қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
588
589
арқылы өлшенеді. Халықаралық
бірліктер жүйесіндегі (СИ) қысым бірлігі – Пас-
каль (Па), 1 Па = Н/м
2
, бірліктердің МКГСС жүйесінде – кг күш/ см
2
-мен өлшенеді.
Қысымның бұдан басқа жүйеден тыс өлшемдері де бар: физикалық атмосфера
(атм), техникалық атмосфера (ат) бар, сондай-ақ мм сынап бағаны және мм су
бағаны.
Қысым асажоғары вакуумнан (төменгі қысым) өте жоғары мәнге дейін кең
ауқымды шекте өзгереді. Кейде осы өзгеріс әртүрлі материалдардың қасиетте-
ріне едәуір әсерін тигізеді.
Заттар үш түрлі: қатты, сұйық және газтәрізді күйлерде болады. Осы күйлер-
дің әрқайсысында заттар әр қилы сығымдалады. Идеал газ кез келген дәрежеде
сығымдалады, қалыпты жағдайда қысым
Бойль – Мариотт заңына бағынышты
(осы заң бойынша газдың қысымы оның көлеміне кері пропорционал өзгереді).
Сұйық, керісінше, едәуір қиын сығымдалады, оның көлемінің өзгерісі қарапа-
йым заңға бағынышты болмайды.
Қатты денелер ең аз сығымдалады. Олардың ішкі құрылымдары қатаң түзіл-
ген, атомдары белгілі қашықтықта өте үлкен күшпен ұсталып тұрады, сыртқы
қысымға ең көп кедергі келтіреді. Осы құрылым жеткілікті жоғары қысымда
бұрмаланады немесе қирайды, бірақ оның тәртібі ішкі атомдармен немесе
молекулалық құрылыммен анықталады.
0°С температурада сұйық сынаптың көлемі қысымның 0–7·10
8
Н/м
2
(0–7000
атм) шегінде миллиондық үлеске ғана өзгереді.
Қысымның әсерінен кез келген заттың күйі белгілі бір жағдайларда едәуір
өзгереді. Мысалы, қысым кейбір кризистік нүктелерден төменгі температурада
газды сұйыққа айналдыра алады.
Шекті жоғары қысымдар өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Металдарды әр-
түрлі өңдеулер қысым күшімен жүзеге асырылады. Екінші жағынан жеткілікті
жоғары қысымдарда металл, керісінше,
пластикалық қасиетке ие болады.
Қысым диапазонының екінші ұшында вакуум бар, мұнда ауа немесе газдар
әр қилы дәрежеде сиретілген. Вакуум шығару (алу) үшін тұйық көлемнен газ
сорылып шығарылады. Сол себепті әлгі көлемдегі молекула саны едәуір кемиді,
сондықтан сәйкесінше молекулалар арасындағы соқтығысулар саны азаяды, осы
жайт газдың ішкі энергиясының және қысымының өзгергенін білдіреді. Бірақ тұ-
йық көлемде вакуум шығарумен аяқталмайды, алғашында осы тұйық көлемде
газдан өзге ештеңе болмаған еді. Толық емес вакуум сұйықтың бетіндегі кеңіс-
тіктегі буды шуғарудан соң пайда болады. Егер сору арқылы сұйықтың үстіндегі
газдың қысымы кемітілсе, онда сұйықтың атмосфералық қысымда қайнау
нүктесінен төменгі температурада әлгі сұйық қайнайды.
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
590
591
Қысымның артуы заттардың балқу нүктесін төмендетеді, бұл жайт судың мұз
болып қатаю кезіндегі көлемін ұлғайтуына ұқсас. Осы мұз конькидің қысымы-
мен еріп майлау майы секілді әсер етеді, осының нәтижесінде конькишінің
сырғанауы жатық әрі жеңіл болады.
Атмосфералық қысым – атмосферадағы денеге осы атмосфера тарапынан
әсер ететін қысым шамасы.
Газдағы қысым – газға енгізілген денеге осы газ тарапынан әсер ететін
қысымның шамасы.
Гидростатикалық қысым – салыстырмалы түрде тыныштықтағы сұйықта
немесе газда тыныш тұрған денеге ауырлық күш тудыратын қысым.
Дыбыс қысымы – тұрақты дыбыс өрісінде тұрған денеге түсетін орташа
қысым.
Дыбыстық қысым – дыбыстық толқын таралатын ортадағы периодты (ауық-
ауық) өзгермелі қысым.
Жарық қысымы – жарықтың шағылдырғыш және жұтқыш денелерге,
бөлшектерге, сонымен қатар жекелеген атомдар мен молекулаларға әсер ететін
қысымы.
Кризистік қысым – заттардың кризистік күйлеріне сәйкес болатын қысым.
Қалыпты қысым – қалыпты жағдайдағы атмосфералық қысым.
Лапластық қысым – сұйыққа түсірілетін, осы сұйықтың беттік керілуі мен
қисықтығына тәуелді болатын қосымша қысым.
Молекулалық қысым – сұйыққа молекулалық өзараәсерлесу тудыратын беттік
қабаттың қысымы.
Осмостық қысым – ерітіндінің жартылай өткізуші мембрана арқылы диффу-
зиялануы кезінде ерітілген заттар тудыратын артық қысым.
Үлестік қысым – газ қоспасының берілген құраушысының ыдыс қабырғасына
түсіретін қысымы.
Статикалық қысым – қозғалыстағы сұйықтар мен газдардың ішіндегі толық
қысымы.
591
590
591
1-сызба. Лазер құрылымының жеңілдетілген сұлбасы: 1 – айна; 2 – катод; 3 – капилляр; 4 –
резонатордың сәуле шығаратын айнасы; 5 – газ разрядтық түтік; 6 – сәуле
ЛАВАЛЬ СОПЛОСЫ – ағыстың кризистік режимінен кейінгі (газ асқын-
дыбыстық жылдамдықпен ағып шығатын) соплосы; тарылған және кеңейген
соплолардан аралас-құралас жасалған сопло болып табылады. Соплоның ең тар
көлденең қимасында (F
s
) газдың жылдамдығы дыбыстық жылдамдығына тең
болып, соплоның кеңейген бөлігінде жылдамдық дыбыстың таралу жылдамдығы-
нан асатын болады.
Бұл соплоны швед инженері Карл
Лаваль (1845 – 1913) ойлап тапқан.
ЛАЗЕР [ағылшынша «LASER Light Amplification by Stimulated Emission of
Radiaton» – жарықты еріксіз сәуле шығару арқылы күшейту» деген сөйлемдегі
сөздердің бас әріптері бойынша қысқартылған атау],
оптикалық кванттық
генератор – оптикалық резонаторда орналасқан активті ортаның еріксіз сәуле
шығару немесе жарықты еріксіз шашырату есебінен когерентті электрмагниттік
толқындар шығаратын құрылғы. Қазіргі кездегі лазерлер ультракүлгін (УК)
сәуледен бастап субмиллиметрлік толқындар ұзындығына (λ) дейінгі диапазон-
дағы кең алқаптағы сәулелерді таратады. Ең алғаш
рубиндік лазер жасалған.
Оны 1960 жылы американ физигі Теодор
Мейман (1927 – 2007) жасаған.
Лазер
сәулесінің негізгі сипаттамасы – когеренттілігі мен бағытталғандығы сәуле
шығаруға әкеп соғатын басты үрдіс (процесс), еріксіз
сәуле шығару мен
кері
байланыс. Сонымен қатар сырттан келетін электрмагниттік толқындарды кері
байланыссыз күшейтуге арналған
лазер-күшейткіштер де бар.
Лазерлердің жасалуы және одан сәл бұрынырақ 1955 жылы лазерлердің
пайда болуы физика мен техникада жаңа бағыттың – кванттық электрониканың