Жартасты емес грунттардың сығылғыштығы.Сығылғыш деп- сыртқы жүктеменің әсерінен кеуектілігінің азаюымен, тығыздығының көбеюіне қарай өзінің көлемін өзгерту қабілетін айтады. Грунттардың сығылгыштығын зертханалық пен далалық жағдайда зеттейді. Зертханада грунттардың грунт сығылғыштығын зерттеулерді әдетте одометрлерде жүргізіледі. Сынау кезінде сазды грунт үшін 0,05; 0,1; 0,2; 0,3; 0,5 МПа сатыларымен құйылытын қысыммен сығылады. Ірі сынықты грунтар үшін есепті кернеуде аспаптардағы қысымды ең үлкен мәндеріне дейін жеткізеді. Сынаулардың нәтижелері бойынша грунт кеуектілігінің ернуден тәуелділігін көрсететін компрессиялық қисықты тұрғызады. Е=1+εb/a; кг*с/〖см〗^2a=(ε1-ε2)/(P1-P2); 〖см〗^2/кга-грунтардың сығылу коэффиценті, кеуектілік коэффицентінің сығатын кернеуіне өзгеру қатынасына тең. Е-грунттардың жалпы деформациясынның модулі сығу кернеуінің салыстырмалы деформацияға қатынасын білдіреді. ε-грунттардың кеуектілігінің бастапқы коэффиценті, бірлік бөліктер.График, кестесі бар.
Жартасты емес грунттардыңқандай физикалық қасиеттерінбілесіз?Н.А.Цытович бойынша, осы компоненттердiњ қасиеттерi, олардыњ топырақтағы сандық түрде болатын ара қатынастары, сондай-ақ, топырақ компоненттерi мен олардыњ агрегаттары аралығындағы электрлi-молекулалық, физикалық-химиялық, механикалық және басқа да әрекеттер топырақ табиғатын анықтайды.Топырақтар жiктеу атты 25100-82 ГОСТ мемлекеттiк стандартқа сәйкес және құрылымдық байланыстардыњ сипатына байланысты топырақтыњ пайда болуына (генетикалық жағынан бөлшектеу), түзiлiм жағдайына, құрамы мен құрылыстық қасиетiне қарай екi класқа – жартасты және жартасты емес болып бөлiнедi.Цементтелген шөгiндi тау жыныстарына құмдақ тастар, конгломераттар, брекчиялар жатады. Қатты құрылымдық байланыстағы цементтелу, силикаттану жолымен және басқа да тәсiлдермен адамдар жасаған топырақтар жартасты жасанды топырақтар деп аталады.Жасанды топырақтар – механикалық әсер арқылы табиғи терењ жатқан күйiнде нығыздалғандар (тапталған, тығыздалған, сiлкiленген және т.с.с.), сондай-ақ, үйiндi және сумен шайып әкелiнген топырақтар.Жартасты емес топырақтар-(қатты құрылымдық байланысы жоқ топырақтар) төмендегі топтарға бөлінеді:Ірі сынықтылар- вулканды, жұмыртасты және қиыршықтасты топырақтар;Құмдылар-қиыршық құмды, ірі, ірілігі орташа, ұсақ және шаңды құмдар;Шаңды-сазды құмдақтар, саздақтар және саздар; Биогенді- лай, шымтезек, топырақтар(жер қыртысының сыртқы қабатын құрайтын және құнарлылық қасиеті бар табиғи түзілімдер);
Жартасты және дисперстітопырақтардың түрлері, олардыңайырмашылықтары?Табиғи жартасты грунттарға төмендегілер жатады: магмалық (интрузивті және эффузивті), метаморфты, берік силикатты және карбонатты шөгінді таужыныстар (әктастар, доломиттер, яшмалар, құмтастар және т.б). Бір түзуде қысуға беріктік шегі – үлгінің алғашқы қиылысу сызығы алаңында бұзылуындағы күшті көрсетедіДисперсті грунттар. Дисперсті грунттар жекеленген бөлшектердің әртүрлі өлшемдерінің бір бірімен әлсіз байланысынан құралады. Олардың жарылымдары жартасты грунттардың моруымен және бөлшектерінің тасымалдануымен шарттанады. Дисперсті грунттарға механикалық кермекті емес және сулы – коллоидты құрылымына байланыстылары тән. Бұндай грунт түрлеріне: қопсытылған, байланысты және байланысты емес бөлінген шөгінді жыныстар жатады
Жарықшақтық жерасты суларыМагмалық, метаморфтық және тығыз шөгінді тау жыныстарының сулылығы олардағы жарықшақтар мен макрокеуектердің сатылығы (степень) мен сипатына байланысты. Пайда болуына байланысты литогенетикалық, тектоникалық және экзогендік жарықшақтарға бөлінеді. Литогенетикалық жарықшақтар қалыңдық шектерінде тау жыныстарының қалыптасу кезінде пайда болады, бірақ ашылуы мен мөлшері әлсіз болып келеді.Тектоникалық жарықшақтар (жарылымдар, бұзылыстар) геологиялық құрылымдардың қалыптасуымен байланысты және жерасты суларының көп жиналатын қатпарлы аудандарында таралған. Экзогендік жарықшақтар жылулық, химиялық және механикалық мүжілудің әсерінен тау жыныстарының бұзылу процесінде пайда болады. Жарықшақтардың барлық түрлері, олар құмдақты-сазды, минералды түзілімдермен толған кезде, ашық және жабық бола алады. Тау жыныстарындағы жарықшақтардың әртүрлі болуы жерасты суларының қозғалуын, таралуын және жиналуын қиындатады.Жарықшақты тау жыныстарының сулылығын зерттеуді жарықшақтықты зерттеуден, яғни жарықшақтық параметрлерін анықтаудан бастау қажет. Оларға: кеңістіктегі олардың бағыты, ашылуы, жарықшақтық еселеуіші жатады. Үлкен (үңірейген) жарықшақтар олардың қабырғалары арасындағы орташа ара қашықтықты көрсетеді. Осы мөлшерге байланысты тау жыныстарында микрожарықшақтар ( 0,1 мм және одан аз) мен макрожарықшақтар (0,1мм және одан көп) болып бөлінеді. Олар тау жыныстарының су өткізетін қабілетін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |