Амск патронаж



жүктеу 3,52 Mb.
Pdf просмотр
бет7/23
Дата25.12.2019
өлшемі3,52 Mb.
#24919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

 

18 


 

•  ережелерді құрметту, бірақ, түсініксіздік туындаса, сұрақ қою керек;  

•  өз міндеттеріңіздің/жауапкершілігіңіздің аясын ескеру керек;  

•  бірден, кідірместен, іс-әрекеттерде құжат бетіне түсіріп отыру керек; 

•  бірге  іс-қимылдар  жоспарын  жасау  үшін  басқалармен  байланыс  орнату 

керек;  


•  өз әрекеттеріңіз үшін есеп бере алуыңыз керек. 

Жоғарыда аталған әрекеттердің барлығы кәсіби жұмыс жасау нышандары болып табылады. 



Өзге мамандармен бірге жұмыс істеу 

Отбасылардың  мүдделеріне  сай  үздік  нәтижелерге  жету  үшін  патронаж  қызметкерлеріне 

серіктестікті дамыта отырып, көрсетілетін қамқорлық үйлестірілген және жан-жақты болуы үшін 

өзге  мамандармен  тығыз  ынтымақтастықта  жұмыс  жасау  қажет.  Бұл  жағынан,  әсіресе, 

мамандар әртүрлі мекемелерде жұмыс жасаса, мақсаттары әртүрлі болса, жұмыстары негізінен 

басқа  мәселелерге  көбірек  көңіл  бөлсе,  өзін  басқа  топпен  сәйкестендіруге  бейім  болса, 

қиындықтар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда байланыс орнату қиынға соғуы мүмкін, әрі 

көп  уақыт  алуы  да  ықтимал.  Байланыс  орнатудағы  қателіктер  қызметтер  көрсету  саласында 

және клиенттермен жұмыс жасау кезінде қолайсыз жағдайлар туындаудың негізгі себебі болып 

табылатыны белгілі (Leonard et al., 2004), сондықтан, отбасылардың мүдделерін қамтамасыз ету 

үшін  мамандар  арасында  тиімді  байланыс  орнату  ерекше  маңызды.  Жақсы  байланыс 

орнатылуын қамтамасыз ету электронды пошта, телефон және жеке кездесулер сынды ақпарат 

алмасудың  өзара  келісілген  тетіктерін  талап  етеді.  Жұмыста  жақсы  байланыс  орнатудың 

ұсынылған стратегияларына (Owens, 2009) келесілер кіреді: 

•  телефон арқылы байланыс орнату; 

•  коммуникациялық журналдар немесе күнделіктер қолдану;  

•  отбасымен бірлескен кездесу өткізуді жоспарлау үшін басқа маманды шақыру; 

•  тысқары мамандар өткізетін тренингтерге немесе ақпараттық жиналыстарға бару; 

•  арнайы немесе кезектен тыс жиналыстарға бару. 

Байланыс орнатуға уақыт бөлу керек болады және өзге мамандардың және секторлардың 

рөлін түсіну үшін барлық мүмкіндіктері пайдаланған абзал. Маманаралық оқытуды (яғни, түрлі 

маман иелерінің қатысуымен) зерттеу көрсеткендей, бірлесіп оқыту әр маманға өзге 

мамандардың рөлін түсінуге көмектеседі, ал бұл жақсы қарым-қатынастарды және мықты 

іскерлік серіктестіктерді дамытуды жеңілдетеді (Darlow et al., 2015).  

Өзге мамандармен және отбасылармен серіктестікте жұмыс жасауға күш салу әркімнің 

жауапкершілігі болып табылады. Патронаж қызметкері ретінде сіз қызметтер сапасы 

жақсаратын болса және отбасына бір септігі тиетін болса, өзге сектормен серіктестікті қалай 

бастай алатыныңызды ойластыру үшін жауаптысыз. Ақпарат алмасу серіктестікте жұмыс 

жасаудың маңызды бөлігі болып табылады, себебі, бұл қажеттіліктерді жақсырақ түсінуге 

септеседі, бағалау жүргізуге көмектесе алады және осылайша, отбасыларды/балаларды 

мамандарға жолдау жүйесін нығайтады. Сондай-ақ, өзге секторлармен жұмыс жасау туралы 

модульді қараңыз. 

 



 

19 


 

 

Серіктестікті дамытуға сіз қосатын үлесті саралау үшін келесілер туралы ойланыңыз: 



• 

Өзге салалардағы немесе секторлардағы 

әріптестеріңізбен белсенді ақпарат 

алмасуға қалай септесесіз? 

 

• 

Қай әріптестеріңізбен бірге серіктестікте 



жұмыс жасайсыз және серіктестікте 

жұмыс жасаудың ықпалын қалай 

өлшейсіз?  

 

 



Кәсіби бедел-бейне 

Патронаж  қызметкері  ретінде  сіз  өзге  адамдармен 

(ата-аналармен,  жергілікті  қоғам  мүшелерімен  және 

әріптестеріңізбен) тікелей  байланысқа түсесіз, ал бұл 

патронаж  қызметінің  кәсіби  бедел-бейнесін  жасап 

шығарады.  Бұл  сіздің  телефон  арқылы,  электронды 

немесе  кәдімгі  пошта  арқылы  хабар  алысуыңызға 

және адамдармен жүзбе-жүз тілдесуіңізге де қатысты. 

 

Әртүрлі  байланыс  түрлері  басқа  адамдарда  белгілі  бір  әсер  қалдырады  –  патронаж  қызметі 



туралы  түсінігі  қалыптасады.  Осындай  әсер  мен  түсінік  нәтижесінде  қалыптасатын  бейне  өте 

маңызды,  себебі,  адамдардың  осы  қызметті  қаншалықты  бағалайтынына,  сенім  артатынына 

және  кейін  ұсынған  қызметтерін  пайдаланатынына  (пайдаланбайтынына)  әсер  етеді.  Егер 

қызмет аз пайдаланылса немесе оны тек кейбір халық топтары ғана пайдаланса, тиімсіз болады. 

Мұндай  қызмет  ұрымталдықты  азайтуда,  кішкентай  балалардың  және  олардың 

отбасыларының денсаулығы мен аман-саулығын жақсартуда табысты болмайды. Жақсы кәсіби 

бедел-бейне ата-аналарға көмек шынымен керек болғанда, мысалы, сәби тым көп жылағанда, 

көмекке  жүгінуіне  септеседі.  Егер  ата-ана  уақытылы  көмекке  жүгінсе,  ашу-ызаның  буымен 

ойланбай әрекет етуін, мысалы, ашуға булығып, сәбиді сілкілеуден немесе ұрып-соғудан аулақ 

қылады. Егер ата-ана кәсіби патронаж қызметіне сенім артса және оған кеңес алу үшін жүгіне 

алса, мұндай қауіпті мінез-құлықтың алдын алуға болады. 

Егер  біз  өзгелермен  өзара  әрекеттестігімізді  саралайтын  болсақ,  бұл  біздің 

қандай кәсіби бедел-бейне қалыптастыратынымызды және адамдардың бізге 

жүгінгісі келетінін/келмейтінін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Есіңізде болсын, 

біздің  сыртқы  келбетіміз  және  сөйлеу  мәнеріміз  адамдарға  тікелей  әсер 

қалдырады,  сондықтан,  айтқанымызды  қалай  түсінетініне  әсер  етеді  (сондай-ақ,  тілдесу 

туралы модульді қараңыз). 

Келесілерді есте сақтаған жөн: 

•  көзбен байланыс орнату; 




жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау