44
дейін ажыратқыштар болған. Бактық ажыратқыштар сыртқы орнатуға
арналған, бірақ қазіргі уақытта өндірісте жоқ.
Бактық ажыратқыштардың басты кемшіліктері: Жарылу және өрт қаупі;
бактағы май мөлшері мен жағдайын периодикалық тексеру қажеттігі; үлкен
көлемі, майды ауыстыруға кететін уақыт, майдың көп мөлшердегі қорының
қажеттілгі; ғимарат ішінде орнатуға келмейтіндігі.
Аз майлы ажыратқыштар.
Аз майлы ажыратқыштар бүкіл кернеуде ашық және жабық тарату
құрылғыларында кеңінен қолданылады. Бұл ажыратқыштардағы май доғаға
төзімді орта және ажыратылған түйіспелерде кей кезде оқшаулауға қатысуға
қызмет етеді.
Ток жүретін бөліктерді бір-бірінен және жерлендірілген құрылымдардан
оқшалау фарформен немесе әртүрлі қатты оқшаулағыш материалдармен
жүзеге асырылады. Ішке орнатуға арналған ажыратқыштардың түйіспелері
болатты бакта орналасқан, осы жерден горшоктық «құмыралық» деген ат
қалыптасқан.
35 кВ немесе одан көп кернеулі аз майлық ажыратқыштарда фарфорлы
корпус бар. Кең қолданысты 6-10 кВ аспалы түрі (ВМГ-10, ВМП-10) алды.
Бұл ажыратқыштарда корпус бүкіл үш полюске фарфорлық оқшаулағыштарда
жалпы рамаға ілінеді. Әр полюста доға сөндіретін камерада бір түйіспенің
ажырауы көзделген.
Көп мөлшердегі номиналды токта түйіспенің бір жұбымен жұмыс істеу
қиын болады, сондықтан жұмыстық түйіспелерді ажыратқыштың сыртынан,
ал доға сөндіргіштерді металдық бачоктың ішіне қою ұсынылған. Көп
мөлшердегі өшетін токтың әр полюсінде екі доға сөндіретін ажырау болады.
Осындай сұлбамен кернеуі 20 кВ дейін МГГ және МГ ажыратқыштары
жасалады. Массивті сыртқы жұмыстық түйіспелер 4 ажыратқышта көп
мөлшердегі номиналды токты өлшеуге мүмкіндік береді (11.1 сурет). 35 кВ
және одан көп кернеуде корпус фарфордан жасалады, ВМК сериясы – аз
майлық колонкалық ажыратқыш. 35,110 кВ кернеудегі ажыратқыштарда
полюске бір ажырау және көп мөлшердегі кернеуге екі немесе одан көп
ажырау көзделген.
45
1 – жылжымалы түйіспе; 2 – доға сөндіргіш камера;
3 – жылжымайтын түйіспе; 4 – жұмыстық түйіспелер.
11.1 сурет - Аз майлы ажыратқыштардың құрылымдық сұлбалары
Аз майлы ажыратқыштардың кемшіліктері: бактық ажыратқыштарға
қарағанда азырақ мөлшерде жарылу және өрт қауіпсіздігі; жылдам істейтін
АВП-ны жүзеге асырудың мүмкіндігінің жоқтығы; периодикалық бақылаудың
қажеттілігі; ішінде тұратын ток трансформаторлардың орнатудағы
қиыншылығы; аз мөлшердегі өшіру қасиеті.
Аз майлы ажыратқыштардың қолдану саласы – 6,10,20,35 және 110 кВ
электрстанса және қосалқы стансаның жабық қондырғылары, 6,10 және 35 кВ
комплектілі қондырғылары және 35,110 кВ ашық қондырғылар.
Ауалы ажыратқыштар.
Ауалы ажыратқыштарда доғаның өшуі 2-4 МПа қысымда қысылған ауа
арқылы жасалады, ал ток жүретін бөліктердің оқшаулануы және доға
сөндіретін қондырғылар фарфор немесе басқа да қатты оқшаулағыш
материалдар арқылы іске асады. Ауалы ажыратқыштардың құрылымдық
сұлбасы номиналды кернеуге тәуелді, түйіспелердің арасында оқшаулағыш
аралықты құру өшірілген күйде іске асады.
Көп мөлшердегі номиналды ток ажыратқыштарында аз майлы
ажыратқыштар МГ және МГГ сияқты басты және доға сөндіретін контур бар.
Ажыратылған күйдегі токтың негізгі бөлігінің ашық тұрған негізі түйіспе 4
арқылы өтеді. Ажыратқышты өшірген кезде негізгі түйіспелер бірінші
ажыратылады, кейін бүкіл ток камера 2-де орналасқан доға сөндіретін
түйіспелер арқылы өтеді. Осы түйіспелердің ажыратылу моментінде камераға
резервуардан 1 қысылған ауа беріліп, доғаны сөндіретін күшті үрлеу пайда
46
болады.
Үрлеу
бойлық
немесе
көлденең
болуы
мүмкін.
1 – қысылған ауа резервуары; 2 – доға сөндіретін камера; 3 –
шунттайтын резистор; 4 – негізгі түйіспелер; 5 – бөлгіш; 6 – кернеу бөлгішi
(г).
11.2 сурет - Ауалы ажыратқыштардың құрылымдық сұлбалары
Ажыратылған күйдегі түйіспелер арасындағы қажетті оқшаулағыш
аралық түйіспелерді қажетті қашықтыққа дейін жеткізу тәсілі арқылы доға
сөндіретін камерада жасалады. Ашық бөлгіші бар құрылымдық сұлба арқылы
жасалған ажыратқыштар 15 және 20 кВ кернеуді және 20000 А дейінгі токты
ішке орнатуға жасалады. Ажыратқыштардың бұл түрінде бөлгіш 5 өшкен соң
қысылған ауаның камераға берілуі токталады және доға сөндіретін түйіспелер
тұйықталады (11.2 сурет).
Ауалы ажыратқыштарда 35 кВ кернеуді ашық орнату үшін фазаға бір
ажырау болса жеткілікті.
110 кВ және одан көп мөлшердегі кернеуі бар ажыратқыштарда доға
өшкен соң бөлгіштің 5 түйіспелері ажыратылады және бөлгіштің камерасы
өшкен күйі бойы қысылған ауамен толып тұра береді. Бұл бола тұра доға
сөндіретін камерада қысылған ауа берілмейді және ондағы түйіспелер
тұйықталады.
Құрылымдық сұлба бойынша кернеуі 500 кВ-қа дейін ВВ сериялы
ажыратқыштар жасалынды. Номиналды кернеу мен өшу қуаты көп болған
сайын бөлгіш пен доға сөндіретін камерда ажырау көп болады.
Суреттегі құрылымдық сұлба бойынша ВВБ сериялы ауаға толы
ажыратқыштар жасалынады. ВВБ модулінің кернеуі сөну камерасындағы