Module 2: The new role of the home visitor
6 |
P a g e
• Ал енді біртұтас қоғамның бір бөлігі болып табылатын және түрлі мекемелердің
қызметтерін пайдаланатын жекелеген адамдармен және отбасылармен жұмыс жасауда
өз рөліңізді атқару үшін сізге қажет болатын дағдылар туралы ойланыңыз.
1-ші Ақпараттық картаны пайдаланыңыз, онда іс-әрекеттеріңізді ой елегінен өткізуге
қатысты жазбалар жүргізудің үлгісі келтірілген, сол үлгінің көмегімен рефлексия
күнделігін жүргізе бастайсыз.
III 1-ТАРАУ
КӘСІБИ МАҚСАТ
Үйге барып қарау – патронаж қызметі – өзіндік ерекшеліктерге ие. Аталмыш қызмет әйел
жүктілігі кезінде және бала туылғаннан кейінгі кезеңде отбасылар және жекелеген адамдар
айналасында шоғырланады. Патронаж қызметі көрінбейтінді көрінетін етеді.
Патронаж қызметі үйге барып қарау арқылы жүзеге асырылатындықтан, жағдайды терең
түсінуге мүмкіндік туады, ал бұл төменде көрсетілгендер үшін жақсы негіз құрады:
• Шындыққа негізделген бағалау
• Мықты тұстарды немесе активтерді анықтау
• Жекелеген адамдармен жұмыс жасау
• Әдеттегі қиындықтарды еңсеру үшін шаралар қолдану
• Ата-аналардың қызметтерге тиімді атсалысуы
xi
Білікті патронаж қызметкерлері жеке қажеттіліктерге сай араласу шараларын таңдап береді,
бірақ, сонымен бірге, экологиялық қағидаларға сәйкес отбасы мекен ететін жерде отбасына
қажетті қызметтермен байланыс орнатуды қамтамасыз етеді.
Патронаж қызметкері ретінде сіз 2-суретте көрсетілгендей, барлық «деңгейлермен»
жұмыс жасайсыз, әрі балаға отбасындағы жағдай, ал отбасына тұрғылықты мекеніндегі және
одан да кеңірек ортадағы жағдай әсер ететінін түсінесіз. Ал бұл сіздің 2-ші Ақпараттық картада
сипатталған экологиялық қағидаларға сәйкес жұмыс істейсіз дегенді білдіреді.
2-сурет. Әсер етудің және
ресурстардың экологиялық
«деңгейлері»
Faamly
Қоғам
Отбасы
Бала
Module 2: The new role of the home visitor
7 |
P a g e
Патронаж қызметкері – осы қызметтің қақ ортасында
Сіздің мақсатыңыз балаларды қолда бар ресурстармен және көмек көрсететіндермен
байланыстыруға көмектесе отырып, қоғам ішіндегі барлық «деңгейлермен» жұмыс жасау
болғандықтан, сізге, патронаж қызметкеріне, осы қызметте орталық орын беріледі. Бұл 3-
суреттегі мысалда көрсетілген, сіз патронаж қызметкері ретінде әріптестеріңізбен бір ұжымда
жұмыс жасай отырып, келесі әрекеттерді жүзеге асыратын боласыз:
• Әр отбасымен және әр қызметпен жеке-жеке байланыс орнатасыз (көк сызықтармен
көрсетілген),
• Отбасыларды жергілікті қоғамдағы өзге қызметтермен және ресурстармен
байланыстырасыз (қызғылт сары сызықтармен көрсетілген),
• Отбасыларды бірін-бірі көмек көзі ретінде пайдалануға көмектесесіз (жасыл сызықпен
көрсетілген).
3-сурет. Патронаж қызметкері – осы қызметтің ортасында
Отбасылар арасында жаңа қарым-қатынастар дамытуға септесе отырып, сіз әлдеқайда
мықтырақ қоғам қалыптастыруға көмектесе аалсыз. Кейде осы үдерісті жергілікті қоғамда
әлеуметтік когезия (ауызбірлік)
дамыту деп сипаттайды, сонда қоғам өз мүшелеріне жақсырақ
қамқорлық көрсете алады
xii
.
Патронаж
қызметкері
Отбасы
B
Балалар
орталығы
Мамандардың
мед.қызметтері
Отбасы
C
Ата-аналар
немесе
балалар
топтары
Отбасы
A
Жерг.қоғамдағы
баспана
Module 2: The new role of the home visitor
8 |
P a g e
Іс жүзінде жұмыс жасау үшін қажет құндылықтар
Жарияланған әдебиет көздеріне жасалған шолуда
xiii
патронаж қызметкерлеріне
жұмысты сапалы етуге және клиенттердің сол жұмысты жылы қабылдауына
септесетін құндылықтар негізі қажет екені атап өтіледі. Бұл материал 4-ші
Ақпараттық картада ұсынылған.
Сіз сол құндылықтар жүйесін үйге барып қарау кезінде өз мінез-құлқыңыз арқылы және
отбасылармен жұмыс жасау кезіндегі өзара әрекеттестік арқылы көрсетесіз. Осындай
құндылықтардың артында үш қағида тұр:
1. Аталмыш құндылықтар денсаулықты қамтамасыз етуге бағытталған – сіз шешім табу
үшін белсенді бастамашылдық танытасыз және мықты тұстарды анықтайсыз.
2. Сіз «адам туралы ұмытпай», жұмысыңызды нақты адамның қажеттіліктеріне сәйкес
түрлендіре отырып және үміт үзбей, басқаларға әрдайым оң көзқараспен қарайсыз
(адамдарды бағалайсыз).
3. Сіз әрбір адам белгілі бір жағдайда (адамды қоршаған орта) екенін түсінесіз,
сондықтан, қажеттіліктерге баға беру кезінде әрдайым жеке жағдайды ескересіз және
3-суретте көрсетілгендей, барлық деңгейлерде жұмыс жасайсыз.
Неліктен сіз сияқты адамдар патронаж қызметкері атанады? Ұлыбританияда жүргізілген және
мейірбикелер неге сол мамандықты таңдағанын анықтауды мақсат еткен «Start and Stay Study»
xiv
зерттеуінің мәліметтеріне сәйкес патронаж қызметкерлері осы рөл барынша бойсұнуды талап
ететінін және олар отбасылармен жұмыс жасауды мәртебе санайтынын жеткізген.
Патронаж қызметкері атану үшін білім алып жатқан студент қыздың пікірі:
• Өмірдегі қиын жағдайларға қасқая төтеп беретін адамдардың мықты қасиеттерін
көресің.
Ұлыбританиядағы білікті патронаж қызметкерінің пікірі:
Барлық отбасылар әртүрлі, бала дүниеге келген
сайын,
«отбасына
кіргенде»
қобалжисың,
алдыңда жаңа, әрі қызықты міндет тұрады. Есік
қоңырауын алғаш рет басқан сәт – жаңа және
қызықты «сапардың» басталған сәті».
Осында көріп тұрған ашық есік сияқты осы рөл
сізге адамдардың өміріне кіруге мүмкіндік береді.
Жүктілік, артынша баланың дүниеге келуі – жаңа
бастама, патронаж қызметкері үйге кіріп,
отбасымен
танысады,
отбасы
болашаққа
апаратын пайдалырақ жолды таңдауы үшін
оларға жолсерік ретінде қызмет етеді. Осы
сапардың соңын көру мүмкін болмаса да,
белгісіздік сынақ сияқты көрініп, одан міндетті
түрде өтуге қызығушылық туады. Осы фотосуретте