49
әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты кӛрнекі түрде кӛрсету
үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін
құрастырған кезде олардың соңғы кӛрінісін алу үшін үшӛлшемді графикалық
объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ
ғимараттың кең кӛлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай
жанасатынын алдын-ала болжай алады.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай
негізгі салаларға бӛлінеді:
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және
ӛндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан
нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда ӛңдеп,
графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы
графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен
графиктерді қағазға қаламұштың кӛмегімен сызатын арнайы құрылғылар –
графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.
Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу
тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін кӛрнекі түрде кӛрсетуге
мүмкіндік береді.
Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының кӛрсеткіштерін
кӛрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың
маңызды саласы. Іскерлік графиканың кӛмегімен жоспар кӛрсеткіштерін,
есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді кӛрнекі
түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары
электронды кестелердің құрамында болады.
Контрукторлық
графика
-
инженер-конструкторлардың,
архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы ӛнертапқыштардың
жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-
дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру
жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика
құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар,
сызбалар)
ғана емес, кеңістіктегі үшӛлшемді кескіндерді де жасауға болады.
Суреттеу графикасы (кӛркем графика) деп компьютер экранында
ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының
пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық
жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын
қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атай-
ды.
Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бо-
ла бастады. Қазір компьютердің кӛмегімен жарнамалық роликтер, мульт-
фильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар
жасалады. Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы
мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу