42
баяулатқышы бар уақыт релесінде арнайы баяулатқыш құрылғы бар –
пневматтық демпфер, катаракт. Уақыт релесінің бұл түрі уақытты ұстап
тұруды 0,4 бастап 180 с дәлдікпен іске қосылуды қамтамасыз етеді.
Сағаттық немесе анкерлік механизмді реленің жұмыс істеу принципі.
Анкерлік немесе сағаттық механизмі электрмагнит әсері арқылы іске
қосылатын серіппе арқылы жұмыс істейді және реле түйіспелері анкерлік
механизмі шәкілде көрсетілген уақытты санауды бастаған кезде ғана істейді.
Уақыт релесінің бұл түрі қуаты жоғары (жүзден мыңдаған амперге дейін) 0,4-
10 кВ кернеулі автоматты ажыратқыштарда қолданылады. Мұндай реленің
құрылымдық бөлігі – баяулатқыш механизмнен және серіппеге берілітен
токтың орамнан тұрады. Механизмнің жүру жылдамдығы серппенің
тартылуына байланысты, яғни орам тогына, жүріс аяқталған соң механизм
автоматты өшіруді болдырады, осылайша жүктеменің жылулық қорғаныс
қызметін өзі атқарады. бұл жағдайда қоршаған ортаның ауа қысымын
өзгертудің қажеті болмайды. Уақыт релесінің бұл түрі уақытты ұстап тұруды
0,1 бастап 20 с дәлдікпен іске қосылуды қамтамасыз етеді
Моторлы уақыт релесі.
Моторлы уақыт релесі 10 с-тан бірнеше сағатқа дейін уақытты санауға
арналған. Ол синхрондық қозғалтқыштан, редукторлы қозғалтқышты ілу және
ажыратуға арналған электрмагниттен, түйіспелерден тұрады.
Электронды уақыт релесі.
Арзан микроконтролерлер шықпай тұрып электрондық уақыт релесінің
жұмысы контурдағы RC немесе RL процестерінің ауысуына негізделген
болатын. Заманауи уақыт релелері бағдарламаға сәйкес керекті уақытты ұстап
тұруды қамтамасыз етеді. Мұнда микроконтроллердің «қорғанышы» бар.
пысықтайды. Алайда микроконтроллердің өзі де орнатылған кварцті
резонатор не RC-генераторы көмегімен тактіленуі мүмкін.
11 дәріс. Жоғары вольтты ажыратқыштар
Д
әрicтi
ң мақсаты: жоғары вольтты ажыратқыштардың сипаттамаларын,
қолданатын саласын, түрлерiн, құрылғыларын, жұмыс істеу әрекеттерiн
студенттерге жеткiзу.
Жоғары вольтты ажыратқыштар номиналды жұмыс режимінде жоғары
кернеулі тізбектерді ажыратып қосуға немесе осы тізбектердің апаттық
жағдайда автоматты түрде өшірілуін қамтамасыз етуге арналған. Қысқа
тұйықталу кезінде тізбектерді автоматты және жылдам ажырату қысқа
тұйықталудың үлкен токтарының әсерінен қымбат электр құрылғылардың
зақымдалуын және бұзылуын болдырмайтын ажыратқыштың негізгі және өте
жауапты операциясы болып табылады.
Ажыратқыштар келесі параметрлермен сипатталады:
-
номиналды кернеу U
ном
(ажыратқыш жұмыс істейтін желі кернеу);
43
-
номиналды ток I
ном
(ұзақ уақыт жұмыс істеуіне
мүмкіншiлiк
беретiн
ток);
-
өшу номиналды тогы I
о.ном
— ажыратқышы кернеу кезінде өшіруге
қабілетті қысқа тұйықталудың ең жоғарғы тогы (қолданыстағы мәні), берілген
жағдайда қалпына келетін кернеу мен көрсетілген циклдегі операциялар
барынша жоғары жұмыс істеуші кернеуге тең;
-
өшіру тогындағы апериодикалық токтың рұқсат еткен шамасында
болуы;
-
І
т
термиялық тұрақты және шекті токтармен сипатталатын КЗ
өтпе
тогы
жанындағы беріктілік;
-
номиналды қосу тогы – КЗ ток. Сәйкес жетегі бар ажыратқыш U
ном
және ұсынылған цикл жанындағы және басқа да түйіспелерге кедергі
келтірмей ажыратады;
-
жеке өшіру уақыты – өшіру командасын беру моментінен доға
сөндіргіш түйіспелердің арасына дейінгі уақыт аралығы;
-
өшу номиналды тогының қалпына келу кернеуінің параметрлері –
қалпына келетін кернеудің жылдамдығы, нормаланған қисық, амплитуданың
көбею және қалпына келу кернеуінің коэффиценті.
Ажыратқыштың құрылымын көрсететін басты факторы доғаны сөндіру
тәсілі болып табылады. Бұдан ажыратқыштар бірнеше негізгі топтарға
бөлінеді:
- майлы ажыратқыштар – доғаның сөнуі майда болады. Бұл топқа тек
қана доғаны сөндіруге арналған кіші көлемді майы бар ажыратқыштар, ток
жүретін бөліктен оқшауланған көп көлемде майы бар бактық ажыратқыштар
жатады;
- ауалық ажыратқыштар – арнайы көзден алынатын қысылған ауа ағыны
арқылы доға сөнуі жүреді;
-
автогаздық
ажыратқыштар
–
электрлік
доғаның
жоғары
температурасының әсерінде болатын камераның қабырғаларынан шығатын
газдар арқылы доға өшуі жүреді;
- элегазды ажыратқыштар – доғаның сөнуі элегаздық (шестифтористая
сера SF6) ортада болады;
-
электрмагниттік ажыратқыштар – доғаның сөнуі әртүрлі
құрылымдардағы камераларда магниттік соғу арқылы іске асады;
- вакуумдық ажыратқыштар – доғаның сөнуі вакуумда болады.
Жоғарыда аталған әр топтың ажыратқыштарына олардың қолданыс
аясын анықтайтын кемшіліктері мен артықшылықтар тән.
Майлы ажыратқыштар.
Майлы ажыратқыштарды бактық және аз майлық деп бөледі. Бұл
ажыратқыштарда доға аралығының деионизация тәсілдері бірдей. Олардың
айырмашылықтары жерлендірілген негізі және майдың мөлшерін түйіспелік
жүйе арқылы оқшаулауда.
Қазіргі уақытта дейін эксплуатацияда бактық ажыратқыштардың
мынандай түрлері: ВМ-35, С-35, сондай-ақ У сериясындағы 35-тен 220 В