Амск патронаж



жүктеу 3,52 Mb.
Pdf просмотр
бет4/23
Дата25.12.2019
өлшемі3,52 Mb.
#24919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Module 2: The new role of the home visitor  

 

9 | 



P a g e

 

жол көлеңке көлегейлеген және күн сәулесі түсіп тұрған жерлермен жүреді. Осы жолмен жүру, 



бәлкім,  қараңғылықтан  және  сенімсіздіктен  жарыққа,  айқындыққа  өтуді  білдіретін  шығар. 

Патронаж қызметкерінің рөлі ата-аналарға осы жолмен жүріп және сын-тегеуріндерді еңсеріп, 

өсу-өрбуі және нәрестесінің дамуына көмектесе алуы үшін қолдау көрсетуге келіп тіреледі. 

 

Отбасымен бірге сапар шегу  

Сіз, патронаж қызметкері ретінде,  отбасымен ұзақ уақыт бойы  –  жүктіліктен бастап, баланың 

бүкіл  ерте  балалық  шағы  бойы  -  жұмыс  жасайсыз  (4-сурет).  Сіз  балаларын  оқытып-үйрететін 

және  даму  кезеңдерінен  өтуге  көмектесетін  ата-аналарға  қолдау  көрсету  үшін  өз 

қызметтеріңізді ұсынатын боласыз. 



Рис. 4. Отбасы сапары фотосуреттер түрінде  

 



 

10 


 

ҮЛГІ 

Отбасының  мықты  тұстарын  анықтау  және  активтер  (мықты  тұстар)  негізіндегі 

әдістеме. Келесі мысалды талдаңыз – нақты жағдайды зерттеу  

Кейс стади 1 

10  жасқа  толмаған  төрт  баласы  бар  (жаңа  туылған  сәбиін  қоса)  отбасы  үш  бөлмелі  үйді  (екі 

жатын бөлмесі бар) жалдап тұрады. Кішкентай балалардың біреуінің (2,5 жаста) арқасына және 

аяқтарына  экзема  (қышыма)  шыққан.  Ата-анасы  дәріханадан  жақпа  май  сатып  алған,  бірақ, 

экзема  қышытуын  тоқтатар  емес,  баланың  ұйықтауына  кедергі  келтіреді.  Анасы  негізі  толық 

емес жұмыс күні жұмыс істейді, бірақ, қазір нәресте күтіміне байланысты демалыста отыр. Әкесі 

жақында  5  апта  бойы  жұмыс  істемеген,  себебі,  оған  ота  жасалған,  дегенмен,  ол  әйеліне  үй 

шаруасына көмектесе алған. Әйеліне оған дән риза, себебі, оған «бүкіл үй шаруасын орындау 

қиын болған, бір жағынан – нәресте, екінші жағынан – қышымасынан ұйықтай алмайты екінші 

бала».  Отбасында  төрт  бала  болғандықтан,  оларды  мектепке  жөнелту  үшін  «әріл-берлі 

тынымсыз жүгіруге тура келеді», сонда да балалар мектепке жиі кешігіп барады. 

Патронаж  мейірбикесі  нәрестеге  әдеттегі  тексеру  жүргізіп,  эмоциялық  қолдау  көрсетті. 

Балалардың  үлкені  отбасылық  дәрігердің  қабылдауында  болған,  ал  ата-анаға  мектепте  орын 

алған оқиғаға байланысты заңгерге баруға тура келген. Осы уақыт ішінде ата-ана мен мектептегі 

мұғалім  арасында  бірнеше  рет  жайсыз  әңгіме  болған,  солардың  бірінде  ата-ана  қызбалыққа 

салынған.  Отбасы  осы  ауданға  жақында  ғана  көшіп  келген,  енді  туыстарының  қолдауы  да 

азайған.  Анасының  бір-екі  құрбысы  пайда  болған,  олар  бір-біріне  көмек  ретінде  бір-бірінің 

балаларына қарап бере алады.  

Патронаж  мейірбикесі  соңғы  рет  келгенде,  анасы  көз  жасына  ерік  беріп,  сәбиіне  жақсы  ана 

болмағанынан  өзін  нашар  сезінетінін  айтқан.  Бала  жылағанда,  ол  не  істерін,  оны  қалай 

жұбатарын білмейді және баласына тиісінше қамқорлық көрсету үшін шыдамдылық жетіспейді 

деп ойлайды. 

Осы  сипаттамада  біз  қиын  жағдайда  өмір  сүретін  отбасыны  көріп  тұрмыз,  әсіресе,  анасына 

артылған жүк тым ауыр. Патронаж қызметкері қиын жағдайда қалған ата-анамен кездескенде, 

әңгіме  түйіткілді  мәселелер  және  қиындықтар  айналасында  өрбитіні  анық,  ал  отбасының 

жетістіктері мен мықты тұстары сөз болары екіталай. Мұндай әдістеме «кемшіліктерге көп мән 

беретін» 

әдістеме 

болып 


табылады 

және 


түйіткілді 

мәселелер 

айналасында 

шоғырландырылатын әңгімелерге алып келеді. Балама әдістеме болып отбасында бар мықты 



тұстарға  және  ресурстарға,  оларды  мәселелерді  ретету  кезінде  пайдалануға  ерекше  мән 

беретін «активтерді басты назарға алатын» әдістеме табылады. Денсаулық активтері деген не 

екенін егжей-тегжейлі талдай отырып,  (Rotegård et  al., 2010)

xv

 жұмысының  авторлары   оларға 



«емделушінің  тәжірибесі,  қалауы  және  білімі»  деген  анықтама  берген.  Осы  авторлардың 

түсіндіруінше,  мейірбикелер  әрбір  жағдайда  активтер  міндетті  түрде  болатынын  түсінгенде, 

көрсетілетін  қолдау  жекелеген  адамның  және  отбасының  қажеттіліктеріне  сай  келуін 

қамтамасыз  ете  алады.  Бұл  адамдардың  мықты  қасиеттерін  бағалауға  және  оларды 

пайдалануға мүмкіндік береді

xvi





 

11 


 

Патронаж  қызметкері  активтерге  көңіл  бөлуі  үшін  оған  ата-аналарда  бардың  барлығын, 

олардың  құндылықтарын  және  олар  өздеріне  отбасы  үшін  ненің  маңызды  деп  санайтынын 

түсінетінін және бағалайтынын көрсететін әңгіме жүргізу қажет. Патронаж қызметкері ретінде 

сіз  ата-аналарға  өздерінің  мықты  қасиеттерін  түсінуге  және  оларды  шешім  іздеу  үшін  және 

өмірлеріндегі  қиындықтарды  жеңетін  іс-қимылдар  жоспарын  жасау  үшін  пайдалануға 

көмектесе  аласыз.  (Whiting  et  al,  2012)

xvii


 жұмысының  авторлары  көрсеткендей,  бұл  әдіс  ата-

аналарға: 

•  өз жағдайы туралы оң көзқараспен ойлануға,  

•  қолдарында бары туралы ойланғанда, шындыққа жақын болуға,  

•  жағдайын жалпы қалай түсінетінімен бөлісуге,  

•  өздері және өз әлеуеті туралы көбірек білуге көмектеседі. 

 

Жоғарыдағы  кейс  стадиде  сипатталған  оқиғадан  активтерді  анықтаңыз  және  патронаж 



қызметкерінің іс-әрекеттерін атаңыз (не айта және істей аласыз). 

Ықтимал жауаптар 

Активтер 

Патронаж қызметкері не айта және 

істей алады  

Ананың жақсы ата-ана болуды қалауы;  

Әкенің үй шаруасына көмектесуге 

дайындығы; 

Пара-пар қызметтер үшін балаға қарап 

беруге дайын достар; 

Ата-ананың баласына қамқорлығы және 

баласына жазатайым оқиға болғанда, ол 

үшін кез-келген әрекетке баруға 

дайындығы; 

Мәселе шешуге дайындық; 

Патронаж қызметкеріне сенім артуға 

дайындық; 

Өз жағдайына өз бетінше талдау жасау; 

Жұмыс, демек, кіріс. 

 

«Аз ұйықтасаңыз да, барлық істі сондай 

жақсы тындырасыз». 

 «Балаларыңызға не қажет екенін жақсы 

түсінесіз». 

 «Басқа аналармен достасып алғаныңыз 

және бір-біріңіздің балаларыңызға қарап 

бере алатындарыңыз керемет. 

Балаларыңыздың да басқа балалармен 

басқа ортада ойнау мүмкіндігі пайда 

болады». 

«Болашаққа қатысты қандай 

армандарыңыз бар?» 

Басқа аналарға көмектескенде, қолынан 

қандай іс жақсы келетінін сұраңыз. 

Патронаж қызметкері ата-анамен бірге 

эко-карта жасап, ата-аналар нені ресурс 

ретінде түсінетінін, жергілікті қоғамда 

басқа қандай ресурстар немесе көмек 

көздерін, мысалы, қайырымдылық баспана 

ұйымы туралы білетінін анықтай алады. 

 

 

 




жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау