қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
580
581
Егер векторлардың геометриялық қосындысы – қос күштің өзге бір жүйесінің
моменттері нөлге тең болса, онда осы қос күш жүйесі бірдей болып табылады.
ҚОСАРЛАНҒАН ӨТКІЗГІШТЕР, екі өлшемді өткізгіштер – екі нашар
өткізгіш ортаның (мысалы, вакуум – диэлектрик, жартылайөткізгіш – диэлек-
трик) шекарасында жасанды жасалған электр
өткізгіштік жүйе. Қосарланған өткізгіштер –
электрстатикалық күштермен диэлектриктің
[мысалы, сұйық гелийдің (Не)] бетінде
ұсталатын (электрондар диэлектрикті поляр-
ландырады және оған тартылады); сондай-ақ
сыртқы тұрақты электр өрісімен диэлектриктің
бетіне перпендикуляр түсірілген электрондық
қабат (сызбаға қараңыз). Қосарланған өткізгіштерде жеткілікті төменгі жиілікті
айнымалы электрмагниттік өріске орналасқан ток тек ажыратылу шекарасына
параллель ағатын болады.
ҚОСАРЛАНҒАН ЭЛЕКТР ҚАБАТЫ – екі фазаның жанасатын шекарасының
бойында таратылған қарама-қарсы таңбалы электр зарядтарының жиынтығы.
Қосарланған электр қабатты тудыруға электрондар, иондар және бағдарланған по-
лярлы (меншікті диполдік моменті болатын) молекулалар қатыса алады. Қос электр
қабаты металды электролитке (мысалы, мырышты күкірт қышқылына)
матырғанда
пайда болады. Мырыш электролитке оң зарядталған иондар беріп, өзі теріс за-
рядталады. Электролиттің оң зарядталған иондары металдың бетіне тартылады,
соның нәтижесінде фазалардың жанасу беттерінің бойында қосарланған электр
қабаты пайда болады. Зарядталған қабаттар арасында пайда болатын электр өрісі
мырыштың еруіне кедергі жасайды, белгілі бір мәндерде еру тіптен тоқталатын
болады. Электрод-электролит шекарасында
потенциалдар секірісі пайда болады.
Тұтас алғанда қосарланған электр қабаты электрлік бейтарап, қабаттың
ішінде электр өрісінің кернеулігі үлкен мәнге ие бола алады. Зарядталған беттің
ауқымды және олардың арасы жақын болуы себепті қосарланған электр қабатының
электр сыйымдылығы үлкен болады. Қосарланған электр қабатының түзілуі
электркинетикалық құбылысты тудырады. Қосарланған электр қабатының
құрылымының электрхимиялық реакциялар, электролиз үшін маңызы зор.
ҚОСПАЛАР – қасиеттері әртүрлі бір немесе бірнеше заттар араласқан қосылыс.
Қоспалар
біртекті және
әр текті болып бөлінеді. Біртекті қоспалар – газдар
қоспасы (ауа), сұйық не қатты ерітінділер. Бұл ерітінділерде екі құрам бөлік
(қанттың судағы ерітіндісі, алтын мен күміс, т.б.), ал әр текті қоспаларда бір, екі не
Қосарланған өткізгіштер
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
580
581
одан да көп құрам бөліктері болады. Бір құрам бөліктен түзілген әр текті қоспалар
мұз – су, ал құрам бөліктері екі не одан да көп қоспаларға
суспензия, эмульсия,
көптеген тау жыныстары (гранит),
металдар қорытпасы, т.б. жатады.
Акцепторлық қоспа – жартылайөткізгіште
кемтік тудыратын қоспа.
Донорлық қоспа – жартылайөткізгіштің өткізгіштік зонасын электрондармен
қамтамасыз ететін қоспа.
ҚУАТ – жұмыстың осы жұмыс істелген уақыт аралығына қатынасымен
өлшенетін физикалық шама. Егер жұмыс бірқалыпты істелген болса, онда қуат
N=
А/
t формуласымен анықталады, мұндағы
А
–
t уақыт аралығында істелген жұмыс,
ал жалпы жағдайда N
= d
А/
dt,
dА – қарапайым уақыт
dt аралығында істелген жұмыс.
Қуат
ватт (Вт) бірлігімен өлшенеді.
Сәуле шығару қуаты – кез келген көз шығаратын сәуле энергиясының
мөлшерінің осы сәуле энергиясының шығарылу (таратылу) уақыты аралығына
қатынасы.
Физикалық қуат – істелген жұмыстың немесе энергия өзгерісінің әлгі істелген
жұмыстың немесе энергия өзгерісі болған уақыт аралығына қатынасына тең
физикалық шама. Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) ватпен (Вт) өлшенеді.
Техникада қуаттың киловатт (кВт), мегаватт (МВт) деп аталатын Вт-тан ірірек
бірліктері де кең қолданылады: 1кВт =1 000 вт, 1МВт = 1 000 000 вт. Қолданыста
кейде қуаттың жүйеден тыс бірлігі ат күші (а.к) де пайдаланылады: 1 а.к. = 736
Вт = 0,736
кВт.
ҚУМА ҚАБАТ –
солғын разрядтың немесе доғалық разрядтың оң бағандары
бойымен үздіксіз қозғалатын күңгірт және жарық қабаттары (страттар). Қума
қабаттың пайда болуы плазманың дірілдік қасиетімен байланысты.
ҚУМА ТОЛҚЫН – әртүрлі тең фазалы (фазалық толқындық шептер) бет
шекті жылдамдықпен қозғалатын толқындық қозғалыс. Топтық жылдамдығы
нөл болмайтын қума толқын энергия, импульс немесе басқа сипаттамалармен
байланысқан. Суперпозициялық принциптің (сызықтық жүйелердің) қолданылуы
бойынша қарама-қарсы бағытта таралатын, топтық жылдамдығы нөлден өзге
болатын, энергия, импульс және басқа сипаттамалармен байланысқан екі бірдей
периодты тұрғын толқын түзеді. Қума толқынға дербес жағдайда газдардағы және
сұйықтардағы,
ленгмюрлік және
изотропты плазмадағы иондық-дыбыстық
толқындар жатады.
ҚҰЙЫН, атмо сферадағы– ауаның кез келген бір осьтің төңірегінде айналу
қозғалысы, диаметрі бірнеше метрден жүздеген, мыңдаған км-ге дейін жетеді.