қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
584
585
әсерінен қызатынын анықтаған және оны кеміту тәсілін ұсынған. Сол себепті
бұл ток –
Фуко тогы деп аталып кеткен. Осы құбылыс өлшеуіш техникада, ай-
нымалы ток машиналарында, металдарды балқыту және олардың
беттік қабатын
суару үшін қолданылады, ал оның күштік әсері индукциялық тежеуіштерде
пайдаланылған.
ҚҰРҒАҚ АЙДАУ,
сублимация (латынша «сублимаре – көкке көтеру») –
заттың сұйық фазаға соқпай қатты күйден тікелей газтәрізді күйге ауысуы.
ҚЫРАУ – жұқа біркелкі емес мұз кристалдары. Ауадағы су буының сублима-
циясынан топырақ бетінде, шөптердің және басқа заттар бетінде ауаның темпе-
ратурасынан төменгі температураға салқындататын
радиациялық салқынның
әсерінен пайда болады. Көбінесе аспан ашық, желсіз түнде қырау түседі.
ҚЫСҚАРУ –
кез келген мөлшерлердің,
ұзындық өлшемдердің, т.б. кемуі.
Лоренцтік қысқару – масштабтардың қысқаруымен мағыналас.
Масштабтардың қысқаруы – салыстырмалық теориясындағы дененің
тыныштықта болатын санақ жүйесімен салыстырғанда денелердің қозғалыс
бағытында осы дене өлшемдерінің кемуі.
ҚҰРАМА ЯДРО – ядролық реакцияның өтуі кезінде соққылауыш бөлшек-
тердің нысана-ядромен бірігуі нәтижесінде пайда болатын ядролық жүйе. Құ-
рама ядро тұрақсыз, қысқа мерзімде реакцияның ақтық өніміне айналады.
Бөлшектердің қосқан энергиясы денелерді қыздырған кездегідей құрама ядроның
барлық еркіндік дәрежелері арасында таралады. Статистикалық кездейсоқ ауытқу
(флуктуация) салдарынан бір немесе бірнеше ядролық бөлшектер энергияның
орташа мәнінен артық энергияға ие болуы, осының нәтижесінде әлгі
бөлшектер
«қызған» ядродан бөлініп шығуы мүмкін. Осы үрдіс (процесс) сұйықтың бу-
лануына ұқсас, құрама ядроны ыдыратады. Құрама ядроның «өмір сүруінің»
орташа ұзақтығы (10
-22
– 10
-21
секунд) ядро орналасқан кеңістік арқылы шапшаң
бөлшектер ұшып өтетін уақыттан көптеген есе артады. Құрама ядроның болуы
реакцияның резонанстық энергетикалық тәуелділігінің ықтималдығынан білі-
неді. Бөлшектердің белгілі бір энергияларында құрама ядроның күйлеріне
сәйкес кенеттен максимумдар байқалады. Құрама ядро туралы түсінікті алғаш
рет 1936 жылы дат физигі Нильс
Бор (1885 – 1960) ұсынған. Құрама ядроның
термодинамикалық теориясын 1936 – 37 жылдары американ физиктері Ханс
Бете
(1906 – 2004) және Виктор
Вайскопф (1908 – 2002), орыс физигі Лев
Ландау
(1908 – 1968) дамытқан.
«ҚҰРҒАҚ МҰЗ» – көміртектің (СО
2
) қатты қос тотығы – 78,5°С-та сұйық
күйге
ауыспай бірден буға айналады, сол себепті «құрғақ» мұз деп аталған.
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
586
587
ҚҰРЫЛЫМ, физикада – заттардың микроскопиялық және макроскопия-
лық түзілімдерінің (құрылыстарының) сипаттамаларының жинақтауыш атауы.
Аса жұқа (нәзік) құрылым – атом электрондарының атом ядросының магнит-
тік моментімен өзараәсерлесуін тудыратын атомдар энергиялары деңгейлерінің
жақын орналасқан кіші деңгейлерге ыдырауы.
Баяулатқыш құрылым – фазалық жылдамдығы жарықтың вакуумдағы
жылдамдығынан кем (баяу) электрмагниттік толқындарды тудырушы әрі
бағыттаушы құрылғы.
Геликоидальдық магниттік құрылым – бірқатар атомдардың магниттік
моменттерін бейнелейтін векторларының ұштары винттік сызықтарда жататын
магнетиктік құрылым.
Жұқа (нәзік) құрылым – атмодардың, молекулалардың және кристалдың
спин-орбиталық өзараәсерлесуі себебіне байланысты энергия деңгейлерінің және
спектрлік сызықтардың ыдырауы.
Зоналық құрылым – электрондардың кристалдарда энергетикалық зоналар
бойынша үлестірілуі.
Магниттік құрылым – кристалдағы атомдық магниттік моменттердің
қайталанбалы (периодты түрде) кеңістіктік орналасуы мен бағдарлануы.
Шашырамалы құрылым – энергияның шашырауы болатын және өздік құрылу
үрдісінің (процесінің) өтуі мүмкін тепе-теңсіз термодинамикалық ашық жүйе.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАЛДАУ, қ ұ р ы л ы м д ы қ а н а л и з – металдар мен
материалдардың кристалдық құрылымын рентген сәулелері, электрондар мен
нейтрондардың дифракциясы арқылы зерттеу. Осыған орай құрылымдық талдау
рентгендік талдау, электрографиялық талдау және нейтрографиялық талдау
болып ажыратылған. Осы құрылымдық талдаулар рентгендік құрылымдық
талдау, нейтрография және электрография деген жеке-жеке мақалаларда
баяндалған.
ҚЫЗЫЛ ЫҒЫСУ – эталондық спектрлердің сызықтарымен салыстырғанда
электрмагниттік спектр көздері сызықтарының толқын ұзындықтарының (λ) артуы
(ұзаруы) (сызықтардың спектрдің қызыл бөлігіне қарай ығысуы). Қызыл ығысу
сан жүзінде z = (λ
қаб
– λ
шығ
) / λ
шығ
шамасымен сипатталады, мұндағы λ
шығ
және λ
қаб
– сәйкес түрде көз шығарған сәуле толқыны ұзындығы мен бақылаушы қабыл-
даған (сәуле қабылдағышы) сәуле толқынының ұзындығы. Қызыл ығысудың
шығуына екі жағдай себепші болады. Доплер эффектісіне байланысты
қызыл ығысу – жарық көзінің бақылаушыға қатысты қозғалысы олардың ара
қашықтығының артуына (ұзаруына) әкеп соқтыратын жағдайда пайда бола-