабырға мен заттардың үстіне жағады – тарақандар бар жерлерге және олардың үй-жайға кіру жолдарына. Табалдырықтарды, плинтус бойымен саңылауларды, оларға жанасқан қабырға мен еденді, су құбыры, кәріз желісі бойын, есік қорабы жақтарын, раковина айналасын және т.б. жерлерді өңдейді.
8. Масаларды жою. Дәріні ашық ауада масаларға қарсы қолдану үшін 100 мл Мостин СРТ12 1 литр суға араластырылады да, 10 литрді бір гектарға пайдалану нормасы ұсталады. Дәріні масаларға қарсы үй-жай ішінде пайдалану үшін 20мл Мостин СРТ12 1 литр суға араластырылады да, 0,2 литр 100 м2 –қа нормасымен қолданылады. Термогенератор: Термогенераторда ашық ауада масаларға қарсы пайдалану үшін 100 мл Мостин СРТ12 1 литр дизель немесе керосинге араластырылады да, 15 литр бір гектарға нормасымен қолданылады.
9. Шыбын, құмырсқа, қоңыз, қандала, шегіртке, есекқұрт, қабыршақтылар және өзге қылшықтылар, қырқаяқ, бүргілер 7 және 8 тармақтардағы сияқты жойылады.
4. ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ШАРТТАР, БУЫП-ТҮЮГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.
15. Құрғақ салқын жерде (+5-тен +30 С-қа дейінгі темперетурада) өз ыдысында сақтау қажет, балалардан, жануарлардан және мал азығын салатын ыдыстардан сақтаңыз. Осы талаптар ұсталған жағдайда дәрінің сақтау мерзімі 3 жылды құрайды. Заттек МЕСТ талабы бойынша тасымалдау кезінде 9 класқа жатады (№ ООН 3082) – көліктің барлық түрлерімен тасымалдауда «жүк қауіпті». Тасымалдау кезіндегі температуралық тәртіп +5-тен +30 С-қа дейін. Ыдысы ауа кірмейтіндей герметикалық болуы керек. Заттекті кездейсоқ төгіп алған жағдайда хлорлы әкпен (бір шелек суға 1кг) немесе ойып түсетін немесе или кальциленген соданың 5% ерітіндісімен (бір шелек суға 300-500 г) зарарсыздандыру керек.
5.ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
5.1. «Мостин СРТ12 ULV/EC» жойғы заттегімен жұмыс жасағанда оны синантропты жәндіктермен күресу заттегі ретінде пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттілігі туралы есте сақтау керек.
5.2. Үй-жайды адамдар, үй жануарлары, құстар мен балықтар болмағанда, терезелерді ашып өңдеген жөн. Азық түлік пен ыдыстарды өңдер алдында мұқият жабу керек.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар цехтарын өңдеу кезінде алдын ала заттекті сорып алатын өнімдерді алып тастап және оларды мұқият жабу қажет. Өңдегеннен кейін үй-жайды жақсылап желдетіп алу қажет, кемінде 30 минут.
5.3. Өңделген үй-жайлармен жинап тазалағанға дейін пайдалануға болмайды, үй-жайларға дизенфекциялағаннан кейін 24 сағат өткен соң және объектіні мақсатына сай пайдаланған дейін 2 сағат бұрын жинап тазалау жүргізіледі. Үй-жайды саусақты қолғаппен, содалық ерітіндімен (бір шелек суға 250-300 г кальциленген соды) тазалаған жөн.
5.4. «Мостин СРТ12 ULV/EC»-мен жұмыс жасайтын дезинфектор-мамандар келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс: заттекпен жұмыс жасар алдында дезинструктор техника қауіпсіздігі мен алғашқы көмек көрсету шаралары бойынша нұсқаулық жүргізеді. Дезинсекция жүргізетін, заттекті өлшейтін, жұмыс эмульсиясын дайындайтын адамдар жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға міндетті.
5.5. Жеке қорғаныс құралдарына халат немесе мақта-маталы комбинезон, бас орамал, клеенкалы немесе резеңкелі алжапқыш пен жең, резеңке қолғап, герметикалық қорғаныс көзелдірік (ПО-2, ПО-3, моноблок), А маркалы газға қарсы патрондары бар әмбебеп респираторлар (РУ-60М, РПГ-67 и др.) жатады.
5.6. Жұмыс аяқталғаннан кейін арнайы киім-кешектер желдетіледі. Арнайы киім-кешектер кір болуына қарай жуылады, бірақ 10 күнде 1 реттен кем емес, алдын ала ыстық сабын-содалы ерітіндіге 2-3 сағат салып қоюмен (50 г кальциленген сода мен 270 г кір сабынды 1 шелек суға). Арнайы киім-кешек дизенфекциялық мекемеде осы мақсаттарнға арналған арнайы шкафтарда сақталады.
5.7. «Мостин СРТ12 ULV/EC» жойғы заттегімен жұмыс жасау кезінде жеке гигиена ережесін сақтау қажет. Өңделетін үй-жайда шылым шегуге, тамақ, су ішуге тыйым салынады. Заттекпен жұмыс жасауды аяқтағаннан кейін бет-қолды жуып, ауызды шаю қажет.
5.8. дәрі немесе пайдаланылған контейнермен тоған, арық және арналарды ластамаңыз, бос контейнерлерді қауіпсіз жерлерде жойып немесе жерге көміп тастау қажет, пайдаланылған контейнерлерді еш уақытта еш мақсатта қайта пайдаланбаңыздар.
5.9. Төлқұжаты жоқ, заттектің атауы, дайындалған күні, әрекеттегі заттектің пайыздық құрамы көрсетілмеген, сонымен бірге қолдану жөнінде бекітілген нұсқаулығы жоқ үй-жайларды өңдеуге арналған заттектерді пайдалануға тыйым салынады.
6. УЛАНҒАНДА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ
6.1. Техника қауіпсіздігі ережесі бұзылған немесе жазатайым жағдайларда жіті улану дамуы мүмкін.
Улану белгілері: ауыз қуысында жағымсыз дәм пайда болады, сілекей бөлінеді, құсады, бас ауырады, жүрегі айнып лоқсиды (шылым шеккенде, тамақ ішкенде күшееді), ішперде қуысы ауырады, көз қарашығы тарылады, тыныс алу органдары қызбаланады.
6.2. Тыныс алу жолдары арқылы уланған және кездейсоқ асқазанға түскен жағдайда зардап шегушіні үй-жайдан таза ауаға шығарып, ластанған киімін шешіп, аузын сумен немесе 2% ас содасымен шаю керек.
6.3. Заттек кездесоқ көзге түскен жағдайда көді сумен немесе 2% ас содасымен бірнеше минут бойы шаю қажет. Сілеймейлі қабынған жағдайда көзге 30% натрий сульфацилді тамызып, ауырсынғанда 2% новокаин тамызу қажет.
6.4. Теріге түскен жағдайда эмульсия тамшыларын мақтамен немесе мата сүлгімен және т.б. сүртпей алып, содан соң ластанған жерді сабынмен жуу қажет.
6.5. Заттекті кездейсоқ жұтқанда бірнеше стақан су ішіп, құсуды шақыру керек, содан соң асқазанды ас содасының 2% ерітіндісімен жуып, активацияланған көмір салынған (10-15 таблетка) 102 стақансу ішу қажет. Еш жағдайда құстырмау керек және есінен танған адамның аузына ештеңе құймау керек.
6.6. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегуші дәрігерге қаралуы тиіс. Аталмыш дәріге қарсы арнайы уқайырғы жоқ (!), бірақ фенобарбитал немесе дифенилхидантионды қолдану пайдалы болуы мүмкін.
7. САПАНЫ ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАЛДАМАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес «Мостин СРТ12 ULV/EC» заттегі келесі параметрлермен сипатталған: заттектің сыртқы түрі мен түсі сынаманы көзбен шолумен анықталады.
1. Хлорпирифостың массалық үлесін өлшеу.
Хлорпирифостың массалық үлесі алаулық-ионизацияланған детекторды қолданумен газ сұйықты хроматография әдісімен
өлшенеді, хроматография хлорлы метиленмен тартудан кейін
OV-17 қозғалыссыз фазада температураны бағдарламалау тәртібінде жұмыс істейді.
Сәйкестендіру мен сандық бағалау градусталған жұмыс ерітіндісі мен сынамадан алынған ерітіндіде белгіленген уақыт ұстау мен хлорпирифос пикінің алаңын салыстыру жолымен анықталады.
Сынаманы өлшеу және талдамалық стандарттар нәтижелері төрт ондық белгіге дейін дәлдікпен жазылады.
Жабдық
1 метр ұзындықты стандартты колонкамен, алаулық-ионизацияланған детектормен жабдықталған талдамалық газды хроматограф;
жалпы мақсаттағы 2 класты зертханалық таразы, өлшеудің ең көп шегі 200 г;
микрошприц 10 мкл-ға;
өлшейтін металл сызғыш;
өлшеу лупасы;
сыйымдылығы 50 см3 өлшеу колбалары;
тамшуырлар 25; 10;
сыйымдылығы 15 см3 пробиркалар'
Ерітінділар, реактивтер
хлорпирифос – құрамына негізгі заттектің 98%-дан кем емесі белгіленген талдамалық стандарт; массалық концентрациясы 0,5 мг/см
3 болатын хлорлы метиленде градусталған ерітінді;
сорбент - Инертон-супер, қозғалмайтын фазасы 5% 0V-17 (импорт), немесе басқа, осындай рұқсат етілген қабілеттілікті;
хлорлы метилен;
сусыз натрий сульфаты;
натрий хлориды;
тазартылған су;
балондағы сығылған ауа;
газ тәріздес сутек;
газ тәріздес азот.
Хроматографиялау шарттары
- көлем шығыны, см
3/мин.: газ-тасымалдаушы 45-50;
сутек 25-30; ауа 250-300;
- буландыру температурасы 210°С; детектор температурасы 260°С;
колонка температурасы бастапқы 140°С, соңғы 200°С; қыздыру жылдамдығы б°С/мин.;
- электрметрдің сезімділік шәкілі 10 х 10~12 А;
диаграммалық жолақ жылдамдығы 240 мм/ч.;
енгізілетін доза көлемі 2 мкл.
Хлорпирифосты ұстаудың шамамен уақыты 11 мин. 17 сек.
Градусталған ерітіндіні дайындау
Градусталған ерітіндіні дайындау: 0,05 г хлорпирифос (талдамалық стандарт) сыйымдылығы 100 см3 өлшемді колбада хлорлы метилде ерітіледі де, көлемі белгіге дейін жеткізіледі.
Өлшеуді орындау
Шамамен 1 г жемді натрий хлоридімен үгітеді (1:1), содан соң 5-7 см3 жылы хлорлы метилен қосады да, шамалы қыздыра отырып (шамамен 40°С) еріткіште мұқият ерітеді, ерітінді деканттанады. Қайнақ 3 рет жүргізеді. Қосылатын хлорлы метиленнің қосынды көлемі әрбір 0,1 г жемге 1,3 мл есебінен алынады. Қосылған ерітіндіні қағаз фильтр арқылы сүзіледі де, тұнбаны фильтрде 2 см3 хлорлы метиленде шаяды. Фильтрді бөлінген май құйғышта натрий хлоридімен араластырылған сумен және натрий сульфатының 4% су еріндісімен шаяды. Жоғарғы қабатын алып тастап, органикалық қабатын сусыз натрий сульфатымен кептіреді де, хроматографиялайды.
Алынған хроматограммадан хлорпирифостың хромотографиялық ауданын шегеріледі.
Өлшем нәтижелерін өңдеу
Заттектегі хлорпирифостың массалық үлесін келесі формуламен анықтайды:
мұндағы: Si (Sr.p.) – і-ші сыналатын (жұмыс жасауға градусталған) ерітіндідегі хлорпирифостың хромотографиялық пикінің ауданы
(немесе биіктігі), мм ;
Сг.Р. – жұмыс жасауға градусталған ерітіндідегі хлорпирифос концентрациясы, мг/см
3;
Vnp – сынама ілмесінен алынған экстракт көлемі, см3;
m – сынама ілмесінің массасы, мг. Өлшем нәтижесі ретінде екі параллель өлшемдердің арифметикалық мәнінің орташасы алынады, олардың арасындағы салыстырмалы айырым рауалыдан аспай, 7%-ға тең болуы керек (шамалағанда).
2. Тетраметрин мен синергисттің массалық үлесін өлшеу
Тетраметрин мен синергисттің массалық үлесін өлшеу әдіснамасы алаулық-ионизацияланған детектормен ГЖХ әдісіне негізделген, компоненттерді хроматографиялау температураны бағдарламалау тәртібінде жүргізіледі. Абсолютті градустау әдісі бойынша сандық бағаланады.
Өлшеу құралы, жабдық
- талдамалық газды хроматограф, алаулы- ионизацияланған детектормен жабдықталған, ұзындығы 1,5 м шыны хромотографиялық колонкалы, ішкі диаметрі 3 мм; графикалық колонка ұзындығы 1,5 м, ішкі диаметрі 3 мм;
- жалпы мақсаттағы 2 класты зертханалық таразы, өлшеудің ең көп шегі 200 г;
- сыйымдылығы 5мкл микрошприц;
- сыйымдылығы 25 см3 тамшуырлар
Реактивтер
- тетраметрин – талдамалық стандарт;
- пиперонилбутоксид - талдамалық стандарт;
- MGK 264 - талдамалық стандарт;
- эфир майы (хош иістендіргіш толтырма) ;
- метанол ч.д.а.;
- сорбент - Газ хром Q (0,18-0,25 мм), 5% BD-1 сіңдірілген;
- газ-тасымалдаушы гелий (немесе азот).
Хроматографиялау шарттары
- буландыру температурасы 280°С; детектор температурасы 300°С; колонкалар: бағдарлама
180->250°С, қыздыру жылдамдығы 15°С/мин. Дереу сынаманы енгізгеннен кейін;
- көлемдік жылдамдық газ-тасымалушының - 40 см3/мин;
сутектің - 40 см3/мин;
ауаның - 400 см3/мин;
- хроматографияланатын доза көлемі - 2 мкл;
- аттенуациялау коэффициенті хроматографиялық пиктер биіктігі толық шәкілдің 70-80% -ын құрайтындай етіп алынады.
MGK 264 ұстап тұрудың шамалап алғандағы уақыты 9,4 мин., тетраметриндікі 12,3 мин., пиперонилбутоксидтікі 120 мин.
Ерітінділер
- Сыртқы стандартты негізгі градусталатын ерітіндіні дайындау:
сыйымдылығы 100 см3 өлшемдік колбаға талдамалық дәлдікпен өлшенген n 0,07 г MGK 264, 0,05 г пиперонилбутоксид, 0,05 г тетраметрин, 0,05 г эфир майы мен 0,05 г пропоксур салынады да, метанолда ерітіледі.
- Сыртқы стандартты жұмыс жасауға градусталатын ерітіндіні дайындау:
сыйымдылығы 100 см3 өлшемдік колбада 1 см3 негізгі градусталатын ерітінді дозаланады және метанолда ерітіледі. Араластырғаннан кейін ерітінді хроматографияланады да, анықталатын заттектің хромотографиялық пик ауданы есептеледі.
Өлшем жасауды орындау
Сыйымдылығы 25 см3 өлшем колбасына 5 см3 диметилсульфоксид өлшенеді, талдамалық дәлдікпен өлшенген 1 г сынама үлгісі салынады және 15 минут бойы ультрадыбысты кеңістікте араластырылады, метанол қосылады да 15 минут бойы араластырылады. Ерітінді көлемі метанол белгісіне дейін жеткізіледі де суытылады, қажет болған жағдайда центрифугируют. Тамшуыр көмегімен сыйымдылығ 25 см3 өлшем колбасына алынған ерітіндінің 3,7 см3 өлшенеді, метанолмен араластырылады және хроматографияланады. Алынған хроматограммадан анықталатын заттектің хроматографиялық пик ауданы шегеріледі.
Өлшем нәтижелерін өңдеу
Массалық үлесін (X, %) келесі формуламен анықтайды:
S * V * C * a
X = ------------------
Sгр.р. * m
мұндағы S - сыналатын ерітіндіде анықталатын заттектің хроматографиялық пик ауданы;
Sгр.р. - жұмыс жасауға градусталған ерітіндідегі анықталатын заттектің хроматографиялық пик ауданы;
С - жұмыс жасауға градусталған ерітіндідегі массалық концентрация, мг/см3;
mпр. - сынама массасы, мг;
а - талдамалық стандарттағы негізгі заттектің массалық үлесі, %.