Бал құрғақ жерде 10°С-тан жоғары емес температураларда сақталады. Редуцирлеуші заттардың массалық үлес салмағы 82%-дан кем емес, сахарозаның массалық үлесі - 6%-дан көп емес Бақылау сұрақтары 1.Тәтті нандарды жасаудағы су сапасына қойылатын талаптар қандай? 2.Тағамдық тұз қамырға қандай әсер етеді? 3.Нан өндірісінде қандай ашытқылыр қолданылады? 4.Қант және қант құрамдас шикізаттар сапасына қойлатын талаптар? 5.Сұйық қантты және қантты ұнтақты алу жолдары? 6.Тосапты алу әдістері?
Дәріс №5
Нан өндірісінің қосымша шикізаттары
Жоспар
Майлар
Сүт және сүт өнімдері
Жұмыртқа және жұмыртқалы өнімдер
1. Майлар
Майлар азықтық нан, бөлішке және басқа нан өнімдерінің құрамына кіреді . Майлар өнім сапасының дәмін жақсартып, калориясын ұлғайтып, қатуын тоқтатады.
Майлар өсімдік және жануарлардан алынады.
Өсімдік майы кейбір майлы өсімдіктердің дәндерінен алынады. Өсімдік майлары мына өсімдіктерден алынады : күнбағыс, мақта, қыша, соя, жүгеріден алынады.
Майдың рафинациясының (тазалану) деңгейіне байланысты рафирленбеген, гидратирленген және рафинирленген деп бөлінеді. Оның құрамында 99,4...99,8%-ға дейін май және 0,15...0,3%-ға дейін ылғал болу қажет.
Жануарлардан алынатын майларға : сиыр майы, ол келесі түрде алынады : сары май (тұздалмаған,тұздалған, «Вологодское», «Любительское», «Крестьянское», бутербродты және т.б)және езілген, маргарин.
Сары майды пастерленген сулы қаймақтардан алады. Майлар бір-бірінен дайындалу әдістері, дәмі, консистенциясы, майлылығы және ылғалдылығымен ажыратылады.
Майды салқын қараңғы жерлерде сақтайды.
Маргарин өзінің химиялық құрамы бойынша, сіңірілуі және палориялығымен сары майдан аз айырмашылығы бар.
Маргарин түсі ақ немесе сары , консистенциялы, бөтен иістер жәнедәмі жоқ.
Маргарин дайындау үшін қажетті шикізаттар-майлар, сүт, эмульгаторлар, тұз, қант, бояғыштар, араматизаторлар және консервлеуші заттар. Саломас (65...75%), өсімдік және жануарлар майы маргариннің майлы негізі болып табылады. ГОСТ талаптары бойынша маргариннің келесітүрлері шығарылады: «сүт», «сары май», «жаңа» және т.б
Нан өндірісіне қолданылатын маргариннің құрамында 82%-дан кем емесмай, 17%-дан көп емесылғалдылықта болуы керек.Маргаринді 0...10°С-та сақтайды. Нан заводтарына маргарин сүйық күйінде (сүйық май) автоцистерналарда және арнайы контейнерлерде жеткізіледі. Нан өндірісінің,кондитерлік және тамақ жасауға арналған майлар – бұл қатты сусыз өсімдік мйлары, жануарлар майлары, эмульгаторлар мен басқа компоненттерден алынған майлар.
Достарыңызбен бөлісу: |