АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет251/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   274

қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



576

577


өзге  күйлерінің  барлығы 

қоздырылған  күйлер  деп 

аталған;  о сы  күйлердің 

ә р қ а й с ы с ы   б е л г і л і   б і р 

мөлшерлі  бөлшектің  негізгі 

күйінен  қозған  күйге  ауыс- 

қанда  ие  болатын  энергия-

сымен  (қозу  энергиясымен) 

сипатталады. Егер қозған күй 



метатұрақты  күй  болмаса, 

онда бөлшектер осы күйде өте 

қысқа  мерзімғана  тұрақтап 

өздігінен  негізгі  немесе  аз 

энергиялы күйге ауысады. Бөлшектердің қозған күйде болатын орташа уақыты – 

бөлшектің энергия деңгейіндегі «өмір сүру» уақыты деп аталған.



ҚОПАРЫЛЫС, жарылыс – заттардың өздерінің күйлерін кенеттен өзгертіп, 

шектелген ортада лезде мол энергия бөлуімен қабаттастыра өзінің айналасындағы 

ортаны  қарқынды  түрде  жан-жаққа  лақтырып  ұшыруы.  Қопарылыстың 

алғашқы кезеңінде заттың ішкі химиялық (немесе ядролық) энергиясы жылуға 

түрленеді. Химиялық қопарғыш заттардың (ХҚЗ-дың) әдеттегі жай отындармен 

салыстырғанда жылу бөлгіштігі аз [~4·10

3

 кДж/кг (немесе ~10



3

 ккал/кг) ], бірақ 

химиялық түрлену қысқа мерзімде (~10

-5

 сек) және өтетіндіктен ауадан оттек 



қатыспайтындықтан, қопарылыс үрдісінде (процесінде) заттар жан-жаққа ша-

шырап үлгерместен, жоғары температура (2·10

3

 – 4·10


3

 К) және жоғары қысым 10 

ГПа (гига Паскаль = 10

Па) (10



5

 атм) пайда болады. Газ көлемінің ұлғаюы қорша- 

ған ортаны қозғалысқа түсіреді – 

қопарылыс толқыны пайда болады, оның 

таралу жылдамдығы қопарылыс ошағының маңында бірнеше км /сек-қа жетеді.



 

Қопарылыс толқыны қоршаған ортаға механикалық әсер етеді. Қопарғыш 

заттар сыртқы әсерлер (мысалы, оттың, механикалық соққының, 



детонацияның

нәтижесінде лезде химиялық өзгеріске ұшырайды да, молекулалардың арасын- 

дағы байланыс энергиясы жылу түрінде бөлініп шығады. Белгілі бір көлемдегі 

заттың кез келген нүктесіндегі химиялық өзгерістен пайда болған жылу қопарғыш 

заттан лезде тысқары шығып үлгермейтіндіктен, температура артады да, үрдіс 

(процесс) үдеп 



жылулық қопарылыс пайда болады.

Химиялық ыдырауға ұшыраған



 заттың көлемі артып, жоғары қысымдағы 

аса қызған күйге ауысады. Осы күй өзгерістері заттың ішкі қабатынан сыртқа 

Қозуға көлдегі судың жаңбыр және басқалардан 

толуын сырттай ұқсатуға болады.


қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



578

579


қарай 

соққы толқын ретінде аса жоғары жылдамдықпен таралады. Заттың 

соққы толқынымен сығылған қабаты химиялық ыдырауға бейім келеді. Осының 

әсерінен мол энергия бөліну үрдісін детонация дейді. Детонациялық толқын 

дыбыстың таралу жылдамдығынан шапшаң таралады.

Қопарылыс кезінде бөлінетін энергия қоры молекулалық немесе ядролық бай-

ланыс ретінде қопарғыш заттың бойында болады. Сырттан әсер ететін энергия 

нәтижесінде туатын қопарылыс физика лық 

қопарылысқа жатады. Бұлар: 

1) кез келген ортада өтетін қуатты электр разряды. Осы разряд өзі өткен орта-

ны қыздырады әрі жоғары қысымды иондалған газға айналдырады; 2) металл 

өткізгіштерден  өте  күшті  ток  өткенде  жоғарыдағыдай  қопарылыс  құбылысы 

(металл бірден буға айналады) байқалады; 3) жоғары қысымдағы газ баллондары- 

ның (бітеу қазандар, сұйық не балқыған зат құйылған түтіктер, т.б.) жарылуы 

мүмкін; 4) жоғары жылдамдықпен (ондаған км/сек) қозғалған қатты денелердің 

соқтығысуы, т.б. мүмкін. Табиғатта әртүрлі құбылыстар тудыратын қопарылыстар 

байқалады. Мысалы, 

найзағай жарқылындағы қуатты электр разрядының, 

вулканның кенет атқылауынан, аспаннан Жер бетіне құлап түсетін метеорит-

терден қопарылыс құбылыстары пайда болады. 1907 жылы Сібірге түскен Тунгус 

метеориті  шамамен  10

7

  m  тринитротолуол  қопарылғанда  бөлінетін  энергияға 



шамалас қопарылыс тудырған.

Қопарылыс үрдісін зерттеу нәтижесінде заттардың өте жоғары қысым мен 

жоғары  температурадағы  күйі,  зат  сипаттамаларының  кенет  өзгеруі  кезінде 

байқалатын құбылыстар, соққы толқын тарататын ортаның қасиеттері, т.б. күрделі 

ғылыми мәселелерді шешуге көмектеспек. Қопарылыстың жасанды тәсілімен 

жасалатын түрлері әртүрлі салаларда пайдаланылуда. Кен ашу, кен қазу, кен бар-

лау істеріне, құрылыс (үлкен су бөгеттерін, жолдар, туннельдер) жұмыстарында 

қопарылыс  кеңінен  қолданылады.  Қопарылыстан  туатын  газдың  аса  қуатты 

қысым күші металдарды салқындай штампылау, нығыздап беріктеу, біріктіру, 

т.б. жұмыстарда қолдау тапқан. Алматы қаласының іргесі, Медеу шатқалындағы  

селге қарсы бөгет (1966 жылы 21 қазанда) химиялық қопарғыш заттар қопа- 

рылысымен жасалған ірі құрылыс болды.



Жылулық қопарылыс – жылу бөлу жылдамдығы кез келген көлемдегі жылу-

ды бөліп шығару жылдамдығынан едәуір артық болатын жағдайда жүзеге асатын 

қопарылыс.

Ядролық қопарылыс – ядроішілік энергияның бөлінуін тудыратын қопа- 

рылыс. 



қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



578

579


ҚОПАРЫЛЫС  ТОЛҚЫНЫ,  жарылыс  толқыны  –  қопарылыс  болған 

ортаның жылжуынан пайда болған жоғары қысымды толқын. Қопарылыс толқыны 

бойынша атмосфера қабаты мен жер қыртысының құрылымы, қазба байлықтың 

түрі, орналасқан тереңдігі, алып жатқан көлемі, т.б. зерттеледі.

Қопарылыс кезінде пайда болған газдардың жоғары қысымдарының әсерінен 

қопарылыс ошағының айналасындағы орта сығылып жоғары жылдамдыққа ие 

болады. Қопарылыс толқыны қармаған аймақтағы ортаның қозғалысы бір қабаттан 

екінші  қабатқа  лезде  таралып  көлемін  ұлғайтады.  Қопарылыс  толқынының 

айналасындағы шептегі заттар күйлерінің секірісті өзгерістері соққы толқыны 

деп аталған, бұл толқын асқындыбыстық жылдамдықпен таралады. Қопарылыс 

толқынының негізгі сипаттамалары: ең жоғарғы қысымы (р

m

), әсер ету уақыты (τ

және импульсі (ѕ) болып табылады.

ѕ = 



р

τ

о

 

(tdt. Қопарылыс ошағынан алыстаған сайын ең жоғары қысым мен 



импульс бірте-бірте кемиді, ал әсер ету уақыты артады. Қопарылыстан өте алы-

ста қопарылыс толқыны дыбыстық (немесе қатты ортаның серпімді толқынына) 

толқынға айналады. 

ҚОС КҮШ – қатты денеге әсер етуші абсолюттік шамалары бойынша тең  

және параллель, бірақ қарама-қарсы жаққа бағытталған екі күштің Ғ және Ғ', яғни 



Ғ' = -Ғ жүйесі. Қос күштің теңәсерлі күші болмайды, яғни ол бір күшпен алма-

стырылмайды (олай болса теңгерілмейді). Қос күштің әсер ететін сызықтарының 

ара қашықтығы (l) қо с күштің иіні деп аталған. Қос күштің қатты денеге тигі- 

зетін  әсері  оның  моментімен  (М)  сипатталады,  ол 



Рl  көбейтіндісінің  абсолют  шамасына  тең  және 

қос  күш  әсер  ететін  жазықтыққа  перпендикуляр 

бағытталып,  қос  күштің  бұру  бағыты  сағат  тілінің 

жүрісіне  қарсы  бағытта  болады  (оң  координат 

жүйесінде).  Қос  күштің  негізгі  қасиеті:  егер  қос 

күштің  моментін  сақтай  отырып  қос  күш  жұбы 

жазықтықтағы  кез  келген  нүктеге  немесе  жазықтыққа  параллель  көшірілетін 

болса,  сондай-ақ  жұп  күштің  абсолюттік  шамасы  және  оның  иіні- 

нің ұзындығы өзгермейтін болса, оның қатты денеге тигізетін әсері де өзгермей- 

ді. Бір қатты денеге түсірілген моменттері (М) бірдей екі қос күш біріне-бірі 



механикалық эквивалентті болады. Берілген қатты денеге түсірілген қос күш- 

тің кез келген жүйесі осы қос күш моменттерінің векторларының геометрия- 

лық қосындысына тең моменті бір қос күштің механикалық эквиваленті болады. 



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау