Амск патронаж



жүктеу 3,52 Mb.
Pdf просмотр
бет2/23
Дата25.12.2019
өлшемі3,52 Mb.
#24919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Module 2: The new role of the home visitor  

 

4 | 



P a g e

 

II. АНЫҚТАМАЛЫҚ АҚПАРАТ: СІЗДІҢ РӨЛІҢІЗ ЖӘНЕ КӘСІБИ 



ҰМТЫЛЫСТАРЫҢЫЗ 

Балалар  арасындағы  өлім-жітімді  азайтуда  айтарлықтай  жетістіктер  бар.  Алайда,  балаларға 

толық  даму  әлеуетіне  жетуге,  кейінгі  өмірінде  созылмалы  сырқаттардан  аулақ  болуға  және 

орнықты даму мен әлеуметтік әділдікке жол тартуға көмектесу үшін балалардың тіршілік етуіне 



және дамуғына бағытталған бағдарламалар өзара байланысты болуы қажет

i



Әйел жүктілігі кезінде және баланың ерте балалық шағында үйге барып қарау балалар әлеуетін 

толығымен  іске  асыра  алуы  үшін  теңсіздікті  азайтудың,  балалардың  денсаулығын 

жақсартудың және оларға көмектесудің маңызды стратегиясы болып табылады. Үйге барып 

қарау арқылы сіз: 

•  оқу-үйренуге және ұсыныс-кеңес алуға мүмкіндік бересіз; 

•  барлық отбасылардағы нәрестелерге көрсетілетін қамқорлық пен күтімді арттыра және 

олардың өміршеңдігіне септесе аласыз; 

•  қажеттіліктерді  анықтай аласыз  және  анықталған  қауіп-қатерлер  және ұрымталдыққа 

сәйкес шара қолдана аласыз

•  көрінбейтінді көрінетін ете аласыз. 

Бірақ, бұл патронаж қызметкерлерінің біліктілігі және кәсібилігі өте жоғары болуын талап етеді

ii



Бүгінгі  таңда  бүкіл  әлемдегі  патронаж  мейірбикелері  кішкентай  балалары  бар  отбасыларда 

денсаулықты  нығайтуға  және  адами  әлеуетті  дамытуға  септесуге  бағытталған  қызметтер 

көрсетеді. Алайда, олардың білім деңгейі, нақты міндеттері және мамандықтарының атауының 

өзі әр елде әртүрлі болып келеді. Мысалы, жұмысы балалар айналасында шоғырландырылған 

денсаулық сақтау қызметкерлері келесідей аталуы мүмкін: 

•  Ұлыбританияда, Данияда

iii

 және Норвегияда



iv

 медициналық патронаж қызметкерлері 

(health visitors);  

•  Солтүстік Америка елдерінде, Ирландияда

v

 және Жапонияда



vi

 мемлекеттік денсаулық 



сақтау жүйесінің мейірбикелері (public health nurses) (PHN);  

•  Австралияда

vii

 және Швецияда балалар мейірбикелері (child health nurses);  



•  Бельгияда

viii


 әлеуметтік мейірбикелер (social health nurses);  

•  Бұрынғы Югославияның кейбір елдерінде

ix

 патронаж мейірбикелері (patronage nurses).  



Халықтың  өзгермелі  қажеттіліктерін

x

 ескеру  үшін  қазіргі  уақытта  Еуропада  отбасылық 



мейірбике  (family  health  nurse  -  FHN)  мамандығы  сынама  жоба  ретінде  іске  қосылды.  Оның 

міндеттері барлық отбасы мүшелері және барлық жас топтары айналасына шоғырландырылған, 

сондықтан,  оның  рөлі  бар  міндеті  кіші  жастағы  балалардың  денсаулығын  бақылаумен 

шектелетін  патронаж  мейірбикелерінің  рөліне  қарағанда,  әлдеқайда  жалпы  міндеттермен 

сипатталады. 

Патронаж 

мейірбикелерінің 

мамандықтарының 

атауларындағы 

және 


атқаратын 

міндеттеріндегі  айырмашылықтар  елдер  арасында  да  айырмашылықтар  сөзсіз  болатынын 

білдіреді.  Сондықтан,  осы  модульде  ұсынылатын  қазіргі  міндеттер  (рөлдер)  және  жаңа  рөл 

арасындағы айырмашылықтар әртүрлі елдерде сан түрлі болады. Бірақ, біз барлығынан ортақ 




Module 2: The new role of the home visitor  

 

5 | 



P a g e

 

айырмашылықты  көретін  боламыз,  ол  –  жаңа  патронаж  қызметкерлерінің  жұмысын  атқару 



барысында белсенді және бастамашыл болатыны және кәсіби шешімдер қабылдайтыны. Жаңа 

рөлдерінде патронаж қызметкерлеріне басым міндеттерін, күнделікті кестесін, сонымен қатар, 

отбасыларға  өзекті  және  қажетті  көмек  көрсетілуін  қамтамасыз  ету  үшін  қашан  және  кіммен 

кездесетінін  жоспарлау  үшін  көбірек  дербестік  қажет  болуы  мүмкін.  Төменде  осы  рөл 

ауқымының қаншалықты кең екенінің сипаттамасы келтірілген және сіз патронаж қызметкерінің 

осы жаңа рөлінен қазір не күтетініңіз туралы ойлана аласыз. 



Патронаж қызмектерінің жан-жақты рөлі  

Жалпы  кәсіби  рөл  (міндеттер)  өте  кең  ауқымды,  себебі,  ол  патронаж  қызметкерлерінің  бала 

өміріне  әсер  ететін  барлық  факторлар  туралы  ойлауын,  соынмен  қатар,  патронаж 

қызметкерлерінің  өздеріне  не  әсер  ететіні  туралы  ойлауын  талап  етеді.  Осы  рөлді  жалпылау 

үшін  оны  кәсіби  рөлдің  өлшемдері  тұрғысынан  қарастыру  пайдалы  болады,  аталмыш 

өлшемдер:  жекелеген  адамдар,  отбасылар,  жергілікті  қоғам  және  мекемелер.  Төмендегі 

диаграмманы қараңыз (2-сурет). 

1.1-сурет. Рөл аясындағы оның өлшемдеріне қатысты әрекеттер  

 

 



Өз бетінше рефлексия жасау 

Осы модульмен жұмыс жасау кезінде сізге рефлексия (іс-әрекеттеріңізді ой елегінен өткізу және 

талдау) үшін күнделік жүргізу қажет; сіз онда не істегеніңіз, не білгеніңіз немесе байқағаныңыз 

туралы  ойларыңызды  жазып  отырасыз.  Ойларыңыз  және  тәжірибеңіз  туралы,  не  ұнағаны 

туралы,  нені  жақсы  істегеніңіз  және  нені  одан  да  жақсы  істей  алуыңыз  мүмкін  екені  туралы 

жазыңыз. 

•  Патронаж қызметкерінің кәсіби рөлінен не күтетініңіз туралы ойланыңыз. 

Ақпаратпен бөлісу

Құжаттар және жазбалар жүргізу

Мамандармен таныстыру 

жәнеоларға жолдау

Өкілдік ету

Өз әрекеттері үшін есеп беру

•Байланыстар сақтау

•Жалпы қажеттіліктерді анықтау

•Ресурстарға көңіл аудару

•Түсінік пен хабардарлықты 

ынталандыру

•Қарым-қатынастарды түсіну

•Мықты тұстарды және 

ресурстарды анықтау

•Тәрбиелеушімен тілдесу

•Өзара пайдалы әрекеттестік 

моделін жасау

•Шындыққа жанасатын үміт-

талап артуға көмектесу

•Адвокаси ұсыну

Қажеттіліктерді бағалау, 

бақылау және көрсету

Денсаулық туралы ақпарат 

беру

Құрмет, қамқорлық және 



жанашырлық таныту

Кеңестер және ұсынымдар 

беру

Жекелеген 



адамдар

Отбасылар

Мекемелер

Қоғам



жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау