Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет42/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

Әдетте, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі, әсіресе, ерте 
балалық шақта, көбінесе дәстүрлі «табыскер және 
қорғаушы» рөлін атқару және ананың жан тыныштығын 
қамтамасыз ету түрінде жүзеге асырылуы тиіс деп 
саналады. Алайда, соңғы жылдары психосарапшылар 
бұл түсінікті қайта қарау үстінде. Бала өмірінің алғашқы 
жылында-ақ әкенің келесі міндеттерін айқындауға 
болады:
«Бүлікшілер»:
Мінез-құлықтың үшінші түрі шын мәнінде сол баяғы 
«төменшіктеудің» тағы бір көрінісі, алайда, бұл жағдайда 
ата-ана өктемдігіне наразылық тіпті қолдау-қолпаштауға 
ие болмай қалу қорқынышынан да басым түседі.  
Тұлғаның дамуы тұрғысынан бұл оқ бойы озық тұрған 
мінез-құлық, себебі, адам өзінің ашу-ыза қуатына қол 
жеткізіп, ересек өмірге өтерде көбірек дербестікке ие-
ленуге қабілетті болады. Бірақ, мұнда да қарым-қатынас 
мәселесі шешілмеген күйі қалады.
Бүлікші қандай да болмасын ережелерді және абы-
рой-беделді мойындамайды. Ол еркіндік пен сый-құрмет 
жетіспеушілігіне шағымданады, бірақ есесіне өтемін 
үлкен жауапкершілікпен өтеуге дайын емес. Ол үздіксіз 
наразылық күйде; оған нені қалайтынынан гөрі, нені 
қаламайтыны жақсы мәлім. Бұл оның сол күй есеймегенін 
дәлелдейді. Бүлікшіге ата-ана қажет, әйтпесе, ол кімге 
қарсы бүлік шығарады?! Ал ата-ананы осылайша қажет-
сіну балаңдықтың (есеймегендіктің) нышаны.
ОТБАСЫНДАҒЫ_АНА_РӨЛІ'>ОСЫЛАЙША, АНАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БАЛА 
ДАМУЫНДА ЖЕТЕКШІ РӨЛ ОЙНАЙДЫ.
173
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


Егер бала әкесіз өссе, психосарапшылар оны балаларға 
арналған мектепке дейінгі мекемелерге апаруға кеңес 
береді, онда әкемен қарым-қатынас жетіспеушілігі 
құрдастарымен қарым-қатынас құру арқылы өтеледі: 
толық отбасынан шыққан балалар жанұясында сіңірген 
қарым-қатынасты «таратады».
Аман-сау ананың баласы да аман, дені сау – бұл заң-
дылықты бала мамандары баяғыдан-ақ байқаған. Бала 
есейген сайын оның тәрбиесі мен дамуында әкесінің 
және өзге отбасы мүшелерінің рөлі 
арта түседі, бірақ анасының орны 
негізгі болып қала береді.  
Ана балаға өзінің ішкі жан-дүниесін тануға мүмкіндік бе-
реді, себебі, бала «өз-өзіне анасының көзімен қарайды», 
ал әке баланы қолына алғанда, жоғары қарай лақтырып, 
ойнатқанда, тысқары әлеммен таныстырады.
Әке баланы анасы көңіл бөле алмағанда жұбатады. Егер 
анасы келе алмаса, жанында әкесі болады.
Дені сау бала ашу-ызасын міндетті түрде әкесіне де, ана-
сына да бағыттайды. Егер анасын сүйетін қамқор әкесі 
болса, балаға өз ашу-ызасын даму үдерісінде еш залал-
сыз жеңуге оңайырақ болады. Баланың тіпті осындай 
«жаман» ананы да жақсы көруге болатын басынан өткен 
тәжірибесі бар. Ересек өмірде оған айналасындағылар-
мен қарым-қатынас құру оңайырақ болады, ол адамдар-
ды «мінсіз» және «жексұрын» деп бөлмейді, яғни, кемел 
тұлға болып өсіп-жетіледі.
Бірін-бірі сүйетін ата-ана қарым-қатынасын көріп өскен 
кішкентай балақай осындай қарым-қатынасты қаперінде 
сақтап, кейін ересек өмірінде қолданатын үлгі ретінде 
санасына сіңіреді. 
174
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


АНАСЫ
ЖАНЫНДА
БОЛҒАНДА
25
175


К
ішкентай балалардың ата-анасын бүлдіршіндерінің 
денсаулығы қашан да алаңдатады, олар балалар дәрі-
герінің көмегіне жүгінеді. Дәрігер әртүрлі сырқаттарға 
диагноз қоюмен және оларды емдеумен айналысады.
БАЛА ОЙДАҒЫДАЙ ДАМЫП-ЖЕТІЛУІ ҮШІН ОНЫҢ ТЕК 
ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҒАНА ЕМЕС, СОН-
ДАЙ-АҚ, БАЛАНЫҢ ӨМІРГЕ КЕЛЕ САЛҒАННАН БАСТАП, 
АЛҒАШҚЫ КҮННЕН-АҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА МҰҚТАЖ 
ЕКЕНІН ЕСТЕУ САҚТАУ ҚАЖЕТ, БАЛА ҮШІН ОЙНАУ ЖӘНЕ 
АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІ БІЛЕК СЫБАНА КІРІСІП ЗЕРТ-
ТЕУ АСА МАҢЫЗДЫ.
бала өз бетінше емес, 
оған күтім көрсететін 
ересек адамның көме-
гімен үйренеді. Ал сол 
ересек – көбінесе, анасы;
ерте балалық шақта 
балаға білім беруден 
гөрі, білім алуға деген 
ынта-құлшынысы мен 
қабілетін дамыту   
маңыздырақ.
Бала дүниеге келген сәттен бастап, ең маңызды адам 
анасы болып табылады, анасымен бірге оның тұлға-
сы дамиды. Сондықтан, ерте жастаға балаларға көмек 
көрсету жөніндегі кез-келген бағдарламаларда маңызды 
рөл ата-анаға тиесілі – олардың белсенділігі мен пікірі 
кәсіби мамандардың пікірімен тепе-тең мән-маңызға ие:
Өзін қоршаған әлемді бақылау және оны зерттеу 
арқылы, сонымен қатар, ересектермен қарым-қаты-
нас құру арқылы білім жинау қабілеті әр балада бар. 
Бақылау және зерттеу қабілеттерін қамшылау үшін 
ойыншықтар қолданылады. Қарым-қатынасты дамыту тіл 
дамуын қамтамасыз етеді.
176
АНАСЫ ЖАНЫНДА
БОЛҒАНДА
25


ТИІМДІ ӘРЕКЕТ ЕТУ ҮШІН АНА:
Әртүрлі сырқат балаларға, сондай-ақ дені сау балаларға 
арналған алғашқы оқыту бойынша барлық нұсқау-
лықтар осы ережелерге негізделген. Барлық жағдай-
ларда дамытушы білім беретін бас әрекет етуші тұлға 
– баланың анасы (немесе оның орнындағы адам).
Психофизикалық даму ерекшеліктері бар ерте жастағы 
балаларға мамандандырылған көмек көрсететін 
алғашқы араласу қызметінің мәні - анаға өз әрекеттерін 
мейлінше тиімді етуге көмектесу.
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚТА АДАМНЫҢ ТЕК ӘЛЕМ ТУРАЛЫ 
ҒАНА ЕМЕС, ӨЗІНДІК ӘЛЕУМЕТТІК РӨЛІ, ОТБАСЫНДАҒЫ 
ЖӘНЕ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ ТУРАЛЫ БІЛІМІ ҚАЛЫПТА-
САДЫ, БҰЛ РЕТТЕ АНАСЫНЫҢ БАЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ 
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН ЖҮРІС-ТҰРЫСЫ ШЕШУШІ МӘНГЕ ИЕ.
Бәрінен де қай әрекеті 
дұрыс екенін түсінуі тиіс.
Баланың дамып-жетілуіне 
септесетін немесе оны 
жеңілдететін арнайы 
құрылғылары немесе 
құралдары болуы тиіс. 
Ең қарапайымы – ойын-
шықтар, бірақ, олардың 
қатарында белгілі бір 
бұзылушылықтарға 
шалдыққан балаларға 
арналған аса күрделі 
жаттығу құрылғылары, 
протездер және басқа де 
құралдар болуы мүмкін.
Бірқатар жағдайда ана 
арнайы дағдыларды 
және қабілеттерді мең-
геруі тиіс.
177
АНАСЫ ЖАНЫНДА
БОЛҒАНДА
25


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау