2. Ұнды араластыру
Белгілі бір өндіріс қоймасындағы бірдей сортты бірақ бөлек партиялы ұндардан нан пісіргенде әр түрлі қасиетке ие болады. Егер өндіріске бөлек партиялы ұндарды жіберсе, онда нан бірде жақсы, бірде жаман болуы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмас үшін өндіріске ұнды жібермей тұрып, әр түрлі партиялы ұндардың қоспасын жасау керек. Яғни бұл әдіс бір партияның жетіспейтін жерін еіншісі толықтырып отырады.
Нан сапасы жақсы және біркелкі болуы үшін қоспа алар кезде, әр түрлі сортты және партиялы ұндарды жақсылап араластыру керек. Мұндай мақсат үшін әр өндірісте қосыша өндірістік бункерлері бар. Қамыр иленер алдында ұн міндетті түрде араласу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |