261
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
«Олесьедегі Богдан Хмельницкийдің қамалы» деген өлеңде
ақынның өнерге деген көзқарасының жаңа бір қыры бой көрсетеді.
Оның ойынша барлық халықты тазалыққа, бақытқа жетелейтін
өнер ғана. Сондықтан әлем халықтарының барлық ақындары бір-
бірімен ділдес. Бірақ мұны кеңестік дәуірде барынша мол жырлаған
тақырып – интернационализмге үндеумен шатастыруға болмайды.
Ақын түсінігінде барлық халықтардың туыстығы қасиетті ұғым, оны
екінің бірі түсіне алмайды, оны түсіну үшін кіршіксіз таза жүрек
керек, ал ол өнер адамында, ақындарда ғана бар.
О, муза! Алар емес ода тыным.
Жарқылда сапыдайын болат үнім!
Әлемде шаңырақтың жаманы жоқ
Ішінде жыр оқуға болатұғын, – [24.11] дейді суреткер. Ал «Кел,
бауырым!» деп аталатын қырғыз ақындарына арналған өлеңінде:
Мұзбалаққа ұқсайтын шың құсына,
Оған тәнті мұндағы тұрғысы да
Барлық құрлық ақыры басын иді,
Монғол емес, қырғыздың Шыңғысына [25.192], – десе, Алматыға
келген Азия-Африка ақындарына арнаған «Бамбук» атты жыр
шоғырында ақындар ділдестігі жиі қайталанады.
Бұл жерде ақынның Ф.Достоевскийдің «сұлулық әлемді
құтқарады» деген қағидасын басты кредо еткендігі де аңғарылады.
«Бамбук» өлеңінің атын ақын символ түрінде алып, осы бір ешбір
кедергіге тоқтаусыз жарып шығатын өсімтал ағашты өмірге құштар
ақындар бейнесімен салыстырады.
Бар ғасыр естір, көрер, елер мұңын,
Шайырдың жерде қалмас көне ерлігін.
О, сіздер өркенсіздер күнді аңсаған
Шығарар жаназасын кедергінің [25.220], – дейді қаламгер.
Жұматай Жақыпбаевтың бұл тақырыптағы өлеңдерінің ішінде
өзге өнер түрлеріне, күйшілікке, сәулетшілікке арнаған шығар-
малары да бар. «Жер жұтпайды, ұшырмайды оны ебі…», деп баста-
латын жырда:
Жас қалады күйшілердің ізінде,
Тас қалғандай сәулетшінің артында [25.98], – деп өзінің күй-
шілігі хақында сыр толғайды. «Уәлибай мешіті» деп аталатын сәулет
өнерінің туындысына арнаған өлеңінде, «Хан суреті» деген бейнелеу
өнерінің қыр-сырына үңілген туындысында суреткерліктің басты
бір қасиеті тапқырлық дәріптеледі. Ал «Көктегі елдің абыройын
төкпеңіз…», «Қарсы келсең, себеді билік өлім…» деген өлеңдерде,
өлмес өнердің өзегі болуы тиіс нәрсенің шындық екендігі айты лады.
Бұларда өнер адамының өлместігі шындықпен ғана байланысты етіп
көрсетіледі. Күй өнері үлгілерін сөз өнеріне айналдырған туынды-
лары да қазақ поэзиясында қалдырған қаламгер шығармашылы-
262
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
ғына тән бір өзгешелік болып табылады. «Сүгір күйінің әсерімен
жазылған «Көңілім менің көңілім», «Той», «Сарыжайлау»,
«Бомбейлік композитор. Құйын» өлеңдері классикалық үлгі ретінде
халқына ескерткіш болып қалды деп батыл айтуға болады» – дейді
Қ.Әлімбек [27].
Күйдің мазмұнын өлеңмен жеткізіп беруді көркемдік тәсілге
айналдырған ақынның бірі – Ж.Нәжімеденов болатын. Алайда
осындай өлең үлгісінде өзіндік тәжірибесі бар Ж.Нәжімеденов
Жұматайдың бұл туындысына көңілі толмаған екен: «Сүгір күйінің
әсерінен» туды делінген осы шумақтарда не бар? Әсем сөздердің
жақсы ақынның қолымен қаланған қаңқасы ғана. Иә, қып-қызыл
сөз», – дейді ол [40]. Сөйтіп «сөз астарға, мағынаға ие болғанда
ғана үлкен күш алады», – деп ой түйеді [40]. Бұл жерде өлеңдерінің
негізін астарға құрып үйренген ақынның өзгелерден де осы қасиетті
көргісі келетін ізгі ниеті аңғарылып тұр. Бірақ бұл жерде біз онсыз
да астарлы өнер – күйдің жұмбағын ашу мақсатында ондағы ой мен
сезімді сөз өнеріне көшіруде перделеушілік емес, айқындылық қажет
екендігін ескеруіміз керек сияқты. Оның үстіне Жұматайдың осы
өлеңінің ырғағы, құрылысы, ұйқасы, әуезділігі арқылы күй әуенін
де құлаққа естіртуді көздегендігі аңғарылады және ол мақсатқа
жеткен де. Осының өзі аз жүк емес, одан әрі талап қою зорлық болар
еді. Біз бұл тұста қазақтың екінші бір құдіретті ақынын осы айтқан
сынына бола айыптамақ емеспіз, оның Жұматай көздеген көркемдік
мақсатты аңғармаған болуы мүмкін екенін айтпақпыз.
«Қалың қаудай ақ шалғымен шабылған» деп басталатын
өлеңде өнер туындысының ескірмес, өлмес қасиеті асқақтатылса,
«Талайды оқып, талайды көріп…», деген бастаумен келетін жырда
Кеңестік дәуірдегі өнер адамының, ақынның жан дүниесі ішкіштік
жөнінде әйелімен айтысып жатқан кейіпкердің сөзі арқылы ашып
көрсетіледі.
Адасқандарды қорғайды қулық, –
Айтайын деп ем ерлерге сыр қып:
Шындық бар жерде болмайды мұңың,
Ішпеймін, – дейді ол, – жеңгенде шындық, – деген жолдар-
дан Кеңес тік дәуірде шын талантардың көбінің ішкілікке салыну
себебін танығандай боламыз. Бұл да аталмыш тақырыптың көп
қаламгер бара бермеген қыры. Оқырман көңіліне ой түсірерліктей
етіп, ашық айтылуы, қиын мәселені пішінін тауып жеткізе білуі –
ақын шеберлігінің бір көрінісі.
«Өзін тірідей көмдіріп, қайыр сұрайтын иог туралы» үнді ақыны-
ның айтқаны деген өлеңінде:
Адамзатқа ақын айтқан сөздерді
Иог біткен қайталайды қимылмен [24.29], – деп көрден тірілерге
қол созған иог бейнесі арқылы өлгеннен кейін ғана ықыласқа,
263
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
ілтипатқа бөленетін ақындардың қиын тағдырын меңзеген. Бұл да
өзіне ешбір назары аумай қойған басшылық орындарға деген ақын
наразылығының өз шығармаларында көрініс беріп отырғандығының
бір дәлелі. Осы өлеңі енген жинағын жарыққа шығарар алдында
ақынның басынан кешкен өмір қиындығы оның жан дүниесіндегі
ащы өксіктің шынайы бейнеленуіне септігін тигізгені анық. Кітапқа
енетін қолжазбаларды қайта сұрыптау кезіндегі Жұматайдың көңіл
күйін, тұрмыс жағдайын З.Елғондинованың мына сөздері айқын
танытатындай: «Ол ойланып жүрді-жүрді де, бірде маған:
– Зәке, сен бір жақсы үй тауып алып жалда, – деді.
– Бұл тұрып жатқан үйіміздің несі бар? – дедім мен.
– Кісі есігінде жақсы өлең жазылмайды. (…)
Ол ішкі дайындықтан өткенше, мен екі бөлмелі жайлы пәтер
жалдап, үш айға ақшасын төледім.
Сөйтіп Жұматай жазуға отырды. Бірақ қуаныш ұзаққа бар-
мады. Арада бір ай уақыт өтпей жатып, қожайын әйел бізді қуып
шықты. Енді ол жазушылардың шығармашылық үйіне кетті.
Сонда жатып «Үнді әуендері» немесе «Өкініш», «Мангу ағашы»
деген топтамасын жазып бітірді. Арада біраз уақыт өткенде үшінші
кітабы – «Шұғынық гүл төркіні» де жарық көрді.»[37]. Демек осы
жинаққа енетін жоғарыдағы өлең автор осындай қиын жағдайда
жүрген кезінде жазылған және онда ақынның өмірдегі көңіл
күйінің, мұң наласының ізі бар. Ж.Жақыпбаев жалғыз осы өлеңде
ғана емес, шығармашылығында, әсіресе, өнер тақырыбына қатысты
туындыларында өз бейнесі арқылы әрісі жалпы адамзаттың, берісі
өнер адамының рухани тазалығын танытқан және оған керағар
күштердің әрдайым кездесетінін ескертіп отырған. Кейде жалпы
табиғат құбылыстарын немесе өзге өнер иелерінің өмірдегі іс-
әрекеттерін қатыстыра отырып, өзінің рухани әлемінен хабар береді.
Осылайша суреткердің адам мен өмір жөніндегі шығармашылық
концепциясы өнер тақырыбына қатысты туындыларынан ерекше
байқалады және оның ақынның өмірлік тәжірибесі негізінде
пайда болғандығы айқын аңғарылады. «Әлем мен адам жөніндегі
шығармашылық концепция жазушының өз қолымен жасалмайды,
шығарма пайда болғаннан бұрын да өмір сүреді екен. Оларға
тәуелсіз, қалайша екені белгісіз түрде қалыптасатын бұл концеп ция
әрбір жекелеген жазушының шығармашылығын өркендетеді», –
дейді әдебиет теоретигі М.Б.Храпченко [45.326]. Өмірлік тәжірибе
негізінде қалыптасқан мұндай шығармашылық концепцияны ақын
дайын күйінде алып пайдалана салмайды, шындықты наным-
ды және әсерлі етіп беру жолында оны көркем жинақтау арқылы
көрсетеді. Сондықтан да Жұматайдың өнер адамы ретіндегі жеке
басының мұңы, қайғысы өз алдына бір бөлек емес қоғамдық және
табиғат құбылыстарымен астастырыла беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |