Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет40/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43

ШАРТТЫ ТҮРДЕ «ЖАРЫМЖАН 
ЕТЕТІН» АНАЛАРДЫҢ БІРНЕШЕ 
ТҮРІН СИПАТТАУҒА БОЛАДЫ:
Мұндай жағдайда тәрбиелеудің салдары келесідей 
болуы мүмкін: 
Енжарлық. Осындай ана тәрбиелеген балалар эмоцио-
налдық тұрғыдан ұжымға, отбасына кірігіп кете алмай-
ды.
Тұйықтық. Қиын-қыстау кезеңдерде көмек сұрамай-
ды, тұйықталып кетеді, айналасындағы өзіне жанашыр 
адамдардың көңілін қалдырады.
Сенімсіздік, өшпенділік, ашушаңдық. Кейбірі осы сезім-
дерді өзге адамдарды алыс ұстау үшін пайдаланады. 
Ешкімге сенбейді, бірден шабуылға көшіп, өзіне жақын-
дауға тырысқа кез-келген адамның меселін қайтаруға 
тырысады.
Қарым-қатынастарға қайта баға беру. Ересек өмірде 
мұндай адамдар «елес»-ана қалдырған орынды толтыра 
алатын адамды іздейді. Олар анасынан ала алмағанын 
досы немесе сүйіктісі бере алады деп есептейді. Бірақ, 
ешбір адам ондай биік талапқа сай келе алмайды. 
Некелік өмір сиқырлы таяқты серпе салып, оларды 
бақытты ететініне сенетін, өміріне өкпелі жалғызбасты-
лар, әдетте, ана махаббатының баламасын іздейді.
1. «ЕЛЕС»-АНА
«Елес»-ана, көбіне-көп, физикалық және моральдік 
тұрғыдан жоқ ана. Ол баласына нашар қарайды деп 
айтуға болмайды, алайда, оның сезімдері негізінен 
бала үшін әрдайым жабық. Бала анасынан ашық болуға, 
басқа адамдармен жақындасуға үйренбейді. Мұндай ана 
кез-келген байланыс/жанасу мүмкіндігін жою үшін күш 
көрсетуге бейім, берік байланыс орнатуға жол бермей, 
өз сезімдерін жіті қадағалайды.
Мұндай ана жеке басына қатысты қиын жағдайда қалып, 
балаға көңіл аудармауы, баланы жалғыз қалдыруы мүм-
кін, нәтижесінде бала сене білу қабілетінен айырылады. 
«Елес»-ана балалар оны ренжітіп немесе ашуландырып 
алуға қорқып, ешбір сезімімен бөлісе
алмайтындай мінез көрсетеді.
166
ОТБАСЫНДАҒЫ_АНА_РӨЛІ_24__Жағымсыз_қарым-қатынастар.'>ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


Жағымсыз қарым-қатынастар. Әуел бастан-ақ сәт-
сіздікке ұшыраған, сенім ұялатпаған қарым-қатынас 
нәтижесінде мұндай адамдар ересек өмірде жағымсыз 
қарым-қатынастар құрбанына айналады.
Қаңырау. Бұл адамзатқа мәлім барлық сезімдердің 
ішіндегі ең төзгісізі. Бала, ал кейінірек – ересек адам - 
ана махаббаты мен қамқорлығына жауап беріп, ішінен 
«толады». Адам баласының өзі білдірген сезімінің 
қайтарымын бере алатын ешбір жан болмаса, басы 
қиындыққа қалады. Махаббатын қабылдайтын адам жоқ 
бала жан-дүниесі қаңыраған бос күйде ержетеді. Алыс, 
қолжетімсіз «елес»-ана өзі сияқты селқос, жан-дүниесін 
ештеңе толтыра алмайтын бала тәрбиелейді.
Есірткіге тәуелділік. Бұл ұғымның дәстүрлі мағына-
сын білдіреді, маскүнемдікке және есірткі қолдануға, 
сондай-ақ, жан-дүниесіндегі қаңыраған бос орынды 
толтыруға мүмкіндік беретін заттекке немесе белгілі бір 
мінез-құлық түрін пайдаланып ішкі вакуумды толтыру-
дың бір тәсілі ретінде ана ізденісіне қатысты қолданы-
лады.
2. «ШЫНЫ ҚУЫРШАҚ»-АНА
«Шыны қуыршақ»-ана морт «сынғыш» болғандықтан, 
ұнамсыз немесе шиеленіскен мәселені шешуге дәр-
менсіз. Ол шекара қоюды, өзін және айналадағыларын 
қадағалауды, ересек өмірмен істес болуды білмейді. 
Осының барлығы оның ана ретіндегі мінез-құлқында 
да көрініс береді: баланың басына туған қиындық дәл 
өз басына туған қиындық сияқты оны тұншықтырады, 
шарпып әкетеді.
Бұл бала қандай да бір күшті сезімдерін көрсеткенде 
қылаң береді. Дегенмен, «шыны қуыршақ»-ана баласын 
сүйеді, үрей, қаһар, күйініш немесе қорқыныш алдын-
да бірден тізе бүгеді. Бала тарапынан «бұрыс» күшті 
сезімдерін көрсетуі жазғыруға және жазалауға алып 
келуі мүмкін. «Шыны қуыршақ» өзінің азапты сезімдерге 
толы әлемінде өмір сүреді, әрі барлығын 
сол сезімдер елегінен өткізеді. Бала 
шынайы болмыспен араз болса, 
бала сезімдері арқылы осындай 
ананың да өз қорқыныштары мен 
дағдарушылығы бетіне шығады.  
167
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


3. ӨКТЕМШІЛ АНА
«Шыны қуыршақ»-ана ғана балаға балалық шағынан 
ересек өмірге еріп келе жатқан қиындықтар артып қой-
майды, бала бойында дербестікті, амосәйкестендіруді 
және жауапкершілікті қолдамайтын аналар да осындай 
ауыр жүк артады. Өктемшіл ана өз баласына бақылау 
орнатады. Ол баласын қай жерде болмасын, қай істе 
болмасын бақылап отырады. Баланың ешбір ісі немесе 
шешімі анасының қатал бақылауынсыз қалмайды. Анасы 
баласы үшін бар мәселелерін, тіпті ба-
ланың өзі шеше алатын мәселелерді 
де шешеді.
ТӘРБИЕ САЛДАРЫ:
Қарым-қатынастардағы қиындық. «Шыны қуыршақтар-
дың» балалары өздері мұқтаж болып жүрген жақын-
дықты қабыл алмай, өздері үшін ең маңызды адамдар-
мен қарым-қатынаста қиындықтарға тап болады.
Ашушаңдық. Адам сезімтал адамдарды әлсіз және 
жауапсыз деп сынайды, жазғырады. Оған әлдекім көмек 
сұрап жүгінсе, «есін жиып», «күңкілдей беруді қоюға» 
кеңес беруі мүмкін.
Тұйықталу. «Шыны қуыршақтың» тәрбиесі нәтижесінде 
бала бойын ашу, қорқыныш немесе күйініш билеген
сайын немесе осындай сезімдерді басқалардың бой-
ынан байқаған сайын байланысты үзуге үйреніп кетуі 
мүмкін. Сезімдері шарпып әкетіп, бүкіл жүйенің қауіпсіз 
жұмыс жасауын қамтамасыз ететін сақтандырғыш күйіп 
кеткендей болады: ол орын алған жағдайдан эмоци-
оналдық жолмен немесе сөздің тура мағынасында 
«шығып» кетеді.
Егер бала «шыны қуыршақпен» тәрбиеленсе, оған, 
бұрынғыдай, біреу сезімдерін іркіп отырғаны қажет.
168
ОТБАСЫНДАҒЫ
АНА РӨЛІ
24


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау