С. А алимбеков 2015 ж. Ішкі тәртіп ережелері орал, 2015 ж



жүктеу 77,5 Kb.
Дата26.01.2020
өлшемі77,5 Kb.
#27331

БЕКІТЕМІН

Батыс Қазақстан инженерлік-

технологиялық колледжінің

директоры

___________С.А Алимбеков

«_______»__________ 2015 ж.


ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

Орал, 2015 ж


  1. Мақсаты

Ішкі тәртіп ережесі еңбек және оқу тәртібін нығайтуға, жұмыс және оқу уақытын тиімді пайдалануға, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын, ғылыми зерттеу және әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін жақсартуға бағытталған.


  1. Қолданылуы

Бұл құжат колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілеріне, оқытушыларға, жұмысшылар мен қызметкерлерге сондай-ақ барлық оқушыларға жолданады.


  1. Терминдер мен қысқартулар

Істі суреттеуде келесі терминдер пайдаланылады:

Еңбек және оқу тәртібі - бұл ішкі тәртіп ережелерін мүлтіксіз орындау, өзінің жұмысы мен оқуына творчестволықпен, жоғары жауапкершілікпен қарау, оның жоғары сапалығын қамтамасыз ету, жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

Еңбек тәртібі оқытушылардың, жұмысшылардың, қызметкерлердің, оқушылардың қызметтік және оқу міндеттерін саналы түрде орындауына негізделінеді.

Еңбек және оқу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай ақ ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтаумен қамтамасыз етіледі.


  1. Жауапкершілік пен өкілеттілік




    1. 4.1 Қызметкерлердің негізгі міндеттері:



Колледждің барлық қызметкерлері міндетті:

-өзінің жұмысын адал және шын ниетімен, жоғары деңгейдегі жауапкершілікпен атқару, еңбек тәртібін сақтау-әкімшіліктің ұйғарымдарын дер кезінде және дәл орындау, жұмыс және оқу уақытының барлығын өнімді еңбекке жұмсау, басқа жұмысшылардың еңбек және оқу міндеттерін орындауына кедергі жасайтын әрекеттерге бармау;

- қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметінің талаптарын, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері және басқа да нұсқаулармен қарастырылған талаптарды орындау;

-бірқалыпты жұмыс жасауға кедергі келтірілген немесе қиындататын себептер мен жағдайларды тез жоюға шаралар қолдану және осылар туралы әкімшілікті ескерту;

-материалдық құндылықтар мен құжаттарды сақтаудың қабылданған тәртібін бұзбау;

-колледждің меншігін сақтау және күшейту, құралдарды тиімділікпен пайдалану, оқулықтарға, өлшегіш аспаптарға, жұмысшыларға пайдалануға берілген арнайы киімдерге және басқа да заттарға ұқыптылықпен қарау, шикізаттарды, материалдарды, электр қуатын, суды, жылуды және басқа да материалдық қорларды үнемді және тиімділікпен шығындау;

-өзінің біліктілігін қабылданған тәртіпке сәйкес жүйелі түрде көтеріп отыру.



    1. 4.2 Оқытушылар құрамы міндетті:



-педагогикалық және ғылыми білімнің жоғары нәтижелігін қамтамасыз ету-студенттерге өз бетімен, жеке және творчествалық қасиеттерді дамыту, мемлекеттік стандарттар талабына сәйкес білім алуына қол жеткізу;

- ғылыми, тәрбие және әдістемелік жұмыстарды жүргізу, оларға оқушыларды белсенді түрде тарта білуі;

-педагогикалық этикет нормаларын, колледждің Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

-өзінің жалпы мәдени, ғылыми және кәсіби деңгейін көтеру, студенттерге жоғары кәсіби деңгейде тәрбиелеу және білім беру, ұлттық, жалпы адамзаттық рухани-ізгілік әдеттерді құрметтеуге тәрбиелеу;



    1. 4.3 Барлық құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің міндеттері:



- Өндіру нормасына сәйкес және нормаланған өндірістік тапсырмалы жұмыстарды дер кезінде, тиянақты, аса жоғары жауапкершілікпен орындау;

- Өзінің жұмыс орнын, құрал-жабдықтарды тазалықта және жақсы күйде ұстау, оларды ақаусыз тапсыру;

- Жұмыстың бірқалыпты орындалуына кедергі келтіретін немесе қиындықтар тудыратын себептер мен жағдайларды тез арада жоюға шаралар қолдану.

Жұмысшыларға әкімшіліктің рұқсатынсыз колледждің меншігі болып саналатын заттар мен әртүрлі құрал-жабдықтарды зертханалардан, оқу және басқа да бөлмелерінен алып шығуға тиым салынады.

