267
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
Ақынның жалпы шығармашылығынан танылатын лирика-
лық кейіпкерге тән серілік байсалдылық аса ширыққан өмірлік
жайттарды мүлдем жайбарақат, бейғам қабылдау және дәл солай
жеткізіп беру мұнда онша байқала бермейді. Сондықтан ақынның
бұл өлеңі асығыс жазылғандай әсер қалдырады. Сірә автор туынды-
ны көпшілікке таныс емес атымен жариялауының да сыры осында
болса керек. Сол себепті де бұл туынды сол жылы жарық көрген
«Шұғынық гүл төркіні» жинағына енгізбеген және оның қолжазбасын
өзінде сақтамаған. Осы орайда ақынның жинақтарына ең таңдаулы
деген шығармаларын бергендігін айта кетуіміз керек. Жазылған-
нан кейін біршама уақыт өткізіп барып, қайта қараған сәтте ұна май
қалған өлеңдерін мүлдем жойып жіберетін әдеті ақынның өзіне аса
қатты талап қойғандығын көрсетеді. «Күндердің күнінде үшін ші
кітабы «Шұғынық гүл төркіні» «Жалын» баспасынан жарық көре-
тін болып бұрын өткізген қолжазбасын үйге алып келді. Өлең дерін
қайта қарап, көбісін менің көзімше жыртып, өртеп жіберді», – дейді
З.Елғондинова естелігінде [37]. Осыған қарағанда, ақын «Құрдас
жұлдыздарды» таңдаулы өлеңдерінің қатарына жатқызбаған болуы
керек. Мұнымен қоса, өлеңде
Ойында жоқ елге керек жыр өрмек
Қу, мүттаһам күншіл кейбір жүгермек,
Өзгелерге ор қазамын деп жүріп,
Өзін-өзі көрге тығып жібермек, – деген сияқты қатты айтылған
шумақтар бар. Ал, Сәкен, Ілияс, Бейімбеттерге «ор қазғандардың»
көбі өлең жазылған тұста әлі де тірі болатын. Автор онсыз да
қиындықпен шығып жүретін жинақтарының» өмірін қиғысы»
келмегендіктен де бұл туындысын «Шұғынық гүл төркініне»
енгізбеген болуы ықтимал.
Қалай болғанда да, «Құрдас жұлдыздар» өлеңі біз үшін ақын
тағдырын және оның өзіндік қолтаңбасын бейнелейтіндігімен де аса
қымбат дүние. Мұнда автордың өз басы өмірде көрген теперіш тің
де сызы бар, соған байланысты ақын жүрегінің тереңінен шыққан,
көкірек керген күрсінісі естіледі. «Лирикалық ақын неғұрлым күшті
болған сайын өлеңде оның тағдыры соғұрлым толығырақ көрі неді»
[49.514], – деген А.А.Блок пікірінің дұрыстығын Жұматайдың осы
тектес өлеңдері растайды. Өнер тақырыбындағы өлеңдерінде ақын
тағдыры өзінің күрделілігімен көрініп отырады. «Құрдас жұл дыз-
дар» өлеңі Ж.Жақыпбаев шығармаларының ғылыми басылымына
сөзсіз енуі тиіс.
«Абайға» деген өлеңінде суреткер қазақтың ұлы ақынына мұ ңын
шерткен лирикалық кейіпкер бейнесін сомдайды. Мұнда да
Жалындап жыр жазғандар сан аруға,
Бұл жақта әлі бала саналуда [25.103], – деп жинақтары шығып,
көпшілікке танымал болған қаламгердің әлі де «жас ақын» аталып,
268
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
көп орындардан қағажу көріп жүргендігін тілге тиек ету арқылы өз
тұсындағы әдеби қауым арасындағы келеңсіздіктерден хабар береді.
Аталмыш туындыда лирикалық «біз» түрінде көрінетін қаһарман
бейнесі алдыңғы орында көрінеді.
«Мұқағали», «Құрманғазы» өлеңдерінде аттары берілген қазақ-
тың белгілі перзентерінің өнерлеріне баға беріледі. Олардың өлмес
туындылары дәріптеледі. Мұқағали жөнінде:
Адам келіп қазақ пен қырғызымнан
Анау бір шың сен үшін тұрғызылған.
Көзден көзге ауысар миға мидан,
Мұқа сенің көгілдір пирамидаң [25.125], – десе, Құрманғазы ха-
қында:
Ол барған жерге «Алатау», «Сарыарқа» барды,
Ол қашқан жаққа «Алатау», «Сарыарқа» қашты [25.125], – деген
көркем пайымдаулар жасайды. Қаламгердің «Көзбен жалғыз күй
шертер» деген өлеңі де Құрманғазының «Аман бол шешем» атты
туындысына өзек болған аналар тақырыбының мәңгілік екен-
дігін және мұнда да Құрманғазы күйінің өлмес қасиетін аңғартқан.
Бұл туындыда Құрманғазы есімі бірде-бір аталмайды, тек бір ғана
«Сарыарқа күйін танытқан сарын иесі» деген жолдан және күй
атымен байланыстырыла сөз болып отырған жанның тап осы
өнер иесі екенін жазбай танимыз. Жұматай өлеңдерінің басты
бір ерекшелігі де осында. Оның Жамбыл есімімен байла
нысты
«Ғұндардың жүрегі» атты жырында да тап осы қасиет байқалады.
«Ғұндардың жүрегі» өлеңіне өзек болған оқиға Ж.Жабаевтың
Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр»
поэмасының 750 жылдығына арнап өткізілген 1937 жылдың
желтоқсанындағы мәжіліске барған сапарында [50.32-34] қарт
ақынның басынан кешіргендерімен байланысты екендігі осы
оқиғадан хабары бар оқырманға бірден сезіледі. Жыр:
Вокзалға қарай бұл елді кім бөріктірді?
Көрікті елдің құшағын гүл көміп тұрды.
Бақтияр, Еділ киетін сусар бөрікпен
Күржістанға керік қас ғұн келіп кірді.
Арналды ғұнға күржінің әуені, үні,
Артынан сөзі жетті Оған, әуелі гүлі.
Мың ауызбенен атағын аспанға атты,
Құрсағын қанжар сәндеген тау елі мұны, – [25.10] деген жол-
дармен басталады. Мұндағы «Күржістан» Грузияның сонау
көне түркі жазбаларынан белгілі аты екендігі айқын. «Құрсағын
қанжар сәндеген тау елі» деген тіркестер «Күржістанның» анық
Грузия екеніне оқырман көңілінде сенім ұялата түседі. 92 жас тағы
Жамбылдың осы сапарында Грузин қызына ғашық болғандығы, оны
көрген орыс ақынының толқып, көзіне жас алғаны ел аузында аңыз
269
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
болып кеткен. Жұматай орыс ақынының есімін ауызға алмайды,
оны «орыстық ұлы ордадан келген», «көк жанар ақын» деп атай оты-
рып, оның қарт жыраудың ғашық болғанын көріп, бұл ғажайыпқа
көңілі босағанын айтқан соң ғана ғашықтық сыры айтылады:
Суалтты бір дерт жыр, әні суалмас ұртын,
Мәжнүнді мұндай ешқандай туа алмас ұлтың.
Айкүмістерді алты орап алатын сұлу-
Күржінің қызы-ай, ондай жан туар ма, шіркін! [25.10]
Мұндағы аты аталған Айкүміс те жырдағы жұмбақ ғұн шалы ның
кім екенін айғақтай түседі. Ол – Жамбылмен айтысқа түсетін көпке
белгілі қазақтың ақын қызы.
Қыза келгенде: «Қызыңды … Сталин...» – деген
Бөркімен кірген еді-ау ол Кремльге де – деген жолдар да ел аузын -
дағы Жәкең жайлы әңгімеден туғаны анық. Жамбылдың «Қы-
зыңды...» деп боқтайтын әдеті болғанын Б.Момышұлының естелі-
гінен көреміз [51.242]. Қанабек Байсейітов те: «Кәдімгі қарт кісі-
лердің әдетімен Жәкең де боқтаңқырап сөйлейтін. Және үл кенге де
кішіге де жарасымды боқтаулары болатын» [51.247], – деп еске алады.
Жұматай өлеңде аты аталмаған ғұнның кім екенін білуге ынтыға
түсетін оқырман алдына «тоқсанға келген екейлік ғұндардың шалы»
деп құпияны жайып салады. Екей – Ж.Жабаев шыққан ш апы-
раш ты руының бір атасы, шежіре жағынан келгенде, Жамбылдың
онын шы бабасы [52. 12-13].
Бұл өлеңде ақын Жамбылды «ғұн шалы» деп көрсетуі тегін емес.
Өйткені өнер адамдарының бойынан көрінетін серілік, жомарт тық,
ешкімнен қаймықпас ержүректілік, ең басты, сұлулыққа құштар лық
пен кәрілікке бой ұсынбас өр көңіл ақын ойынша, халқымыздың
сонау ғұн, сақтардан тамыр алып жататын қасиеттері. Сон дық-
тан өмірден кеше өткен Жамбыл ақынды ертедегі ғұн дәуіріне
алып барады және оның замандастарын сол замандарға лайық
«Күржі», «Орыстық ұлы орда» елінің адамдары етіп көрсетуге
мәжбүр болған. Бұл қасиеттердің ұлтпен бірге жасай беретін мәң-
гілігін ақын өз бейнесі арқылы танытып, «ол» түріндегі объектіден
(Жамбыл) «сен» түріндегі сүйіктісіне ауысады. Оған «мен» атынан
жүрек сырын айтады:
«Ару ақ таңым. Мен бүгін жаралы ғұның
Қобыз кеуденің зарлатқан саналы қылын.
«Әкемдей жансыз бір түрлі … сүйемін» дейсіз…
Сол сөзің мені өлтіріп барады, Күнім».
Өлмедім, қалдым өзіңді көргенде мана,
Көктен де қара көзіме, жерден де қара.
«Сүйемін» дейді отымен, нұрымен барлық…
Ғұн, қалқам, ғашық болмайды өлгенде ғана [25.11].
Достарыңызбен бөлісу: |