47
Қорытынды
Сонымен, географиялық білім беру жағдайын зерттеу мен талдау
төмендегіні көрсетеді:
-
географиялық білім берудің және қазіргі заманғы ақпараттық ағындар,
қоғамды ақпараттандырудың жоғары деңгейі жағдайында географияны оқыту
үдерісінен туындайтын құзыреттерді іс жүзінде
қолданудың рөлі артады;
-
білімділікті, тұлғалық және кәсіби құзыреттілікті тиімді қалыптастыру
оқушылардың географиялық мәдениетін қалыптастыру арқылы ғана мүмкін;
- қазіргі заманғы адам мәдениетінің дамуын географиялық білімсіз,
мәдениетінсіз қарастыру мүмкін емес.
Талдау жұмысы бойынша келесідейқорытынды жасауға болады:
1. География бойынша оқу үдерісінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
сапасы қанағаттарлық:
- 6-сыныпта география пәнін оқытуда Мемлекеттік білім беру стандартында
сағат саны 0,5 сағатқа, ал 9-сыныпта 1
сағатқа көбейтілген;
- 2013 жылдың оқу бағдарламалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес мектептің білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтуға бағытталған;
оқытудың деңгейлік жіктелуін нығайту жүзеге
асырылған;
-
оқулықтарға функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған
тапсырмалар енгізілген.
2. Республика бойынша география пәнінен білім жетістігінің мониторингтік
зерттеуі оқушылардың үлгерім деңгейінің қанағаттандырарлық екенін көрсетті.
3. География пәнінен мамандармен қамтамасыз етудің қажеттілігін
көрсетті.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында алдымызға қойған жаңа
міндеттер білім сапасын қамтамасыз етуде жаңа тәсілдерді талап етеді.
Географиялық білім берудің жаңа мазмұнын анықтаудағы негізгі
идеологиясы – географияның мектеп курсының оқу бағдарламасын
күрделендіру емес, мектеп бітіруші кейіннен өзі таңдаған мамандығы бойынша
білімін жалғастыратын болашақ кәсіби қызметінің әртүрлі салаларында
географиядан алған білімдерін пайдалану.
Бұл білім берудегі технологиялық мәдениеттің деңгейін көтеруге ықпал
ететіні сөзсіз, бұл әсіресе жоғары дамыған мемлекеттердің біліміне тән.
Ұсынымдар:
-
жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайында географияны
оқытудың жаңа
мазмұнын, әдістерін және
технологияларын анықтау;
-
білім беруді дамытудағы қазіргі жағдайда география мұғалімінің рөлін
анықтау;
-
мұғалімнің жоғары рөлін,отандық географ-ғалымдардың жетістіктерін
тек мамандандырылған баспасөз беттерінде ғана емес, сонымен қатар орталық
баспасөз басылымдарында
насихаттау;