Жер сілкінісін туғызатын жағдайлар, факторлар, жер сілкінісінің тереңдік ошағының жатуы бойынша қалай топтастырылады?Жер сілкінудің басым көпшілігі 99 пайызы,әсіресе өте күшті және жойқын дүмпулер, тектоникалық себептерге байланысты. Орталық Азия мен Қазақстанда кездесетін жер сілкінулердің бәрі дерлік тектоникалық қозғалыстардың әсерінен болдады. Тектоникалық жер сілкінулер өзінің ошақтарының тереңдігіне байланысты түрге3 бөлінеді: 1)қалыпты Жер сілкіну ошағының тереңдігі Жер қыртысында орналасқан.50-60 км 2)аралық фокусты , жер сілкігу ошағының тереңдігі 300км-ге дейін 3)терең фокусты, , жер сілкігу ошағының тереңдігі 300км ден астам.
Жердегі судың таралуы. Табиғаттағы су айналымы қалай өтеді? Инфильтрациялық сулар.Жер бетiнде судың таралуының жоғарғы шекарасы 17 км-дей биiктiкте, бұл белдемде судың көлемi.12 900км3-дей болады. Судың ең көп мөлшерi жер бетiнде: мұхит, теңiз, мұздықтар, өзен, көлдерде. Бұл-1400 млн.км3 су. Жер бетiнен төменде жерасты гидросферасы (гидролитосфера) орналасқан, ол жер бетi гидросферасымен тығыз байланыста. Су сұйық, қатты, бу және тағы басқа да түрде болады. Жер гидросферасы (тропосферадан мантияға дейiн) суының жалпы қоры 1,39 млрд. км3 мөлшерiнде, олардың 97,5% мұхиттар мен теңiздерге, тек 2,5% ғана тұщы сулардың үлесiнде. Қазiргi кезде, Жер бетiндегi судың мөлшерi 3 000 км3-дей.Су айналымы дегенiмiз Жердегi су ауысуының толассыз процесiн айтады. Бұл процесс гидросфераның барлық бөлшегiн: атмосфералық ылғал, мұхит, жербетi және жерасты суларын байланыстырады. Табиғаттағы су айналымына атмосфералық, жербетi және жерасты сулары қатынасады. Үлкен, кiшi және iшкi су айналымына бөлiнедi. Үлкен су айналымы кезiнде мұхит, теңiздiң бетiнен буланған сулар парға айналып, құрылыққа ауысады. Онда парлар жауын-шашын түрiнде қайтадан түседi. Жауын-шашынның бiр бөлiгi мұхит пен теңiзге жер бетiмен және жер астымен ағады.Кiшi су айналымы кезiнде буланған сулар сол кезде-ақ, қайтадан мұхит пен теңiздерге түседi. Iшкi су айналымы кезiнде құрылықтан буланған сулар, сол құрылыққа қайтадан жауын-шашын болып түседi.Су айналымының сандық көрсетiлуi сулы баланс деп аталынады.Табиғаттағы су айналымын келесi түрде өрнектеуге болады: мұндағы, – атмосфералық жауын-шашын,С – ағын Vбул. – булану, Vсіңу -топыраққа сiңетiн (инфильтрация) жауын шашын.Инфильтрациялық пайда болған суларға тұщы сулар, тұздылау сулардың негiзгi бөлiгi және кейбiрде табиғи су айналымында белсене қатысатын, белсендi суайналымы белдемiнiң тұзды сулары жатады. Тұщы сулардың үлкен бөлiгi аэрация белдемiндегi ауаның сулы буының шоғырлануынан қалыптасады.
Инженерлік геология дегенімізне, оның құрамы мен оқыту әдісіжәне басқа пәндерменбайланысы. Инженерлік геология дег- адамның инженерлік әрекетімен байланысты, жер қыртысының жоғарғы қабаттының динамикасын зерттейтін геологияның 1 саласы. Аймақтарды инженерлік бағалау, шаруашылық игеруге арналған геологиялық шарттармен анықталады.Табиғатта игеруге келмейтін аймақтар жиі кездеседі. Мысалы әлсіз және сумен қаныққан тау жыныстармен басқа да геологиялық үрдістерімен көрінетін, геологиялық жағдайлар инженерлік құрылыстарға кері әсер тигізуі мүмкін.Құрылысқа жарамды аймақты таңдау және құрылыстардың беріктігін және оларды пайдалану жақсы жағдайды қамтамасыз ететін ұсыныстарды өңдеу үшін, геологиялық жағдайларды бағалау керек. Инженерлік геология геологиялық шарттарды бағалаумен шаруашылықты меңгеру үшін айналысады. Инженерлік құрылымдар өз қатарында ,геологиялық ортаға өз әсерін тигізеді.Сондықтан инженерлік геология зерттеумен және сол үрдістерді бағалаумен айналысады. Ол үрдіс осы құрылымдардың әсерінен пайда болуы мүмкін. Ф.П.Саваренскийдің анықтамасы бойынша: Инженерлік геология — геологияның бір саласы, инженерлік жұмыстарға геологияның қосымша сұрақтарын қояды. И.В. Поповтың анықтауы бойынша: Инженерлік геология «геологияның» саласы. Жердің жоғарғы қабаты адамның инженерлік кәсібімен байланысының динамикасын зерттейді». Академик Е.М Сергеевтің анықтауы бойынша, инженерлік геология «Геологиялық орта және оның рационалды және қауіпсіз пайдалануы туралы ғылым» Тау жыныстарын петрография, литология, топырақтану сияқты геологиялық ғылымдар зерттейдi, бiрақ б±лардыњ әрқайсысыныњ зерттеу мақсаты әртүрлi. Инженерлік геологияның құраушылары: 1) Грунттану - грунттармен қатар таужыныстарын зерттеумен айналысады. Инженерлік геодинамка - инженерлік геологиялық және қауіпті табиғи үрдістерді зерттеумен айналысады. Аймақтық инженерлік геология - әртүрлі аймақтардағы инженерлік геологиялық жағдайлардың құрылуын, әртүрлі геодинамикалық және физико - географиялық жағдайларда қалыптасуын зерттейді.Инженерлік геологияның басқа ғылымдармен байланысы: жалпы геология, геоморфология, құрылымдық геология, минералогия, петрография, геофизика және т.б. Осы ғылымдардың негізінде, инженерлік геологияда ғылыми бағыттар қалыптасқан: инженерлік петрология, жыныстардың әртүрлі жаратылыстағы және литолого-петрографиялық типтегі құрамын, құрылысын, физико-механикалық қасиетін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |