Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет32/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43

Қорқыныш сезімімен символикалық (шартты) қорқы-
нышқа туыстас құбылыс - үрей деп аталатын сезім 
байланысты. Шын мәнінде – бұл да қорқыныш сезімі, 
бірақ болар уақыты алыс қауіппен байланысты. Мысалы, 
тіс дәрігерінің алдында отырып, бойымызды белгілі бір 
қорқыныш сезімі билейді, бірақ, егер біз келесі аптада 
тіс дәрігеріне баруымыз керек екенін білсек, онда бір 
апта бойы үрейленіп жүреміз.
Үрейдің адамның шешім қабылдауға дәрменсіздігіне 
тікелей қатысы бар. Бойдағы бар күшті жұмылдыратын 
және босаңсытатын үрей түрлері болады. Біріншісі адам 
әрекеттеріне қосымша серпін береді, ал екіншісі – оны 
жауапты сәттерде күш-жігерінен айырады. 
Бұл құбылыстың негізінде психологиялық тәрбиелеу 
көріністері жатыр, олардың арасында ата-ана мен бала 
арасындағы қарым-қатынас айрықша орынға ие. 
i
Егер балалық шағында бала үнемі өз дәрменсіздігіне, 
қандай да бір міндетті орындауға қабілетсіздігіне көзі 
жетіп отырса, кейін жауапты сәттерде ол әрдайым босаңсытатын 
үрейге беріледі – сәйкесінше, әрекет ету қажеттілігі табыс пен 
жеңіс сезімімен байланысты адам бұл жағдайды бар ерік-жігерін 
жұмылдыратын үрей түрінде бастан кешіреді.
АТА-АНАЛАРҒА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Қараңғылықтан қорқатын баланы «қорқақтығы үшін» 
жазалауға, ұялтуға болмайды. Қорқыныш кетпейді, 
бірақ бала оны ата-анасынан жасыруға тырысып, 
жалғыздықта азап шегеді.
Бала ұйықтап жатқан бөлменің есігін ашық қалдыруға 
болады, бірақ, ең дұрысы, бала сөндіргішіне оңай қолы 
жететін онша жарық емес, шағын шам орнатқан жөн.
Баланың символикалық 
(шартты) қорқыныштары-
ның артында тұрған нақты 
себептердің көзін жою қажет. 
Ол үшін психологтың, психо-
терапевтің кеңесі пайдалы 
болуы мүмкін.
133
БАЛА БОЙЫН БИЛЕЙТІН
ҚОРҚЫНЫШТАР
20


БАЛА ҚАНДАЙ БОЛЫП ӨСЕДІ: СӘТСІЗДІКТЕН
АТ-ТОНЫН АЛА ҚАША МА, ӘЛДЕ ОҒАН ТАБЫСҚА ЖЕТУ 
ТӘН БЕ – БҰЛ ШЕШУШІ ДӘРЕЖЕДЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚТА 
АЙҚЫНДАЛАДЫ.
АТА-АНАЛАР БАЛАНЫ ҮНЕМІ «БИІККЕ ҰМТЫЛУҒА»
ЫНТАЛАНДЫРУЫ ТИІС, БІРАҚ, СОЛАЙ ЕТЕ ОТЫРЫП, 
БАЛА МҮМКІНДІКТЕРІНІҢ ШЕГІНЕН ШЫҒАТЫН ТАЛАП-
ТАР ҚОЮҒА БОЛМАЙДЫ.
Осының барлығы ата-ана тарапынан балаға қойылатын 
талаптар деңгейімен тығыз байланысты. Егер аталмыш 
деңгей бала қабілеттерінен жоғары болса, онда бала 
осындай талаптарға сай келмейтінін үнемі байқап 
жүреді және өмір бойы әрекет етер кезде сасып қалады, 
себебі, сәтсіздікке ұшыраудан қорқады, осылайша, 
мұндай адамның мінез-құлқында үрейлі тұлға белгілері 
тұрақтана түседі.
Қорқыныш баланың қоршаған ортасына бейімделу 
барысында маңызды рөл атқарады. Шамадан тыс 
қорғаштау балада өзінің әдеттен тыс кішкентай, әлсіз 
жан, ал айналадағы әлем қауіпке толы екені туралы 
түсінікті қалыптастырады.
Сондай-ақ, қорқыныш сезімінің 
тууына баланың тиісінше 
қорғалу сезімінің дамуына 
жағдай жасай алмайтын, 
тым орнықсыз, сенімсіз, тым 
мойынсұнғыш және жігерсіз 
ересек орта да түрткі болуы 
мүмкін. Қоршаған ортасы оны 
қауіптен қорғауын күтетін бала 
екіұшты жағдайларға төзе 
алмайды, оған қоса, бойын 
өзіне қауіп төнгендей сезім 
билейді.
134
БАЛА БОЙЫН БИЛЕЙТІН
ҚОРҚЫНЫШТАР
20


БАЛА
ТҰЛҒАСЫНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ
ӘСЕРI
21
135


1 ЖАС ДАҒДАРЫСЫ
Нәрестелік кезең мен ерте балалық шақ арасындағы өт-
пелі кезең, әдетте, 1 жас дағдарысы деп аталады. Әрбір 
даму дағдарысы сынды бұл да дербестікке ұмтылумен, 
қарсы әрекетке аффективтік (қызба) әрекеттің (аффект 
– аса күшті қысқа мерзімді ашу-ызаға толы өтпелі сезім, 
мысалы, долылық, шаттық, қорқыныш және т.б.) пайда 
болуымен байланысты. Баланың аффективтік бұлқыны-
сы, әдетте, ересектер оның қалауын, сөздерін, ым-иша-
ратын түсінбегенде немесе түсініп, бірақ қалағанын істе-
мегенде орын алады. 1 жаста бала үй ішінде өз бетінше 
жүре бастайды, ол үшін тыйым салынған және қауіпті 
заттар қатары кеңейеді. Кезекті «болмайды» деп тыйым 
салынғанда кейбір балалар айғайлайды, жерге құлай 
кетеді, аяқ-қолымен еденді ұрғылайды. Көбінесе балада 
күшті аффективтік қызбалықтың пайда болуы отбасын-
дағы белгілі бір тәрбиелеу мәнеріне байланысты бола-
ды: шамадан тыс қысым жасап, тым болмаса болмашы 
дербестік көріністерін тұншықтыру, немесе ересектердің 
қоятын талаптарының бейберекеттігі, бүгін болады, 
ертең болмайды, әжесі жанында болса, ал әкесі жанында 
болса  - мүлдем болмайды.
Б
аланың тұлға ретінде қалыптасуы отбасында бастала-
ды. Жанұяда бала алғаш рет өзін қоршаған болмыспен 
әрекеттесе бастайды, өзінің оған деген қарым-қаты-
насын құра бастайды. Бала қарым-қатынас жасайтын 
алғашқы адамдар – ата-анасы.
Көптеген ата-ана баласы кенеттен тамақ ішуден, киім 
киюден бас тартқан, дөрекілік танытқан, әлденені сатып 
алуды талап еткен немесе қандай да бір себепсіз аяқ 
астынан тұйық, ашушаң болып кеткен жағдайларға тап 
болады. Баланың мұндай күйі тез тарқап немесе 
біраз уақыт бойы сақталады. Мұның себеп-
тері неде және мұндай мінез-құлыққа қалай 
қарау керек? 
136
БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


3 ЖАС ДАҒДАРЫСЫ
Үш жасқа толарда «мен» есімдігі пайда болады. Балада 
тек «мен» ғана емес, «мен жақсымын», «мен өте жақсы-
мын», «мен тек қана жақсымын» деген түсінік қалыпта-
сады. «Мен өзім» дей отырып, бала осы дүниеде әрекет 
етуге, оны өзгертуге ұмтылады. 3 жас дағдарысы – ерте 
және мектепалды балалық шақ арасындағы шекара 
– бала өміріндегі ең қиын сәттердің бірі. Бұл баланың 
өзінің «мен» деген түсінігін өзге адамдардың әлемінен 
бөліп қарау дағдарысы. Бала ересектерден бөліне оты-
рып, олармен жаңа, бұрынғыдан да тереңірек қарым-қа-
тынас орнатуға тырысады.
Баланың дербестігі мен белсенділігі арта түседі, бұл 
ата-анадан және туған-туыстардан уақытылы өзгеруді 
талап етеді.
ЗЕРТТЕУШІЛЕР 3 ЖАС ДАҒДАРЫСЫНЫҢ 7 БЕЛГІСІН 
КЕЛЕСІДЕЙ СИПАТТАЙДЫ:
1. Негативизм
(теріске шығару). Бала ересек адамның талабына немесе 
өтінішіне теріс жауап қайтарады. Ол қандай да бір 
әрекетті тек белгілі бір ересек адам ұсынғаны үшін ғана 
жасамайды. Әрекеттің бас себебі – керісінше жасау.
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Баламен «жаңа» қарым-қатынас құрып көріңіз. Оған 
біршама дербестік (яғни, әрекеттеріне орынды шек-
терде көбірек ерік беріңіз), барлығына бірдей тыйым 
сала бермеңіз. Туыс ересектердің шыдамдылығы мен 
табандылығы дағдарысты жеңілдетеді, балаға қиналы-
стан, азапты эмоционалдық кері әрекеттерден құтылуға 
көмектеседі. Қыңыр мінез көрсетіп тұрған баланың 
көңілін оған қызықты істерге аударыңыз.
137
БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау