Отбасылық тәрбиелеу мектебіндегі ата- аналармен жұмыс сабақтары
Тақырыбы: Ата- аналар мен баланың қарым-қатынасы. Баламен қалай жанжалдаспай дұрыс қарым-қатынас жүргізуге болады?
Мақсаты мен міндеттері:
Ата- аналарға отбасында орын алған қиыншылықтарға жеңуге көмек көрсету.
Жанжалдаспай түсініп болысу және одан шығу жолдары
Ата- анаға отбасындағы кикілжің кезінде арт- терапия көмегімен кикілжіңнен шығу жолдарын анықтау
Құрал- жабдық: презентация, бір шүйке жіп, шам, фломастер, қағаз, қарындаштар
Өткізу жоспары:
Презентация
Психолог- педагогтын жанжалдасу туралы теориялық баяндамасы
Арт- терапия көмегімен «Жанжалдасу мәселесін талдау және оны шешу» тренинг жаднамалар
Жиналыстың өтілуі:
Презентация (слайд көрсетіледі)
Қайырлы күн, құрметті ата- аналар! Біздің жиналысымыз мына тақырыпта жүргізіледі: «Ата- аналармен балалардың қарым- қатынасы. Баламен қалай жанжалдаспай дұрыс қарым-қатынас жүргізуге болады?
Сәлемдесу – тренингі. Жіптің ұшын ұстай отырып, ата-ана баласының атын, бала анасының атын және оның қандай ана екенін айту керек.
Психолог- педагогтын теориялық баяндамасы. «Баламен қалай жанжалдаспай дұрыс қарым-қатынас жүргізуге болады?».
Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен ұқсамаймыз. Бізде әртүрлі мінез-құлық, өмірге деген көзқарасымыз әртүрлі, бірақ сіздер мен біздерді біріктіретін біздің балаларымыз. Балаларымыз да бір-біріне ұқсамайды.
Ендеше өз балаларымызды экраннан тамашалайық. (балалар сабақта, ертеңгілікте слайдтары көрсетіледі)
Сіздер балаларыңыздың сабақтағы, әртүрлі мерекелік іс-шаралардағы : мерекелердегі, әртүрлі сайысқа қатысуларын көрдіңіздер. Олардың бір-бірімен қарым-қатынас, ұстаздарымен қарым-қатынасын көрдіңіздер.
Тамаша, бұл шындық?
Бірақ та, кейде қарым-қатынаста мәселелер, қиыншылықтар, кикілжіңдер туынап жатады.
Кикілжің дегеніміз не? Кикілжің- бұл екі жақтың көзқарастарының , қызығушылықтарының сәйкес келмей, тыңғырыққа тірелулері. Кикілжіңдер – бұл өзара келіміге келе алмаған жағдайдағы талас, ұрыс, төбелес. Кикілжіңдегі ең қорқыныштысы- бұл адамдардың бір-біріне деген сезімдері. Үрей, реніш, жек көру – кикілжіңнің басты сезімі. Кикілжіңсіз өмір болмайды, бірақ соны шеше білуге үйрену керек. Кикілжіңді шешу үшін оның ауқымын, пікірлер мазмұнын ашық талдау керек. Кикілжің мәселесін қалпына келтіру, немесе оны шешуден бас тарту, өте күрделі мәселеге айналуы мүмкін: денсаулық жағдайына байланысты; психологиялық тұрғыдағы мәселелер (өзінің жан-жарасымен кету, адам мінез-құлқының өзгеруі, психикалық қапалану, суицид т.б. ; Әлеуметтік тұрғыдағы қиыншылықтар (отбасын жоғалту, айырылысу, жұмысынан айырылу, , өзін-өзі жоғалту).
Кикілжіңдегі еңбасты қабілеттілік – ол түсінуге, бір шешімге келуге деген қабілеттілік. Бұл- өзінің ұстанымын ашық жариялау іскерлігі, «бетпе-бет»; серіктестің жеке қасиеттерін емес, кикілжіңнің мазмұнын бағалай білу; Барлығының жекетұлғалық қатынасты сақтауға тырысуы.
Кикілжіңдер бала арасында, мұмғалім мен бала арасында туындауы мүмкін, біз соны ымырамен шешуге ұмтыламыз. Бүгін біз баланың мінез-құлқындағы қиыншылық себептерін табуға тырысамыз.
Қалай ойлайсыздар, баланың мінез-құлқындағы қиын нәрсе не? Отбасында кикілжің неден басталады?
Ата-аналардың жауаптары.
Негізі баланың мінез-құлқының бұзылуының және кикілжіңнің туындауын себептерін төрт түрге бөлуге болады:
Назар аудартуға деген күрес. Баланың эмоционалдық дамуына назар аудару зейін қою қажет. Тыңдамау- бұл да өзіне назар аудартуға деген мүмкіндік.
Өзінің дұрыстығына көз жеткізуге деген күрес. Бала үлкендердің таусылмайтын нұсқауларын, ескертулерін орындамауға соғыс жариялайды.
Кек алуға деген тілек.
Үлкен немесе кішілермен аға-әпкелерімен салыстыру;
Отбасы мүшелерінің бір-бірін қорлап сөйлеуі;
Ата-аналардың біреуінің ішімдікке салынуы;
Айрылысу және жаңа отбасы мүшесінің қосылуы;
Әділетсіздік және орындалмаған уәделер;
Үлкенердің шектен тыс бір-біріне деген сүйіспеншілігі;
Оқудағы сәтсіздіктерінен, сыныптағы мұғаліммен қарым-қатынастарынан туындаған өз жетістігіне сенбеу,
Біз бүгін отбасы мүшелерінің бір-бірін төмендету, әділетсіздік таныту, алдау, орындалмаған уәделер сияқты себептеріне тоқталатын боламыз.
Бірінші қадам.
Баланы тыңдаудан бастау керек. Бала өзін тыңдайтыныңызға көзін жеткізгеннен соң сіздің де пікіріңізге құлақ асып, өзара бір шешімге келу жолдарын іздестіре бастайды. Баламен сөйлесуге дұрыс әрекеттену керек. «мен -хабарлама» тәсілін қолданыңыз.
Мысалы:
Маған шаруашылықты жалғыз жүргізу өте ауыр және ренішті (оның орнына «сіз барлығын маған жүктеп қойдыңыз»).
Маған тез жүру өте қиын (оның орнына: «Сен мені әбден тығырыққа тіредің»).
Маған бөлмедегі осындай шашылып жатуды көру өте жағымсыз (оның орнына: дереу өз бөлмеңді қалыпқа келтір).
Өз сөзіңізде «маған», «мені» деген сөздерді жиі қолданыңыз.
Екінші қадам.
Бұл кезең сұрақ қоюдан басталады: « Қалай істесек болады?» Содан соң балаға міндетті түрде өз шешімін айтуға мүмкіндік беріңіз де, кейіннен өз шешіміңізді ұсыныңыз.
Үшінші қадам.
Бұл кезеңде ұсынылған шешімдерді талдау және қолдануға болатынын таңдау ұсынылады. Ендеше біріге отырып, отбасындағы кикілжіңдердің шешу жолдарын қарастырайық. Екі топқа бөлінулеріңіз сұралады. Әр топ осы ситуация бойынша талдауын, шығу жолдарын ұсынады.
Конфликтілік ситуациялар:
Кирилл анасы бөлмені жинауға көмектесуін өтінсе де, компьютерде ұзақ отырды. Ұл бала анасына дауыс көтере бастады. Осы ситуациядан шығу жолы:
Юля құрбыларымен сыртқа серуенге шығып, жылы киінуді ұмытып кеткен, мұны көрген анасы терезеден құрбыларының көзінше ұрсып, ауыр сөздер айтты. Осы ситуациядан шығу жолы:
(Топта өзара талдау жүреді). Әр топ ситуациядан шығудың дұрыс жолын ұсынады. Бүгін біз сіздермен конфликтілік жағдайларда ымыраға келу жолдарын қарастыруды үйрендік. Ұрыс-керісте көбіне ересектер , біз өзіміз кінәлі екенімізді есте ұстаңыздар! Егер сіз дұрыс шешім қабылдасаңыз сіздің отбасыңызда бейбітшілік пен ынтымақтастық болады. Бүгіннің өзінде сіздердің балаларыңызға «Мен сені жақсы көрем, біз біргеміз, біз бәрін жеңеміз!» деп айтқандарыңызды естігіміз келеді.
4.Бірігіп сурет салу. «Екеулеп сурет» жаттығуы (30 мин.)
Балаларға ата-аналарымен біріге отырып сурет салу ұсынылады: Суреттің бір бөлігін бала салса, екінші бөлігін ата-ана салады.
Құрал-жабдық: А4 қағаздары, түрлі-түсті қарындаштар, суреттерді жапсыруға арналған скотч, кнопкалар, жанға жайлы әуенмен үнтаспа.
Нұсқау: Қазір сіздер жұппен ата-ана-бала
Болып жұмыс жасайсыздар. Мен әр жұпқа «Біздің үй» деп аталатын сурет салуларын сұраймын. Қағаз бен қарындаштар үстелдің үстінде жатыр, сіздерге тапсырманы орындау үшін 15 минут уақыт беріледі. Бірақ тапсырманы орындау барысында сөйлесуге, не салатындықтарыңыз жайлы өзара келісуге тиым салынады. Тапсырманы аяқтап болған соң әр жұп өздерінің жұмыстарын көрсетеді.
Тапсырманы орындау барысында әуен ойналып тұрады.
Тапсырманы көрсетуге (15 минут) уақыт, жүргізуші баладан суреттің қалай салынғанын , идеяның кімнен туындағанын, жұмыста не кедргі, не көмек болғанын айтуды сұрайды. Сонымен қатар ата-аналардың өзара әрекет барысындағы ерекшеліктері талданады.
Сабақты аяқтау. (10 минут)
Әр сабақ соңында орындалатын рәсім. Жүргізуші барлығынан шеңберге отыруларын және кезекпен –кезек сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:
Бүгінгі сабақта не есіңде жақсы сақталды?
Әдеттегіден тыс не болды?
Нені орындауда қиындық туды?
Егер саған қызықсыз болса, келесіде қарым-қатынаста нені өзгертер едің?
Біріккен жұмысты талдау.
Біз тренинг сабағымызды аяқтаймыз.
Ал қазір майшамды шеңбер бойымын бере отырып, келесі күнге жылы лебіздерімізді білдірейік.
Рахмет, бізге сіздермен уақыт өткізу жағымды көңіл-күй сыйлады!
Достарыңызбен бөлісу: |