Седиментациялық сулар.Седиментациялық сулар (көне бассейндердегi тау жыныстарының шөгуi кезiнде қалыптасқан, теңiздiк пайда болған сулар) терең артезиан бассейндерiндегi шөгiндi тау жыныстарында таралған. Олар су айналымында тек қана уақыттың геологиялық көлемiнде қатысады. Седиментациялық сулардың бастапқы құрамы олардың қозғалысы, өзгерісi және тау жыныстарымен әрекеттесуi кезiнде елеулi өзгередi.
Сел деп нені айтамыз, олардың пайда болуының геологиялық және басқа да себептері. Сел дегеніміз таудан жылдам ағатын ағыс. Сел нөсер жауын немесе таудағы мұздықтар мен қардың тез уақыт аралығында еруінен пайда болады. Олар біріккен және бірікпеген болып бөлінеді. Біріккен түрі кезінде су батпақты-тасты массамен бірге ағады. Ол өте қауіпті болады. Бірікпеген сел кезінде, су тек тастар мен опырылған заттарды ағызады. Селден қорғау келесі жұмыстарды қамтиды: 1. ұйымдастыру-шаруашылық шаралары: селді болжамдау, жергілікті тұрғындарға қауіп туралы хабарлау, сел қаупі бар аудандарда жолар, ғимараттар және сужинауыштар салғызбау.
Су қоймаларының жиек жағалауының шайылу мүмкіндіктерін болжау.Ірі өзендер ең дамыған, өзендердің 4нші буыны болып табылады. Мұнда су көлігі, балқ шаруашылығы, кешенді сипаттағы энергетикалық бөгендер жақсы дамыған. Бұл буынның ені 20-30 км жетуі мүмкін. Өзен арнасы әдетте 43˚-ке тікелігі жететін түпкілікті жыныстардан тұратын оң жағалауға дейңн болып келеді. Әдетте сол жағалық жайылма құмнан тұрады. Өзен арнасы әдетте ирелең , ені 200м-ден 1 шақырымға жетеді. Жайылымдық террасаның көптеген бөлігі батпақтанған, онда көлдер, ескі салалар, өз бойлар көптеп кездеседі. Өзендердегі су қоймалары өз жағалауларының эрозияға ұшырауы және келіп құятынсалалардың тасындыларының арқасында шөгіндіге толуға мәжбүр. Сонымен бірге желдің әсерінен булануы күшейеді. Сондықтан да орамдық мелеорациялық жұмыстар бөгедердің алаптарындағы және өз жағалауындағы болатын эрозиялық процестерге қарсы бағытталған болуы керек. Бұл жағдайда орман – тоғай белдеулерінің ені 100-300 м болып , су басатын жайылымдарда 3нші , 4нші буындарға ұсынылған шаралар барлық өзендердің жағаларында жүргізілуі керек.Бөген жағалауларындағы орман белдеулерінің , жағалау биіктігін қоса есептегенде желдің жылдамдығын 1 км қашықтыққа дейін әлсіретеді, нәтижесінде толқындардың биіктігі мен соққы күші әлсірейді,орман ықпалындағы аймақтағы булану мөлшері 20-30 % кемиді, микроклиматымен санитарлық гигиеналық жағдайы жақсарады.Бөгендердің жағалары толқын соққыларының әсерімен жедел өңдеуден өтеді. Жағалаудың өңдеуге ұшырауы бөгендердің шөгідіге толуына әкеліп тіркейді, жер қоры азаяды, жолдары мен ғимараттар жуылып, шайылудан бұзылады. Жағалаудың жуылып шайылуы әсіресе алғашқы жылдары жедел жүреді. Әлсіз бос топырақты жағалаулардың жар қабағы 200-300 м-ге шөгуі мүмкін. Жағалаудағы бұл айтылған негативті жұмыстарды болдырмау үшін толқын өшіргіш аэрогидрофиттік өсімдіктер отырғызылады. Бұл өсімдіктер жағалаулардың жедел өңдеуге ұшырауын толық тоқтатады.
Судың кермектілігі.Кермектіктің түрлерін атаңызСудың кермектiгi ондағы кальций мен магний иондарының қосынды мөлшерiмен анықталады, өйткенi судағы басқа элементтердiң мөлшерi өте аз. Кермектiктi кальций мен магнийдiң ммоль/дм3-мен берiлген мөлшерiмен көрсетедi. Кермектiктiң 1 ммолi кальцийдiң 20,04 мг/дм3 немесе магнийдiң 12,16 мг/дм3-не тең. Кермектiктiң 3 түрi бар: жалпы, жойылатын (карбонатты) және тұрақты (карбонаттық емес). Жалпы кермектiк судағы кальций мен магний иондарының қосындысын көрсетедi.Жойылатын (уақытша) немесе карбонаттық кермектiк кальций мен магнийдiң гидрокарбонаттық және карбонаттық тұздарымен көрсетiледi. Жойылатын кермектiк судың жалпы кермектiгi қайнағаннан кейiн қаншаға азаятынын көрсетедi. Жойылмайтын (тұрақты) немесе карбонаттық емес кермектiк хлоридтармен, сульфаттармен, және басқа карбонаттық емес аниондармен қосыла алатын кальций мен магний мөлшерi. Жойылмайтын кермектiк жалпы кермектiк пен жойылатын кермектiктiң айырмасына тең.Табиғи сулар жалпы кермектiгi бойынша 5 топқа бөлiнедi1). 0Өте жұмсақ 1,5 дейiн 2). Жұмсақ1,5-3,0 3) Шамалы кермектi 3-6 4.) Кермектi 6-9 5). Өте кермектi 9 дан жоғары
Достарыңызбен бөлісу: |