Біріктіріп оқытудың және психикалық дамуындағы бұзылыстары бар адамдарды қоғамда біріктірудің психологиялық мәселелері
Дамуында бұзылысы бар балалардың кинестетикалық сезінуі және қабылдауы
Кинестетикалық түйсіктің табиғаты күрделі. Өйткені, ол сапалық жағынан айырмасы бар бірнеше рецептордың бір мезгілде тітіркенуінен пайда болады. Қи мылдарды орындағанда бұлшық еттегі рецепторлар ұшының тітіркенуі бұлшық еттердің тонусын түйсіндіреді. Тарамыстағы жүйке ұштарының тітіркенуі бұлшық еттің қысқаруын, зорлануын білдіреді. Қозғалу талдағыштары арқылы адам өз денесінің және жеке мүшелерінің қозғалуы, олардың тездігі мен күші, бұлшық еттерінің қысқарып босаңсуы, керілуін түйсінуге мүмкіндігі жайында үздіксіз хабар алып отырады. Кинестетикалық талдағыштың шетте (периферияда) не болып жатқаны туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын кері афферентация деп атайды. Денедегі әр түрлі кері афферентацияға байланысты процестер адамның көздеген мақсатына сай келмесе, бұл процестерді бөгеп, мүлдем жойып жіберуге мидың шамасы келеді. Айнала қоршаған ортаның ылғи өзгеріп отыратын жағдайына байланысты организмнің бейімделіп отыруын реттейтін кері афферентация — өте керекті шарт.
Дамуында бұзылысы бар балалардың мінезі және оның қалыптасу ерекшелігі
Дамуында бұзылысы бар балалардың сезінуінің жалпы сипаттамасы
Айналаны тану – қабылдау мен сезіну сапасын жоғарылатудың негізгі жолы. Жалпы бұл балалардың қоршаған орта туралы білімі өте шектеулі, фрагментарлық болып келеді. Қабылдаудың заттық және құрылымдық түрлері жеткіліксіз болып келеді. Бұл балалар кез келген затты таныс емес ракурста немесе схемалық түрінде, контур түрінде тани алмайды.Ұқсас әріптер мен әріп элементтерін үнемі шатастырады.
Соқыр және нашар көретін балалар есту анализаторының көмегімен алынған ақпаратты санада, қиялда жаңғырту арқылы қабылдайды. Есту анализаторларының қызметі көру анализаторларының орнын басады. Әр түрлі әрекеттер мен кеңістікті бағдарлау қажеттігі олардың әртүрлі дыбыстарды, шуларды дифференциалдай білуін, дыбыстың шығу көзін оқшаулауды, дыбыс толқынының бағытын анықтай білуді талап етеді, сондықтан да олардың есту қабілеттері жетіле түседі.
Соқыр балаларда олардың жасына сәйкес дәм сезу қабілеті қалыптасады. Олардың дәм сезінуі дәм сезу анализаторына тамақтың әсер етуімен жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |