Тақырып: Графикалық редактор Paint
Мақсат: Оқушылардың Paint графиктік редакторында жұмыс жасау кезеңдері туралы білімін қалыптастыру.
Білімділік: Оқушыларды Paint графикалық редакторымен таныстыру, суреттерді құру, сақтау, редакторлау және оны ашу туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау және графиктік редакторларда жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық ережелерін бойына сіңірген шығармашылығы мүмкіндігінше
дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Технология: деңгейлеп саралап оқыту
Әдіс-тәсілдер: деңгейлеп саралап оқыту әдісінің элементтерін қолдану, түсіндірмелі –
иллюстративті, көрнекілік, сұрақ –жауап арқылы.
Көрнекіліктер: перфакарталар, тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар, слайдтар
Техникалық құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта,
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а)оқушылармен сәлемдесу;
ә)сынып тазалығына көңіл бөлу;
б)оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткенді қайталау сұрақтары:
Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады?
Дискідегі файлды қалай табуға болады?
Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз?
Сақтау және Қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылықтары неде?
Ақпаратты дискіден қалай оқимыз?
Дискілерді қалай пішімдеуге болады?
Қандай ақпарат тасымалдайтын құрылғыларды білесіңдер?
Дискетке қанша ақпарат сияды?
ІІІ. Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру:
Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру үшін перфакарталардағы тест сұрақтарына жауап
береді.
Тест №12 /Ақпаратты іздеу, жазу және оқу /
1.Бумадағы «Құжат» файлын тез іздеу үшін не істеу керек ?
А) Буманың терезесінде Д әрпі бар пернені басу
В) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу
С) Іздеуге кіріп, Д әрпі бар пернені басу
Д) Іздеуге кіріп, Shift және Д пернелерін басу
2. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін:
А) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз
В) Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз
С) Tab пернесін басамыз
Д) Бос орын пернесін басамыз
3. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау
В) Қайтадан сақтау
С) Сақтау
Д) Құру
4. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау
В) Қайтадан сақтау
С) Сақтау
Д) Құру
5. CTRL+O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау
В) Ашу
С) Сақтау
Д) Құру
6. CTRL+S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау
В) Ашу
С) Сақтау
Д) Құру
7. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркесімін қолдануға болады?
А) CTRL+S
В) CTRL+O
С) ALT+F4
Д) ALT+Tab
ІV.Жаңа сабаққа кіріспе
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.
Paint (ағылшынша сурет, сурет салу)- бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Барлық растрлық бейнелер нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Ол суреттің мөлшерін өзгерткенде анық көрінеді. Бұл – бейненің «р нүктесін өзгерте алатынымызды білдіреді!
Пиксель (ағылшынша picture element – суреттің элементі) – растрлық бейненің ең кішкентай элементі.
Мөлшерін өзгерткенде растрлық бейненің сапасы төмендейтін болғандықтан сурет салу аймағының қасиеттерін бірден баптайық. Ол үшін:
Paint батырмасын шертіңдер;
Ашылған мәзірде Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар.
Windows жүйесінде
Достарыңызбен бөлісу: |