Әрбір жұмысшының өздерінің мамандықтары, біліктілігі мен лауазымына сәйкес атқаратын міндеттерінің шеңбері жеке еңбек шартымен, тиісті лауазымдық нұсқауларымен және ережелерімен анықталады.



    1. 4.4 Колледж оқушыларының негізгі міндеттері:



-таңдаған мамандығы бойынша оқу, жұмыс жоспары мен оқыту бағдарламасымен қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау;

-аралық және қорытынды аттестаттау тәртібі ережелерін бұзбау, сынақтар мен емтихандарды уақытында тапсыру;

-оқытушыларға және қызметкерлерге кішіпейл болу;

-оқу-тәрбие үрдістерінің қабылданған режимін және ағымдағы есеп беру мен қорытынды аттестау ережелерін қатаң сақтау;

-ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қоғамдық орындар мен колледж аумағында шылым шекпеу және спиртті ішімдіктер пайдаланбау, - әкімшіліктің бұйрықтары мен ұйғарымдарын орындау;

- оқу орнына классикалық үлгідегі киіммен келу;

- колледждің қоғамдық өміріне белсене араласу.
Себепсіз сабақ жіберген жағдайда оқушы бір күн ішінде бұл туралы топ тәлімгерін немесе бөлім меңгерушілерін хабардар етіп, оқу орнына оралған күні сабақ жіберу себебі жайлы мәлімет беру қажет. Ауырған жағдайда -емдеу орнының анықтамасын тапсыруы тиіс.

Оқушыларға әкімшіліктің рұқсатынсыз колледждің меншігі болып саналатын заттар мен әртүрлі құрал-жабдықтарды зертханалардан, оқу және басқа да бөлмелерінен алып шығуға тиым салынады.





    1. 4.5 Әкімшіліктің негізгі міндеттері:



- оқытушылар құрамына және басқа колледж қызметкерлеріне жұмыс жағдайын қамтамасыз ету, олардың мамандықтары мен біліктіліктеріне сәйкес жұмыс орнын бекіту. Олардың сабақтарының кестесін уақытында хабарлау, жаңа оқу жылына оқу-әдістемелік, ғылыми –зерттеу және т.б. жұмыс түрлерінен жеке жоспарларын бекіту; басқа категориядағы қызметкерлерді берілген тапсырмамен таныстыру, оларды барлық жұмыс уақытына жұмыспен қамтамасыз ету;

- қазіргі заманғы өндіріс талаптарын, ғылым мен мәдениеттің жаңа жетістіктерін, олардың даму болашағын, еңбектің ғылыми ұйымдастырылуларын ескере отырып, мамандардың сапалы дайындалуына жағдай тудыру;

- еңбек, оқу, ғылыми және өндірістік тәртіптің қатаң сақталуын қадағалау, жұмыс уақытын зая кетпеуін болдыртпау, жұмыс ресурстарын тиімді пайдалану, тұрақты еңбек ұжымын құру;

- еңбек ұжымына іскерлік, творчествалық жағдай тудыруды қамтамасыз ету, оқытушылардың, қызметкерлердің және оқушылардың колледж жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстарын дер кезінде қарап ендіру;

- бөлмелердің таза ұсталуын, жылу берудің, желдетудің, құрал –жабдықтардың ақаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету, колледж қызметкерлері мен оқушыларының сыртқы киімдерінің сақталуына жағдай тудыру; оқу, тәрбие, өндірістік және ғылыми үрдістерді қаржылай немесе материалдармен жабдықтау;

- еңбекті қорғау ережесі мен заңдарын сақтау, оқушылардың оқу жағдайын жақсарту, барлық жұмыс орындарын техникалық құрал-жабдықтармен жабдықтау және еңбекті қорғау ережесіне сәйкес жұмыс істеу жағдайын жасау (қауіпсіздік ережелеріне және санитарлық нормаларға т.б.)

- қызметкерлердің және білім алушылардың қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік нұсқауларының барлық талаптарын сақтауын және олардың осы сұрақтарға байланысты білімдерін бақылау;

- қызметкерлердің мұқтаждықтарына, сұраныстарына назар аудару, олардың тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға жағдай жасау, спорттық сауықтыру кешендерін дамыту, қызметкерлердің демалысына көңіл бөлу;

- оқу орнының барлық қызметкерлеріне дер кезінде еңбек демалыстарын беруді реттеу;

- қызметкерлердің іскерлік (өндірістік) біліктілігін, экономикалық және құқықтық білімдерін жүйелі түрде көтеруін қамтамасыз ету, жұмысын өндірісте немесе оқу орнында білім алумен ұштастыруына жағдай тудыру;

- еңбек ақысын дер кезінде және толық көлемде төлеп отыру, қызметкерлердің жеке еңбегінің және жұмыстың жалпы қорытындысына материалдық мүдделігін қамтамасыз ету, қабылданған еңбек ақы төлеу шарттарының дұрыс қолданылуын сақтау;

- оқу орнының күзетілуін, құрал-жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оқу және тұрмыстық ғимараттарда қажетті тәртіпті әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерінің тарапынан қолдауды қамтамасыз ету.


4.6. Еңбек және оқу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік.


Еңбек тәртібін бұзу, басқаша айтқанда өзіне жүктелген лауазымдық міндеттердің қызметкерлердің кінәсінен орындалмауы немесе жеткіліксіз орындалуы тәртіптік жаза немесе қоғамдық әсер ету шараларын, сондай-ақ еңбек шартымен және қабылданған заңнамаларымен қаралынған шараларды қолдауға әкеп соғады.

Еңбек тәртібін бұзғаны үшін колледж әкімшілігі төмендегі тәртіптік жазаларды қолдана алады:

- ескерту;

- сөгіс;

- қатаң сөгіс;

- лауазымдық міндетін өрескел бұзғаны үшін жұмысшымен жасалған еңбек шартын бұзу.

Тәртіптік жаза шараларын директор береді және ол сәйкес бұйрықпен жарияланады. Жаза қолданғанға дейін бөлім жетекшісі еңбек тәртібін бұзушыдан жазбаша түрде түсініктеме алуы тиіс. Қызметкерлердің түсініктемеден бас тартуы жаза шараларын қолдануға кедергі бола алмайды. Ққызметкер түсініктеме жазудан бас тартқан жағдайда лайықты акт жасалады. Тәртіптік жазаны әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталған кезде, бірақ оны жасалған мерзімінен бастап бір айдан кешіктірмей қолдануы тиіс, қызметкерлердің ауырған немесе еңбек демалысында болған уақыты есептелмейді.

Тәртіптік жазаны тәртіп бұзғаннан кейін алты айдан соң қолдануға болмайды.

Әрбір тәртіп бұзушылық үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылады.

Жаза қолданғанда тәртіп бұзушылықтың ауырлығы, тәртіп бұзушылық орын алған кездегі жағдай алдыңғы жұмыс және қызметкерлердің тәртібі ескерілуі тиіс.

Тәртіптік шара қолдану туралы себебі көрсетілген бұйрық шара қолданылған қызметкер хабарланып, оған үш күн ішінде қол қойылып, таныстырылуы тиіс. Қажет жағдайда бұйрық колледж қызметкерлердің назарларына салынады.

Егер тәртіптік жаза қолданған күннен бастап алты ай ішінде қызметкерге жаңа тәртіптік жаза қолданбаса, оның тәртіптік жазасы жоқ болып есептелінеді.

Әкімшілік өзінің бастамасымен немесе еңбек ұжымының сұрауымен, қызметкер жаңадан еңбек тәртібін бұзбаған және жақсы қызметкер екенін көрсеткен жағдайда алты айдың өтуін күтпестен салынған тәртіптік жазаны бұйрықпен алып тастай алады.

Оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережесін бұзғаны үшін оқушыларға төмендегі тәртіптік жазалардың бірі қолданылады:

- ескерту;

- сөгіс;


- қатаң сөгіс;

-колледжден шығару.

Тәртіптік жазаны тәртіп бұзушылық анықталған кезде, бірақ оның жасалған мерзімінен бастап бір айдан кешіктірмей, оқушының ауырған немесе каникулда болған уақыты есептелмейді. Тәртіптік жазаны тәртіп бұзылғаннан кейін алты айдан соң қолдануға болмайды. Егер оқушы тәртіптік жаза қолданылғаннан кейінгі бір жыл ішінде жаңадан тәртіптік жаза алмаса, онда күнтізбелік жыл өткен соң тәртіптік жаза күшін жояды.

Оқушыда колледжге қабылданғанға дейін еңбек кітапшасы болған жағдайда күндізгі бөлімде оқығаны туралы мәлімет жазылады, колледжден шығарылған себебі көрсетілмейді.





  1. Сипаттама

5.1 Жұмысқа қабылдау және босату тәртібі:

Жұмысқа қабылдау кезінде жетекші мен қызметкерлердің арасындағы еңбек қатынасы жазбаша түрде жеке еңбек шартын жасасудан басталады.

Жеке еңбек шартын жасау үшін колледж әкімшілігі қабылданушыдан төмендегі құжаттарды талап етуге құқылы:

- жұмысшының еңбек еткендегі туралы құжаттар (еңбек кітапшасы, жеке еңбек шарты, жұмысқа қабылдану және босатылуы туралы бұйрықтардың көшірмелері, жұмыс берушінің қолы қойылып, мекеменің немесе нотариустың мөрімен бекітілген қызметі туралы тізім (қызметкердің жұмысы туралы мәліметтер); қызметкердің жұмысы туралы мәліметі көрсетілген архивтік анықтама; жеке куәлігі (паспорт; шет ел азаматтарына ықтияр хат) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылу жасындағылар әскери билет немесе тіркеу кітабын тапсырады;

- әлеуметтік жеке код берілуі туралы куәлік, зейнет шарты;

- білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат;

- адрестік-үстелден тіркелуі туралы анықтама;

- медициналық кітапша.
Жұмысқа қабылдау туралы колледж бойынша бұйрық шығарылып, жұмысқа қабылданушы онымен танысқаннан кейін қолын қояды. Бұйрықта штаттық кестеге сәйкес жұмыстың аты (лауазымы) және еңбекақы шарты көрсетілуі тиіс.

Жұмысқа қабылданғанда немесе басқа жұмысқа ауыстырылғанда әкімшілік қабылданған тәртіпке сәйкес төмендегі шараларды жүзеге асыруға міндетті:

-ішкі тәртіп ережесімен және оқу режимімен таныстыру;

-қауіпсіздік техникасымен, өртке қарсы қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың басқа да ережелерімен таныстыру.

Еңбек шартының бұзылуы заңмен және еңбек шартының өзімен қарастырылған негіздемелерге сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

Еңбек шартының бұзылуы туралы колледж бойынша бұйрық шығарылады.

Жұмыстан босатылған күні әкімшілік жұмысшыға немесе қызметкерге оның жұмыс істегендігін дәлелдейтін құжаттарын қайтарып, толық есеп айырысуы тиіс. Жұмысшының соңғы жұмыс күні, оның жұмыстан босатылған күні болып табылады. Колледжде бос орындарға конкурстық негізде сайлау жүйесі жұмыс істейді.

5.2. Жұмыс уақыты және оның пайдаланылуы:


Колледждің оқытушылар құрамына бес күндік жұмыс аптасына 7-сағаттық жұмыс күні белгіленеді. 36 сағаттық жұмыс аптасының алты сағаттық жұмыс күні шегінде оқытушылар, өздерінің лауазымдарына және жоспарларға сәйкес оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми зерттеу және тәрбие жұмыстарының барлық түрлері орындалуы тиіс.

Оқу сабақтарының кестесінің сақталуын, оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары бойынша жеке жоспарлардың орындалуын бақылау бөлім меңгерушілеріне, директордың оқу, тәрбие, оқу-өндірістік, ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына, колледж директорына жүктеледі.

Оқу-көмекші персонал үшін ұзақтығы 40 сағаттық бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

Жұмыстың басталуы және аяқталуы:

Әкімшілік бөлімінің қызметкерлеріне бес күндік жұмыс аптасы сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін.

Бөлім меңгерушілеріне бес күндік жұмыс аптасы сағат 8-30-дан 16-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін.

ОҚ-на бес күндік жұмыс аптасына 36-сағаттық жұмыс күні белгіленеді сағат 8-30-дан 16-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін. Сырттай оқу бөлімінің студенттерімен жұмыс жасау-оқу кестесіне байланысты.

Бөлім зертханашылары мен хатшыларына бес күндік 40-сағаттық жұмыс аптасы сағат 8-15-тен 16-15-ке дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін.

Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар үшін алты күндік 40 сағаттық жұмыс аптасы белгіленеді сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін.

Қабылданған нормативтік актілерге сәйкес зиянды қызметте істейтін колледж жұмысшыларының жұмыс уақыттарының ұзақтығы қысқартылуы мүмкін.

Оқытушы немесе басқа жұмысшылар жұмысқа келмей қалған жағдайда құрылымдық бөлім жетекшілері оларды басқа оқытушы немесе басқа қызметкермен ауыстыру шараларын қабылдауға міндетті.

Жұмыс уақытынан тыс кезде жұмысқа тарту жұмысшының келісімімен ғана жүзеге асырылады және олардың жалақысы еңбек заңнамаларына сәйкес төленеді.

Әкімшіліктің рұқсатынсыз жұмысшыны жұмыс уақытында өздерінің тікелей атқаратын қызметтерінен алаңдатуға, шақыртуға немесе басқа міндеттерді орындау үшін жұмысынан алуға болмайды.

Колледж жұмысшыларының кейбір тобына әкімшіліктің шешімімен белгіленген жұмыс аптасының аясында жұмыстың басталуы мен аяқталуының басқа уақыты қойыла алады.

5.3. Жұмыстағы және оқудағы жетістіктері үшін марапаттау:

Лауазымдық міндеттерін адал және жоғары деңгейде атқарғандығы, ұзақ мерзім ескертусіз жұмысы, еңбектегі жаңашылдығы және басқа да жетістіктер үшін оқытушылар мен қызметкерлер, көмекші және техникалық персонал келес жолдармен ынталандырылады:

- алғыс жариялау;

- грамотмен марапаттау;

- ақшалай сыйақымен марапаттау.

Сіңірген ерекше еңбектері үшін колледж қызметкерлері орден, медаль, Құрмет грамоталары, кеудеге тағатын белгілер және құрметті атақтарды беруге ұсынылады.

Еңбек ұжымы жұмыстағы жетістіктер үшін жұмысшылар арасынан моральдық және материалдық марапаттауға үміткерлерді ұсынуға және мемлекеттік наградаларға ұсынылатын үміткерлер туралы пікірлерін білдіруге құқылы.

Жақсы үлгерімі, колледждің ғылыми-ізденіс жұмыстары мен қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін оқушылар төмендегіше:

-алғыс жариялау;

-грамотамен;

-ақшалай сыйақымен марапатталды.

Марапаттау директордың бұйрығымен жарияланады, ұжымның барлық мүшелеріне хабарланады және қызметкерлердің еңбек кітапшасына жазылады.

5.4 Оқу үрдісінің тәртібі:

Колледждегі сабақтар бекітілген оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларына сәйкес сабақ кестесі бойынша өткізіледі. Бекітілген оқу жоспарларының негізінде жыл сайын оқу үрдісінің кестесі жасаланады. Оқу үрдісінің кестесі Педагогикалық Кеңсте қаралып, колледж директорымен бекітіледі.

Сабақ кестесі бір ай бұрын жасалынады және сабақ басталуына 10 күн қалғанда ілінеді. Оқу үрдісінің кестесі оқу жылының аяғында келесі оқу жылына оқу жұмыс жоспарына сәйкес дайындалады. Күндізгі бөлімнің оқушыларының апталық аудиториялық жүктемесі 36 сағаттан болуы тиіс. Барлық аудиториялық сабақтардың ұзақтығы-90 минут, 2 қосарланған сабақтан кейін 10 минуттық үзіліспен.

Практикалық жұмыс және семинар кезінде әрбір курс мүмкіндігінше 25-30 адамнан топтарға бөлінеді. Зертханалық жұмыстар жүргізу үшін және тілдерді оқытуда әр топты 12 адамнан аз болмайтын топшаларға бөлуге болады.

Әр топқа тіркеу бөлімі жетекшісінің ұйғарымымен беделді, үлгерімі және тәртібі жақсы оқушылардан топ старосталары тағайындалады.

5.5 Оқу ғимараттарында тәртіп сақтау.

Қызметкерлерге колледждің оқу ғимаратына жеке куәлік бойынша (пропуск) кіруге рұқсат етіледі.

Білім алушылар оқу ғимаратына оқушы билеті немесе сынақ кітапшасы арқылы кіреді.

Колледж ғимараттарының ішінде және аумағында тиым салынады:

- оқу ғимараттарына немесе аудиторияларға спорттық киіммен кіруге (спорттық шалбар, футболка, салқын мерзімде сыртқы қалың киім, қысқартылған шалбарлар, үйде киюге арналған жеңіл аяқ киім және т.б.);

- дауыстап әңгімелесу, шулау, сабақ кезінде дәлізде жүру;

-спирттік ішімдіктерді пайдалану, құмарлық ойындарын ойнау, шылым шегу, насыбай ату, басқа да наркотикалық заттарды пайдалануға;

- адам денсаулығына зиян келтіретін газды, тұншықтырғыш заттарды пайдалануға

Оқу ғимараттарының, аудиториялардың, кабинеттердің есіктерінің кілттері колледждің тәртіп сақтау және қауіпсіздік қызметінің кезекші күзетшісінде болады және қабылданған тізім бойынша беріледі.



Педагогикалық кеңес отырысында қаралып, бекітілді

Хаттама №1, 31.08.2015 ж.
жүктеу 77,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау