|
Берілген суреттер бойынша не білесіздер? Тозаңдану дегеніміз
|
Дата | 14.05.2018 | өлшемі | 9,52 Kb. | | #13289 |
| Айқас және өздігінен тозаңдану - айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау
Берілген суреттер бойынша не білесіздер? Тозаңдану дегеніміз - аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі.
Тозаңдану маңызы - тозаңданудан кейін ұрықтану жүреді
Өздігінен тозаңдану - бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі.
Айқас тозаңдану - бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану Өсімдіктердің бунақденелілер арқылы тозаңдануға бейімделуі. Жел арқылы айқас тозаңдану Жел арқылы тозаңдануға бейімделуі - Аталық жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады.
- Тозаңдар таралуға бейім.
- Аналық аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдайды.
- Тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады.
Тозаңданудың өзге түрлері - Кейбір су өсімдіктерінің тозаңдары сумен таралады.
Су астында тозаңданатын өсімдік - Тропикте гүлдер ең кішкентай құс колибри арқылы тозаңданады.
- Африка мен Азиядағы кейбір өсімдіктер және баобаб жарқанаттар арқылы тозаңданады.
- Австралияның кішкене ғана қалталы жануары кускус —банксияны тозаңдандырады.
- Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.
- Ұрықтану тозаңданудан кейін жүреді.
- Аналық аузына түскен тозаң аналықтан жабысқақ сұйықтық бөлінгенде жіңішке түтікше шығарып өнеді.Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді.
- Жатын қуысында көпжасушалы тұқым бүршігі (бірден бірнеше мыңға дейін) бар. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым, жатынынан жеміс дамиды.
- Михаил Сергеевич Навашин
- (1896-1973)
- Сен білесің бе,
- табиғат таңғажайыптарын
- Гүлдейтін өсімдіктердің ең ірісі шығыс Азияда өсетін Раффлезия гүлі, оның гүлінің диаметрі 1м-ге жетеді, ал салмағы- 6-7 кг болады екен. Оны(сасыған өлік) деп те атайды,шіріген ет тәрізді исі жәндіктерді өзіне тартады.
- Ең сирек гүлдейтін-Пуйя
- раймондии.
- Ол 150 жылдан кейін бір-ақ гүлдейді.
- Тұқымын жерге тастаған соң тіршілігі тоқтайды екен.
- Библис - жыртқыш өсімдіктердің бір түрі. Желім болу арқылы жәндіктерді еліктіреді. Бөлінген желімге жәндіктер ғана емес сонымен қатар бақа, тіптен құстарда ілініп, жем болады.
- Австралия елінің тұрғындары осы желімді скотч жасауға пайдаланады.
- Венерина мухоловка – Жапырағының айналасын қалың тікендеп қаптаған. Әр жапырақта
- 15-20 тікен бар. Ал жапырақ ортасында 3 ұзын қылшық болады. Жәндік не басқа жануарды
- бұл жапырақ қызықтырмай қоймас. Егер жапыраққа бір нәрсе ілінсе жабылған жапырақ 30 минуттан кейде бірнеше күнге дейін ашылмайды.
- Дарлингтония - туысқа жататын жалғыз түр.
- Калифорнияның батпақты аймақтарында өседі.
- Жыртқыш өсімдік жапырағы шабуылға дайын тұрған кобра жыланына ұқсайды. Иісі арқылы өзіне жәндіктерді еліктіріп, оларды қорек қылады.
- Мақсаты : Бунақденелілер және жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің өздеріне тән ерекшелігін анықтау. Байқағыштықты дамыту.
- Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын гүлдердің құрылысы.
- 1.Гүлдің сыртқы белгілерін сипатта
- 2.Гүлдің тозаңы қандай болады?
- 3.Бунақденелілерді гүлдің қай бөлігі еліктіреді?
- Жел арқылы айқас тозаңданатын гүлдердің құрылысы
- Қайыңның ,теректің гүлдері еліктіре ала ма?
- Тозаң туралы не айтасың?
- Мұндай гүлдер хош иіс шығара ала ма?
- Қорытынды:
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|