Алекин топтастыруы


Жер асты суларының қалыптасқан және қалыптаспаған қозғалысы



жүктеу 102,16 Kb.
бет9/22
Дата21.01.2022
өлшемі102,16 Kb.
#34061
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Алекин топтастыруы

Жер асты суларының қалыптасқан және қалыптаспаған қозғалысы.Су қозғалысының қалыптасқан және қалыптаспаған түрлері бар. Қалыптасқан қозғалыс кезінде ағын көрсеткіштері (қалыңдық, арын градиенті, шығын) әр кесіндісінде бірқалыпты болып келеді. Қалыптаспаған қозғалыс кезінде бұл параметрлер уақыт бойына өзгермелі болады. Сондай-ақ, бәр кесіндіде судың қозғалысы бірдей болып келген бірқалыпты қозғалыс және уақыт бойына өзгеріп тұратын бірқалыпсыз қозғалыс болады.

Жер асты суларының физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы қандай?Судың негiзгi физикалық қасиеттерiне түсi, иiсi, дәмi, мөлдiрлiгi, температурасы, тығыздығы, сығылғыштығы, созылмалылығы, радиоактивтiлiгi және электрөткiзгiштiгi.Түсі. Жерасты суларының түсi олардың химиялық құрамы мен механикалық қоспаларына байланысты болады. Әдетте жерасты сулары түссiз. Батпақ сулар сарғыш түс бередi. Судың түсi стандарттық платина-кобальттық шкала бойынша градуспен өлшенедi. Иісі. Жерасты суларының иiсi болмайды. Иiс не биохимиялық пайда болған (күкiрттi сутек және т.б.) газдың, не бұзылған органикалық заттардың болуын көрсетедi. Иiстiң сапасын – иiссiз, күкiртсутектi, батпақты,шiрiктi, көгерген және т.б. көрсетедi. Иiстiң қарқыны шкала бойынша баллмен көрсетiледi.Дәмі. Судың дәмi ерiген заттардың құрамына байланысты болады. Тұзды дәмдi – хлорлы натрий, ашты дәмді – магний сульфаты, тат дәмін – темiр тұздары бередi. Тәттiрек дәм органикалық заттарға бай суларда болады. Бос көмiрқышқылы суға жағымды сергiтетiн дәм бередi. Судың дәмi таблицада баллмен берiледi. Мөлдірлігі. Жерасты суларының мөлдiрлiгi оларда ерiген минералды заттардың, механикалық қоспалардың, органикалық заттардың және коллоидтардың мөлшерiне байланысты. Жерасты суларының мөлдiрлiк дәрежесiн мөлдiр, шамалы мөлдiр, шамалы лайланған, лайланған және өте лайланған болып бөледi. Жерасты сулары әдетте мөлдiр болады. Судың мөлдiрлiгiн стандарт шкаласы бойынша мг/дм3- мен өлшейдi.Температурасы. Жерасты суларының температурасы өте үлкен шектiкпен өлшенедi. Ол ауданның геотермиялық ерекшелiктерiне байланысты болады. Ол сусиыстырушы қабаттардың жасын, тектоникалық, литологиялық және гидродинамикалық ерекшелiктерiн көрсетедi. Судың температурасы олардың химиялық құрамына, тұтқырлығына және сүзiлу коэффициентiне әсерiн тигiзедi.Табиғи жағдайда келесiдей жерасты сулары болады:1.өте суық, температурасы 00С-тан төмен, көпжылдықтоң тау жыныстары тараған аудандарда, 2.суық, температурасы 200С-тан төмен, жер қыртысының жоғарғы белдемiнде,3.термалдық, температурасы 200-1000С, әртүрлi тереңдiктен скважинаны бұрғылау арқылы алады,4.өте ысытылған, температурасы 1000-3750С, жаңа вулкандық әрекеттер ауданында кездеседi.Тығыздығы. Су тығыздығының бiрлiгi ретiнде 40С-тағы дистилденген судың тығыздығы алынған. Судың тығыздығы оның температурасына, құрамындағы ерiген тұздар мен газдардың мөлшерiне байланысты 1-1,4 г/см3 аралығында өзгередi. Сығылғыштығы. Судың сығылғыштығы шамалы болады, ол сығылғыштық коэффициентiмен сипатталады (бетта (2,7-5)10-5 Па тең).Электрөткiзгiштiгi. Жерасты суларының электрөткiзгiштiгi олардың құрамында ерiген тұздардың мөлшерiне байланысты. Тұщы сулар шамалы электрөткiзгiштi болады. Дистилденген су жақсы изолятор (электр тогын өткiзбейдi) болып есептелiнедi. Судың электрөткiзгiштiгi Ом.м-мен берiлген меншiктi электр кедергiсiмен бағаланып 0,02-1.0 Ом.м аралығында өзгередi.Радиоактивтiлiгi. Судың радиоактивтiлiгi оның құрамындағы радон мен радий эманациясының (радийдiң ыдырауынан пайда болған газ тәрiздi зат) құрамымен анықталады. Жерасты суларының радиоактивтiлiгi әртүрлi дәрежеде болады.4.2 Судың химиялық құрамыЖерасты сулары құрамы әртүрлi тау жыныстары арқылы өтіп, олардан көптеген химиялық элементтердi өзiне алады. Жер қыртысында Менделеевтiң периодтық жүйесiндегi жүзге жуық элементтер кездеседi. Олардың iшiнде сегіз элемент басым болады – оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний. Олар литосфераның 99,3% құрайды. Мысалы, әлемнiң салмағы 76% сутегi мен 23% гелийден тұрады. Тек қана 1%-тен артығырағы барлық қалған элементтерге келедi.Судың химиялық түрiн негiзгi иондар анықтайды. Оларды басқаша макроэлементтер деп атайды. Микрокомпоненттер суда өте аз мөлшерде болады. Олар судың химиялық түрiн анықтамайды. Судағы бiрқатар компоненттер макро- және микрокомпоненттер арасында болады. Оларға сутегі, аммоний, нитрат, қос валентті және үш валентті темір жатады. Бұл компоненттер судың кейбiр түрiнде басымдау болуы мүмкiн. Негiзгi иондардың салмақтық мөлшерi судың минералдылығына байланысты болады. Өте тұщы суларда ол бір текше дм-де миллиграмның бастапқы санынан, тұздықтарда – бір кг-да бiрнеше жүз грамм болады.


жүктеу 102,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау