Дамудың алғашқы және туынды бұзылысы.
Дамудың алғашқы және туынды кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский енгізді. «Алғашқы кемістіктер бір биологиялық жүйенің (талдағыштар, ми құрылымдары) патогендік факторлар әсерінен, органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер – алғашқы кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеуінің бұзылуы, соқырлардың бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден алыс болса, оны психологиялық – педагогикалық түзету оңай болады. Қарапайым қызметтермен салыстырғанда, жоғары қызметтерді түзету жеңіл болады. Даму әдісінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылу арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты, «төменнен жоғары» болған жағдайда, дер кезінде коррекциялық–педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы, баланың әлеуметтік ортаға, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық күрделі мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық қарапайым психикалық қызметке кері ықпал етеді, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады.
Ерікті және еріксіз есте сақтау түрлері.
«Ес дегеніміз – сыртқы дҥние заттары мен қҧбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ҧмытылуын бейнелейтін кҥрделі ҥдеріс....Естің тҥрлері – қозғалысты, сӛздік- логикалық және эмоционалды». «Ӛткен тәжірибеден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бҧрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады»2.
Ес кӛмегімен, бала ӛткен тәжірибесін жинақтайды, тіркейді, қорытады, жаңа білім, білік, дағдыларға ие болады. Есі жоқ адамдардың жеке тҧлға ретінде қалыптасуы мҥмкін емес.
Ырықты ес түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы;
Ырықсыз ес адамның мақсат қоймайматериалды есте сақтауы.
Достарыңызбен бөлісу: |