Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет43/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

РЕАБИЛИТОЛОГ-ДӘРІГЕР балаңыздың даму деңгейін 
бағалай алады, есту және көру қабілетін тексереді, қан-
дай да бір медициналық мәселелер болған жағдайда – 
шешіп беруге тырысады, баламен қалай айналысу керек 
және қарым-қатынас құру керек, қандай ойыншықтар 
қолдану керек туралы кеңес береді. Реабилитолог-дәрі-
гер, сондай-ақ, қимыл-қозғалыс дамуында қиындықта-
ры бар балалармен де жұмыс жасайды, баланың 
қимыл-әрекеттері неге ерекше екенін немесе бала 
өз құрдастары үйреніп алғанын меңгере алмағанын 
түсінуге көмектеседі, баланың қимыл-қозғалысын дұрыс 
дамытуға қолғабыс ететін ойындар таңдап береді.
Анадан кәсіпқой маманға – алғашқы араласу маманына 
айналуы талап етілмейтіні анық. Оған ғылыми-көпшілік 
әдебиет көздерінен оқып-білуге болатын бала дамуы 
туралы жалпы мәліметтерден хабардар болу жеткілік-
ті. Оған қоса, ол дәл өз баласы үшін пайдалы арнайы 
алғашқы оқыту рәсімдерін білуі және қолдана білуі тиіс.
Егер сіз алаңдаулы болсаңыз, бөбегіңіздің дамуы туралы 
білгендеріңізге сенімсіз болсаңыз немесе балаңыз 
дамуындағы кешеуілдеуге немесе белгілі бір ерекшелік-
терге байланысты мамандардың бақылауында болса, 
Алғашқы араласу немесе дамыту орталықтарына немесе 
Психологиялық-педагогикалық кеңес беру орталықтары-
на (ППКБ) хабарласа аласыз:
178
АНАСЫ ЖАНЫНДА
БОЛҒАНДА
25


ПСИХОЛОГ, бұл маманның міндеті - ата-анасының 
алаңдаушылығын тудыратын баланың мінез-құлқындағы 
ерекшеліктер (тіл алмау, қырсығу, ашушаңдық, бала-
лармен немесе ересектермен қарым-қатынас құрудағы 
қиындықтар, ұйқысының және тәбетінің бұзылуы) немен 
байланысты екенін түсіну. Аналар мен балалар үшін 
жеке дәрістер мен кеңестер, сонымен бірге, топтық 
дәрістер де беріледі. Олардың мақсаты – анасының 
көзінше балаға өзге балалармен қарым-қатынас құру 
мүмкіндігін беру. Мұндай дәрістер балақайға болашақта 
балабақшаға тезірек үйренуге көмектеседі. Кейде ата- 
анаға өз баласын түсіну қиынға соғады, себебі, оларды 
өз уайым-қайғылары мен қиындықтары мазалайды. Он-
дай ата-аналарға жеке кеңестер және топтық дәрістер 
көмектесе алады. 
ЛОГОПЕД – алғашқы байланыстарды дамыту маманы. 
Әр бала даму мүмкіндіктеріне ие. Сондықтан, көмек-
ті оған мұқтаж барлық балалар алады. Логопед сізге 
тез сөйлеп кетуі үшін баламен қалай тіл табысу қажет, 
қандай ойындар ойнағаны жөн екені туралы айтып 
береді, әрі көрсетеді. Әр бала тілді өзіне тән мәнерін-
де және өзіне тән қарқынмен меңгереді. Тіпті бала тіл 
дамытуда өз құрдастарынан қалып қалса да, есейгенде 
міндетті түрде қиындыққа тап бола бермейді. Алайда 
ондай балаға тіл игеруде ересек адамның көмегі қажет. 
Дамуында күрделі қиындықтарға тап болған балалар-
дың да адамдармен тілдесу мүмкіндігі болуы тиіс. Оны 
тек тіл арқылы емес, ым-ишарат көмегімен де жүзеге 
асыруға болады. Логопед сіздің балақайыңызға лайықты 
байланыс тәсілдерін табуға тырысады.
179
АНАСЫ ЖАНЫНДА
БОЛҒАНДА
25


3.  Балаңыз қызығушылық білдірген кез-келген 
тақырыпта әңгіме құрыңыз, «әңгімені» ым-
ишараттан, дыбыстардан және сезім білдіруден 
бастауға тырысып көріңіз. Осындай көзқараспен, 
ым-ишаратпен, дыбыстармен, күлімдеумен және 
ұнамды эмоциялармен жүргізілетін алғашқы 
«әңгімелесу» сіз және балаңыз арасында 
берік байланысты дамыту үшін аса маңызды. 
Байланыстың мұндай алғашқы түрі тілдесуге үйрету 
үшін де маңызы зор, әрі тіл дамытудың негізі болып 
табылады. 
БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАСЫМЕН СҰХБАТ 
ҚҰРУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ 
1.  Балаға ұнамды сезімдерді көрсетіңіз – балаңызды 
жақсы көретініңізді көрсетіңіз. Тіл түсінбейтін және 
өздері сөйлей алмайтын кішкентай бөбектердің өзі 
сіз көрсеткен махаббат пен қуанышты, қайғы-мұң 
мен ашу-ызаны ұғынады. Сіз іңкәрлік, күлімсіреу, 
әңгімелесу және басқа да шаттық пен ынта-
ықылас белгілері арқылы қамқорлығыңыз мен 
махабаттыңызды көрсеткенде балада сенімділік 
пен ортақтық сезімін тудырасыз.
2.  Балаңыздың қажеттіліктері мен тілектерін 
түсінуге тырысыңыз, мүмкіндік туа сала, оның 
бастамаларына қосылыңыз. Балаңызбен қарым-
қатынысыңыз мейлінше үйлесімді болуы үшін 
оның күйіне, сезімдеріне және қалауларына мұқият 
болуыңыз қажет. Егер сіз балаңызға ілесіп, оның 
айналысқан әр ісіне қосылсаңыз, өзара тиімді 
диалог құру оңай болады.
180
АНАСЫ ЖАНЫНДА
БОЛҒАНДА
25


5  Баланың назарын сіздің барлығын онымен бірге 
бастан кешіретініңізге аударуға көмектесіңіз. 
Көзқарас, жанасу және сөйлесу арқылы сіз 
балаға онымен бірге бастан кешіретін және бірге 
жасайтын әр іске атсалысуға көмектесесіз. Осы 
арқылы сіз балаңызға ерекшеленіп тұратын және 
қызығушылық тудыратын уайымдарды және 
әсерлерді сезуге және сезінуге жәрдемдесесіз. 
Бірлесіп уайымдау ортақтықты сезіну үшін және 
баланың сіздің көмегіңізбен қоршаған әлем туралы 
жаңа мәліметтерді біле алуы үшін маңызды. 
4.  Баланы мақтаңыз және қолпаштаңыз, оның жасауға 
тырысқан әрбір ұнамды ісін бағалайтыныңызды 
көрсетіңіз. Неге ұнамды екенін көрсететін және 
түсіндіретін жағымды реакция арқылы бала ненің 
жақсы және дұрыс екенін үйренеді. Ол, сондай-ақ, 
сіздің нені қалайтыныңызды және одан қандай 
әрекеттерді күтетіңізді танып-білуге үйренеді. Бұл 
өте маңызды, себебі, баланың әрекетін мақұлдау 
және мақтау оның ар-намысының, өз-өзіне 
сенімділігінің және бастамашылдығының іргетасын 
қалайды.
181
АНАСЫ ЖАНЫНДА
БОЛҒАНДА
25


6.  Бастан кешіріп жатқан жайттың мәнін ашып 
көрсетіңіз. Осы жайт туралы әңгімелесе 
отырып, заттарды және адамдарды атай 
отырып, өз сезімдеріңізді көрсете отырып, 
қызығушылығыңызды таныта отырып және болып 
жатқан жайттың маңыздылығына баса назар аудара 
отырып, сіз балаңызға сезімді мән-мағынамен 
байланыстыруға көмектесесіз. Түсіндіру және өз 
ойыңызды жеткізу арқылы балаға айналадағы 
әлемді жақсырақ түсінуге көмектесіңіз. 
7.  Түсінікті түсіндіру арқылы, күнделікті жайттар 
қалай орын алады, сезімдер бір-бірімен 
қандай байланыста, сезімдеріңіз туралы қалай 
ойланатыңызды түсіндіру арқылы сіз балаңызға 
айналадағы әлемді және сіздің өзіне деген 
сезіміңізді жақсырақ түсінуге көмектесесіз.
8.  Балаға өзін-өзі қадағалауға және қоршаған 
әлеммен қарым-қатынастарда алдын-ала 
болжауға болатын байланыстар болатынын 
түсінуге көмектесіңіз. Балаңызға айналадағы 
әлеммен қарым-қатынастарын түсінуді және 
реттеуді үйрену үшін нұсқау мен көмек керек. 
182
АНАСЫ ЖАНЫНДА
БОЛҒАНДА
25


ОТБАСЫНДАҒЫ
ӘКЕ РӨЛІ
26
183


Жарық дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы үш жылда 
(әсіресе, бірінші жылы) сәби анасына ерекше тәуелді; 
ананың балаға деген көзқарасы, ананың хал-жағдайы 
(физикалық және эмоционалдық) балаға орасан зор әсер 
етеді, осы кезеңде бала психикасының негізі қаланады 
деуге де болады. Сондықтан, әкесінің анасына көмек 
және қолдау көрсетуі баға жетпес маңызға ие.
Аман-сау ананың баласы да аман, дені сау – бұл заң-
дылықты бала мамандары баяғыдан-ақ байқаған. Әрине, 
бұл бала өмірінің алғашқы айлары мен жылдарында әке 
балаға мүлдем жақындамауы тиіс деген сөз емес, әкесі 
баласын еркелете алады, ойнатып, онымен сөйлесе алады 
және т.с.с. 
Отбасындағы жалпы жағдай аса маңызды: ұрыс-керіс, ай-
ғай-шу, әсіресе, жиі қайталанатын болса, бала тұлғасына 
орны толмас залал келтіруі мүмкін.
О
тбасы дамуының және бала дамуының әртүрлі кезең-
дерінде әкенің маңызды мақсаттары мен міндеттері бар. 
Жары жүкті кезінде ер адам жарының демалуына уақыт 
тауып, жарымен бірге серуендеп және оның дұрыс та-
мақтануын қадағалап, міндеттерді қайта бөлісуге септігін 
тигізе алады. Өздеріңіз де білесіздер, соңғы жылдары 
ер адамдар жарына эмоционалдық қолдау көрсету үшін 
босану сынды шетін рәсімге де қатыса алады.
ОТБАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
КЛИМАТ 
184
ОТБАСЫНДАҒЫ
ӘКЕ РӨЛІ
26


Ата-ананың психологиялық ерекшеліктеріне тәуелсіз ең 
маңызды болып табылатын жайт – ері мен әйелі арасын-
дағы шынайы және ақ пейілді қарым-қатынас. Ерлі- 
зайыптылар бір-біріне деген сый-құрмет пен ақ пейіл 
– мінездері мен көзқарастарындағы айырмашылықтарға 
қарамастан – бала оларды және өзін құрметтейтіні, 
отбасы беріктігіне деген сенімділігі түйсігінде өздігінен 
қалыптасады.
ЕР АДАМНЫҢ БАРЛЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ҮШІН 
ЖАУАПТЫ БОЛУҒА ДАЯРЛЫҒЫ – МІНЕ, БҰЛ ЕР АДАМ 
ТҰЛҒАСЫНЫҢ КЕМЕЛДІГІНІҢ КӨРСЕТКІШІ. ЕГЕР ЕР 
АДАМ ОСЫНДАЙ ҚАСИЕТКЕ ИЕ БОЛСА – ЖАРЫ МЕН 
БАЛАЛАРЫНЫҢ БАҚЫТЫ.
Отбасында психологиялық жайлылықты сақтап қалу 
үшін әйел адам жұбайының отбасы өмірі үшін бар  
жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екеніне 
сенімді болуы тиіс. Әңгіме міндетті біреуінен екіншісіне 
арту туралы емес: әркімнің өз міндеттер аясы бар.  
Кейбір отбасыларда әйелдер әдетте ер адамдар атқа-
ратын кейбір міндеттерді орындайды және керісінше 
– егер осындай жағдай ерлі-зайыптылар үшін қолайлы 
болса, оның еш ерсілігі жоқ. Олардың әрқайсысы қажет 
бола қалған жағдайда екіншісінің қолдау көрсететіне 
сенімдi болуы маңызды.
Бала өзін қаншалықты сенімді сезінетіні, осы әлемде өз 
орнын қаншалықты таба алатыны ата-анасының қандай 
екеніне, отбасындағы ахуалдың қандай екеніне тікелей 
байланысты.
185
ОТБАСЫНДАҒЫ
ӘКЕ РӨЛІ
26


Ер мен әйел заты арасында айырмашылық көп: ерлер 
Қызыл жұлдыздан, ал әйелдер – Шолпан жұлдызынан 
шыққан деген әзілде бір шындық жатқан шығар. Ер 
адамдардың айналадағы әлеммен өзара әрекеттестік 
тәсілінде көбінесе орындылық, танымдылық, ал әйел-
дерде – эмоционалдық тәсілдер басым болады. Ер адам 
отбасындағы өз рөлін тек табыс табумен ғана шектемей, 
отбасы өмірінің барлық салаларына атсалысып,  
эмоционалдық жай-күй қамын ойлағаны абзал, себебі, 
ондай жай-күй балаларға тікелей күшті әсер етеді. Оны 
тұқым себу үшін топырақ сапасымен салыстыруға бола-
ды. Бір сәтке көз алдыңызға құнарлы топырақта өскен 
ағашты елестетіңізші. Ал енді осы ағашты шөл далада 
өскен ағашпен салыстырыңыз. Отбасындағы психоло-
гиялық климат жайын ойлайтын ер адамды адал ниетті 
бағбанмен салыстыруға болады, оның еңбегі міндетті 
түрде жемісті болады.
Ер адамды жақсы әке ететін не? Жақсы әкенің басты 
қасиеті - ер-азамат үлгісі болу. Дәл осы қасиет әкенің 
балаға ықпалы мен бөлетін уақыты шын мәнінде оң 
әсер беретініне кепілдік етеді. Әйелдер, өз кезегінде, 
бала күтімін меңгеру әке үшін бастысы емес екенін 
түсінуі тиіс (десе де, егер ер адам бала күтіміне епті 
болса, тіптен керемет, қиын сәтте қолғабыс етеді). Ер 
адамды бала тәрбиесіне қатыстыруға тырыса отырып, 
оны ана қызметін орындауға итермелемеген жөн: ер 
адамның өзіндік рөлі бар, ол өмірге деген ер-азаматтық 
көзқарасын көрсете отырып, баланы айналадағы 
әлеммен өзара әрекеттестікке үйретуді қамтиды. Өз 
сезімдерімен, ойларымен, әрекеттерімен, бүкіл мінез-
құлқымен ер адам бала санасында ер адамның кім екені 
және оның өмірдегі рөлі қандай екені туралы түсінік 
қалыптастырады. Бұл әке мінез-құлқын үлгі ететін ұл 
балалар үшін де, сондай-ақ, ер адаммен алғашқы өзара 
әрекеттестік дәрістерін алатын қыз балалар үшін де 
маңызы зор. 
ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
186
ОТБАСЫНДАҒЫ
ӘКЕ РӨЛІ
26


Әкемен қарым-қатынаста ер бала ер адамға тән мінезге 
ие болады – оған әкесіне еліктеу жеткілікті. Қыз бала 
болса, ер адамның отбасындағы рөлі қандай, ер мен 
әйел арасындағы қарым-қатынас қарай құрылатынын 
түйсігімен ұғынады. Кейін кітаптардан, телебағдарла-
малардан және өзге адамдармен қарым-қатынастар-
дан отбасылық өмір туралы және жынысаралық өзара 
қарым-қатынас туралы білген-түйгендері балалар 
психикасында отбасында көріп өскеннен қалатындай із 
қалдыра алмайды, себебі, отбасында бастарынан өткен 
алғашқы тәжірибе адам тұлғасы тұрғызылатын құрылыс 
материалдары болып табылады. 
Бала есейген сайын оның өміріндегі әке рөлі де  
маңыздырақ бола түседі. Мұнда барлығының мәні зор: 
ер адамның жарына деген көзқарасы, және өз ата-а-
насына және жарының ата-анасына деген көзқарасы, 
жұмысына деген көзқарасы, және достарына деген 
көзқарасы. Барлық адамдар (соның ішінде, әкелер де) 
әртүрлі келеді, сондықтан, ата-ана мен бала арасын-
дағы өзара қарым-қатынас сипаты ата-ананың да, 
баланың да психологиялық ерекшеліктерімен анықта-
лады.
Бірақ, әке мінезінің ерекшелік-
тері қандай болса да, оның өзінің 
психологиялық саулығы, балаға 
деген шынайы қызығушылығы, 
ізгі ниеті, өзара әрекеттес- 
тікке ашықтығы және бала 
өміріне белсенді араласуы 
әрдайым оң нәтиже береді 
және әке мен баланы 
бір-біріне дос-сырлас 
етеді.
ӘКЕ БАЛАЛАРЫНА НЕ ҮЙРЕТЕ АЛАДЫ?
187
ОТБАСЫНДАҒЫ
ӘКЕ РӨЛІ
26


СҮЙІКТІ, ӘРІ ҚАМҚОР
АНА МЕН ӘКЕ – БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ
ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ.
Ер адамдар балалар үшін ойын-сауық орындарына бару, 
қымбат заттар сатып алу немесе алдын-ала жоспар-
ланған «тәрбиелік шаралар» емес, күнделікті әкелік 
тұлғаның және оның отбасымен және қоршаған әлем-
мен әрекеттесу мәнерінің көзге көрінбес көріністері 
көбірек маңызға ие екенін білуі тиіс.
188
ОТБАСЫНДАҒЫ
ӘКЕ РӨЛІ
26


КІШКЕНТАЙ
БАЛАМЕН ҚАЛАЙ
СӨЙЛЕСУ КЕРЕК 
27
189


Балаңыздың қажеттіліктері мен тілектерін түсінуге тырысыңыз, 
мүмкіндік туа сала, оның бастамаларына қосылыңыз. Балаңыз-
бен қарым-қатынысыңыз мейлінше үйлесімді болуы үшін оның 
күйіне, сезімдеріне және қалауларына мұқият болуыңыз қажет. 
Егер сіз балаңызға ілесіп, оның айналысқан әр ісіне қосыл-
саңыз, өзара тиімді диалог құру оңай болады.
Балаңыз қызығушылық білдірген кез-келген тақырыпта әңгіме 
құрыңыз, «әңгімені» ым-ишараттан, дыбыстардан және сезім 
білдіруден бастауға тырысып көріңіз. Осындай көзқараспен, 
ым-ишаратпен, дыбыстармен, күлімдеумен және ұнамды эмо-
циялармен жүргізілетін алғашқы «әңгіме-
лесу» сіз және балаңыз арасында берік 
байланысты дамыту үшін аса маңызды. 
Байланыстың мұндай алғашқы түрі тіл-
десуге үйрету үшін де маңызы зор, әрі 
тіл дамытудың негізі болып табылады.
К
өбінесе біз, ата-аналар, өз балаларымызды тәрбиелеу 
мәселесінде өз-өзімізге деген сенімсіздікті сеземіз. Біз 
туған-туыстарымыздың көмегіне жүгінеміз, таныстары-
мыз мен мұғалімдерден қолдау іздейміз. Балақаймен 
сөйлесе білудің негізгі қағидаларын білу өз бойымыз-
дан жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі және көбірек 
сенімділік сыйлайды. Біз осы мәлімет шабыт көзіне 
айналып, балаңызбен күнделікті өмірлік жағдайларда 
әрекеттесудің жақсы бастамасы болады деп үміттенеміз. 
Балаға ұнамды сезімдерді көрсетіңіз – балаңызды жақ-
сы көретініңізді көрсетіңіз. Тіл түсінбейтін және өздері 
сөйлей алмайтын кішкентай бөбектердің өзі сіз көрсет-
кен махаббат пен қуанышты, қайғы-мұң мен ашу-ызаны 
ұғынады. Сіз іңкәрлік, күлімсіреу, әңгімелесу және басқа 
да шаттық пен ынта-ықылас белгілері арқылы қамқор-
лығыңыз мен махабаттыңызды көрсеткенде балада 
сенімділік пен ортақтық сезімін тудырасыз.
190
КІШКЕНТАЙ БАЛАМЕН ҚАЛАЙ
СӨЙЛЕСУ КЕРЕК 
27


Осы арқылы сіз балаңызға ерекшеленіп тұратын және қы-
зығушылық тудыратын уайымдарды және әсерлерді сезуге 
және сезінуге жәрдемесесіз. Бірлесіп уайымдау ортақтықты 
сезіну үшін және баланың сіздің көмегіңізбен қоршаған әлем 
туралы жаңа мәліметтерді біле алуы үшін маңызды. Бастан 
кешіріп жатқан жайттың мәнін ашып көрсетіңіз. Осы жайт тура-
лы әңгімелесе отырып, заттарды және адамдарды атай отырып, 
өз сезімдеріңізді көрсете отырып, қызығушылығыңызды таныта 
отырып және болып жатқан жайттың маңыздылығына баса 
назар аудара отырып, сіз балаңызға сезімді мән-мағынамен 
байланыстыруға, демек – қоршаған ортамен мағыналы байла-
ныс орнатуға көмектесесіз.
Баланы мақтаңыз және қолпаштаңыз, оның жасауға тырысқан 
әрбір ұнамды ісін бағалайтыныңызды көрсетіңіз. Неге ұнамды 
екенін көрсететін және түсіндіретін жағымды реакция арқылы 
бала ненің жақсы және дұрыс екенін үйренеді. Ол, сондай-ақ, 
сіздің нені қалайтыныңызды және одан қандай әрекеттерді 
күтетіңізді танып-білуге үйренеді. Бұл өте маңызды, себебі, 
баланың әрекетін мақұлдау және мақтау оның ар-намысының, 
өз-өзіне сенімділігінің және бастамашылдығының іргетасын 
қалайды.
Баланың назарын сіздің барлығын 
онымен бірге бастан кешіретініңіз-
ге аударуға көмектесіңіз. Көзқарас, 
жанасу және сөйлесу арқылы 
сіз балаға онымен бірге бастан 
кешіретін және бірге жасайтын әр 
іске атсалысуға көмектесесіз. 
191
КІШКЕНТАЙ БАЛАМЕН ҚАЛАЙ
СӨЙЛЕСУ КЕРЕК 
27


БАЛАҒА ӨЗ ОЙЫҢЫЗДЫ ТҮСІНДІРЕ ОТЫРЫП, ҚОРШАҒАН 
ӘЛЕМДІ ЖАҚСЫРАҚ ТҮСІНУГЕ КӨМЕКТЕСІҢІЗ.
Түсінікті түсіндіру – күнделікті жайттар қалай орын алады, сезім-
дер бір-бірімен қандай байланыста, сезімдеріңіз туралы қалай 
ойланатыңызды түсіндіру арқылы сіз балаңызға айналадағы 
әлемді және сіздің өзіне деген сезіміңізді жақсырақ түсінуге 
көмектесесіз.
БАЛАҒА ӨЗІН-ӨЗІ ҚАДАҒАЛАУҒА ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН 
ӘЛЕММЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДА АЛДЫН-АЛА БОЛ-
ЖАУҒА БОЛАТЫН БАЙЛАНЫСТАР БОЛАТЫНЫН ТҮСІНУГЕ 
КӨМЕКТЕСІҢІЗ. 
Балаңызға айналадағы әлеммен қарым-қатынастарын түсінуді 
және реттеуді үйрену үшін нұсқау мен көмек керек. Бала өз 
әрекеттері арасындағы байланысты түсіне білуге үйренгені 
маңызды.
192
КІШКЕНТАЙ БАЛАМЕН ҚАЛАЙ
СӨЙЛЕСУ КЕРЕК 
27


ӘДЕБИЕТ
Тарау 1
1. 
Волосова Е.Б. «Развитие ребенка раннего возраста (основные показа-
тели)». М., 1999.
2. 
Островская Л.Ф. «Первый год жизни вашего ребенка». М., 1983.
3. 
Павлова Л.Н., Волосова Е.Б., Пилюгина Э.Г. «Раннее детство: познава-
тельное развитие». М., 2002.
4. 
И.Г. Малкина-Пых. Возрастные кризисы. Москва. ЭКСМО. 2004 г.
5. 
И.Ю. Кулагина, В.Н. Колюцкий. Возрастная психология.  Москва. ТЦ 
«Сфера». 2001 г
Тарау 2
1. 
И.Г. Малкина-Пых.  Возрастные кризисы. Москва. ЭКСМО. 2004 г.
2. 
И.Ю. Кулагина, В.Н. Колюцкий. Возрастная психология.  Москва. ТЦ 
«Сфера». 2001 г.
Тарау 6
1. 
Развитие личности ребенка от года до трех/Сост. В. Н. Ильина. Екате-
ринбург: У-Фактория, 2004.
Тарау 14
1. 
Архипова Е.Ф. Логопедическая работа с детьми раннего возраста: 
учебное пособие \Е.Ф. Архипова – М.: Просвещение, 1989.
2. 
Борисенко М.Г., Датешидзе Т.А., Лукина Н.А. Учимся слушать и 
слышать. Развитие слухового восприятия, внимания и памяти. – С.-П., 
2003.
3. 
Баенская Е.Р., Выродова И.А., Разенкова Ю.А. Научитесь общаться с 
младенцем.
4. 
Громова О.Е. Методика формирования начального детского лексико-
на. – М.: ТЦ Сфера, 2003.
5. 
Громова О.Е. Путь к первым словам. – М.: Просвещение, 2007.
6. 
Жукова О. Здравствуй, малыш! Авторская методика для заботливых 
родителей и талантливых детей. Москва, С.-П., 2005.
7. 
Ляско Е.Е. Развитие речи малыша\под ред. А.С.Батуева – М.:Ай-
рис-пресс, 2003.
8. 
Мама + папа =Я. Ребенок от рождения до года: Книга для родителей/ 
Под ред. Ю.А. Разенковой. – М.: Школьная Пресса, 2006.
Тарау 21
1. 
Д.Б. Эльконин, Детская психология, – М.: «Академия», 2005.
2. 
Т.Д. Мартинковская, Т.М. Марютина, Т.Г. Стефаненко и др. Психология 
развития, – М.: «Академия», 2007.
3. 
А.И. Захаров. Неврозы у детей. – СПб.: «Дельта», 1996.
Тарау 22
1. 
Захаров А.И. Как предупредить отклонения в поведении ребенка. — 
М.: «Просвещение», 1986.
2. 
Байярд Р.Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток: Практическое 
руководство для отчаявшихся родителей. М., 1991г., «Просвещение».
3. 
Баркан А.И. Практическая психология для родителей, или как нау-
чится понимать своего ребенка. М.,1999 г., АСТ-ПРЕСС.
4. 
Шевченко Ю., Шевченко М. «Игры для гиперактивных детей», 
журнал «Обруч». 
Тарау 23
1. 
И.Г. Малкина-Пых. Возрастные кризисы. Москва. ЭКСМО. 2004 г.
2. 
И.Ю. Кулагина, В.Н. Колюцкий. Возрастная психология.  Москва. ТЦ 
«Сфера». 2001 г.
Тарау 24
1. 
Д.В. Винникот. «Семья и развитие личности. Мать и дитя», 2004.
2. 
Г.Г. Филиппова. «Психология материнства. Учебное пособие», 2002.
3. 
С.Л. Рубинштейн. «Основы общей психологии», 1999.
4. 
Г. Клауд и Дж. Таунсенд. «Фактор матери», 2000.
Тарау 27
1. 
Ч.Карстен Хундейде. Восемь принципов хорошего диалога. – ИРАВ, 
С-Пб, 1999.




Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметті даму министрлігі
Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)
Беларусьтегі ЮНИСЕФ материалдары
негізінде әзірленді © 

жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау