Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 5,16 Kb.
Pdf просмотр
бет16/30
Дата22.05.2018
өлшемі5,16 Kb.
#15884
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30

51 
 
келген  бӛлігін  ӛзгертуге  болады;  нүктелерді  қажет  болмаса  ішінара  алып 
тастауға  немесе  қоюлатуға,  сондай-ақ  кескіннің  әр  нүктесін  ақ-қара  немесе 
басқа кез келген түске ӛзгертуге болады.  
Кемшілігі:  растрлық  кескін  ӛлшемінің  масштабын  ӛзгерткенде  (бір 
немесе  бірнеше бағытта  созу  немесе  сығу)  кескіннің  сапасын жоғалтатыны. 
Мысалы,  кескінді  үлкейткенде,  оның  кӛрінісі  дӛрекіленіп  кетсе, 
кішірейткенде  –  кескін  сапасы  ӛте  нашарлап  кетеді  (нүктелерін 
жоғалтқандықтан).  
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар ӛлшемдерінің ӛте 
үлкендігінде (түстері неғұрлым кӛп және сапасы жоғары болған сайын, олар 
соғұрлым үлкен болады).  
Бірақ  бұл  кемшіліктеріне  қарамастан,  қазіргі  техникада  растр  ӛте  жоғары 
сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер кӛркем 
графикада кеңінен қолданылады.     
  
Негізгі әдебиеттер: [2] – 193- 206 б.  
Бақылау сҧрақтары:  
1. Flash технологиясының құрамына не кіреді?  
2. Векторлық графика растрлық графикаға қарағанда қандай     
артықшылықтарға ие?  
3. Компьютерлік графика дегеніміз не?  
4. Компьютерлік анимация дегеніміз не?  
5. Компьютерлік графиканың түрлері? 
 
Дәріс 5. 
Flash филімдерін қолдану тҥрлері 
 
Жоғарыда  айтылғандай  Flash  -  тің  мақсаты,  графика  мен  анимацияға 
толы  интерактивті  тор  беттерін  құру  болып  саналады.  Жоғарыда  айтып 
ӛткендей Flash ті тамашалау үшін екі түрлі жол бар, біріншісі WEB браузер 
арқылы, екіншісі Flash фильмді басқа форматқа ауыстыру арқылы. 
Flash  арқылы  фильмді  құру  және  ӛзгерту  кезінде  автор,  FLA 
форматындағы  файлдармен  жұмыс  істейді.  Бұл  бағдарламау  ортасының  тек 
ӛзіне  қатысты  форматы,  және  бұл  форматты  басқа  бағдарламалар 
«түсінбейді».  Тор  броузерлерінде  фильмді  кӛру  үшін,  SWF  форматына 
экспорттау  керек.  Бұл  форматты  Internet  Explorer,  Netscape  және  Opera 
броузерлерінің  соңғы  нұсқалары  қолдайды,  немесе  арнайы  Flash-плеер 
арқылы  ойнатуға  болады.  Бұл  плеер,  Flash  редакторының  құрамына  кіреді. 
Flash  фильмін  ойнатудың  екінші  түрі  Windows  Media  Player  арқылы.  Бұл 
үшін, Flash фильм AVI форматына экспортталуы керек. Бірақ, фильм кӛлемі 
он есе кейде 100 есеге дейін кӛбейіп кетеді. Экспорттау кезінде фильм ӛзінің 
сапасын жоғалтады, сондықтан бұл тиімсіз болып есептеледі. Flash фильмін 
кӛрудің тағы бір жолы, фильмді GIF форматына кӛшіру. Бұл экспорттаудың 


52 
 
да екі түрі бар, біріншісі фильмін әрбір кадрын gif форматына ӛзгерту болса, 
екіншісі бірақ gif файлын құру.  
Тор бетін қҧру 
Flash 
фильмін 
броузерде 
тамашалаудың 
екі 
жолы 
бар:  
Фильмді  SWF  форматында  сақтап,  файлды  тышқанның  кӛмегімен  броузер 
терезесіне апарып қоямыз;  
Фильмді редакторда HTML форматқа экспорттауға болады.  
Flash – ті тор бетінде қолданудың бірнеше түрі бар:  
«жай» анимация, бетті тартымды ету үшін;  
Анимацияланған  батырма,  қолданушының  іс-әрекетіне  байланысты 
жұмыс  атқарады.  Оған  гиперсілтеме  жасап  қоюға,  немесе  басқан  уақытта 
белгілі бір іс-әрекетке бастама болатындай етуге болады;  
Тор бетіне қолданушыдан ақпарат алу үшін қолданылады; 
Жарнамалық баннер.  
Күрделі фильмдерді құру кезінде клип (Clip, немесе Movie clip) ӛте 
маңызды орын алады. Клип – бұл символдың арна йы түрі. Бұл мини-
фильмге арнайы уақыт диаграммасы құрылады, және жеке параметрлері 
қондырылады (мысалға, кадрлар алмасу жиілігі). Клипті, фильмін басқа да 
элементтері тәрізді, кітапханаға, тағы да қолдану үшін, қосып қоюға болады. 
Әрбір дарасы үшін, есім беруге болады 
Flash филімін қҧрудағы реттілік 
Windows  қа  арналған  бағдарламаның  кӛбісінде,  оны  жүктеген 
уақытында, автоматты түрде, бос дайын шаблон терезесі ашылады. Мысалға 
Word процессорын жүктеген уақытта, бос документ ашылады, бұл жерге сіз 
мәтін,  графика  немесе  сурет  қоя  аласыз.  Flash  та  да,  дал  осылай 
ұйымдастырылған.  Алғаш  жүктеген  уақытта,  автоматты  түрде,  жаңа  фильм 
құратын (дәлірек айтсақ алғашқы қойылымын жасау үшін) терезе ашылады. 
Егер керек болса, автор, фильмнің параметрлерін ӛзгерте алады. 
Жалпы  параметрлерін  қондырғаннан  кейін  фильмнің  алғашқы 
қойылымын жасай беруге болады. Объектілердің орналасу тәртібін анықтап 
алғаннан  кейін  оларды  рет  ретімен  әрбір  жаңа  қабатқа  орналастыра  беруге 
болады.  Қабат  параметрлерін  ӛзгерту  фильмді  құрудағы  ең  бір 
жауапкершілікпен қарайтын бӛлім. Фильмдегі қабаттар (яғни, объектілер) бір 
бірімен байланысып тұратындықтан, келесі бір қабатты сипаттағаннан кейін, 
алдындағы  қабаттарды  қайта  жӛндеу  керек  болады.  Мұнын  еш  қиындығы 
және  қорқыныштылығы  жоқ.,  бұл  Flash  бағдарламасына  таңсық  емес. 
Жаңадан  қойылатын  объектті  кітапханадан  алуға  болады  немесе  жаңадан 
құруға  болады.  Flash  сізге ойыңызда  тұрған  бейнені  экран бетіне салу  үшін 
барлық  құрал  жабдықтармен  қамтамасыз  етеді.  Бір  бейненің  объектілерін 
басқа  суреттерден  импорттап  та  алуға  болады.  Құрылған  фильмді  немесе 
жасап  болып  отырған  іс  әрекеттің  жұмысын  тексеру  үшін,  Flash  тестіден 
ӛткізіп отыруға мүмкіндік береді. Әр жасалған ӛзгерістен кейін сақтап алып 
отыруды ұмытпаңыз. 


53 
 
Фильммен жұмыс жасап болғаннан кейін, ойланыңыз сізге бұл фильм 
неге керек? Егер тор бетіне салу үшін болса, онда жүктелу уақытын ескеруді 
ұмытпаңыз. Бұл үшін арнайы уақытқа тестілейтін қосымшасы бар Flash 
бағдарламасының.  
Жеңіл  және  түсінікті  нӛмірленген  Flash  –  тың  нұсқасы  тоқтап,  оның 
орнына  МХ  деп  аталатын  нұсқасына  ӛзгертілді.  Бұл  әріпер  нені  білдіреді? 
Multiextended 
(«кеңейтілген») 
сӛз 
тіркесі 
пайдаланушының 
аббревиатурасына  ассоциалануы  керек.  Бір  сӛзбен  айтқанда  –  Mixed 
(араласқан) дегенді білдіреді. Flash құрушылары қолданушылардың назарын 
аудару  үшін,  бұл  программаның  интерфейсін  (жұмыс  ортасын), 
қолданушының әртүрлі категориясына жеке бағытталған. 
Flash  МХ  ортасын  әрбір  қолданушы  қосқан  кезде  жұмыс  облысының 
пакетін 3 вариантын таңдауға мүмкіндік бар. Бұл : 

  Designer  –  бұл  ең  алдымен  графикалық  редактормен  жұмыс  істейтін 
дизайнерлер үшін бағытталған; 

  Developer  –  Web-жариялымдарын  құру  үшін  Flash  МХ-ты  қолдануында 
жұмыс істейтін құрушылар үшін бағытталған; 

  General – жалпы жағдайлар үшін. 
 
Негізгі әдебиеттер: [2] – 125-139 б.  
Бақылау сҧрақтары:  
1. Flash филімдерін қолдану түрлері.  
   2. Тор бетін құру. 
     3. Flash филімін құрудағы реттілік.  
 
Дәріс 6. 
Редактрлеудің қҧрал-саймандар панелі 
 
Редактрлеудің  құрал-саймандар  панелі  терезенің  ен  бойына  сол 
шекарасында  орналасқан.  Графикалық  объектілерді  құру  және  ӛңдеу  үшін 
ӛте 
қолайлы 
құрал-саймандармен 
қамтамасыз  етеді.  Графикалық 
редакторлардың  жұмысындағыдай,  бұл  құралдар  бәріне  мәлім.  Бұл 
саймандар ыңғайлы болу үшін 4 бӛлікке бӛлінген. 

 
Tool  (құрал-саймандар)  –  нақты  құралдарды  таңдау  батырмасы 
орналасқан;  бұл  құралдарды  2  түрге  бӛледі:  таңдау  және  сурет  салу 
құралдары; 

 
View  (Түр)  кескіннің  кӛру  құралдарын  басқару,  бұл  ӛрісте  2  батырма 
орналасқан:  

 
Hand  Tool  (Қол)  –  батырманы  шерту  арқылы  режім  қосылады  және 
жұмыс облысын тышқан кӛмегімен әртүрлі бағытта орналастыруға мүмкіндік 
береді   

 
Zoom  Tool  (Масштаб)  –  жұмыс  облысындағы  батырманы  шерту 
арқылы тез масштабтау режимі қосылады және бұл режимді қосқанда Options  


жүктеу 5,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау