Қаржылық менеджмент


Саясатты қалыптастыру кезеңдері



жүктеу 1,45 Mb.
бет13/17
Дата19.11.2018
өлшемі1,45 Mb.
#21794
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Саясатты қалыптастыру кезеңдері.

1. Өткен кезеңдегі ақша қаражаттарын талдау.

Осы талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның төлемқабілеттілігі тұрғысынан ақша қаражаттарының орташа қалдығының деңгейі мен сомасын бағалау. Ақша активтерінің айналым капиталында қатысу дәрежесі мен өткен кезеңде оның динамикасы (өсуі), айналым кезеңі, жеке айлар бойынша төлемқабілеттілігінің деңгейі бағаланады.



2. Ақша қаражаттарының орташа қалдығын оңтайландыру.

Бұндай оңтайландыру алдыңғы кезеңде осы қалдықтың жеке түрлерінің қажет мөлешірін есептеу жолымен қамтамасыз етіледі. Ақша қаражаттарының операциялық қалдығында қажеттілік ағымдағы соманы сипаттайды. Осы соманың есебі операциялық қызмет бойынша жоспарланған ақша айналымы мен ақша қаражаттарының айналым санында негізделеді.



3. Орташа қалдықтың ұлттық және шетел валютада саралауы. Бұндай саралау тек қана сыртқы экономикалық қызмет жүргізетін кәсіпорындарда өткізіледі. Саралау мақсаты: кәсіпорынға қажет валюталық қорларын қалыптастыру үшін ақша қаражаттарға жалпы қажеттілігінен олардың валюталық бөлігін айыру.

4. Орташа қалдықты реттеудің тиімді түрлерін таңдау.

Бұндай реттеу кәсіпорынның тұрақты төлемқабілеттілігін қамтамасыз етуі мен ақша активтер қалдықтарында ең жоғары және орташа қажеттілігін азайту мақсатында өткізіледі. Реттеудің негізгі әдісі – алдағы төлемдер ағынын түзету (әріптестермен алдын ала келісу бойынша жеке төлемдердің мерзімдерін ауыстыру).



5. Уақытша пайдаланбаған қалдықтың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Бұл кезеңде сақтау және инфляциядан қорғау үдерісінде баламалы табыстың жоғалу деңгейін азайту бойынша шаралар жүйесі әзірленеді. Осындай шаралар санына келесілер жатады:

- осы қалдықтың орташа сомасы бойынша депозиттік пайызды төлеумен ақша қаражаттарының қалдығын ағымдағы сақтау шарттарын банкімен келісу;

- ақша қаражаттарының сақтандыру және инвестициялық қалдықтарын уақытша сақтау үшін инвестициялаудың қысқамерзімді ақша құралдарын пайдалану (мысалы, банктердегі депозиттік салымдар).

- резервтер мен пайдаланбаған ақша қалдығын инвестициялау үшін жоғары табысты қор құралдарын пайдалану (мемлекеттік бағалы қағазар), бірақ осы құралдардың қаржы нарығында жеткілікті өтімділігі шартында.



6. Ақша қаражаттарына бақылаудың тиімді жүйелерін құру. Бұндай бақылаудың объектісі кәсіпорынның ағымдағы төлемқабілеттілігін қамтамасыз ететін ақша қаражаттары қалдығының жиынтық деңгейі болып келеді.

15.2. Ақша қаражаттар бюджеті.
Фирма өзінің қаржылық жоспарын әзірлеу үдерісінде қолма-қол ақша қаражаттарында қажеттілігін бағалайды. Ең алдымен негізгі және айналым құралдарының өзгерісі болжанады. Бұл ақпарат дебиторлық қарыздардағы қаражаттар айналымдылығы, салықтардың дивидендтер мен пайыздардың уақыты мен шамасы туралы болжамымен сәйкестендіріледі. Барлық осы ақпарат ақша қаражаттарының бюджетінде жинақталады. Ақша қаражаттар бюджеті – күтілетін түсімдер мен ақша қаражаттар төлемдерінің толық сметасы, іскерлік белсенділігін болжаудың маңызды элементі болып келеді. Оны бір айда немесе тоқсанда бір рет әзірлейді.

Ақша қаражаттар бюджеті:

- басшылықты болашақ қажеттіліктері немесе ақша қаражаттарының молшылығы туралы ескертеді;

- іскерлік белсенділігінің үздіксіздігіне мүмкіндік береді;

- ресурстарды бөлу туралы шешімдерді қабылдау барысында көмектеседі.

Бұл бюджет ақша қаражаттарының үздіксіз қозғалыс үдерісі болып келетін ақша ағындарының жиынтығын қамтиды.



Ақша ағыны немесе қолма-қол ақша ағыны шаруашылық қызметтің немесе субъектінің жеке операцияларының нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысы болып келеді. Мақсаттарына байланысты ақша ағындары кейбір белгілері бойынша жіктеледі:

I – шаруашылық үдерісін қамтамасыз ету ауқымдары бойынша:

- тұтастай кәсіпорын бойынша немесе жиынтық ақша ағыны;

- кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жеке түрлері бойынша;

- жеке құрылымдық бөлімшелері бойынша;

- шаруашылық операциялары бойынша.

Бұндай жіктеу ақша қаражаттарының кейінгі талдауы үшін қажет.



ІІ. Ақша қаражаттарының қозғалыс бағыты бойынша:

оң – бұл шаруашылық операциялардың нәтижесінде ақша қаражаттардың түсімі.



  • теріс - әр түрлі төлемдердің нәтижесінде болған ақша

қаражаттарының жылысуы. Егер түсімдер мен жылысу сомаларының арасындағы айырым оң болса, оны ақша қаражаттарының таза түсімі деп атайды, егер теріс болса, оны ақша қаражаттарының таза жылысуы дейді.

ІІІ. Шаруашылық қызмет түрлері бойынша ақша ағындарын операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша бағалайды.

1. Ақша қаражаттарының негізгі (операциялық) қызметі бойынша қозғалысына түсімдер мен жылысулар жатады. Ақша қаражаттарының негізгі түсу көздері:

- тауарларды сатудан және қызметтерді көрсетуден;

- жалға беруден, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және т.б. табыстар;

- сақтандыру компаниясынан.

Ақша қаражатының жылысу бағыттары:

- тауарлар мен қызмет көрсетулер жеткізушілерге ақша төлемдері;

- кәсіпорын қызметкерлеріне ақша төлемдері;

- салықтарды ақшалай төлеу;

- несиелер мен займдар бойынша пайыздарды төлеу;

- сақтандыру жарналар түрінде сақтандыру компаниясының ақшалай төлемдері. Егер кәсіпорын ақша қаражаттарының негізгі түсімі операциялық қызметпен байланысты болса, оның қызметі оң сипатталады.



2. Инвестициялық қызмет әдетте ақша қаражаттарының жылысуын сипаттайды. Кәсіпорын өндірістік қуаттарын кеңейтіп заман талабына сай келтіріп жатқанда осындай үдеріс байқалады. Инвестициялық қызмет бойынша шығындар операциялық қызметтен түскен түсімдермен жабылады. Табыстардың жеткіліксіздігінде сыртқы көздерді тартып, бұл капитал құрылымының өзгерісіне әкеледі.

Инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының түсу көздері:

- мүліктің, машиналар мен жабдықтардың, материалдық емес және де басқа айналымнан тыс активтердің сатуынан;

- басқа компаниялардың, бірлескен компаниялардың үлестік және қарыз құралдарын сатудан.

Инвестициялық қызметі бойынша ақша қаражаттардың жылысуы:

- мүлікті, машиналарды, жабдықтарды, материалдық емес және басқа айналымнан тыс активтерді сатудан;

- акционерлік капиталға және қарыздық құралдарға қатысты төлемдер;

- ұзақмерзімді қаржылық салымдар.



3. Қаржылық қызмет кәсіпорынның ақша қаражаттарының өсуіне мүмкіндік беруге тиісті. Түсім көздерінде (түсімдерде) банк несиелер (ұзақмерзімді және қысқамерзімді) түрінде капиталдың тартуы, меншік бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және т.б.) сатуы, лизинг алушылардан лизингтік төлемдердің түсуі көрсетілген. Қаржылық қызмет бойынша ақша қаражаттарының жылысуы:

- дивидендтер, акциялар үшін төлемдер түрінде акционерлерге (құрылтайшыларға) төлемдер;

- кәсіпорынның несие берушілерге төлемдер (негізгі қарызды өтеу);

- қаржылық жалға беру бойынша қарызды азайту үшін жалға берушінің ақша төлемдері. Пайыздар мен дивидендтердің қозғалысымен байланысты ағындардың жіктеуі жөнінде біріңғай пікір жоқ. Төленген пайыздар мен алынған пайыздар операциялық ақша ағындары ретінде жіктелуі мүмкін, себебі таза пайда немесе залал анықтамасына түседі. Сонымен бір уақытта – қаржылық ағындары ретінде де (қаржылық ресурстарды тартуға шығындар ретінде) немесе инвестициялық ақша ағындары (инвестицияларға табыс бола келе).

Қорытындысында – жиынтық ақша ағыны - негізгі, инвестициялық және қаржылық қызметінен ақша ағындарының сомасы. Оны да валюталық бағамның өзгерісіне алынған табысқа түзетеді. Ақша қаражаттарының қозғалыс бюджетін әзірлеу барысында шешімдерді қабылдау негізі – ақша ағындарын талдау. Ақша ағындарының қозғалысын талдаудың міндеттері:

- кәсіпорынның ақша ағындарын қалыптастыру мүмкіндігін бағалау;

- кәсіпорынның барлық есептесулері бойынша өз міндеттерін жабу қабілеттілігін бағалау;

- қаржыландырудың қосымша көздерінде қажеттілігін анықтау;

- ақша қаражаттар түсімдерінің құрылымын талдау;

- жылысулар құрылымының талдауын өткізу;

- түсімдер мен жылысулар араларындағы сәйкессіздіктердің себептерін табу. Шетелде шаруашылық қызметін жүргізетін компаниялар алдын ала бюджетпен бірге «Төлем балансын теңгеде» және «Төлем балансын валютада» әзірлейді (ақша қалдықтары, түсімдер, жылысулар), сонан соң жинақтық жоспарлау кезеңінде бұл көрсеткіштерді ақша қаражаттарының жинақтық бюджетінде біріктіреді. Бұның барысында төлем баланстардың келесі әдістерін пайдаланады:

1. Ақша қаражаттарының төлем/түсім мерзімін ауыстыру.

Бұндай шешім төлем қаражаттарының тапшылығын жабады. Төлем мерзімін ауыстыру үшін бұл шешімді құрылымдық бөлімшемен келісу қажет немесе өздігінен шешім қабылдауға тиісті.



2. Займ қаражаттарын тарту.

- жылдық жоспарлау деңгейінде қарыз қаражаттарының тартуын жоспарлау (сұраныстың мерзімдік құбылуында);

- жедел жоспарлау деңгейінде қарыз қаражаттарының тартуын жоспарлау (ағымдағы кассалық «үзілулерді» жабу көзі ретінде).

Қарыз қаражаттарының тартуын жоспарлау барысында оларды пайдалану тиімділігі анықталуы тиіс. Ол үшін қарыз қаражаттарының тартуы мен қайтаруы негізделеді. Онда есептелетіндер:

- қарыз қаржыларын тарту баламасының қаржылық салдары – шығындарды қысқарту;

- қарыз қаржыларының көлемі мен мерзімі;

- қарыздың негізгі сомасының көздері мен жабу мерзімдері;

- компанияның қаржылық тұрақтылығының болжамдық көрсеткіштері (қарыз қаражаттарын ескере отыра).



3. Басымдығы төмен баптар бойынша шығындарды қысқарту. («қорғалмаған баптар»). Бұл шешім шығындардың сәйкес бабына жауапты құрылымдық бөлімшемен келісілуге тиісті.

4. Төлем қаражаттарының еркін аударылуымен қосымша қаражаттарды тарту. Бұл бір төлем құралын екіншіге ауыстыру, мысалы, шетел валютасын теңгеге сату немесе кері үдеріс. Бұл әдісті қолдану нәтижесі – бір төлем балансында төлемдердің (шығындардың) көбеюі және түсімдердің (табыстардың көбеюі – екінші төлем балансында. Теңгені долларға аудару бағамы және кері есептесу жолымен қалыптастырылады.
15.3. Ақша қаражаттарының мақсаттық қалдығын анықтау.
Ақша қаражаттарының мақсаттық қалдығын анықтау үшін төрт әдіс пайдаланады:

1) Баумоль моделі (үлгісі);

2) Миллер – Орр моделі;

3) Стоун моделі;

4) Монте – Карло әдісі бойынша еліктеме моделі.

Баумоль моделі ақша қаражаттарының инвестициялау мүмкінді барысындағы балама шығындардың шамасын және қажет жағдайда шотта қаражаттардың көбеюімен байланысты трансакциялық шығындарды теңейді.

Кәсіпорында ақша қаражаттарының ең жоғары және оңтайлы деңгейі бар дейік. Жұмыс барысында жаңағы ақша әр нәрсеге жұмсалып отырды. Тауарды өткізуден түскен қаражаттарды кәсіпорын қысқамерзімді бағалы қағаздарға салып отырады.

Ақша қаражаттардың қоры азайып, нольге тең болғанда немесе белгіленген қауіпсіздік деңгейіне жеткенде кәсіпорын бағалы қағаздардың бөлігін сатып, ақша қаражаттар қорын алғашқы шамасына дейін толтырады. Сонымен, есеп шотындағы қаражаттар қалдығының динамикасы «ара тәрізді» кесте болып келеді. (13 сурет). Шоттағы қаражаттардың оңтайлы өлшемі EOQ моделіндегі жолмен анықталады, бірақ басқа ауыспалылар барысында.

С - өтімді бағалы қағаздардың сатуынан немесе қарыздан алынған ақша қаражаттарының сомасы; С*/2 – шоттағы қаражаттардың орташа қалдығы.

С* - өтімді бағалы қағаздарды сатудан немесе қарыздан алынған ақша қаражаттардың оңтайлы сомасы; С*/2 – шоттағы қаражаттардың оңтайлы орташа қалдығы. F – бағалы қағаздарды сатып алу – сату бойынша тұрақты трансакциялық шығындар.

Т – барлық кезең бойы ағымдағы операцияларды қолдау үшін қажет қосымша ақша қаражаттардың жалпы сомасы.

k – балама шығындардың салыстырмалы шамасы.

Өтімді бағалы қағаздар немесе бар қаражаттарды несиеге беруден пайыз бойынша табыстар мөлшерлемесінің көлемінде алынады.

ТС жалпы шығындары балама шығындары мен тұрақты трансакциялық шығындардың қосуымен анықталады:


TС = C/2 * k + (T / С)* F (15.1)

Есептесу шотындағы қаражаттар қалдығы


Ең аз

Орташа

Ең жоғары

Уақыты


13 сурет. Есеп шотындағы қаражаттар қалдығының динамикасы. (Баумоль тұжырымдамасы).


Алынған теңеуден С* табамыз:
С*= Ö 2 FT/ k

(15.2)


Миллер – Орр моделі (үлгісі) – ақша төлемдері мен фирма түсімдерінің белгісіздік факторын есептейді де, шоттағы қаражаттар қалдығының жоғарғы және төменгі шектерін белгілейді.

Қаражаттар жоғарғы шегіне жеткенше қаражаттар қалдығы өзгере береді. Бұл орын алғанда кәсіпорын ақша қаражаттар қорын қайтару мақсатында бағалы қағаздарды сатып ала бастайды (қайтарым нүктесі) (14 сурет).

Егер ақша қаражатының қоры азайып, төменгі шегіне жетсе, кәсіпорын өзінің бағалы қағаздарын сатып, ақша қорын толтырады.

Ақша қаражаттардың мақсаттық қалдығы келесі формула бойынша анықталады:


2 1/3

Z = ( 3 F s ) + L (15.3)

4k

Ақша қаражаттардың артығын салу

Ақша қаражат-тар қоры

Жоғар-ғы шек




Қайта-рым нүктесі



Төмен-гі шегі

Уақыты

Ақша қаражаттар қорын қалпына келтіру

14 сурет. Миллер – Орр моделінің тұжырымдамасы.


2 1/3

H = 3 (3 F s ) + L

4k = 3Z – 2L (15.4)

Ақша қаражаттардың орташа қалдығы келесі формула бойынша табылады:



4 Z - L

3 (15.5)


Мұнда: Z – ақша қаражаттар қалдығының мақсаттық қалдығы;

Н – ақша қаражаттар қалдығының шегі;

L – ақша қаражаттар қалдығының төменгі шегі;

k – балама шығындардың салыстырмалы шамасы;

s2 – күндізгі ақша ағындар сальдо дисперсиясы.

Миллер – Орр үлгісін пайдалану барысында келесі сәттерге назар аудару керек:

1. Шоттағы қаражаттардың мақсаттық қалдығы жоғарғы және төменгі шектер араларында орташа шама болып келмейді. Миллер мен Орр мақсаттық қалдықты Н/3 өлшемде белгілеуін ұсынады, егер L=0 , бұл жалпы шығындарды азайтады.

2. Ақша қаражаттарының мақсаттық қалдығының шамасы F және s өсуімен құбылу шектері де өседі.

3. k өсуімен мақсаттық қалдықтың шамасы азаяды.

4. Төменгі шек міндетті түрде нөлге тең болуы тиісті емес, ол оң болуы да мүмкін.

5. Егер фирмада уақытша жұмсалмай жатқан ақша қаражаттарының бірнеше балама нұсқасы болса, бұл модель (үлгі) жарамайды.

6. Үлгіде (модельде) табыстың мерзімдік құбылулар жөнінде қосымша болжам болуы керек.

Стоун моделі (үлгісі) Миллер – Оррдің моделін жақын болашақта күтілетін ақша ағындарының талдауымен толықтырады.

Бұл модельдің негізгі ерекшелігі: фирманың ағымдағы сәттегі іс – қимылдары жақын болашаққа болжаммен анықталады. Модельдің артықшылығы оның параметрлері белгіленген шамалар еместігі. Ол мерзімдік құбылуларды ескереді, менеджер болжам жасағанда өндірістің жеке кезеңдеріндегі ерекшеліктерін бағалайды.



Монте – Карло әдісі бойынша електеме модельдеу.

Мақсаттық қалдықты анықтау барысында таза ақша ағындарының ықтимал үлестіруін есептейді, олардың шамалары ақша құралдарының ықтималды тапшылығын ескере отырып белгіленеді.


15.4. Ақша қаражаттарын басқару әдістері.
Ақша қаражаттарын басқаруы фирма мен оған қызмет көрсететін банкімен бірлесіп іске асырылады, оның тиімділігі қаржы менеджерінің біліктілігіне байланысты.

Басқару әдістері қарастырады:

1) ақша қаражаттарының ілеспелігін;

2) жолдағы ақша қаражаттарының пайдалануын;

3) ақша түсімдерінің шапшаңдығын;

4) банктік есептесулердің кеңістік – уақыттық оңтайландыруын;

5) төлемдердің бақылауын.

Барлық операциялар кідіртпей өткені дұрыс: шоттан шотқа аудару, займдарды іске асыру, уақытша жұмсалмай жатқан ақша қаражаттарының инвестициялауы және т.б. Компаниялар жеткізушілермен төлемге жататын сомалардың аударуы туралы, ал сатып алушылармен ай сайынғы «төлем кезеңдеріне» сәйкес қарыздарды алу туралы келіседі. Бұл ақша ағындарының ілеспелігіне мүмкіндік жасап, банктік несиелерін азайтуға және пайданы көбейтуге көмектеседі.



Жолдағы ақша қаражаттары – бұл фирманың ағымдағы шотында көрсетілген банктік құжаттар бойынша келген ақша қаражаттары арасындағы айырым. Сонымен, банк шотында біраз уақыт бойы пайдалануы мүмкін болатын қосымша сома жатады. Егер бұл фирмада дебиторлармен жұмыс жақсы жүргізілсе, (несие берушінің жұмысымен салыстырғанда), есеп құжаттары теріс сальдоны көрсетеді, ал оның операцияларын бақылайтын банктің құжаттары – оң сальдоны көрсетеді.

Жолдағы қаражаттардың сальдосы қарыздық міндеттемелері бойынша қаражаттарды алуға тездету және несие берушілерімен есептесулерді бәсеңдету қабілеттілігіне тәуелді. Пайда табатын фирмалар дебиторлық қарыздарын тез жауып, қаражаттар айналымдығын жоғарылатады, сонымен бірге төлемдерді баяулатады. Қаржы менеджерлері дебиторлық қарыздарды жабу үдерісін тездету тәсілдерін табуға тырысады.

Ақша түсімдерін тездету екі әдіспен іске асырылады:

1) локбокстар жүйесінің көмегімен

2) есептесу жүйесінің көмегімен.

Локбокстар жүйесінің шеңберінде төлемге түсетін чектер банктің арнайы бөлімшесіне жіберіліп, мерзімді түрде ол ақша компанияның шотына аударылып отырады. Сонан соң электрондық желіс арқылы бұл шоттардың жағдайы жөнінде фирмаға хабар беріледі, бұның барысында дебиторлық қарыз шоттарының түзетуі іске асырылады. Локбостар жүйесі чектерді алу үшін қажет уақытты үнемдейді. Бұл сатып алушымен бір географиялық аймақтағы локбокстарды пайдалану барысында чектерді алу уақытын қысқарту есебінде болады.

Акцептісі бар жоспарлы төлемдер тәртібіндегі (түріндегі) есептесу жүйесі – келісілген күндерде сатып алушы шотынан фирманың шотына қаражаттардың автоматты аударымы іске асырылады. Бұл операцияларды сонымен бірге чексіз операциялар деп атайды, себебі олар дәстүрлі чектерді пайдаланбай өткізіледі. Осындай мәмілелердің нәтижелері жеткізуші мен сатып алушыға қызмет жасайтын банктің есебінде көрсетіледі. Жүйе ақша қаражаттарының аударуын тездетеді, себебі пошта аударулар мен клирингке уақыт кетпейді. Банктік есептесулердің кеңістік-уақыттық оңтайландыруына банктік операцияларының шоғырлануы мүмкіндік береді. Ол ақша түсімдерінің орталықтандырылған қорда біріктіруін ұйғарады, бір жерден басқару тиімді, көптеген жеке шоттарды басқаруымен салыстырғанда. Ақша қаражаттарын жинау үдерістерін тездету осы активтерді басқарудың бір ғана жағы, төлемдерді бақылау – оның екінші жағы, себебі түсімдер мен шығындарды дұрыс басқару жағдайында ғана көздеген нәтижеге жетуге болады.

Төлемдерді бақылаудың үш тәсілі бар:

1) несие берушілермен есептесулерді орталықтандыру;

2) нөлдік сальдосы бар шоттар;

3) бақыланатын шығындар шоттары.

Несие берушілермен есептесулерді орталықтандыру ақша төлемдерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл қаржы менеджеріне тұтастай фирма бойынша түсіп жатқан ақша қаражаттарын дұрыс бағалауға көмектеседі. Осыдан басқа, несие берушілермен есептесулерді және қаражаттардың жолдағы қозғалысын бақылау мүмкіндігі пайда болады. Орталықтандырылған жүйенің кемшіліктері де бар: кейде фирманың филиалдары мен жергілікті бөлімшелері көрсетілген қызметтер үшін дер кезінде есептесулерін жасай алмай қалады. Бұл, өз кезегінде, операциялық шығындарын көбейтіп, клиенттердің тілектестік қарым – қатынасын жоғалтады. Кейбір фирмалар несие берушілермен есептесулерді орталықтандырудың көмегімен үнемдейміз деп, жоғары операциялық шығындардың нәтижесінде шығынданады және сонымен бірге клиенттердің тілектестік көзқарасынан айырылады.

Нөлдік сальдосы бар шоттар – бұл нөлдік қалдығы бар шығындардың арнайы шоттары. Көбінесе фирмалар банкіде бірнеше осындай шот ашады да керек жағдайда осы шоттарға негізгі (бас) шотынан ақша аударады. Егер осы сәтте бос шотындағы сальдо теріс болса, қаражаттар несие желісі шегінде банктік займды, фирманың қоржынынан бағалы қағаздарды немесе вексельдердің жартысын сату жолымен толықтырылады. Нөлдік сальдосы бар шоттар шығындар мен ақша қаражаттар қалдықтарының бақылауын жеңілдетіп, банк шотында қозғалыссыз жатқан уақытша ұсталмаған ақша сомасын азайтады.

Шығындардың бақыланатын шоттары кез келген банкіде ашылуы мүмкін. Есептесулерді жүргізу техникасы оңай: бақыланатын шотта чекті төлемге беру сәтіне түскен жалпы сома жөнінде банк клиринг орталығына ақпарат береді. Бұл фирма үшін қажет мәлімет:

1) шығындардың бақыланатын шоттарына қажет сомаларды аудару үшін.

2) ақша нарығында қызу сауда жүрген кезде уақытша жұмсалмаған ақша қаражаттарын инвестициялау үшін.

15.5 Бағалы қағаздарды басқару.
Ақша қаражаттарын және өтімді бағалы қағаздарын басқару бір – бірімен өзара байланысты.

Тез өтетін (жоғары өтімді) бағалы қағаздар – нарық өлшемдеріне жақын баға бойынша тез сатуға болатын бағалы қағаздар. Өтімді бағалы қағаздар әдетте кәсіпорынның қызметтегі активтерінен аз табыс әкеледі. Бағалы қағаздарға қаражаттарды инвестициялаудың негізгі себептері:


  • олар ақша баламалары ретінде пайдаланады.

  • олар уақытша инвестициялау үшін пайдаланады.

Бағалы қағаз – ақша баламасы ретінде. Ағымдағы шоттарында ақша қаражаттарының көп сомасын ұстаудың орнына бірқатар фирмалар бағалы қағаздар қоржынын пайдаланады. Ақшаның жылысуы түсімдерден асып кеткенде фирма бағалы қағаздарын сатып, солай ақша қаражаттарының сомасын көбейтеді. Бұл жағдайда өтімді бағалы қағаздар ағымдағы, сақтандыру немесе алыпсатарлық қалдықтардың ауыстырушысы ретінде пайдаланады. Әдетте бағалы қағаздар ең алдымен сақтық мақсаттарда сақталады: операцияларды жасау барысында кәсіпорын банктік қарызға сенеді де қарыздың жетпеген жағдайында активтердің жартысын жоғары өтімді бағалы қағаздар түрінде сақтайды. Бағалы қағаздар капиталдың уақытша салымы ретінде. Өтімді бағалы қағаздарға уақытша инвестициялау келесі жағдайларда іске асырылады:

1. Фирма мерзімдік операцияларды қаржыландырады. Егер фирма консервативтік (керітартпа) қаржылық саясатын өткізіп, яғни оның активтері ұзақмерзімді міндеттемелерден жабылса, инвестициялау объектісі ретіндегі өтімді бағалы қағаздар тауар – материалдық қорлары мен дебиторлық қарыздар көлемінің төмендеу кезеңінде ғана пайда болады. Жоғары агрессивтік қаржы саясатын өткізу барысында фирма сақтандыру элементі ретінде бағалы қағаздарды алудан қашып, өз қажеттіліктерін несиелер есебінде жабады. Ақша төлемдері мен түсімдер мерзімі сәйкес келтірілген кезде абайлап жүргізілген саясаттың барысында айналым қаражаттарының тұрақты деңгейі ұзақмерзімді қаржыландыруға сәйкес келеді, тауар материалдық қорларда қажеттіліктің мерзімдік көбеюі мен дебиторлық қарыздың өсуі қысқамерзімді несиелер жолымен жабылады (өтеледі); бұл жағдайда фирма белгіленген кезеңдер бойы өтімді бағалы қағаздар пакетін ұстап тұрады.

2. Фирма алдын ала белгілі қаржылық қажеттіліктерін жабу керек. Өтімді бағалы қағаздар қоржыны әдетте салық төлемдерінің мерзіміне дейін көбееді. Егер жақын болашақта ірі құрылыс, сатып алу жоспарланса немесе облигацияларды жабу (өтеу) мерзімдері тақалса, фирма осы шығындарды іске асыруға қаражаттарға ие болу үшін бағалы қағаздар қоржынын көбейтуі мүмкін. Фирма өзіне жарайтын бағалы қағаздар түрін, инвестициялық стратегиясын таңдайды. Бұның барысында тәуекел деңгейі, пайыз мөлшерлемесі, күтілетін табыс және т.б. назарға алынады.

Өтімді бағалы қағаздарды іріктеу өлшемдер негізінде «тәуекел» түсінігінің маңызы зор. Негізгі тәуекелдерге жатқызуға болатындар: міндеттемелерді орындамау тәуекелі, ойда болмаған оқиға тәуекелі, пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелі, сатып алушы қабілеттілігі тәуекелі, өтімділік тәуекелі. Бағалы қағаздардың жоғары тәуекелі күтілетін көптеу табысты да ұйғарады. Сонымен, бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру барысында қаржы менеджерінің алдында әрқашанда тәуекел мен табыстылық араларындағы таңдау мәселесі тұрады. Жоғары өтімді бағалы қағаздар қоржынын фирма әдетте бір арнайы мақсаттар үшін немесе ойда болмаған жағдайлар болып қалса деп ұстап тұрады, олар жоғары өтімді де тәуекелдің аз дәрежесіне ие болуға тиісті. Сол себептен ірі компаниялардың менеджерлері бағалы қағаздар қоржынының тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беретін хеджирлеудің әр түрлі күрделі әдістерін пайдаланады.



Өзін - өзі тексеру үшін сұрақтар.
1. «Ақша ағыны» түсінігіне анықтама беріңіз.

2. Ақша қаражаттарын басқарудың қандай мақсаттарын білесіз?

3. Ақша қаражаттар бюджетін жасау әдістемесін сипаттаңыз.
4. Ақша қаражаттардың мақсаттық қалдығы қалай анықталады?

5. Ақша қаражаттарын басқару әдістерін атап айтыңыз.

6. Ақша қаражаттарын басқару жүйесінің тиімділігін бағалау барысында қандай өлшемдер пайдаланады?


16 ТАҚЫРЫП. ҚОРЛАРДЫ БАСҚАРУ.
16.1. Қорларды басқару мақсаттары;

16.2. Қорлармен байланысты шығындардың жіктеуі;

16.3. Қорлардың есебі мен бағалауы;

16.4. Тапсырыстың оңтайлы партиясының моделі (үлгісі);

16.5. Қорларды бақылау жүйесі.
16.1. Қорларды басқару мақсаттары.
Қорларды басқару – күрделі шаралар кешені, онда қаржылық менеджментінің міндеттері өндірістік менеджменті мен маркетингтің міндеттерімен тығыз байланыста болады.

Тауар – материалдық қорларын басқару саясаты экономиканың, саланың, фирманың жағдайынан тәуелді. Кез келген кәсіпорында келесі жіктеуге жататын қорлар бар:

1) шикізат пен материалдар;

2) аяқталмаған өндіріс;

3) кез келген өндірістік қызметтің қажетті бөлігі болып келетін дайын өнім.

Тауар - материалдық қорларын басқару маңыздылығы: олардың өте көп көлемі компанияның пайдалылығына әсер етеді, себебі:

1) тауар – материалдық қорлар барлық қорлардың айналымдық коэффициентін төмендетеді.

2) тауар – материалдық құндылықтардың ағымдағы қорлары олардың ұстауы мен сақтауына әжептәуір шығындарды талап етеді, сондықтан артық қорлар мүмкін болатын пайданы төмендетеді. Тауар – материалдық қорларын басқару саласындағы қаржы басқарушының басты міндеті – айналымды активтердің осы санатына инвестицияларды азайтудың тиімді әдістерін пайдалану. Барлығының мақсаты бір - өндірістің үздіксіз үдерісін және қорларды ұстап сақтауына кететін шығындарды азайту барысында өнімнің өндірісі мен өткізу үдерісін қамтамасыз ету. Қорларды тиімді басқару өндірістік және барлық операциялық кезеңінің ұзақтығын төмендетуге, олардың сақтауына ағымдағы шығындарды азайтуға, ағымдағы шаруашылық айналымнан қаржы құралдарын босатып, оларды басқа активтерге қайта инвестициялауға мүмкіндік береді. Бұндай нәтижелілікке (тиімділікке) қорларды басқарудың арнайы қаржылық саясатын әзірлеп, іске асыру есебінде жетуге болады.

Қорларды тиімді басқару үшін келесі сұрақтарды назардан тыс қалдыруға болмайды:

1. Қоймада сақтау заттарының (шикізат, материалдар, дайын өнімдер) қанша және қандай бірлігін ұстауға болады?

2. Белгіленген уақыт сәтінде шикізат пен материалдардың қанша бірлігіне тапсырыс беріп, дайын өнімнің қанша бірлігін өндіру керек?

3. Шикізат пен материалдарға тапсырыс беруге немесе өнімді өндіруге қашан болады?

Демек, қорларды басқарудың мақсаты - аз шығын мен өндірістік үдерісін оңтайлы деңгейде ұстауын қамтамасыз ету үшін кәсіпорынды керек уақытында қорлардың әр түрлерімен қамтамасыз етуде.

Қорларды тиімді пайдалану мүмкіндік береді:

- материалдардың тапшылығынан өндірістік шығындарды азайту;

- қорлар айналымдылығын тездету;

- операциялардың құнын көбейтетін қорлардың артығын және ақша қаражаттарын азайту;

- тауарлардың ескіру (тозу) және бүліну тәуекелін төмендету;

- қорларды сақтауға шығындарды азайту.

Қорларды басқару саясатын қалыптастыру кезеңдері.



1. Өткен кезеңдегі қорларды талдау.

Бұл талдаудың негізгі мақсаты - өткен кезеңде өндірістің тауар – материалдық құндылықтар қорларымен қамтамасыз ету және тауар-материалдық құндылықтардың тиісті қорларымен өнімді өткізу деңгейін табу, оларды пайдалану тиімділігін бағалау. Талдау қорлардың негізгі түрлері бойынша өткізіледі. Екінші кезеңде қорлар құрылымы зерделенеді. Үшінші кезеңде - қорлардың әр түрлері мен топтарының тиімділігі мен тұтастай алғандағы көлемі. Үшінші кезеңде қорлар бойынша ағымдағы шығындардың көлемі мен құрылымы зерделенеді.



2. Қорларды қалыптастыру мақсаттарын анықтау.

Қорларды қалыптастыру мақсаттарына жатады:

а) ағымдағы өндірістік қызметін қамтамасыз ету (шикізаттар мен материалдар қорлары);

б) ағымдағы өткізу қызметін қамтамасыз ету (дайын өнім қорлары);

в) маусымды қорларды жинау (шикізат, материалдар, дайын өнім).

3. Негізгі топтар көлемдері мен қорлардың жалпы сомасын оңтайландыру.

Бұндай оңтайландыру қорларды екі негізгі түрлерге бөлумен байланысты - өндірістік қорлар (шикізат, материалдар) мен дайын өнімнің қорлары. Осы түрлердің әр біреуіндегі ағымдағы сақтау қорлары бар – ол үшін жаңартылатын қорлар бөлігі. Ағымдағы қорлардың өлшемін оңтайландыру үшін бірқатар модельдер пайдаланады, олардың арасында ең кең таралғаны «Тапсырыстың экономикалық негізделген өлшем моделі».



4. Қорлардың қозғалысына тиімді бақылау жүйелерін құру.

Бұндай бақылау жүйелердің негізгі міндеті – қорларды толықтыруға тапсырыстардың дер кезінде орналастыруы және артық қалыптасқан олардың түрлерін өндіріске тартуы. Бұл қаржы ресурстарының бөлігін босатылуын, сонымен бірге сақтау үдерісінде қорлардың жоғалу көлемін азайтуын қамтамасыз етеді.



5. Инфляцияны ескере отырып қорлар құнының қаржы есебінде шынайы көрінуі.

Нарықтың тұрақсыздық жағдайында қорлардың әр түрлеріне бағалардың көрсетілген деңгейінің өзгеруімен байланысты қорлар қалыптасқан бағалар бойынша түзетулер қажет етіледі. Егер бағалардың бұндай түзетулері жасалмаса, бұл активтер қорының шынайы құны төмендеп, осыған сәйкес, оларға инвестицияланған капиталдың шынайы мөлшері төмен болады. Бұл қаржыларды басқару үдерісінде осы активтер түрінің жағдайы мен қозғалысын бағалау байыптылығын бұзады.



16.2. Қорлармен байланысты шығындарды жіктеу.
Шығындар үш топқа бөлінеді:

1. Қорлардың сақтауымен байланысты.

2. Тапсырыстың ресімдеуімен, шикізат пен материалдардың тиеуімен, жіберуімен, тасымалдауымен және қабылдауымен байланысты;

3. Қорлардың тапшылығымен байланысты (қосымша сақтандыру қорларын үзбей отыру).

Қорлардың шамасы толықтыру жиілігіне байланысты. Мысалы, егер шикізатты жалпы жылдық қажеттілік S бірлігін құрса және егер фирма бір жылда бірдей N партияға тапсырыс берсе, S / N ед. – бір тапсырыстың шамасы. Егер қорлар жыл бойы бір қалыпты жұмсалса, (сақтандыру қорсыз) орташа қор А келесі формула бойынша есептеледі:

A = S / N

2 (16.1)

Мысалы, егер S = 120000 ед., N = 4, тең болса, бір тапсырыстың өлшемі 30000 б (ед). тең, ал орташа қорлардың шамасы 15000 б.(ед) құрайды.

A = 120000: 4 = 15000 б.

2

Шикізат партиясын жеткізгеннен кейін шикізат қорлары 30.000 б тең болады, келесі партиясын қабылдау алдында нөлге жетеді, орташа алғанда бұл 15000 б. (ед) құрайды. Қорларды сақтау бойынша жылдық шығындарды С арқылы белгілеп, біз ТСС сақтау бойынша жалпы жылдық шығындарды таба аламыз:



TCC = C*P*A, (16.2)

мұнда: Р – қор бірлігінің сатып алу бағасы; А – қорлар көлемі (нақты бірл).

Тапсырыстың орналастыруы мен орындалуына шығындар тұрақты болып келеді. Егер тұрақты шығындарды F әрпімен, ал бір жылда орналастыратын тапсырыстарды N әрпімен белгілесек, ТОС тапсырыстарын орындау бойынша жалпы шығындар келесі формуламен анықталады:

TOC= FN (16.3)

(16.3) формуласын былай жазуға болады: N = S/ 2 A,

TOC= F* S/ 2 A. (16.4)

Мысалы, егер F= 100 теңгеге, S = 120000бірл., A.= 15000 болса, тапсырыстарды орындау бойынша шығындар құрайды:

TOC= 100 * 120000/30000 = 400 тенге

Қорларды сол көлемінде ұстап тұру, жалпы шығындар тапсырыстарды орындау, қорлар мен шығындарды сақтау бойынша шығындар сомасы ретінде анықталады. Ол келесі формуламен шығарылады:

TIC = C*P*A + F* S/ 2 A. (16.5)

Сақталатын қордың орташа шамасы A = Q / 2 болғандықтан, оны келесі түрде жазуға болады:

TIC = C*P* Q / 2 + F* S/ Q. (16.6)



16.3. Қорлардың есебі мен бағалауы.
Өнімді өткізгеннен кейін менеджер оның өзіндік құнын анықтауға тиісті. Өткізілген өнімнің өзіндік құнын анықтау және қорларды бағалау үшін төрт әдіс бар:

  • жеке бағалауы;

- уақыт бойынша алғашқы сатып алулардың өзіндік құны бойынша (First-In, First-Out, FIFO);

- уақыт бойынша соңғы сатып алулардың өзіндік құны бойынша (Last-In, First-Out, LIFO);

- орташа өзіндік құны.

Жеке бағалау әдісі өнімнің әр нақты бірлігі бойынша шығындардың жеке есебін қарастырады. Өнімнің осы бірлігін өткізгеннен кейін оған қатысты шығындарға сәйкес қорлардың құны азаяды. Бұл әдіс қымбат заттардың есебінде қолданады (мысалы, автомобильдерді сату барысында).

FIFO әдісі: материалдарды қоймадан өндіріске жіберу барысында олар ең алдымен бірінші партиясының өзіндік құны бойынша, сонан соң екінші, үшінші және ә.қ. бағаланады. Егер материалдар қымбаттап кетсе, қорлардың құны осы әдіс барысында төмендеу болады. Демек, компания өнімінің өзіндік құны да төмендейді, бұл фирмаға көп пайда табуға немесе өнімді төмендеу бағамен өткізуге мүмкіндік береді. Сол кезде пайдаланбаған қорлардың қалдық құны жоғарылау болып, бұл мүлікке салынатын салық үшін базасын көбейтеді.

LIFO әдісі бойынша: қоймадан шикізат пен материалдарды өндіріске жіберу барысында олар қоймаға соңғы болып түскен партиясының өзіндік құны бойынша бағаланады. Бұл әдіс табыс салығын төмендету үшін пайдаланады. Пайдаланбаған қорлардың құны төмендеп, мүлікке салынатын салық азаяды. Сонымен, бағалардың өсу барысында фирмалар үшін екінші әдіс пайдалы. Егер фирманың жағдайы жақсы, тұрақты болып тұрса, ол бірінші әдісті пайдаланады. Орташа өзіндік құн әдісі қорлардың орташа бағасын анықтауын ұйғарады, сонан соң ол бойынша өткізілген өнімнің өзіндік құнының есебі жасалады. LIFO әдісін енгізудің келесі жағдайларда маңызы бар:

1. Инфляция деңгейі тиімділік нормасынан жоғары;

2. Айдың соңында (аяғында) қоймада дайын өнім қалдықтарының есеп құны ұзақ мерзім бойы осы айдың тауар өнімінің өзіндік құнынан әжептәуір төмен;

3. Бір айдан аспайтын мерзімде шикізат пен материалдарды үнемі сатып алу;

4. Кәсіпорында тиімділік «қоры» бар, сондықтан LIFO әдісіне көшуі шығындарға әкелмейді.

Қорларды тиімді басқарудың арқасында:

- қорлар айналымдылығының жоғары коэффициенті байқалады;

- ескірген немесе бұзылған қорларды есептен шығарудың төмен көлемдері байқалады;

- қорлардың жоқ болу себебінен өндірістің тоқтап қалуы немесе өткізудің азаюы;

- таза пайданың жоғарылауы;

- активтердің жалпы сомасының жоғары айналымы;

- капитал жұмсауға және акциялардың тұрақты бағасына пайданың жоғары нормасы;

Қорларды басқарудағы жаңа әдіс – толлинг.



Толлинг – тауар – материалдық қорларды пайдалану бойынша операциялар, оның барысында өңдеуші өңдеу үшін және иесіне дайын өнім түрінде қайтару үшін шикізатты ақысыз алады. Иегер өңдеушіге шикізатты өңдеген үшін ақша төлейді. Толлингтің артықшылықтары:

- шикізатқа қаражаттары жоқ кәсіпорындарға шикізат көзін ұсынады;

- қуаттарды пайдалану коэффициентін көбейтуге мүмкіндік береді;

- дайын өнімін тұтынушыға сататын материалдар иелеріне экономикалық пайдаларды жинақтайды.

Бірақ толлингті пайдалану өңдеушіге қоршаған ортаны қорғау бойынша қиындықтарды туғызады. Сондықтан оның таралуы жөніндегі мәселе даулы болып саналады.

16.4. Тапсырыстың оңтайлы партиясының моделі.
Кәсіпорында қорлардың біршама көлемі болуға тиісті. Егер қорлар деңгейі өте төмен немесе өте жоғары болса, пайдалылығына зиян келтіріледі. Сол себептен тапсырыстың оңтайлы партиясы деген түсінікке негізделген амал жиі қолданылады (Economic Ordering Quantity, EOQ). EOQ моделін салудың негізгі алғы шарттары:

- қорлар көлемінің өсуімен бірге шығындардың бір бөлігі көбееді, ал екінші бөлігі төмендейді;

- жиынтық шығындарды азайтатын тапсырыс көлемі (және онымен байланысты қорлардың орташа көлемі) оңтайлы болып саналады. Қорлардың орташа көлемі тапсырыстарды орналастыру жиілігінен және әрқайсысының өлшемінен тәуелді. Тапсырыстардың үлкен көлемдері орташа қорлардың көбеюін білдіреді, демек, сақтау бойынша шығындардың көбеюін, салынған капиталға толық алынбаған табысты, сақтандыруға шығындарды білдіреді (15 сурет).
Тапсырыстың оңтайлы партиясын есептеу формуласы:

EOQ = Ö 2 FS/CP (16.7)

Мұнда: F – тапсырысты орналастыру мен орындау бойынша тұрақты шығындар;

S – қорларға бір жылдық қажеттілігі;

С – орташа қорлардың құнынан пайыздарда көрсетілген сақтау бойынша жылдық шығындар;

Р – қорлар бірлігін сатып алу бағасы.



15 сурет. Тапсырыстың оңтайлы партиясы.


Модель алдын ала болжауларға негізделген:

- қорларға жылдық қажеттіліктің (өткізудің жылдық көлемінің) дәл болжамы мүмкін;

- өткізу көлемдері жыл бойына бірдей бөлінген;

- тапсырыстарды алуда кідіргі болмайды.


Q, қорлар көлемі

Тапсырыстардың қайта түсу нүктелері

Сақталған қор

Жұмыс уақыты


16 сурет. Тапсырыстың қайта түсу нүктесі.

Сақтандыру (сақталған) қор жетпеушілікті болдырмау үшін құрылады, егер

1. Өнімге деген сұраныс болжамдағаннан жоғары болса;

2. Жаңа партияның жеткізілімі уақытша тоқтап қалса.

Сақтандыру қорының оңтайлы мөлшері ахуалға байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ негізінде ол:

Жоғарылайды:

1. Болжанған сұраныстың белгісіздігінің өсуімен;

2. Қорлардың жетпеушілігі нәтижесінде клиенттерді жоғалтумен және өткізу көлемінің түсуімен байланысты шығындардың өсуімен;

3. Жаңа партияны жеткізу мерзімін мүмкін ұзартуымен.

Оңтайлы сақтандыру қоры оның сақтауына шығындардың өсуімен төмендейді. Сақтандыру қорының мөлшерін есептеу нәтижелері көбінесе өткізудің әр түрлі көлемдерін және тұтынушылардың мінез-құлқын фирмамен бағалауынан тәуелді.


жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау