Ауылшаруашылық өндірісте дәнді культуралар, жемістерді өңдеу өнімдері немесе жемістердің өздері нан пісіру өндірісінде негізгі және қосымша шикізат ретінде қолоданылады. Негізгі шикізатқа ұн, су, тұз және ашытқылар жатады, олар нана бұйымдарының рецептндегі қажетті компоненттер болып табылады. Қосымша шикізаттарды нан өнімдері мен олардың ұқсас өнімдерінің тағамдық бағалылығын, дәмін, ароматты қасиеттерін жақсарту үшін қолданады. Оларға қант және қантты бар заттар, майлар және сүт, сүт өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, мия, жеміс- жидек өнімдері, тәттілер, қоспалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |