264
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Ж.Жақыпбаевтың аталмыш тақырыптағы жырларының бір
шоғыры белгілі өнер қайраткерлеріне арналған. Бұл туындыларында
қаламгер өлең арналған өнер адамдарының көпшілігінің атын
нақты атап көрсетсе, ендігі біреулерін мүлдем атамайды. Оның кім
екенін шығарма мазмұнынан танып аламыз. Ал нақты аты аталған
өнер иесінің есімі де көбіне мәтін ішінде емес, шығарма атында ғана
ауызға алынады. Мәселен бұл қатарда «Аға» (Олжас Сүлейме новке),
«Мұқағали», «Құрманғазы», «Махамбет әні» сияқты туынды ларын
атауға болады. Автор бұл өлеңдерін объектіге өз атынан арнап, «сен»
түрінде айтса, кейде «сенді» оқырманға бағыштап объектісін «ол»
түрінде сипаттайды. Ал «Қазанғаптың құрдасы айтыпты деген сөз»
атты өлеңінде автор өз атынан емес, өзге біреудің автор қиялынан
туған Қазанғап құрдасының атынан, яғни лирикатанушылар айтып
жүргендей, «үшінші дауыс» [10.154] атынан сөйлейді.
«Қазанғаптың құрдасы айтыпты деген сөз» өлеңінде автордың
өз бейнесі де Қазанғап бейнесімен қатар көрініп отырады. Өлең
жалпы өнерді бағалай білмейтін тоғышарларға қарата айтылған.
Шығарма арналып отырған өнер нарқын білместерге тән қасиет
барлық дәуірде де бірдей. Сондықтан мұнда автор заманына да тән
тоғышарлар тобының қаламгерге жасаған қысастығы бірден көзге
ұрып тұрады.
Ми қосар сазды сақтайтын, әрине, халық,
Әрине халық күйге елтіп, нар игені анық.
Кемпірқосақтай көңілінің бір тіні – баран
Көрінбей тұрса, үн тыңда қара үйден барып, – деп ақын оларға жол
көрсеткісі келеді [25.5].
Жер кене қырттар жабылса жетесіз, ессіз,
Атылған құстай аспаннан құлайды көңіл [25.5] деген жолдар бар-
лық дәуір дарындарының қиын тағдырын бейнелеп тұр. Мұндай
қиын тағдыр иесінің көңіліне медеу болар нәрсе өнердің өлмей-
тіндігі, сол арқылы оның есімінің де мәңгі жасайтындығы.
Жарықсыз өтер жақсыны көрместің күні,
Хан тағына көңілін берместің мұңы.
Қазанғап күйі сананың қайрағы емес пе?
Қайраққа қылыш өтпейді – өлместің бірі [25.5] дейді ақын бұл
жөнінде. Осы ойды одан әрі өрбітіп өнер зиянкестеріне ескерту жа-
сайды:
«Несі адамдар – не қылар келгенде қырын,
Жер таба алмас күйлерін көмгенше мұның.
…Ауруға басын көтерткен, аруға қасын,
Домбыра көрге түспейді сендерден бұрын» [25.6], – деген жол дар да
ақынның көптеген өлеңдерінен орын алған өнер құдіретімен бір ге
оны бағалауға шақырған ойы қоса айтылады.
265
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
Сөз болып отырған өлең – Жұматай Жақыпбаев туындыларын-
дағы шаһқарлардың бірі. Туынды автордың өмір мен өнердің,
жамандық пен жақсылықтың, баяндылық пен баянсыздықтың
арақатынасын өмір тәжірибесі негізінде әбден бағамдап, ой тезіне
салып, ғұмыр бойы жинақталған тұжырымдарының сығынды-
сы тәрізді, мұны жаңа ой түрінде емес, өзін өмір бойы мазалап
келген жайттарға лайықты сезім қуатымен жеткізген. Сондықтан да
өлеңнің әрбір жолдарында, сөздерінде қорғасындай ауыр ойлардың
салмағы жатыр. «Жарықсыз өтер жақсыны көрместің күні» деген
жолдар афоризмге айналып, ел арасына тарап кетуге дайын-ақ
тұр. Сәті туса айналады да. Сол себепті өлеңді жіті үңіліп оқымай
тұрып қабылдау қиын. Ал өлеңді қабылдаған оқырманды ол жай
ауыр ойға ғана қалдырып қоймайды, сезім тұнығын да алай-түлей
етеді. Бұл туындыда автордың үшінші дауыс арқылы сөйлеуі де
жайдан жай емес. Ол өзіне де қамқор боларлық, жанашыры ретінде
сөзін сөйлерлік жанды іздегені ақиқат. Өлеңде лирикалық қаһар-
ман сипатында танылатын Қазанғаптың құрдасы – суреткердің
осындай аңсарынан туған бейне. Мұндай аңсардың өзін біз «Өргек
шақта мұнша көлік, мұнша мал …», – деген өлеңінен көре аламыз.
Бұл өлеңінде ол өзінің ақындығын мойындап, оны жұртқа жеткізбек
болған Әлібек досының бейнесін ілтипатпен жырға қосады.
Ақын өз өмірінде де Мұқағалидың Т.Айбергенов жөнінде айтқан
естелігіндегідей күй кешкені анық. «Марқұм тірісінде өзі еске
алмаған, өзі зәру болып өткен ол туралы айтылып жүрген пікірлерді
тірілеріміз енді естіп жүрміз. Жырлары жөніндегі пікірге марқұм-
ның құмнан су іздеген құландай құмартқан творчестволық тағ дыры
біздің есімізде …», – деген болатын М.Мақатаев естелігінде [46.248].
Бұл жағдайды осы пікірді айтқан Мұқағалидың өзі де басы
нан
өткергендігі қазіргі әдебиет сүйер қауым түгел білетін жайт. Әрине
таланттар басынан өткерген мұндай тағдырдан Жұматайдың да тыс
қалмағаны анық. Ақын кешкен бұл күйді куәландыратын өмірлік
деректер жары ақын Зайда Елғондинованың естелік
терінде жиі
айтылады. «(...) Топтама өлең Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде»
деген айдармен жарияланғаны әлі есімде. Бірақ оған ешкім де мән
бермеді.
Тек мен оған «Жолыңды кесіп мұның не? Өмірден кетуге асы ғып
жүрсің бе? Алла тағаладан ажал сұрасаң азап береді деген емес пе?»
– дегенімде, ол күліп: – Мүмкін менің ел басын ұстаған ағаларым
оқыр бұл өлеңімді, – деді де қойды.
Бірақ оның өз-өзінен күйіп-пісіп, іштей жүдеп жадап жүр генін
байқадым» [47], – делінеді соның бірінде. Осы жайттардың барлығы
өлеңдегі Қазанғап құрдасының бейнесін ақын аңсарынан туған
деген ойымызды растайды.
266
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Жұматай Жақыпбаевтың белгілі қазақ қаламгерлерін объект етіп
алып, оған өз тағдырына да қатысты жайттарды қоса берген өлеңі-
нің бірі – «Құрдас жұлдыздар». Бұл өлең «Жалын» журналында 1984
жылы жарияланғаннан кейін [48.61-62] қайтып баспа бетін көрме-
ген, ақын жинақтарына енбей қалған. Ақын өлең соңында өзінің
көпке әйгілі емес аты жөнін жазыпты. Жұмағұл-Шора Жұматайдың
азан шақырып қойған аты екенін біз жоғарыда айтып өттік.
«Құрдас жұлдыздар» өлеңі ақын тарапынан, редакция сұраны-
сына орай, тапсырыспен жазылған болса керек. Журналдың өлең
жарияланған бетінде «Сәкен Сейфулин, Бейімбет Майлин мен Ілияс
Жансүгіровтің туғанына 90 жыл толуына» деген маңдайша жазу
бар. Ақын қазақтың әйгілі үш ақынына арналған өлең шумақтары-
мен бірге өнер дәлдүріштеріне бағышталып, бір бөлек жазылған
«Қанды жасақ аққан күндер жосылып» деп басталатын төрт шумақ
өлеңін біріктіріп жіберген. Бұл өлеңді бөлек жазылған дейтініміз ол
«Көктемгі хаттар» жинағына енген.
«Құрдас жұлдыздар» өлеңі жалпы алғанда 14 шумақтан тұрады.
«Қанды жасақ...» өлеңінің шумақтары «Құрдас жұлдыздардың»
әр жеріне сыналап енгізілген. Мәселен «Қанды жасақ…» өлеңінің
алғашқы шумағы «Құрдас жұлдыздардың» 11-шумағы, ал екінші
шумағы 12-ші болып, үшінші шумағы 13-ші болып, төртінші шумағы
10-шы болып орын алған. Және бұл шумақтар «Құрдас жұлдыз дарға»
аздаған өзгертулермен енген. «Қанды жасақтың...» төртінші шу мағы
мұнда өзгеріссіз пайдаланылса алғашқы шумағының бірінші жолы
және екінші жолының бірінші сөзі, екінші шумақтың екінші және
үшінші жолындағы кейбір сөздер ғана өзгеріске ұшыраған. Өлеңнің
ең көп өңделіп қолданылғаны – үшінші шумақ.
«Қанды жасақта...» бұл шумақ:
Жұлдызға тән жарық, жарқын түрменен
Маздағанмен, жазбағанмен бір де өлең.
Осылайша сөйлейді олар ұрпаққа
Сөйлейді олар сұлу қызыл нұрменен [25.109], – делінсе «Құрдас
жұлдыздарда»:
Көкке лайық мінезбенен түрменен
Маздағанмен, жазбағанмен бір де өлең
Құрдас, мұңдас жұлдыздар тұр
Аспанда ел көгертіп емен жарқын нұрменен, – деп өңделген.
Өзгертіліп пайдаланылған дейтін себебіміз, біздің ойымызша,
«Қанды жасақ...» өлеңі бұрынырақ жазылған. Және оның алғаш қы
қатарының екінші сөзі баспадан немесе баспаға дайындау бары-
сында қате жазылған болуы тиіс. Біздің ойымызша, дұрысы – «Қан-
ды жасың...». Сонда
Қанды жасың аққан күнде жосылып,
Мына көкке жеткізе алмас осыны ұқ, – болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |