Ата-ана балалардың жауап ретінде жасайтын әрекеттері
өздерін азапқа салуы мүмкін екенін алдын-ала болжай
отырып, бала жанына жара салмай әрекет ету жоспарын
жасап алғаны жөн. Жағдай ушыққан күнде де, әрекет
жасамас бұрын, алдымен себебін анықтап көруге тырысу
керек. Әдетте, тәрбиелік шаралар жеткілікті болады.
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Жауап ретінде жасалатын әрекеттер патологиялық
(ауытқушылық) сипатқа ұласпауы үшін, оған қоса, «мінез
сырқатына» айналып кетпеуі үшін, ата-ана олардың бар-
жоғын білуі керек, олардың бала бойында қаншалықты
орныққанын бақылап, тәрбиелік жұмыста ескеруі тиіс,
себебі, педагогикалық шаралармен олардың ұнамсыз
өрбуінің алдын алуға болады:
өсіп-жетілуінің әртүрлі кезеңдерінде баланың
дербестікке ұмтылысын ескеру керек, оны «ересек»
мәселелерді шешу рәсіміне қатыстыру керек, онымен
ақылдасу керек, өзі және өз жақындары, өзі бара-
тын ортадағы ұжымның істері және т.с.с. үшін арта
беретін жеке жауапкершілікке үйрете беру керек;
ұл немесе қыз баланың достарын шеттетуге бол-
майды, керісінше, олардың арасындағы қарым-қа-
тынас қандай сипатта екенін білу үшін оларды
жақын тарту керек, олардың ара-қатынасына
қажетті бағытта ықпал ету керек: ұнамсыз «идеал-
дарды» бірте-бірте беделінен айырып, орнына өзге
мінез-құлық «бейнесін» ұсыну керек;
бала, ең алдымен отбасында білім алатынын ескере
отырып, бәлкім, балаларымызды келешекте қан-
дай етіп көрігіміз келсе, сондай болуға тырысқан
жөн шығар. Мүмкін бізге кедергі келтіретін немесе
қажеті жоқ әдеттерден немесе қасиеттерден арылу
керек шығар. Бірақ осының барлығын білдірмей,
тынымсыз еңбектеніп, еппен, сыпайы жасау қажет.
Ата-ана тарапынан үзілді-кесілді әрекеттер тек
төтенше жағдайларда ғана орынды. Педагогикалық
шаралар нәтиже бермесе, балалар психологымен,
дәрігер-психотерапевтпен немесе психиатрмен
кеңескен пайдалы болады.
142
БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21
22
143
ЗЕЙІН
ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК
СИНДРОМЫ
i
ЗЖГС балалардың көпшілігінде кездеседі (әртүрлі
зерттеулердің мәліметтері бойынша аталмыш
ауытқушылыққа балалардың шамамен 10% душар болады), әрі
олардың әлеуметтік бейімделуіне көп кедергі жасайды. Бұл
синдром қыз балаларға қарағанда, ұл балаларда 4-5 есе жиі
кездесед
Шамадан тыс белсенділіктің алғашқы белгілерін ата-ана
баланың кішкентай кезінен байқау ықтималдығы айтар-
лықтай жоғары. Әлбетте, күш-қуаты тасып, еліріп тұрған
кез-келген баланы жүйке жүйесінде бұзылушылықтары
немесе сырқаттары бар балалар санатына жатқызуға
болмайды. Егер балалар кейде қыңыр мінез көрсетсе
немесе тіл алмаса – бұл қалыпты жағдай. Анда-санда
бала ұйықтайтын кезде, төсекке жатарда бой бермей
құтырып кетсе, таң атпастан оянып алып, әлек салса
немесе дүкенде қылжақтаса, бұл да қалыпты жағдайлар
қатарына жатады. Алайда, баланың осындай күйін өз
күшіңізбен тоқтата алмасаңыз, бала жөнсіз қозғыш, қыз-
ба және т.с.с. болса, маман көмегіне жүгіну қажет.
А
та-аналар көбінесе балаларының бір орында байыз
тауып отыра алмайтынын, тым көп қимылдайтынын,
әбігерге түсетінін, тыныш тұра алмайтынын, дауысын тым
қатты шығарып сөйлейтінін, өзге балалар мен ересектер-
ге жиі кедергі жасайтынын байқайды. Ондай балалардың
қимыл-қозғалысы ебедейсіз, үйлесімсіз, бұлшық еттерін
қадағалауы әлсіз болады, сондықтан, олар қолына алған-
ның барлығын түсіріп, сындырып алады, жиі шалынып,
құлайды. Мұндай балаға бір іске зейін қою өте қиын,
көңілі тез бөлінеді, тым көп сұрақ қояды, бірақ жауабын
күтпейді, басқа істерге кірісіп кетеді, бірақ оларды да тез
тастап кетеді. Осының барлығы қысқа уақыт ішінде орын
алады. Кейде баланың күш-қуаты бірнеше адамға же-
тетіндей болып көрінеді, сондықтан, осындай балаларды
гипербелсенді, ал жалпы ауытқушылықты
— ЗЕЙІН
ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК
СИНДРОМЫ
(ЗЖГС)
ДЕП АТАЙДЫ.
144
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22
АТА-АНА ҚАНДАЙ БЕЛГІЛЕРГЕ БАСА
НАЗАР АУДАРУЫ ҚАЖЕТ
Аталмыш синдромның бастапқы белгілерін кейде бала
дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жылы байқауға бо-
лады. Ондай балалар әртүрлі тітіркендіргіштерге (мыса-
лы, жасанды жарыққа, дыбыстарға, анасының нәрестеге
күтім көрсетуімен байланысты әрекеттеріне және т.с.с.)
шамадан тыс сезімтал болады; қатты айғайлап
жылауымен, ұйқысының бұзылуымен ерекшеленеді
(әрең ұйықтайды, аз ұйықтайды, шамадан тыс көп уақыт
бойы ояу болады); қимыл-қозғалыстарының дамуы (ау-
дарылуды, еңбектеуді, жүруді басқа балалардан 1-2 айға
кеш бастайды), сонымен қатар, тілінің шығуы (селқос,
енжар, сезімдерге беріле бермейді) біраз кешеуілдеуі
мүмкін.
Бала өмірінің алғашқы жылы ата-анасын мазалайтын
басты белгі – сәбидің шамадан тыс көп қимылдауы,
қимыл-қозғалыстарының бейберекетсіздігі (дамыл-
сыз қимыл-әрекеттер). Осындай балаларды бақылау
барысында дәрігерлер олардың тілі біраз кеш шығаты-
нын байқайды (балақайлар өз ойын сөйлемшелермен
жеткізуді кешірек бастайды); балаларда қимыл-қозға-
лыс ебедейсіздігі (епсіздік), күрделі қимылдарды (секіру
және т.с.с.) кешірек меңгеру байқалады.
Қалыпты даму барысында үш (3) жас кезеңі бала үшін
ерекше болады: бір жағынан бұл кезеңде зейін мен есте
сақтау қабілеті қарқынды дамиды, ал екінші жағынан
алғашқы даму дағдарысы байқалады. Бұл кезеңдегі
басты қиындықтар: дербестік пен белсенділік артуымен
қоса негативизм (теріске шығарушылық), қыңырлық мен
қырсықтық та арта түседі. Бала өз-өзіне тұлға ретінде
ықпал ету шекарасын белсенді қорғайды, өзіндік «Мен»
атты рөлі бөлініп шығады.
Сондықтан, көбінесе 3-4 жаста ата-ана оның мі-
нез-құлқын қалыпты деп санап, дәрігер көмегіне
жүгінбейді, тек тәрбиешілер баланың тәрбиеге көнбей-
тініне, шамадан тыс қозғалатынына, сабақта бір орында
отыра алмайтынына және тапсырмаларды орындай
алмайтынына шағымдана бастағанда ата-ана үшін күт-
пеген жайсыз жаңалық болады. Барлық осы «күтпеген»
мінез-құлық қырлары гипербелсенді баланың жүйке
жүйесіне физикалық және психикалық күш түсіп, жаңа
талаптар қойылғанын көтере алмауымен түсінідіріледі.
145
ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН
ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК СИНДРОМЫ
22
Достарыңызбен бөлісу: |