Курлов формуласын талдап беріңіз.Судың химиялық құрамын жиі М.Г.Курлов формуласымен көрсетеді. Курлов формуласы бөлшек тәрізді. Оның алымында аниондар азаю ретімен жазылады. Бөлімінде тура сол ретпен катиондар жазылады. Аниондар мен катиондар саны бүтін санға дейін айналдырылады. Бөлшектің сол жағында сулың жалпы минералдылық мәні жазылады. Сол жақта кейбір бальнеологиялық бағалы компоненттердің мөлшерін көрсетеді. Бөлшектің оң жағында, л/тәул немесе м3/тәул берілген судың дебиті мен градусы С пен берілген судың температурасы жазылады.
Курлов формуласынан қандай мәліметтер алуға болады Судыњ химиялық құрамын жиi М.Г.Курлов формуласымен көрсетедi. Курлов формуласы бөлшек тәрiздi болады. Оныњ алымында аниондар (%-экв) азаю ретiмен жазылады. Бөлiмiнде тура сол ретпен катиондар жазылады. Аниондар мен катиондардыњ саны бүтiн санға дейiн айналдырылады. Бөлшектiњ сол жағында судыњ жалпы минералдылық мәнi жазылады (г/л). Сол жақта (мг/л) (егер анықталған болса) кейбiр бальнеологиялық бағалы компоненттердi” мөлшерi көрсетiледi. Бөлшектiњ оњ жағында, л/тәу немесе м3/тәу берiлген судыњ дебитi мен 0С-пен берiлген судыњ температурасы жазылады.Жерасты суыныњ химиялық құрамын график түрiнде көрсетудiњ бiрнеше түрi бар. Олардыњ iшiнде судыњ тұздық құрамыныњ графигi, Ферре ұшбұрышы, Н.И.Толстихиннiњ график-квадраты мен щењбер-диаграммасы.
Қазақстан және Ресей ғалым гидрогеологтары. Олардың еңбектерін атаңыз.Ресей Ғылым академиясымен 1724 жылы еліміздің түпкір-түпкіріне жерасты суларын зерттеуге экспедициялар жіберілді. Онда Крашенинников С.П., Лепехин И.И., Зуев В.Ф., Паллас П.С. және тағы басқа ірі ғалым геологтар зерттеулер жүргізді
Қанығу белдеміндегі жерасты суларының қозғалысы.Сұйықтың ағу режиміҚанығу белдемiнде алдында қарастырылған барлық судыњ түрлерi кездеседi. Бiрақта б±л жерде зерттеудiњ негiзгi обьектiлерi гравитациялық және әлсiз байланысқан (пленкалы) (жарықты) сулардыњ қозғалысы болып табылады.Гравитациялық су екi ағыс режимiмен сипатталады – ламинарлы және турбуленттi.Ламинарлы ағын турбуленттi ағынға тез ауыса қоймайтынын ашып көрсетейiк. Ағын режимiнiњ екi – ламинарлы және турбуленттi түрде болатын ағынныњ - өту облысы болуы мүмкiн.Жабысқақ пластикалық ағын режимi судыњ әлсiз байланысқан қозғалысын сипаттайды. Қозғалысты соњында келтiру үшiн судыњ тау жынысымен (ж±қа дисперстi ортада) өзара әрекеттесуі кезiнде пайда болатын молекулалық тартылу күшiн жењу қажет.Тау жыныстарыныњ сумен толық қанығу кезiндегi судыњ қозғалыс процесiн сүзiлу процесi деп атайды. Сүзiлу деген сөзден қанығу белдемiндегi гравитациялық және әлсiз байланысқан сулардыњ қозғалысын түсiнуге болады.
Литогенетикалық және экзогендік жарықшақты тау жыныстарында жамылғыда сутірек тау жыныстарының болуы немесе болмауына байланысты артезианды немесе грунтты сулар болады. Бұл сулардың қозғалысы сүзілудің сызықтық заңына бағынады жіне ламинарлы жергілікті болады. Сулар атмосфералық жауын-шашындардың, жербеті ағыстарының және сирек, жоғарғыда жатқан сулы қат-қабаттар арқылы қоректенеді. Арынсыз жарықшақты сулардын қабаттары гидрогеологиялық массивтер қимасының жоғарғы бөлігімен байланысты. Ағындар суайырықтардан еңістерге қарай бағытталған. Сулы белдемдердің қалыңдығы әдетте 30-200 м шектерде. Суөткізгіштігі өзгермелі, әрі тереңдікпен өшеді. Химиялық құрамы бойынша сулар көбінесе гидрокарбонатты, тұщы. Бірақ тереңдеген сайын өзгеруі мүмкін.
Макрокампаненттердің қасиеттері және оларға сипаттамаСудың химиялық түрiн негiзгi иондар анықтайды. Оларды басқаша макроэлементтер деп атайды. Микрокомпоненттер суда өте аз мөлшерде болады. Олар судың химиялық түрiн анықтамайды. Судағы бiрқатар компоненттер макро- және микрокомпоненттер арасында болады. Оларға сутегі, аммоний, нитрат, қос валентті және үш валентті темір жатады. Бұл компоненттер судың кейбiр түрiнде басымдау болуы мүмкiн. Негiзгi иондардың салмақтық мөлшерi судың минералдылығына байланысты болады. Өте тұщы суларда ол бір текше дм-де миллиграмның бастапқы санынан, тұздықтарда – бір кг-да бiрнеше жүз грамм болады. Калий ионын негiзгi иондар санына енгiзу екiұшты. Жерасты суларында олар екіншi орын алады. Тек қана жауын-шашында калий иондары негiзгi роль атқарады.Хлоридтiк иондардың жылысу қабiлетi зор. Олар ерiгiштiгi нашар минералдар құрамайды, коллоидтық жүйелермен сорылмайды (ылғалды тропиктердiң қызыл топырақтарынан басқа), биогендiк жолдармен жиналмайды. Натрий, магний және кальцийдің хлоридтiк тұздарының ерiгiштiгi өте жоғары.Сульфаттық иондар, хлоридтiк иондарға жетпесе де, жақсы қозғалады. Табиғи сулардағы сульфаттың мөлшерi, судағы кальций иондарының қатысуымен шектеледi. Гидрокарбонаттық иондар қышқыл сулардан басқа барлық табиғи суларда кездеседi. Олар төмен және көбiнесе шамалы минералды суларда басым. Тұщы сулар гидрокарбонаттық класқа жатады. Суларда гидрокарбонат иондарының қоры, олармен бiрге ерiгiштiгi төмен тұз құрайтын кальцийдің қатысуымен шектеледi. Натрий иондары катиондар арасында таралғандығы бойынша бірінші орында. Натрийдiң барлық тұздарының ерiгiштiгi жоғары. Сондықтан, натрийдiң жылысу мүмкiндiгi өте үлкен. Бұл жағынан ол хлор ионына ғана жол бередi. Калий ионы химиялық қасиеттерiне және жер қыртысындағы мөлшерiнiң мәнi бойынша натрийдiң аналогы. Литосферада бұл элементтiң атомдарының басым бөлiгi силикаттармен байланысты. Калий үшiн бұл – ортоклаз, микроклин, мусковит және басқа силикаттар. Кальций ионы сiлтiлiк және сiлтiлi топырақтық металдардың арасында ең жоғарғы кларкты (3,6); оның iзбес тас, мергель және кейбiр басқа тау жыныстарындағы мөлшерi 10% (мах 40% дейiн) асады. Магний ионы өзiнiң химиялық қасиеттерi бойынша кальцийге жақын, олардың кларктары бiр ретте (2;10 және 3;6), бiрақ олардың жылысуы әртүрлi өтедi. Магнийдiң биологиялық белсендiлiгi кальцийға қарағанда әлсiздеу.
Достарыңызбен бөлісу: |