АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет2/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274

4

түптеуші  болып  жұмыс  істей  жүріп  өз  бетінше  білім  алған.  Түптеуге  неше 

алуан  мазмұнды  кітаптар  келетіні  белгілі.  Ол  жұмыс  арасында  уақыт  тауып, 

өзін қызықтырған кітапты оқитын болған. Бір кезде оның қолына «Химия ту-

ралы  әңгіме»  деген  кітап  түскен.  Осы  кітап  оны  ерекше  қызықтырған,  онда 

айтылған  жеңіл-желпі  химиялық  тәжірибелерді  үйіне  келген  соң  қайталап 

жасауға әуестенген. Тәжірибе жасауға керек ең негізгі нәрсені ғана сатып алып, 

өзгелерін  өзі  жасайтын  болған.  Электрстатикалық  машинаны  бөтелкелерден, 

гальвани батареясын – мырыш пен мыс шақалардан құрастырған. Осылайша 

тұздар мен қышқылдардың электролизімен таныс болған. Осы тәжірибелердің оны 

қызықтырғаны соншалық, ең ақырында нағыз гальвани элементін жасай алған. 

Ол  Корольдік  институттың  көпшілікке  арналған  кешкілік  және  жексенбі- 

лік дәрістеріне қатысатын болған. Атақты химик әрі физик Гемфри  

дэвидің 

(1778  –  1829)  дәрісі  оны  өте  қызықтырған.  Сол  кезден  бастап  Майклдің  ғы- 

лымға деген әуестігі артқан. Ол Г. Дэвиге хат арқылы оның оқыған дәрісінің 

мазмұны  жазылған  қолжазбасын  жіберген.  Дэви  Майклдің  «ынтасын,  есте 

сақтау қабілетін және ұқыптылығын» ескеріп, оны уақытша хатшылық қызметке 

қабылдаған.  Фарадей  кейін  Дэвидің  электролиз  жөніндегі  зерттеулерін  жал- 

ғастырып, өзінің ғылыми жолын Дэвидің ұстанған бағытымен ұластырған ға- 

лым болды. Г. Дэви – электр тогының қышқылдар мен тұздарды ыдырататынын 

дәлелдеген, калий және натрийді металл күйінде бөліп алған, екі мұз кесегін бі- 

ріне-бірін үйкегенде жылу бөлінетінін анықтаған және жер астында көмір қазу- 

шы жұмысшыларға арналған қауіпсіз шамды (кейіннен ол шам «Дэви шамы» деп 

аталып кеткен) ойлап тапқан ғалым. Электрхимия Дэвидің ғылыми жұмыстарынан 

бастау алған. 

М.Фарадейдің физика ғылымына қосқан үлесінің әрқайсысы-ақ оның есімін 

ғылым тарихында қалдыратындай жаңалық болған. Г.Дэви «Мен ғылым үшін 

бірнеше маңызды жаңалық аштым, бірақ солардың ішінде ең үлкені мен Фарадейді 

аштым» деген екен. 12–13 жасына дейін бастауыш білім алған Майкл академик 

ғалым атануға 11 жыл-ақ еңбектеніпті. Ол ашқан жаңалықтар: 



электрмагниттік 

индукция  құбылысы,  физика  ғылымына  анод,  катод,  иондар,  электролиз, 

электролит, электрод, диамагнетизм, парамагнетизм, өріс, магнит өрісі, т.б. 

ұғымдарды енгізген.

Энциклопедия  бүкіл  ғылым  саласының  теорияларын,  ең  негізгі  ұғымдары 

мен  түсініктерін  түгелдей  қамтиды.  Олар  жеке-жеке  мақалалар  бойынша  тү- 

сіндірілген. Қолдарыңыздағы 

«Физика әлемі» пәндік-анықтамалық энцикло-

педияда физика ғылымының әр саласының негізіне қаланған 1670-ден астам 

ұғымдар туралы ғылыми мазмұнды мақала қамтылған. Әрбір мақала анықтама 

тұжырымдалудан, мысалы, «ФИЗИКА – материяның қасиеттері мен құрылысын 

және олардың қозғалысының заңдылықтарын, табиғат құбылыстарының қарапайым, 




5

сонымен қатар барынша жалпылама заңдылықтарын зерттейтін ғылым» делінген 

секілді анықтамадан басталады. 

Атақты физик Альберт  



эйнштейн: «Ғылым тілінің әдеттегі түсінігіміздегі 

сөздерден айырмашылығы неде? Ғылыми ұғымдар мен ғылыми тілдің баршаға 

ортақ болуына оларды әр кезде бүкіл халықтардың данышпан ойшылдарының 

тұжырымдауы себеп болған. Егер ақырғы эффекті ескерілетін болса, олар әркімнің 

жеке-дара немесе бірлесіп күш жұмсауы нәтижесінде адамзаттың соңғы ғасырда 

өмірін өзгерткен техникалық төңкерістері үшін рухани құрал жасап шығарды» 

деген болатын. Эйнштейннің осы ойынан шығатын қорытынды: ғылым деге- 

німіз  – ұжымдасқан, яғни көптеген білімдердің жиынтығы екенін аңғарамыз. Ғылыми 

атаулар әр ел ғалымдарының еңбектерінің нәтижелерінен қалыптасатындықтан, 

олар көпшілікке түсінікті болу үшін ортақ бір тілде тұжырымдалатын болған. 

Физика ғылымы біздің заманымыздан бұрынғы V – ІV ғасырлардағы ежелгі грек 

ойшылдары атаған атауларға еліктеп грекше, одан кейінгі орта ғасырларда ғылыми 

тілге айналған латынша аталып келген. Қазіргі кезде ғылыми атаулар ара-тұра 

өзге тілдерде де аталуда. Осылайша халықаралық ортақ тілде аталған ғылыми 

атаулардың қалыптасқан тілдегі мән-мағынасын әр халықтың  тіліндегі балама 

атаулары бойынша анықтау қабылданған. Әрбір ғылыми атау, мысалы «ФИЗИКА  

( грекше «физус – табиғат») деген атаудың қандай мағыналы сөзден қалыптас- 

қандығы, яғни шығу тегі – этимологиясы бойынша түсіндірілген. 

Энциклопедиялық әрбір мақала атауы әліпбилік ретпен «А»-дан басталып, 

«Я»-ға дейінгі әріптік тізбек бойынша орналастырылған. 

Энциклопедияда қай мақаланың берілгенін аңғарту үшін арнайы 

сілтемелік 

әдіс қолданылған. Айталық, «Атом» деген жалпылама мақалада оның құрамдас 

бөліктері: 



электронпротон және нейтрон туралы энциклопедияда арнайы же-

ке-жеке егжей-тегжейлі мақала берілгендігін білдіру үшін әлгі электронпротон  

және нейтрон деген атаулар курсивпен жазылатынын айтқанбыз. Сондықтан кур-

сивпен терілген  атаулардың энциклопедияда жеке-дара мақала болып берілгенінін 

естен шығармаңыздар. Мысалы, 

«Атом ядросының бөлінуі» деген мақалада 

потенциалдық тосқауыл, ядролық тізбекті реакция, т.б. курсивпен терілген болса, 

осылар туралы энциклопедияда жеке мақалалар бар деген сөз.




6

ЕЛЕУЛІ ЖАҢАЛЫҚ АШҚАН ФИЗИК-ҒАЛЫМДАР



ФИЗИКА ҒЫЛЫМЫнЫҢ дАМУ КЕЗЕҢдЕРІ

Физика (грекше «физис – табиғат») – материяның құрылысы мен қасиеттерін 

және оның қозғалыстарын, табиғат құбылыстарының қарапайым, сонымен қатар 

ең  жалпылама  заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым.  Физика  ұғымы  мен  оның 

заңдары  –  бүкіл  табиғаттану  ғылымдарының  негізіне  қаланған.  Физика  дәл 

ғылымдар саласы болып табылады, сондықтан табиғаттың санмен бейнелеуге 

болатын заңдылықтарын зерттейді. Физика ежелгі заман ғылымы болғандықтан, 

жалпылама  табиғат  құбылыстары  туралы  бүкіл  ілімдерді  қамтыды.  Білімдер 

мен зерттеу әдістерінің саралануына байланысты жалпылама ғылымнан жеке-

леген ғылыми салалар ажыратылып бөліне бастаған, соның бірі физика ғылымы 

болды. Физиканы өзге табиғаттану ғылымдарынан ажыратып бөлетін шекара  –  

шартты  бөлініс  болып  табылады  және  уақыт  өткен  сайын  соны  идеялар  мен 

теориялар туындап, неше алуан жаңалықтармен толысып дамытылатын ғылым- 

дардың ең өзектілерінің бірі.

Физика – тәжірибелік ғылым: оның заңдары тәжірибе жүзінде дәлелденген, 

орныққан фактілерге негізделген. Физикалық заңдар сан жүзіндегі қатынастар 

болып табылады да, математикалық тілде тұжырымдалады. Физика эксперименттік 

(ғылыми тәжірибелік) және теориялық физикаларға салаланған. 

Физика ғылыми 

зерттеу нысандары (объектілері) бойынша – қарапайым бөлшектер физикасына, 

ядролық физикаға, атомдар мен молекулалар физикасына, газдар мен сұйықтар 

физикасына,  қатты  денелер  физикасына,  плазма  физикасына,  т.б.  салаларға 

ажыратылған. Зерттелетін үрдістер (процестер) немесе материяның қозғалысына 

байланысты физика – материалдық нүкте және қатты дене механикасы, тұтас 

орта механикасы, термодинамика және статистикалық механика, электрдинами-

ка, тартылыс теориясы, кванттық механика және өрістің кванттық теориясына 

ажыратылған. Зерттеу мақсатына сәйкес қолданбалық (қолданбалы оптикаға) 

физикаға топталған. 

Найзағайдың жарқылы, аспанның күркіреуі, Күннің және Айдың тұтылуы, 

т.б. Физикалық құбылыстар адамзатты ежелден-ақ өзіне назар аудартқан. Біздің 

заманымыздан  бұрынғы  (б.з.б.) VI  –  ІІ  ғасырлар  аралығында  ғұмыр  кешкен 




жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау