Психикалық дамудың бұзылыстарының негізгі түрлерінің психологиялық сипаттамасы
Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейі, яғни, зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен тежелуі бар (ПДТ) балалардың оқу үлгерімі төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі жеті-сегіз жастан анық байқалады. Оның негізгі белгілері: сабаққа белсенділігі байқалмайды, берілген Тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жібереді, тез шаршағыш, зейіні тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 20-30 төмен деңгейде. Сондықтан зерттеу нәтижелері бойынша ойлау, сөйлеу тілінде және шығарманың мазмұнын айтуда қиындықтар кездесетіні, сонымен қатар есте сақтау қабілетінің артта қалғаны да анықталады.
Есту қабілеті бұзылған балалардың танымдық қабілетінің даму ерекшеліктері
«Есту мҥмкіндігінің орнын толтыруда, кӛру арқылы қабылдау қабілетінің маңызы зор. Кӛру арқылы қабылдау қабілетін, баланың жасқа сай даму кезеңдерімен бірге қарастырған дҧрыс. Жоғарыда айтылып ӛткендей, бҧл балалардың сау балаларға қарағанда, заттардың кескіндерін тану дағдысы кеш қалыптасады. Қиын жағдайларда (мысалы, заттардың кескіндері таныс емес кҥйде тҧрғанда), есту қабілеттері зақымдаған балалардың мҥмкіндіктері айқын кӛрінеді. Демек, саңырау балалардың қабылдауындағы аналитикалық тип, қабылдаудың синтетикалық типінен басым екендігі белгілі болады. Заттардың формаларын қабылдауға, олардың практикалық заттық-манипуляциялық әрекеттері, оны тиісті сӛздермен белгілеуді меңгеруі кӛмектеседі. Мектепке дейінгі жастағы саңырау балаларда, 2-5 бӛліктен тҧратын кеспе суреттерді қҧрастыруға мҥмкіндік беретін, заттарды тҧтас тҥрінде қабылдау қабілеті қалыптасады. Кеспе суреттерді қҧрастыра білу олардың кӛру арқылы қабылдау ҥдерісіндегі талдаумен жинақтаудың болатынын дәлелдейді. А. А. Венгер, Г. Л. Выгодская және Э. И. Леонгардтың мәліметтері бойынша, 4 жастағы саңырау балалардың тең жартысы 2-3 бӛліктен тҧратын кеспе суреттерді қҧрастыра алады, ал 5 бӛліктен тҧратын суреттерді қҧрастыруға, тек 6 жастағы балалардың шамасы келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |