Қаржылық менеджмент


Үстеме шығындарды бірдей, теңбе-тең үлестіру қағидасы



жүктеу 1,45 Mb.
бет11/17
Дата19.11.2018
өлшемі1,45 Mb.
#21794
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

Үстеме шығындарды бірдей, теңбе-тең үлестіру қағидасы.

Инвестициялық жобаны бағалау барысында тек қана қосымша шығындарды ескеру қажет. Осыған байланысты үстеме шығындардың ақша элементтері мен оларды бухгалтерлік есепте көрсету арасында айқын шектеу қою керек. Мысалы, есеп мақсаттарына арналған жалпыөндірістік үстеме шығындар әдетте кәсіпорында қабылданып, экономикалық базаға сәйкес үлестіріледі (негізгі жұмысшылардың жұмыс уақытына, өткізу бағасына және т.б.). Бірақ көптеген жағдайларда үстеме шығындарда шынайы өзгерістер болмайды. Егер жаңа өнімді бар болып тұрған көлемдерде шығаруы ұйғарылса, олардың жылуына, жарығына, сақтандыруына, пайдалануына шығындар бұрыңғыдай қала береді. Егер жобамен әкімшілік-басқарушы және көмекші қызметкерлер құрамының (менеджерлер, бухгалтерлер және т.б.) көбеюі қарастырылмаса, жалпыфирмалық үстеме шығындар да өзгермейді. Аналитик нақты ақша ағындарының өзгерістері болды ма, жоқ па, соны бағалауға тиісті. Осыған байланысты талдау өнім бірлігіне жеке шығындардың пайдаланбауы ұсынылады. Мерзімдегі өзгерістердің негізінде инвестициялық шешімдердің нәтижесі болып келетін түсім мен шығындардың талдауы дұрыстау амал болып табылады.



Инфляцияны ескеру барысындағы жүйелілік қағидасы.

Инфляциялық үдерістер инвестициялардың нақты пайдалылығында көрінеді, сол себептен капитал жұмсау жобаларды талдау және таңдау барысында инфляция факторын ескеру қажет. Жоба бойынша түсімдер мен шығындар есебі тұрақты немесе ағымдағы бағаларда іске асырылуы мүмкін. Ақша ағындарын дисконттау үшін тұрақты бағаларды пайдалану барысында пайыздың шынайы мөлшерлемесін пайдалану қажет. Егер жобаның ақша ағындары ағымдағы бағаларда есептелсе, оларды дисконттау үшін кесілген (белгіленген) пайыз мөлшерлемесін пайдалану қажет. Инвестициялық шешімдерді бағалау барысында инфляцияның ықпалын ескеру амалдары әрі қарай толық қарастырылады. Көрсетілген қағидалардан басқа, капитал жұмсау бюджетін әзірлеу үдерісі бірқатар рұқсат етулерге негізделеді. олардың ең маңыздылары:

- жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімі дискретті аралықтардың соңғы санына бөлінуі мүмкін;

- жоспарлаудың әр аралығының ішіндегі жоба бойынша қызмет тиісті ақша төлемдері мен түсімдерімен толық сипатталады. Жоғарыда айтылғандай, капитал жұмсау бюджетін құрудың (жасаудың) бірқатар шектеулерін ескеру қажеттілігі бар. Бұндай қажеттілік бірнеше тартымды инвестициялық жобаны таңдау барысында туындайды, бірақ коммерциялық ұйым бәрінде де бір мезгілде қатыса алмайды, себебі қаржы ресурстарында шектелген. Бұл жағдайда инвестициялаудан ең жоғары пайда жағдайларда негізгі мақсатты ұстаным – жиынтық NPV жоғарылату. Енді инвестицияларды үлестірудің оңтайландыруын талап ететін үлгілік ахуалдарды қарастырайық. Инвестициялық қоржындарды оңтайландырудың күрделеу нұсқалары сызықтық бағдарламалау әдістерінің көмегімен шешіледі.



Кеңістік оңтайландыру деп келесі ахуалды айтады:

- нақты мерзімге (мысалы, 1 жыл) қаржы қорларының жалпы сомасы жоғарыдан шектелген;

- талап етілген инвестициялардың коммерциялық ұйымның асып түсетін жиынтық көлемі бар бірнеше тәуелсіз инвестициялық жобалары бар;

- капиталдың жиынтық өсімін жоғарылататын инвестициялық қоржынын құру талап етіледі.

Қоржынға NPV ең жоғары маңызы бар барлық жобаларды енгізу керек. Бұл ең оңай шешім, бірақ, кейбір жағдайларда оңтайлы емес. Егер бәсекелес жобалар саны көп болса, жиынтық инвестициялар көлемі бойынша шектеуге сәйкес нұсқалардың таңдауы ұзаққа созылады. Қарастырылатын жобалар бөлшектеуге жататындығы немесе жатпайтындығына байланысты бұл есепті шығарудың әр түрлі тәсілдері бар. Енді оларды қарастырайық. Бұл жобаларды бөлшектеуге болады, яғни талданатын жобалардың әр қайсысын тұтастай да, кез-келген оның бөлігін де сатуға болады; бұның барысында қарастыруға инвестициялар мен ақша түсімдерінің тиісті үлесі алынады. Бұл жағдайда кез келген жобаға қатысты инвестициялар көлемі қандай аз болса да (теориялық түрде), салынған қаржылардың ең тиімді пайдалану барысында ең жоғары жиынтық нәтижеге жетуге болады, яғни инвестицияланған капиталға қайтарымды жоғарылату. Жоғарыда айтылғандай, әр инвестицияланған теңгенің пайдалану тиімділігін сипаттайтын өлшем – РІ көрсеткіші. Басқа тең жағдайларда РІ ең жоғары маңызы бар жобалар инвестицияланған капиталға қайтарым тұрғысынан алғанда, артықшылығы ең мол деп саналады. Сонымен, бұл жағдайдағы іс-қимылдар келесі:

- әр жоба үшін тиімділік индексі есептеледі:






ақша түсімдерінің PV



РI =

----------------------------------




ақша кетуінің PV
(11.1)

Р


  • РІ көрсеткішінің кемуі бойынша жобалар реттеледі;

- инвестициялық қоржынға коммерциялық ұйыммен толық көлемде қаржыландыруы мүмкін алғашқы жобалар кіреді;

- кезекті жоба толық көлемде емес, тек қана қаржыландыруы мүмкін бөлігінде алынады (қалдық қағидасы).



Уақытша оңтайландыру.

Келесі ахуалда уақытша оңтайландыру туралы сөз қозғалады:

- жоспарланған жылда қаржыландыру үшін қолжетімді қаржы қорларының жалпы сомасы жоғарыдан шектелген;

- қаржы қорларын шектелгендігінен жоспарланған жылда бір мезгілде іске асырылуы мүмкін емес, бірнеше қолжетімді инвестициялық жобалар бар, бірақ жоспарланған жылдан кейінгіде қалған жобалар немесе олардың бөліктері іске асырылуы мүмкін;

- жобаларды екі жылға оңтайлы түрде бөлу қажет.

Бұл жағдайда оңтайлы қоржынды құру әдістемесінің негізінде келесі идея салынған: әр жоба бойынша арнайы индекс есептеледі (егер жобаны орындау мерзімі бір жылға ұзартылса, NPV салыстырмалы жоғалуын сипаттайтын). Мазмұны ең аз индекстері бар жобалар келесі жылға қалдыруы мүмкін. Бұл әдістемеде негізгі рөл РІ көрсеткішінде екені айқын көрініп тұр.



Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар.
1. Ақша ағынын бағалау өлшемдерін атап айтыңыз.

2. Релевантты ақша ағындарына анықтама беріңіз.

3. Таза айналым капиталдың өзгерісі неде?

4. Жылжудың мақсатқа сәйкестігін талдау барысында қандай әдістер қолданады?

5. Әрекетте болудың бірдей емес мерзімдері бар жобалардың бағалау өлшемдерін атаңыз.

6. Жобаны тоқтатудан қаржы нәтижесі неде тұрады?

7. Инвестициялық мүмкіндіктердің кестесін салу ерекшеліктерін сипаттаңыз.

8. Капитал жұмсаудың оңтайлы бюджетін қалыптастыру жүйелілігі қандай?



12 ТАҚЫРЫП. БЮДЖЕТТЕУ.
12.1. Бюджет жасаудың мақсаттары;

12.2. Бюджетті әзірлеу бойынша жетекшілік;

12.3. Жинақтап қорытылған бюджет.
12.1. Бюджет жасаудың мақсаттары.
Кәсіпорынды басқару кәсіпорын жұмысын жоспарлауынсыз және әзірленген қаржылық жоспарларын бақылауынсыз болмайды. Бюджет - икемді басқарудың негізгі құралы. Онда белгіленген қаржылық деректер түрінде жоспарлау мен бақылаудың нәтижелері көрінеді. Экономикалық әдебиетте «жоспарлау» мен «бюджеттеу» деген түсініктер бар.

«Жоспар» - ұзақ және қысқа мерзімде мақсаттық бағдарлардың ресімі ретінде жоспарлаудың, осы бағдарларға жету бойынша тактикалық және стратегиялық жоспарларды тұжырымдау нәтижесі. «Бюджет» - қаржылық және операциялық мақсаттарда ұйымның негізгі мақсаттық бағдарларын білдіруге мүмкіндік беретін (әрекеттер) іс-қимылдар мен бағдарламалардың сандық жоспары. Бюджеттеу – негізгі бюджетті жасау үдерісі, оны қабылдау және орындауын бақылау. Бюджет :

– ағымдағы кезеңге, келесі топтар бойынша кәсіпорынның жоспарлық көрсеткіштерінің сандық білінуі;

- капитал, тауар – материалдық, еңбек және қаржы қорларын пайдалану;

- операциялық және инвестициялық қызмет үшін қаржыландыру көздерін тарту;

- табыстар мен шығындар;

- ақша қаражаттарының қозғалысы;

- инвестициялар (капитал – күрделі қаржы, құндылық және қаржы салымдары).

Қаржылық, операциялық және инвестициялық бюджеттерді айырады. (3 кесте). Бюджеттің жеке түрлерін әзірлеу барысында олардың арасындағы өзара байланыстарды ескеру керек. Барлық бюджеттердің жиынтығы және оларды әзірлеу тәртібі кәсіпорынның бюджеттік моделі (үлгісі) деп аталады.

Бюджеттердің барлық осы түрлері кәсіпорынның қаржылық жағдайының болжамын және баптар бойынша талдауын жасау үшін қажет. Осы жіктеуіш бюджеттерді топтастыруға мүмкіндік береді.



3 кесте.

Кәсіпорынның барлық бюджеттер түрлерін жіктеу.


Жіктеу белгісі

Бюджет түрі

Кәсіпорынның қызмет аялары бойынша

Операциялық қызмет бойынша бюджет

Инвестициялық қызмет бойынша бюджет

Қаржылық қызмет бойынша бюджет

Шығындар түрлері бойынша

Ағымдағы шығындар бюджеті

Негізгі шығындар бюджеті



Номенклатуралық шығындардың көлемі бойынша

Қызмет жасап тұрған бюджет

Кешенді бюджет



Әзірлеу әдістері бойынша

Белгіленген бюджет

Икемді бюджет



Уақыт кезеңі бойынша

Айлық, тоқсандық, жылдық

Әзірлеу кезеңі бойынша

Жедел бюджет

Ағымдағы бюджет

Келешек бюджет

Жоспарлаудың үздіксідігі бойынша

Дербес бюджет

Үздіксіз (жылжымалы) бюджет

Ақпарат мазмұнының дәрежесі бойынша

Ірілендірілген бюджет

Нақтыланған бюджет

Бюджеттермен жұмыс істеудің жайлылығы үшін оларды қызмет түрлері немесе қаржылық жауапкершілік орталықтары бойынша жинақтайды.

Бюджеттерді кең мағынада осылай жіктеуге болады:


  • жедел бюджет (1 айға, 1 тоқсанға және т.б. әзірленеді);

- келешек бюджет – бір жылдан асатын кезеңге кәсіпорынның негізгі дамуын жоспарлау үшін әзірленеді.Егер бюджеттеу бизнестің дамуымен келісілмесе, қазіргі заманғы жағдайларда кәсіпорындар тиімді жұмыс істей алмайды. Бюджеттің қалыптасуы мен келісуі – жоспарлаудың барлық кезеңінің ең қиын бөлігі, сонда да кәсіпорындардың 50% бюджетті қалыптастыру барысында бизнес – жоспарлауды мүлдем ескермейді. Жоспарлау технологиясын да өзгерту керек: бухгалтерлік технологияны кеңдеу пайдаланып, сонымен бірге бюджеттік басқарудың дәйекті әдісін де қолданған жөн. Бюджеттеудің көмегімен шешілетін ең маңызды басқару міндеттері:

- кәсіпорынның мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау;

- әр түрлі бизнестерді үйлестіру;

- қойған мақсаттардан ауытқуларды табу және олардың себептерін талдау;

- қаржылық және материалдық қорлардың шығындарын бақылау, жоспарлық тәртіпті қамтамасыз ету;

- жоспарлаудың орындалуын бағалау;

- менеджерлерді ынталандыру.

Бюджеттеудің негізгі артықшылықтары:

- фирма қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтау;

- кемшіліктерді табу;

- қызметін үйлестіру;

- ақпаратты беру жолдарын жоспарлау;

- келешек кәсіпорынды жоспарлау.

Басқару технология ретінде бюджеттеу үш құрамдас бөліктерден тұрады:

1. Бюджеттеу технологиясынан, оған кіретіндер:

- бюджеттің түрлері мен формасы;

- мақсаттық көрсеткіштері;

- бюджеттердің кәсіпорын жинақтық бюджетіне бірігу тәртібі.

2. Келесілердің қалыптасуын қарастыратын бюджеттеуді ұйымдастыру:

- кәсіпорынның қаржылық құрылымын (қаржылық жауапкершілік орталықтарын – бюджеттеу объектілерін анықтайды);

- бюджеттік регламентін реттеуін;

- бюджеттік үдерістер кезеңдерін;

- құжат айналымы кестесін;

- ішкі нормативтік құжаттар жүйесін және т.б. (ережелерін, лауазымдық нұсқаулықтарын және т.б.).

3. Ақпараттық технологияларын пайдалануын, олар келесілерге мүмкіндік береді:

- кәсіпорынның келешек қаржылық жағдайының (немесе жеке бизнестің) әр түрлі нұсқаларын әзірлеуге;

- бюджеттік бақылауға қажет нақты деректерді жедел жинауға, өңдеуге және біріктіруге. Бюджеттеу жүйесі келесі элементтердің жиынтығы;

- бюджеттер құрылымының;

- бюджеттерді қалыптастырудың, келісудің және бекітудің, олардың орындалуын бақылаудың;

- нормативтік базасы (нормалар, нормативтер, лимиттер);

- типтік ресімдер және басқару шешімдерді қабылдау.Кәсіпорындардағы бюджеттеу жүйесінің бес кезеңін айыруға болады (10 сурет).



1-й

кезең

— қаржылық құрылымын қалыптастыру









|

2-й

кезең

— бюджеттер құрылымын құру







4

3-й

кезең



— басқару есебінің әдістемелері мен ресімдерін әзірлеу







|

4-й

кезең

— жоспарлау регламентін
әзірлеу







^

5-й

кезең

— бюджеттеу жүйесін енгізу

10 сурет. Бюджеттеу жүйесінің кезеңдері.

1 кезеңінің мақсаты – (қаржылық құрылымын қалыптастыру) – бюджеттердің орындалуы үшін жауапкершілік жүктеп, табыстар мен шығыстардың пайда болу көздерін бақылау жүргізуіне мүмкіндік беретін құрылым моделін (үлгісін) әзірлеу. 2 кезеңде (бюджеттер құрылымын құру) кәсіпорынның жинақтық бюджетін қалыптастырудың жалпы сызбасын анықтайды.

3 кезеңде кәсіпорынның есеп – қаржылық саясатын қалыптастырады.

4 кезеңде – бюджеттерді орындамау себептердің талдауын өткізіп, жоспарлау, мониторинг ресімдерін анықтау.

5 ші кезеңде – (бюджеттеу жүйесін енгізу) жоспарланған кезеңге операциялық және қаржылық бюджеттерді әзірлейді, талдау жасап, кәсіпорын қажеттіліктеріне сәйкестігінің нәтижелері бойынша бюджеттеу жүйесін түзетеді.

Кәсіпорында бюджеттеу жүйесін енгізудің нәтижесі бюджетті жасаудың барлық рәсімдерін толық және ұқыпты түрде әзірлеу мен оларды орындауын бақылаудан ғана емес, сонымен бірге бюджеттеуге жауапты менеджерлердің біліктілік деңгейінен де. Кәсіпорында бюджеттеуді енгізу сәтінде дұрыс жолға қойылған басқарушылық есеп жүйесі болуға тиісті.

Бюджеттеу жүйесі нәтижелілігінің шарттары:

- бюджетті әзірлеу, бақылау және талдау үшін методологиялық және әдістемелеік негіздер;

- «жоғарыдан төменге» қалыптасқан бюджеттермен кәсіпорынның жоғары деңгейінде әзірленетін бизнес-жоспарды келісудің тиімді технологиясы, оларды біріктіру және орындауын бақылау;

- «жоғарыдан – төменге» тапсыру барысында деректердің тұтастығы мен сенімділігі;

- бизнес жағдайы жөніндегі деректердің қолжетімділігі;

- бюджеттік үдерісті қолдауға дайын білікті мамандар;

- есептерді автоматтандыру.

Бюджеттеу тиімділігі тұтастай алған кәсіпорын жұмысының тиімділігін анықтайды. Бюджеттеуді енгізіп пайдалану кәсіпорынның оған дейін белгісіз болған көптеген мәселелерін тауып жіктеуге мүмкіндік береді.
12.2. Бюджетті әзірлеу бойынша жетекшілік.
Бюджеттік жоспарлау әдіснамасын қалыптастыруы келесі кезеңдерден тұрады:

1. Болжамды макроэкономикалық көрсеткіштердің анықтауы. Бұл кезең негізгі бюджеттік баптар бойынша бағалардың өзгеру индекстерін және инфляция қарқындары мен валюта бағамдарын анықтау қажет.

2. Кәсіпорын өнімдері мен қызмет көрсетулердің әлеуетті тұтынушыларының құрамын, сонымен бірге шикізат пен материалдардың әлеуетті жеткізушілерін анықтау.

3. Қорлар шамасын анықтау. Бұл кезеңде дайын өнімнің ұйғарылған қорларының, аяқталмаған өндірістің және кәсіпорынның тұрақты жұмысына қажет нормаланған қорлардың шамасын анықтайды.

4. Өндірістік қуаттардың талдауы кәсіпорынның өндірістік ерекшелігін сипаттауға арналған: пайдаланған жабдықтың қуаттарына байланысты өнімді шығару бойынша ең жоғары мүмкіндіктерді анықтау (жоспарланған тоқтауларды ескере отырып түзетілген), сонымен бірге өнімдердің жеке түрлерінің (бәсекелес өнімдердің) технологиялық бағыттарының (жолдарының) қиылысулары;

5. Өндірістік нормалардың талдауы өнімдер өндірісі үшін қорларда кәсіпорын қажеттіліктерін көрсетеді.

6. Құрылымдық бөлімшелердің шартты – тұрақты шығындар сметасын жасау.Ол талданған мерзім бойы қалыпты жұмыс үшін қажет әр бөлімшенің әр түрлі қорларға қажеттілігін толық анықтау үшін арналған.

7. Кәсіпорынның сатулар бюджеті клиенттердің сұранысын саралау, нормаланған қорлардың шамасын және жартылай фабрикаттар мен көмекші өндіріс өнімдерінде ішкі қажеттілігін, өндірістің тоқтаулары ескерілген өндірістік қуаттарын анықтау, сонымен бірге жеткізушілердің ұсыныстарын саралау және шикізат пен материалдардың тапшылығын жою негізінде өндіріс бағдарламасын жасау (құру) барысында қалыптасады.

8. Шикізатты, материалдарды және энергия қорларын сатып алу бюджеті кәсіпорынның өндірістік бағдарламаға қажеттілігін көрсетеді.

9. Еңбек төлемі бюджеті алынған өндірістік бағдарламаға байланысты негізгі өндірістік жұмыскерлердің жалақысына шығындарды анықтайды.

10. Бөлімшелердің тұрақты шығындар бюджеті әр нақты бөлімшенің материалдық – қаржылық ресурстардың әр түрлерінде жиынтық қажеттілігін жинақтап, қорытынды жасайды.

11. Негізгі өзіндік құнды болжау. Бұл кезең кәсіпорын өнімінің өндірістік және толық өзіндік құнын, сатылған өнімнің пайдасы мен тиімділік шамасын анықтау үшін қажет. Негізгі қызметтен пайданы анықтағаннан кейін өндірістен тыс табыстарды болжайды.

12. Кәсіпорынның табыстары мен шығындарының болжамы қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелерін жинақтап, қабылданған басқару шешімдерінің қаржылық нәтижелілігін көрсетеді.

13. Ақша қаражаттарының қозғалыс болжамы екі бөліктен тұрады – ақша қаражаттарының күтілетін түсімдері және күтілетін төлемдер. Күтілетін түсімдерді анықтау үшін сатулар бюджетінен ақпарат, сатулар жөніндегі деректер пайдаланады. Күтілген төлемдер сомалары әр түрлі мерзімді бюджеттерден алынады.

14. Негізгі (базалық) жылмен салыстырғанда болжанған қаржылық есептердің талдауы. Жалпы бюджетті әзірлеу үдерісіндегі соңғы қадам – негізгі (базалық) жылмен салыстыру үшін қаржылық жағдайының болжамын және жобалық бухгалтерлік балансын әзірлеу болып келеді.

Кәсіпорында бюджеттеу жүйесін енгізу нәтижесі қалай бюджетті құраудың және орындауын бақылаудың барлық ресімдерін толық әзірлеуінен, солай бюджеттеу үшін жауапты менеджерлердің біліктілік деңгейінен тәуелді.

Кез келген жағдайда кәсіпорында бюджеттеуді енгізу сәтінде басқарушылық есебінің толық реттелген жүйесі болу керек.
Бюджеттеу жүйесінің нәтижелілік шарттары:

- бюджетті әзірлеу, бақылау және талдау үшін әдіснамалық, әдістемелік негіздері;

- бизнес – жоспарды келісудің тиімді технологиясы;

- оларды «төменнен жоғарыға» тапсыру барысында тұтастығы мен сенімділігі;

- бизнестің жағдайы жөнінде деректерге қолжетімдік;

- бюджеттік үдерісті қолдауға дайын білікті мамандар;

- есептесулерді автоматтандыру.

Бюджеттеудің тиімділігі тұтастай алғандағы кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайды. Бұның барысында бюджеттеудің енгізуі мен пайдалануы көптеген проблемаларды (қиын мәселелерді) тауып жіктеуге мүмкіндік береді.



12.3. Жалпыланған бюджет.
Бюджет – белгіленген мерзімге келесілер бойынша кәсіпорын жоспарының орталықтанып белгіленген сандық көрсеткіштері бар құжат:

  • активтерді қалыптастыруы және пайдалануы;

  • қаржыландыру көздері бойынша;

  • табыстар мен шығыстар бойынша;

  • ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша.

Қаржылық менеджменті тәжірибесінде бюджеттердің келесі жүйесі орын алған (11 сурет). Жинақталған бюджет

(мастер – бюджет) бір – бірімен ықпалдасқан бюджеттерден тұрады.


Табыстар мен шығыстар бюджеті

Негізгі бюджеттер


Ақша қаражаттарының қозғалыс бюджеті


Есептеу (болжамдық) баланс

Өндірістік бюджет

Сатулар бюджеті

Дайын өнім қорларының бюджеті

Тура материалдық шығындар бюджеті

Тура материалдық шығындар бюджеті


Өндірістік бюджет


Операция-лық бюджеттер


Үстеме шығындар бюджеті


Басқару шығындарының бюджеті

Коммерциялық шығындар бюджеті

Коммерциялық шығындар бюджеті

Көмекші бюджеттер

Коммерциялық шығындар бюджеті


11 сурет. Ұйым бюджеттерінің типтік жіктеуі.


Бұл бюджетке кіретіндер:

Операциялық бюджет. Ол –

  • сатулар бюджеті;

  • өндірістік бюджет;

  • материалдарға тура шығындар бюджеті;

  • еңбек төлеміне тура шығындар бюджеті;

  • жалпы өндірістік шығындар бюджеті;

  • өндірістік қорлар бюджеті (дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің, материалдардың);

  • коммерциялық шығындар бюджеті;

  • басқару шығындар бюджеті;

  • түсімдер мен шығындар бюджеті (пайдалар мен залалдар жспары).

Қаржылық бюджетке кіретіндер:

- инвестициялық бюджет (капитал жұмсау бюджеті);

- ақша қаражаттарының қозғалыс бюджеті (кассалық

бюджет);


- баланс болжамы (баланс есебі).

Операциялық бюджеттің белгіленуі – жоспарлаудың нақты көрсеткіштерін құндық көрсеткіштерімен байланыстыру; ең маңызды шектеулерді, үлестерді анықтау. Операциялық бюджетті әзірлеу барысында бюджеттік құжаттардың форматтарын анықтап, бюджеттерді әзірлеу және қабылдау ресімін белгілейді.

Әр кәсіпорынға міндетті негізгі бюджеттер:


  • баланс болжамы;

  • табыстар мен шығындар бюджеті;

  • ақша қаржыларының қозғалыс бюджеті.

Негізгі бюджеттер – ол біріккен бюджеттер. Оларды тұтастай кәсіпорын бойынша немесе пайда орталықтары бойынша жасайды. Негізгі бюджеттердің форматтары стандартты. Бюджеттің түрлері мен формалары әр түрлі. Оның құрылымы келесілерден тәуелді:

  • бюджетті құру пәнінен;

  • кәсіпорынның көлемінен;

  • бюджетті қалыптастыру үдерісінің кәсіпорынның қаржылық құрылымымен ықпалдасу дәрежесінен;

  • әзірлеушілердің біліктілігі мен тәжірибесінен.

Бюджеттеудің негізгі әдістері:



1. Нөлдік әдіс.

Ол жаңа кәсіпорын үшін немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорын қызметінің айтарлықтай өзгерісі барысында пайдаланады. Ағымдағы жылдың басында менеджерлер олардың қаржылық жауапкершілік орталықтары үшін шығындар жоспарын жасап, сонан соң ҚЖО (қаржылық жауапкершілік орталығы) қосымша өсімімен түскен пайдалар мен шыққан шығындарды анықтайды.

Жоғары басшылық басымдықтарды дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты алады: егер қызмет аясының рейтингі төмен болса, жетекші қорларды жаңа, рейтингі жоғарылау қызметке ауыстырады.

2. Дәстүрлі әдіс – жеткен деңгейден жоспарлау. Бюджетті жасау (әзірлеу) түрлері:

1. Қатал бюджет (дәстүрлі түрі), онда цифрлік көрсеткіштерді жыл бойы ауыстырмайды.

2. Икемді бюджет, онда цифрлік (сандық) көрсеткіштерді жыл бойы, мерзімді түрде түзетіп отырады. Икемді бюджетте өнім көлемінің бірлігіне (b) ауыспалы шығындар мөлшерлемесін (нормативін) көрсетеді. Шартты – тұрақты шығындарды жеке айырады. жалпы шығындарды келесі алгоритм бойынша жоспарлайды:

Y = а + bX, (12.1)

мұнда: Y – кәсіпорынның нақты бөлімшесі бойынша ағымдағы шығындардың жалпы көлемі, а – бюджеттің тұрақты баптарының жоспарланған көлемі; b - өнім бірлігіне бюджеттің ауыспалы шығындарының белгіленген нормативі; Х – кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіш (өнім өндірісінің көлемі, қызметтер көлемі).



Икемді бюджет.

1. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің әр түрлі деңгейлері үшін жоспарларды жасауға мүмкіндік береді. ең алдымен кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің деңгейінен ауыспалы шығындарды пайыздық қатыста белгілейді, сонан соң бөлімшенің ауыспалы шығандарының жалпы сомасын анықтайды. (bx).

2. Бұл бюджет толық реттелетін шығындар орталықтары үшін, сонымен бірге табыстар ортылықтары үшін ең тәуірі, себебі жетекші өндіріс көлемін өзгерте отыра түсімге немесе шығындарға ықпал жасайды. Икемді бюджет қағидасы бойынша түсімді, негізгі материалдарға шығындарды, келісімді жалақыға және т.б. жоспарлайды.

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және міндеттерін айқын (дәл) көрсететін жоспарларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

4. Компьютерлік қамтамасыз етуін пайдалануымен қалыптасады.

Жинақтық бюджетті әзірлеудің негізгі кезеңдері.

- сатулар болжамын әзірлеу;

- жоспарланған кезеңге өндірістің күтілген көлемін есептеу;

- өндірістік шығындарды анықтау (материалдық, жалпы өндірістік) және операциялық шығындарды анықтау;

- ақша ағындарын және қаржылық қажеттіліктерін есептеу;

- болжамдық қаржылық есептіліктердің негізгі түрлерін әзірлеу.

Жинақ бюджетінің әзірлеуін болжамдардың тұжырымдамасынан бастап, оның негізінде әрі қарай бюджеттеуді жасайды.

Бұл – тұтастай алғандағы экономиканың жағдайы туралы, даму үрдістері, оның ұзақмерзімді және қысқамерзімді мақсаттары туралы болжамдар.

Осы болжамдарға негізделіп, кәсіпорын менеджменті өндірістің, қорлардың, шығындардың сату стратегиясын әзірлейді. Осы факторларды талдағаннан кейін менеджмент сандық түрде өз күтулерін бағалайды. Жинақ бюджетін әзірлеу сатулар болжамынан бастап өзара байланысты кезеңдерден тұрады.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары.

1. Бюджеттеу дегеніміз не?

2. Бюджеттерді әзірлеу мақсаттарын анықтаңыз.

3. Бюджеттерді әзірлеу барысында қаржы менеджері қандай өлшемдерді жетекшілікке алады?

4. Бюджеттеу кезеңдерін атаңыз.

5. Әдетте бюджеттің қандай түрлерін айырады?

6. Сатулар бюджеті қалай әзірленеді?

7. Өндіріс бюджетін жасау тәртібі қандай?

8. Бюджеттеу жүйесінде еңбек бойынша бюджеттің маңызын табыңыз.

9. Сатулардан пайдалар бюджеті қалай қалыптасады?

10. Жинақталған бюджетті әзірлеу ерекшеліктері қандай?

11. Операциялық бюджет құрылымына кіретін бюджеттің негізгі түрлерін атап айтыңыз.

12. Қаржылық бюджетке қандай бюджеттер кіреді?

13. Жинақтық бюджетті әзірлеудің негізгі кезеңдерін атап айтыңыз.




13 ТАҚЫРЫП. ҰЗАҚМЕРЗІМДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАР.
13.1. Стратегиялық және жедел жоспарлар;

13.2. Қаржылық жоспар. Іске асыру көлемінен шамалас тәуелділігі әдісіне негізделген қаржылық жоспарлау;

13.3. Сыртқы қаржыландыруда қажеттілік деңгейін анықтайтын факторлар.


13.1. Стратегиялық және жедел жоспарлар.
Қазіргі заманғы жағдайларда қаржылық жоспарлаудың маңыздылығы мен өзектілігі артуда. Әрине, қаржылық жоспарлауды дұрыс ұйымдастырудан кәсіпорынның әл-ауқаты тәуелді. Инвестициялық шешімдерді және қаржыландыру бойынша шешімдерді жоспарлайтын үдеріс қаржылық жоспарлау деп аталады, ал оның нәтижесі – қаржылық жоспар.

Қаржылық жоспар кәсіпорынның қаржылық мақсаттарына жету жолдары мен тәсілдерін тұжырымдайды. Тұтастай алғандағы қаржылық жоспар – келешекте не істеуге тиісті екендігінің бағдарламасы.

Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары:


  • сатуларды көбейту;

  • пайдаларды көбейту;

  • компания иегерлерінің меншігін көбейту.

Кәсіпорынның нарықтық белсенділігінің маңызды бөлігі – алғашқы екі өлшем (сатуларды көбейту және пайдаларды көбейту). Бірақ ең басты мақсаты – компания иегерлерінің келешек пайдасын көбейту. Бұл мақсат активтердің нарықтық құнының өсу есебінде байлықты көбейту.

Қаржылық жоспарлаудың міндеттері:

- қойылған мақсаттардың келісушілігі мен олардың орындаушылығын тексеру;

- кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету;

- кәсіпорынның әр түрлі даму нұсқаларын талдау;

- шаралар бағдарламаларын және келеңсіз жағдайлар болған сәтіндегі мінез – құлқын анықтау;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын бақылау.

Қаржылық жоспарлау, бір жағынан қателерді болдырмайды, екінші жағынан – пайдаланбаған мүмкіндіктер санын азайтады. Қаржылық жоспарлау әдістері кәсіпорындар қаржыларының әр түрлі даму нұсқаларын салыстыруға мүмкіндік береді.

Қаржылық жоспарлаудың төрт кезеңін айыруға болады:

1. Кәсіпорынның инвестициялық мүмкіндіктерін талдау.

2. Келеңсіз жағдайлардан қашу, сонымен бірге ағымдағы шешімдер арасындағы байланысын түсіну мақсатында ағымдағы шешімдердің салдарын болжау.

3. Барлық мүмкін шешімдерден таңдаған нұсқаны негіздеу.

4. Кәсіпорынның жеткен нәтижелерін бағалау. Келешекті ешкім де болжай алмайтындығынан жоспарлау үздіксіз болуға тиісті. Сондықтан қаржылық жоспарлаудың әр кезеңінде түсіп жатқан ақпаратты үнемі ескеріп отыру қажет.

Құбылмалы сыртқы жағдайлар қаржы жоспарлардың қайта қарауын талап етеді. Ұзақтығы бір жыл жоспарлы кезеңі бар қаржылық жоспарлауда қаңтардан желтоқсанға дейінгі жоспарларды желтоқсанда бекітеді, бір айдан кейін – бір жылға ақпаннан қаңтарды қоса алғандағы, ақпанда – бір жылға наурыздан – келесі күнтізбелік жылдың ақпанын қоса алғандағы кезеңге дейін бекітеді. Қаржылық жоспарлаудың осындай ұйымдастыруын ХХ ғасырдың 50-60 жылдардан қолдана бастады. 70-ші жылдардың соңында және 80-ші жылдардың басында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларын пайдалануы дамыған елдерде үздіксіз (толассыз) қаржылық жоспарлауын қамтамасыз етті.

Қаржылық жоспарлаудың тәжірибесінде келесі әдістер пайдаланады: экономикалық талдау, коэффициенттік, нормативтік, баланстық, дисконтталған ақша ағындары, көп нұсқалы, экономикалық – математикалық модельдеу (үлгілеу). қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық талдау кезеңдері. (12 сурет).

1. Өткен жоспарлы кезеңдегі ресурс-тардың талдауы



2. Өткен кезеңнің табыстар мен шығыстардың өсу қарқындарын есептеу. Қаржылық ресурстардың қозғалысында үрдістерді табу.

3. Жоспарлы кезеңдегі қаржылық және өндірістік көрсеткіш-тердің өзгерісте-рін есептеу.

4. Жоспар-дың негізгі баптары-ның орын-дауын бақылау (ауытқулар мен олардың себептерін табу үшін)

5. Нақты қаржылық ресурстарын және олардың активтерін табу (жаңа тапсырмалар үшін олардың бастапқы деңгейін негіздеу үшін)

12 сурет. Қаржылық жоспарларды талдау кезеңдері.


Бұндай талдауды өткізу үшін қазіргі заманғы қолданбалы бағдарламалардың көмегімен көп ақпарат жинап, өңдеу қажет.

жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау