|
Алекин топтастыруыСырғымалар дамуының негізгі заңдылықтары
|
бет | 18/22 | Дата | 21.01.2022 | өлшемі | 102,16 Kb. | | #34061 |
| Алекин топтастыруыСырғымалар дамуының негізгі заңдылықтары.Сырғымалар деп жербеті және жерасты суларының әрекетінен, беткейдегі тау жыныстарының ауырлық күшінің әсерімен жылжып қозғалуын айтады. Сырғымалардың пайда болуы мен дамуына беткейдің биіктігі, тіктігі мен формасы, геологиялық құрылымы, тау жыныстарының қасиеттері мен гидрогеологиялық жағдайы әсер етеді. Сырғымалардың пайда болуының негізгі себептері:беткейдің сыртқы түрі мен биіктігін өзгертетін процестер;беткейдегі тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерінің төмендеуі мен құрылымының өзгеруіне әкелетін процестер;беткейдегі тау жыныстарына қосымша қысым түсіретін процестер.
Тау жыныстарындағы су түрлері. Тау жыныстарындағы судың түрлеріЖер бетiндегi тау жыныстарында су келесі түрде болады: 1)қатты; 2) бу; 3)химиялық байланыста; 4)физикалық байланыста; 5)еркін. Қатты түрдегi су. Бұл сулар көпжылдықтоң белдемiндегі тау жыныстарында кристалл, қабатша, линза, мұз түрiнде болады. Мұздың құрылуы тау жыныстарының қуысындағы сулардың қатуынан пайда болады. Оның келесi түрлерi бар: 1)жер бетiнде пайда болған көмiлген мұздар, 2)жер астында құрылған қазынды мұздар; 3)тау жыныстарының құрамындағы мұздар. Бу түрiндегi сулар. Атмосферадағы, жер бетiндегi сулардың булануы кезiнде пар пайда болады. Олар тау жыныстарындағы қуыстарға толады. Температураның төмендеуiмен пар түрiндегi су шыққа айналады да, ол жерасты суын қоректендiредi. Химиялық байланыстағы су. Көптеген минералдардың құрамына судың, гидроксилдiң, сутегiнiң және оксанийдiң молекулалары кiредi. Сода, мирабилит және басқа минералдардың құрамында кристалданған су бар. Олар 3000 температураға қыздырғанда ғана шығады. Физикалық байланыстағы су. Тау жыныстары бөлшегiнiң бетiмен байланыстағы сулар берiк байланыстағы және еркін байланыстағы болып бөлiнедi. Тау жыныстарының бөлшектерi өзiнiң бетiне сұйық су немесе сулы парды сiңiрiп, оларды электростатикалық күштермен бөлек молекула (толық емес ылғалтартқыш) және бiрнеше молекула қалыңдығындағы қабыршақ ретiнде (максималды ылғалтартқыш) ұстап тұра алады. Осы қабыршақтың сыртынан, қабыршақтың қалыңдауымен әлсiрей беретiн, молекулалық күштердiң әсерiмен екiншi қабыршақ пайда болады (қабыршақтық су). Қабыршақтық су қалың қабыршақты бөлшектерден қабыршағы жұқалау бөлшектерге қарай қозғала алады. Қабыршағы максималды қалың болып келген тау жыныстарының ылғалдылығы максималды молекулалық ылғалсиымдылық деп аталынады. Еркін сулар. Жер қыртысындағы тау жыныстарында капиллярлық және гравитациялық сулар болады. Капиллярлық сулар қуыс бұрыштарында капиллярлық-түйiскен түрде, сулы қабаттың үстiнде капиллярлық-көтерiлген және жерасты суларының деңгейiне жетпей орналасқан капиллярлық-iлiнген түрде бола алады. Тау жыныстарының қуысында капиллярлық сулар капиллярлық қысым күшiмен ұсталынып тұрады және сол күшпен қозғалады. Гравитациялық су тау жыныстарының қуыстары мен жарықшаларында ауырлық күшi және арынды судың әсерiмен қозғалады.
Тау жыныстарындағы су түрлері. Тау жыныстарындағы судың түрлеріЖер бетiндегi тау жыныстарында су келесі түрде болады: 1)қатты; 2) бу; 3)химиялық байланыста4)физикалық байланыста; 5)еркін.Қатты түрдегi су. Бұл сулар көпжылдықтоң белдемiндегі тау жыныстарында кристалл, қабатша, линза, мұз түрiнде болады. Мұздың құрылуы тау жыныстарының қуысындағы сулардың қатуынан пайда болады. Оның келесi түрлерi бар: 1)жер бетiнде пайда болған көмiлген мұздар, 2)жер астында құрылған қазынды мұздар; 3)тау жыныстарының құрамындағы мұздар. Бу түрiндегi сулар. Атмосферадағы, жер бетiндегi сулардың булануы кезiнде пар пайда болады. Олар тау жыныстарындағы қуыстарға толады. Температураның төмендеуiмен пар түрiндегi су шыққа айналады да, ол жерасты суын қоректендiредi. Химиялық байланыстағы су. Көптеген минералдардың құрамына судың, гидроксилдiң, сутегiнiң және оксанийдiң молекулалары кiредi. Сода, мирабилит және басқа минералдардың құрамында кристалданған су бар. Олар 3000 температураға қыздырғанда ғана шығады. Физикалық байланыстағы су. Тау жыныстары бөлшегiнiң бетiмен байланыстағы сулар берiк байланыстағы және еркін байланыстағы болып бөлiнедi. Тау жыныстарының бөлшектерi өзiнiң бетiне сұйық су немесе сулы парды сiңiрiп, оларды электростатикалық күштермен бөлек молекула (толық емес ылғалтартқыш) және бiрнеше молекула қалыңдығындағы қабыршақ ретiнде (максималды ылғалтартқыш) ұстап тұра алады. Осы қабыршақтың сыртынан, қабыршақтың қалыңдауымен әлсiрей беретiн, молекулалық күштердiң әсерiмен екiншi қабыршақ пайда болады (қабыршақтық су). Қабыршақтық су қалың қабыршақты бөлшектерден қабыршағы жұқалау бөлшектерге қарай қозғала алады. Қабыршағы максималды қалың болып келген тау жыныстарының ылғалдылығы максималды молекулалық ылғалсиымдылық деп аталынады. Еркін сулар. Жер қыртысындағы тау жыныстарында капиллярлық және гравитациялық сулар болады. Капиллярлық сулар қуыс бұрыштарында капиллярлық-түйiскен түрде, сулы қабаттың үстiнде капиллярлық-көтерiлген және жерасты суларының деңгейiне жетпей орналасқан капиллярлық-iлiнген түрде бола алады. Тау жыныстарының қуысында капиллярлық сулар капиллярлық қысым күшiмен ұсталынып тұрады және сол күшпен қозғалады. Гравитациялық су тау жыныстарының қуыстары мен жарықшаларында ауырлық күшi және арынды сүйем әсерiмен қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|