1 айлығында бала анасының дауысын таниды, естіген
және көрген әсерлерлін өзара байланыстыруға талпы-
нады, дыбыстың ырғағын, биіктігін және көтеріңкілігін
ажырата бастайды.
2 айлығында сәби басқа дыбыстарға қоса жаңа дыбыс-
тарға құлақ түреді, әуен тыңдайды, ересек адамның
дауысын естігенде күлімсірейді.
3 айлығында баланың естігіштігі айтарлықтай жақсара-
ды, бала қарқындылығы 50-60 децибел (кәдімгі ауызекі
әңгіме) дыбыстарды ести алады. 3 ай толғанда сәби
дыбыс көзіне басын бұрады, дыбыс шығаратын затқа
үңіле қарайды. Осы жаста гу-гулеу және жандану кешені
орын алады.
Есту қабілетіндегі ауытқушылықтар қауіп-қатері тобы:
1.
Анасының жүктілік кезінде жұқпалы және вирустық
сырқаттармен (қызамық, қызылша, тұмау, цитамегаловирус
жұқпасы, ұшық, токсоплазмоз) ауыруы;
2.
Жүктілік кезіндегі токсикоз және жүктіліктің үзілу қаупі
туындауы;
Кейде бұл жаста қылилыққа душар болған баланың көру
қабілетінде бұзылушылық бар деген қате пікір қалып-
тасады. Алайда, көз мамандары аздаған қылилық 6-7
айлық жасқа дейінгі балалар үшін қалыпты жағдай деп
түсіндіреді.
3АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ
ДАМУЫ
Бала дүниеге келгенде оның есту қабілеті, көру қа-
білетіндей жетілмеген күйде болады. Нәрестенің есту
сезімталдығы жеткіліксіз, себебі, оның орта құлағындағы
қуысы сұйықтыққа толы болады, осы сұйықтық дыбыс
тербелістерін таратуды қиындатады.
Әдетте дені сау, толық тоғыз айдан кейін дүниеге келген
бала жоғары жиілікті дыбыстарды және 70-80 дБ ды-
быстарды (көтеріңкі дыбыстар – телефон қоңырауы, му-
зыка аспабында ойнау, айғай) естуі тиіс. Бұл жаста сәби
көтеріңкі дыбыстарды естігенде селк етеді, қалшия
қалады, көзін жыпылықтатады, сору ырғағын
өзгертеді.
5
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1
3.
Жаңа туылған нәрестелердің тұншығуы (асфиксия);
4.
Жүктілік және босану кезіндегі бас сүйек ішіндегі зақым;
5.
Гипербилирубинемия (200 мкмоль/л астам) и жаңа туылған
нәрестелердің гемолитикалық сырқаты;
6.
Шала туылу және туылған кездегі дене салмағы 1500 г кем
болуы;
7.
Анасының жүктілік және емізу кезінде ототоксикалық
дәрілік құралдарды (антибиотик-аминогликозидтер, фуро-
семид, аспирин, құрамында хинин бар дәрілік құралдар)
пайдалануы;
8.
Нәрестенің гестациялық жасы 40 аптадан асып кетуі;
9.
Анасының және басқа туыстарының есту қабілетін
зақымдайтын тұқым қуалайтын ауруларының болуы.
3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ СЕЗІМДЕРІ МЕН
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Баланың өмірі алғашқы рефлекстік айғайынан баста-
лады. Өмірінің алғашқы күндері және апталары бала
жағымсыз жайттарға (ауыру, ашығу, ұйқысы келу) өзінің
теріс көзқарасын айғаймен, жылаумен, ұзақ уақыт бойы
қимыл-қозғалыста болуымен білдіре алады. Бірте-бірте,
өмірінің әрбір жаңа күні өткен сайын, баланың жылауы
да туу себептеріне қарай әртүрлі бола бастайды, ал анасы
сол себептерді ажыратуды үйрене бастайды. «Түрлен-
дірілген айғай-жылау» деп аталатын
кезең орын алады. Бұл кезең баланың
эмоционалдық дамуы
үшін де, «ана-бала»
екілігінде тұрақты
және тиісті байла-
ныс қалыптасуы үшін де
айрықша маңызды болып
саналады.
ЕГЕР НӘРЕСТЕНІҢ ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНДЕ АУЫТҚУШЫЛЫҚ
ҚАУІП-ҚАТЕРІНІҢ БІРІ БАР БОЛСА НЕМЕСЕ БАЛА ТӨМЕН-
ДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАМАСА, АТА-АНАЛАР
ЖӘНЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАЛАНЫҢ ЕСТУ
РЕАКЦИЯСЫНА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛУІ ТИІС:
1.
Нәресте өмірінің алғашқы 2-4 аптасында қатты дыбыстар
шыққанда селк етпейді;
2.
Нәресте өмірінің алғашқы 2-4 аптасында дауыс естісе,
қалшия қалмайды;
3.
3-4 айлығында бала дыбыс көзіне қарай басын бұрмайды;
4.
3-4 айлық бала анасының дауысын естігенде жандана
түспейді;
5.
2-4 айлығында бала гу-гулей бастамайды.
ЕГЕР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ НЕМЕСЕ АТА-АНА-
СЫ БАЛАДАН ОСЫ БЕЛГІЛЕРДІ БАЙҚАМАСА, ОНДА
БҰДАН ДА ТИЯНАҚТЫ, ӘРІ МҰҚИЯТ БАҚЫЛАУ МЕН
ТЕКСЕРУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНҒАН ЖӨН.
6
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1
Кейінірек, жылау тек физикалық емес, сондай-ақ, бала-
ның жан қиналысын да білдіре бастайды.
Күлімсіреу сияқты ұнамды сезімдер балада айғайдан
кешірек пайда болады. Авторлардың көпшілігі бала-
лардың күлімсірей бастауы 4-6 аптада басталады деп
санайды. Біздің байқауымызша, сәби өмірінің алғашқы
аптасында, ал кейде, алғашқы күні-ақ күлімсірей
бастайды. Бірақ бұл жастағы күлімсіреу айналасын-
дағы ересектермен қарым-қатынас белгісі емес, тек
физикалық тұрғыдан толығымен жайлы сезіну
күйін білдіреді.
Алғашқы, «әлеуметтік» күлімсіреу
(яғни, қарым-қатынасқа бағытталған)
бала өмірінің 1-1,5 айына қарай
пайда болады. 4-6 айлығында
бөбек анасының жұмсақ дауыс
ырғағына, жүзін жақындатқанына
күлімсіреп жауап береді.
2,5-3 айлығында бала, әдетте, да-
уысты дыбыстарды және көмей-
лік дыбыстарды әуендетіп айтып,
гу-гулей бастайды.
3 айлығында бала өз дауысын басқа адамдармен
қарым-қатынасқа түсу үшін қолданады: ол «ау-ау» деп
дыбыстайды, сосын біраз үнсіз қалады, ересекке қарап,
жауап күтеді, ересек адам жауап қайтарғанда ол сол
ересек сөйлеп біткенше күтеді де, қайтадан «ау-ау»
деп бастайды. Қалыпты дамып келе жатқан бала «тірі
емес» заттармен осылай «сөйлесуге» тырыспайды,
олардың тарапынан дыбыс немесе өзге жауап күтпей-
ді.
3 айлығында баланың өзі үшін маңызды ересек
адамға қатысты ерекше эмоционалдық-қимылдық
әрекеті пайда болады – «жандану кешені». «Жандану
кешеніне» ересек адамның бет-жүзіне көз тоқтату,
күлімсіреу, қимыл-қозғалыс белсенділігінің артуы
(бала аяқ-қолдарымен қарқынды сермей бастайды)
кіреді, бала жиі-жиі гу-гулей бастайды.
ӘЛЕУМЕТТІК КҮЛІМСІРЕУДІҢ ЖӘНЕ ГУ-ГУЛЕУДІҢ, ЕРЕ-
СЕК АДАМНЫҢ БЕТ-ЖҮЗІНЕ КӨЗ ТОҚТАТУДЫҢ, ЖАНДА-
НУ КЕШЕНІНІҢ ЖОҚ БОЛУЫ НЕМЕСЕ КЕШ ПАЙДА БОЛУЫ
БАЛА ДАМУЫНДАҒЫ ӘРТҮРЛІ БҰЗЫЛУШЫЛЫҚТАР БАР
ЕКЕНІНІҢ АЙҒАҒЫ БОЛУЫ МҮМКІН ЖӘНЕ ҚОСЫМША
БАҚЫЛАУ МЕН ТЕКСЕРУ ҚАЖЕТ БОЛАДЫ.
7
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1
Достарыңызбен бөлісу: |