Акционерлік қоғам



жүктеу 1,03 Mb.
Pdf просмотр
бет14/23
Дата14.02.2020
өлшемі1,03 Mb.
#29017
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

34 

 

контактордың  якорын  ұстап  тұруы  керек;  кернеу  түскен  кезде  оны  ұстап 



тұрмаған кезде  рұқсат етіледі:  

Өндіріске  шығарылған  электрмагниттік  контакторлардың  сериялары 

әртүрлі  климаттық  белдеулерде  қолдануға;  пайддалану  кезінде  белгіленген 

орынға қойылғаннан кейін түрлі жағдайда жұмыс істеуге; қоршаған ортаның 

механикалық  әсері  мен  жарылғыштығына  қарай  есептелген.  Сондай-ақ 

жанасудан және сыртқы әсерден қорғайтын арнайы қорғанышы жоқ. 

Контактор  келесідей  негізгі  түйіндерден  тұрады:  басты  контакттардан, 

доға  сөндіретін  жүйеден,  электрмагниттік  жүйеден,  көмекші  контакттардан.       

Бірполюстық 

контактордың 

құрылысы 

9.1 


суретте 

көрсетілген 



                               

 

   


                     9.1 сурет - Тұрақты токтың контакторы 

 

          Контактор SB1 кнопкасын басқан кезде катушкалардың қысқыштарына 

кернеу  беріліп,  косылады.  Катушкада  якорьды  катушка  өзегіне  10  тартатын 

магниттік  ағын  пайда  болады.  Сол  кезде  жылжымалы  контакттың  рычагы  7 

токты  айнала  отырып  серіппені  8  қысады.  Соңғысы  контакттар  арасындағы 

басу күшін F

қамтамасыз етеді. Қосылған кезде қысылған серіппелі якорьды 



қалыпты  жағдайға  келтіруге  тырысатын  күшті  қалыптастырады.  Якорьды 

тартылған күйде сақтап тұру үшін катушкадан әрдайым ток ағып тұру керек. 

Ол үшін бұғаттаулы контакт 12 SB

батырмасын шунттайды. SB



1

 батырмасын 

түсірген кезде катушка тізбегіндегі ток сақталады. 

Контакторды  өшіру  үшін  катушка  тізбегін    SB

2   

өшіру  батырмасымен 



ажырату  қажет.  Серіппе  әсерінен    якорь  11  бастапқы  күйіне  келеді. 

Түйіспелер  арасында  6  магнитті  үрлеу  күшімен  доға  сөндіргіш  камераға  5 

итерілетін  доға  пайда  болады.    Өзекшедегі  магниттік  ағын  1  магнитті  үрлеу 

катушкасы  жанынан  ток  өткен  кезде  пай  болады  және  магнитті  жүйенің 

жақтары  17  арасында  доға  арқылы  тұйықталады.  Камерадағы  доға 

оқшаулағыш  бөгеттердің  арасына  тартылады  4  және  салқындайды.

 

Мыс 


жалатылған  болаттан  жасалған  жалын  өшіретін  решетка  доға  жалынында 

болатын  электрлік  зарядтарды  жоюға  көмектеседі.  Доға  сөндіру  процесінде 




35 

 

бірден  жылжымайтын  2  және  жылжитын  7  түйіспелердің  доға  сөндіретін 



нүктесіне  айналыды,  сондықтан  да  6  жұмыс  түйіспелері  балқымайды. 

Контакторлардың  магнит  жүйесіндегі  якорь  мен  өзекше    арасындағы 

магниттелмеген  саңылауға  катушка  желіден  ажыраған  кезде  якорьде 

«жабысуды» болдырмайтын магнитті төсеніштер жасалады. 

Доға  сөндіретін  жүйе  бас  контакттардың  ажыратылуы  кезінде  пайда 

болатын  электрлік  доғаны  сөндіреді.  Доғаны  өшіру  тәсілдері  және  доға 

сөндіретін жүйенің құрылымы бас тізбектің тогы және контактордың жұмыс 

режимі  арқылы  анықталады.  Тұрақты  ток  контакторлардың  доға  сөндіретін 

жүйелері    айнымалы  ток  контакторларының  доға  сөндіретін  жүйелерінен 

сөндіру принципі арқылы ерекшеленеді. 

Тұрақты  ток  контакторларының  доға  сөндіретін  камералары  электрлік 

доғаны  көлденең  магнит  өрісінен  бойлық  саңылаулар  арқылы  сөндіру 

принципіне  құрылған.  Көптеген  құрылымдарды  басатын  магнит  өрісі 

тізбектей  қосылған  доға  сөндіретін  катушка  арқылы  коздырылады.  Өткен 

ғасырдың  60-жылдары  КСРО-да  тұрақты  магниті  бар  көптеген  құрылғылар 

жасалынды, бірақ олар кең тарамаған. Тік немесе зигзак сияқты болып келетін 

кішкентай қуыстары бар камералар өшіретін қасиетті айтарлықтай күшейтеді 

және  де  доғаның  және  жалынның  көлемін  шегертеді,  бірақ  та  камераның 

ішінде  электрлік  доғаның  түгелдей  өшуін  қамтамасыз  ете  алмайды.  

         Айнымалы  ток  контакторлары  ұзын  торы  бар  доға  сөндіретін 

камералармен  жасалады.  Доға  пайда  болғанда  ол  торға  карай  жылжиды, 

сосын кішкентай доғаларға бөлінеді және токтың ауысу моментінде 0-ге келіп 

өшеді.  Айнымалы  токтағы  доғаны  тұрақты  токтағыға  қарағанда  өшіру 

оңайырақ,  сондықтан  тұрақты  токтың  контакторлардың  доға  сөндіретін 

жүйесі қиынырақ болады.  

Қосқыш  деп  –  айнымалы  және  тұрақты  токтағы  электрлік  жүктеулерді 

коммутациялауға арналған құрылғыларды айтады. 

          Жалпыөндіріске  арналған  электрмагнитті  қосқыш  –  қысқа  тұйықталған 

ротормен    асинхронды  қозғалтқышты  қашықтықтан  басқаруға  арналған 

коммутациялық электрлік аппарат. 

Тәжірибеде

  қолданылатын  сызбаларын  ескергенде,            электрмагнитті 

қосқыштарға  жүктелген қосымша функциялар:  

          -  айналу  бағытын  қозғалтқыштың  тізбек  фазасының  орамдарға  қосылу 

тәсілін өзгерту арқылы;   

- орамдардың қосылу сұлбасының өзгеруі Y/D;  

          - қозғалтқышты қатты қыздырудан, шамадан тыс жүктелуден, кедергісін 

азайту және шегеруден сақтау және т.б 

Қосқышты    автоматты  түрде  басқарлатын  элементтің  сұлбасы  ретінде 

ескерсек, оған көптеген қосымша функциялар қосылады: 

реверстік  сұлбаларға  контакторлардың  бір  уақытта  қосылуын 



электрлік және механикалық шектеу;  

қосқыш арқылы жергілікті және қашықтан басқару үшін тізбек құру; 



жұмыстың жағымсыз режимдерінен қорғау; 




36 

 



басқару күштік тізбектер мен басқару тізбектерінің жағдайы туралы 

бақылау және дабыл.  

Өндірісте  шығарылатын  магниттік  қосқыштар  әртүрлі  климаттық 

белбеуде,  әртүрлі  жағдайда  қолдануға  есептелген.  Автоматтық  басқару 

жүйесінің  элементі  ретінде  электрмагниттік  қосқыштарға  беріктік  жөнінде 

жоғары талаптар қойылады. Қосқыштар бастысы желіге кедергісіз жалғанған 

қашықтықтық пускты стационарлы қондырғыларда қолдануға және жиілігі 50 

Гц  айнымалы  токтың  кернеуі  380-нен  660  В  дейінгі  аралықта  қысқа 

тұйықталған  роторлы  үшфазалы  асинхронды  электрқозғалтқышты  тоқтатуға 

және реверсиялауға

 

арналған. Егер қосқыштарда жылу релесі болса, онда олар 



электрқозғалтқыштарды  шамадан  тыс  ұзақтықтан  қорғайды.  Шектеулері  бар 

қосқыштар  жартылай  өткізгіштік  техниканы  қолдануда  басқару  жүйесінің 

жұмысына жарамды. 

Қосқыштардың жіктелеуі:   

а)  жүктеуді  (электрқозғалтқыштікі)  қосу  сұлбасы бойынша  реверсивтік 

немесе реверсивтік емес;   

б) бас тізбектің номиналды кернеуі бойынша;   

в) орналасу категориясы бойынша: 

- қорғау дәрежесі IР00 (ашық): су, шаң және басқа заттардың  түсуінен 

қорғалған  жылы  үй-жайларда  орнату,  жабық  шкафтарда  және  де  басқа 

бөлмелерге орнату үшін; 

-  қорғау  дәрежесі  IP40  (қабықта):  Қосқышқа  су  түсу  мүмкіндігі  жоқ 

және көп мөлшердегі шаңнан қорғайтын жылы үй-жайларға орнату үшін; 

- қорғау дәрежесі IP54 (қабықта): күннің сәулесінен және атмосфералық 

жауын-шашыннан қорғалған сыртқы немесе ішкі бөлмелерде орнату үшін. 

Жылу  релелері  ортаңғы  құрылғыда  іске  қосылмаған  номиналды 

тогымен  сипатталады  және  де  әдетте  іске  қосылмаған  тогын  реттеуге 

номиналды мәннен ±15% рұқсат етіледі. 

Қосқыштың басты сипаттамаларына жататындар:        

-  барынша  рұқсат  етілген  ампердағы  басты  тізбектегі  ток.    АС-1,  АС-3 

немесе АС-4 қосқыштың жұмысының әрқайсына бас тізбектің кернеуінің мәні 

нормаланады, яғни қосқыштың жұмыстық кернеуі; 

- бас тізбектің барынша рұқсат етілген кернеуі (В); 

- катушкалардағы қорек кернеуі (В). Осы қатардан таңдалуы мүмкін 24, 

36, 42, 110, 220, 380В айнымалы ток. Қосқыштардың кейбір түрлері тұрақты 

токты басқаратын катушкасы бар магниттік жүйесімен дайындалады және де 

түзеткіш арқылы тізбекке қосылады; 

- коммутациялық беріктілікті анықтау үшін қосқыштың жұмыс режимін, 

бас  тізбектің  кернеуін,  бас  тізбектің  тогын  беру  керек  және  пускательдің 

техникалық сипаттамасында берілген тиісті номограмма бойынша қосу-өшіру 

санын  анықтау  керек.  Бұл  бола  тұра  қосқыш  сағатына  қосу-өшіру  жиілігін 

есептеп отыр деп ескеру керек;  

-  барынша  рұқсат  етілген  көмекші  түйіспелердегі  ток.  Түйіспеге 

берілген кернеу арқылы ампермен есептеледі; 




жүктеу 1,03 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау