Дамуында бұзылысы бар балалардың қиялының жалпы заңдылықтары
Қалыпты дамудағы балалардың қиял қабілеттерін зерттеуге арналған еңбектерде сөйлеу мен қиял арасында тығыз байланысқа айрықша көңіл аударылады. Л.С.Выготский былай деп жазады: «Қиял дамуын бақылағанда бұл функцияның сөйлеу тіліне тікелей қатысты екендігі анықталды, тиісінше сөйлеу тілінің тежелуі – қиял дамуының тежелуі деген сөз».
В.П.Глухованың зерттеулерінде(1985) дамуында бұзылысы бар балалардың қиялындағы өзіндік ерекшеліктер сипатталады. Бұл категориядағы балалар өнімді іс-әрекет деңгейі жағынан өздерінің сау құрбыларынан анағұрлым артта. Геометриялық фигуралардың көмегімен сурет салу немесе басталған суреттерді аяқтау сияқты эксперименттік тапсырмаларды орындауда, әдетте сау балалар тіл мүкістігі бар балалардан 5 бейнені артық сала алады. Ал жалпы тілі дамымаған балаларда заттың бейнесін көшіру, қайталау 2,5 есе артық кезігеді. Сөйлеу тілі бұзылған балаларда бірыңғайлылық, дайын үлгіден көшіруге бейімділік, инерттілік, қиял шеңберінің тарлығы, танымдық процестердің сарқылғыштығы байқалады.
Олардың жұмыс істеуіне анағұрлым көп уақыт керек, әрі тапсырманы орындау барысында әлсін-әлсін үзіліс жасауға тырысады. Жалпы алғанда тілдік патологиясы бар балаларға тән белгілер: қимыл-қозғалыстың аздығы, инерттілік пен қиял процесінің сарқылғыштығы
А. Адлердің және Л. С. Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімдері
«А. Адлер теориясының негізі адамда қалыптасатын «толыққанды болмау кешені» болып табылады, ол А.Адлердің кӛзқарасына бойынша, адамның ӛз дамуындағы кемшіліктерді 28 жоюға мҥмкіндік беретін, басқалардан артық болуға деген ҥнемі ҧмтылуы арқасында пайда болады» 1 А. Адлерден кейін Л. С. Выготский функциональды ҧстанымда, бір органикалық кемістіктің баланың кеміс екендігіне дәлел болмайтынына назар аударады. Кемістіктің әсері ҥнемі екіжақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан - кемістіктің орнын толтыратын, басқа қызметтердің қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л. С. Выготский былай деп жазады: «Жалпыға бірдей бҧл заң, ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады»2 . Психикалық қызметтердің кемшілігі мен зақымдануын компенсациялау, тек жанама жолмен жҥзеге асырылады. Жанама жолға жататындар: жҥйеішілік қайта қҧрулар (жойылған қызметтердің сау компоненттерін пайдалану) немесе жҥйеаралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауының сипап-сезумен компенсацияланатыны (Брайль шрифті). Л. С. Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан, емдік педагогиканың негізін кӛреді: «Кеміс баланың ӛзіндік дҧрыс келбеті, оның қандай да бір қызметтің (функциясының) жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған қызметтің бала дамуында жаңа бір қҧрылымдарды туғызатындығынан, яғни жеке тҧлғаның ӛз кемістігіне деген реакциясы мен даму ҥдерісіндегі компенсациясы»
Достарыңызбен бөлісу: |